- •Мунасипов с.Е., Анарова ғ.С.
- •Негіздері
- •2.1. Адам денесінің өстері мен жазықтықтары
- •2.2. Адам ағзасы
- •2.2.1. Тірек қимыл жүйесі
- •2.2.2. Адам қаңқасы мен қызметтері
- •2.3. Иық белдеуінің қаңқасы
- •2.4 Жамбас белдеуінің қаңқасы
- •Сурет 11. Ортан жілік
- •2.5 Табанның-біртұтас құрылымы
- •2.6 Бұлшықет жүйесі. Жалпы түсініктер
- •2.7. Қан және оның қызметі
- •2.7.1. Жүрек – тамырлы жүйе
- •2.8.1 Жүйке ұлпасы
- •III тарау. Антропологиялық зерттеулердің негізгі ережелері
- •3.1 Адамның аяқтары және қолбастарының өлшемдерін зерттеу әдістері
- •3.1.1 Антропометрлік зерттеулер әдістемесі
- •3.1.2 Антропометрлік аспаптар
- •3.1.3 Өлшеу бағдарламалары
- •3.2 Табандардың және қолбастырының өлшемдеріне заңдылықтары
- •3.3 Табандар өлшемдері туралы қосалқы мәліметтер
- •3 Биомеханиканың негізгі ережелері
- •3.1 Өре тұру кездегі жұмыс
- •3.2 Жүру және жүгіру кезіндегі жұмыс
- •3.2.1 Табан иілуі
- •3.2.2 Табан өлшемдерінің қозғалыс кезінде өзгеруі
- •IV тарау. Қазақстан Республикасында жүргізілетін антропометриялық зерттеулердің нәтижелері
- •Былғарыдан жасалған бұйымдардың конструктивті сипаттамасы
- •4.1 Қазіргі заманғы аяқ киімнің конструктивтік сипаттамасы.
- •4.1.1 Аяқ киімнің пайдаланылу мақсаты
- •4.1. 2 Аяқ киім түрлері
- •4.1.3 Аяқ киімнің топтары және өлшемдері
- •4.1.Таблица Аяқ киімнің әртүрлі топтарының өлшемдері (аралық өлшемдер арасындағы интервал 5мм)
- •4.1. Сурет. Аяқ киімнің жоғарғы жағының сыртқы детальдары: а – бәтіңке, б – туфли, в – етік.
- •4.4. Сурет. Аяқ киімнің төменгі жағының бөлшектері
- •4.1.5. Аяқ киімнің жоғарғы жағының бөлшектері жасалатын материалдар
- •4.1.6 Аяқ киімнің астыңғы жағының бөлшектерін жасауға арналған материалдар
- •4.1.7 Аяқ киімнің жоғарғы жағына арналып пішілген дайындама (заготовка) конструкциясы
- •4.5 Сурет Етіктердің дайындамаларының конструкциялары
- •4.6 Сурет Жартылай етіктердің дайындамаларының конструкциялары
- •4.8 Сурет. Бәтеңке даярламаларының конструкциялары
- •4.1.8 Аяқ киім моделінің күрделі болуының категориясы
- •4.1.9 Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгілерін
- •4.12. Сурет Аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісінің алдыңғы бөлігінің конструкциялары
- •Сурет 4.14 Тартылатын жиектің конструкциялары
- •4.1.10 Аяқ киімнің табанының бөлшектерін аяқ киімнің жоғарғы бөлігінің дайындық үлгісіне бекіту әдістері
- •4.1.11 Каблуктердің түрлері және оның бекітудің әдістері.
- •4.2 Былғары галантериялық бұйымдардың классификациясы
- •4.2.1Былғары-галантереялық бұйымдардың бөлшектері, олардың қолданылуы мен анықтамалары
- •V тарау. Аяқ киім қалыптары
- •5.1 Қалыптардың жіктелуі (классификациясы).
- •5.2 Қалыптардың қолданылуы
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.2. Адам ағзасы
Адам ағзасы – біртұтас құрылым. Ағза бірнеше деңгейден тұрады: 1. Жасуша; 2. Ұлпа; 3. Мүшелер; 4. Мүшелер жүйесі; 5. Бүкіл дене – тұтас ағза.
