Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жумыс эпид.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
412.39 Кб
Скачать

Туберкулез диагностикасы

Туберкулез ауруымен күресудің негізгі бөлігінің бірі - туберкулезді анықтау болып табылады. Туберкулезді анықтау бойынша жүргізілетін шаралардың мақсаты туберкулездің клиникалық және рентгенологиялық белгілері бойынша күмәнді адамдарды мүкіндігінше көбірек табу болып табылады. Онан соң олар туберкулез диагнозын дәлелдеу немесе жоққа шығару үшін тексерілулері қажет.

Туберкулезді анықтаудың негізгі әдістері:

  1. Туберкулиндік диагностика;

  2. Флюорографиялық тексеру;

  3. Бактериоскопия;

Туберкулезді анықтаудың 2 жолы бар.

  1. Белсенді – халық арасында профилактикалық тексерулер жүргізу арқылы анықталады, әдістері – туберкулиндік диагностика балалар мен жасөспірімдер арасында және флюорографилық тексеру жасөспірімдер мен ересектер арасында.

  2. Енжар - емдеу мекемелеріне ауырып қаралған науқастардың ішінен анықталады, әдістері – туберкулиндікдиагностика, рентгенологиялық тексеру және бактериоскопия.

Туберкулиндік диагностика – туберкулез микобактериясының жұққандығын анықтайтын әдіс. Бұл диагностика үшін туберкулин қолданылады. Туберкулин – туберкулез микобактериясы жасушасының элементтерінен тұрады, диагностика мақсатында қолданылады.

Туберкулиндік диагностика - БЦЖ-мен егу жүргізгеннен кейін немесе вирулентті туберкулез микобактериясының жұғу нәтижесінен кейін, туберкулинге пайда болған баяу типтегі жоғарғы сезімталдылықты анықтауға негізделген әдіс, енгізгеннен кейін 6 сағаттан кейін басталады. Туберкулиннің антиденені алып жүретін жасушалармен (лимфоциттер, макрофагтар) байланысқа түсуі нәтижесінде - бұл жасушалардың бір бөлігі өледі де, оң туберкулин реакциясына тән қабыну пайда болады. Бұл қабыну туберкулин енген тері бетінде айқын байқалады.

Туберкулин сынамаларының мынандай түрлері болады:

  • тері бетіне – Пирке сынамасы,

  • тері ішіне – Манту сынамасы,

  • тері астына – Кох сынамасы

Барлық елдерде сол сияқты біздің елімізде көбінесе тері ішілік Манту туберкулин сынамасы қолданылады. Манту сынамасын 1909 жылы француз ғалымы Ch. Mantoux