Денедегі біртұтастылық оның деңгейлерінде болып тұратын кұбылыстардың реттелуінен байқалады. Мысалы, жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, мүшелер жүйелерінің қызметі қан құрамында биологиялық пәрменді заттардың болуына байланысты, гуморальды жолмен, яғни қан арқылы реттеледі. Жүйке арқылы реттеу деңгейлердегі құрамдардың бәрін біріктіріп, олардың қызметін тіршілік сақтауға қажетті жағдайға бағыттап, басқарады. Бұл – рефлекстік реттелу. Мұны адам денесінің айналадағы ортаға бейімделуінен байқаймыз. Мысалы, адам ағзасының шөлді жерлерге бейімделуі – жасушылар мен мүшелер жүйесі және ағза қызметінің нәтижесі болып табылады. Ағзаның өзгергіштігі, дамуы, жасы, жынысы, адамның тіршілік. жатырда қызмет, тұрмыс жасау жардайлары әсер етеді. Ағзаның барлық мүшелері адам жасына қарай өзгеріп тұрады. Бірақ, кейбір мүшелер жылдам дамиды, ал басқалары ертерек қартаяды. Жыныс ерекшеліктері мүшелер құрылысының ерекшелігінің кең таралуы, жоғарыда айтылған жағдайлардың ұластыруына байланысты.
Адам ағзасының ұлпадан тұратынын білеміз, ал жасушалар ұлпа түзеді. Шығу тегі, құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы ұлпа деп аталады. Адам ағзасының ұлпаларын негізінен 4 топқа бөлуге болады: эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпалары.
Эпителий ұлпасы дене жамылғысын, бездерді түзіп, ішкі мүшелерлегі қуысты астарлап жатады. Эпителий ұлпасы қорғаныш және ағза мен сыртқы орта аралырында зат алмасу қызметін атқарады. Эпителий ұлпасында жасушалар бір-бірімен тығыз жанасатындықтан, жасушааралықтың заттар өте аз. Осылай орналасуынан эпителий ұлпасының астыңғы жасушалары сыртқы ортаның әсерінен тіршілігін жойып отырады. Бірақ, оның жасушаларының жылдам көбеюіне байланысты тіршілігін жойған жасушалардың орнына жаңа жасуша эпителий ұлпасын түзеді. Тырнақ және шаш та эпителий ұлпасына жатады.
Дәнекер ұлпаларына сүйек, шеміршек ұлпалары, май, сіңір, буынаралық байланыстар жатады. Сүйек, шеміршек ұлпалары тірек қызметін атқарады. Шеміршек нағыз талшықтардан тұратындықтан, сүйек ұлпасы мен омыртқаға мықтылық қасиет береді.
Сүйек ұлпасы әр түрлі тұздар мен органикалық заттардан құралған дәнекер ұлпа.
Талшықты дәнекер ұлпасы барлық мүшелерде кездеседі. Май ұлпасында май өте көп. Қан мен лимфа ұлпалары қоректену және қимыл қызметтерін атқарады, Бұл ұлпалар - сұйық, олардың ішінде жасушалар еркін жүреді. Жасушалар мен ұлпалар мүшелерге әр түрлі заттарды және оттегін жеткізіп, мүшелердің арасын өзара байланыстырады.
Бұлшықет ұлпасы талшықтарынан тұрады. Бұған ұлпаның үш тобы жатады: көлденең салалы, бірыңғай салалы және жүрек бұлшық еті.
Көлденең қаңқа бұлшық ет теріне, тіл, көз, қолқа, өңештің жоғарғы бөлігінің көмей еттері жатады. Адам ағзасының ішкі мүшелерінің (қарын, қуык, ішек және қантамырлары) қабырғалары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан құралады. Жүрек бұлшықет бір-бірімен тығыз орналасқан ерекше талшықтардан тұрады. Осының әсерінен жүректің қалың бұлшықеті тез жиырылады.
Жүйке жүйесі мидан және дененің барлық бөліміне тармақталып жатқан жүйке ұштары бар жұлыннан құрылады.
Ми мен жұлын орталық жүйке жүйесін, ал жұлын тармақтары шеткі жүйке жүйесін түзеді. Кез келген мүше мен жүйке жүйесінің арасындағы байланыстың қандай да бола бұзылуы сол мүшенің қызмет әрекетіне әсерін тигізеді. Жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелердің бір – бірімен үйлесімді қызмет етуін басқарады. Басқаны былай қойғанда, ағза мен оның айналасындағы үздіксіз тұрақты байланыс жүйке жүйесінің қызметі арқылы жүзеге асады. Мұндай байланыстар сезім мүшелері, мысалы, тері, көз және есту мүшелері арқылы орындалады.
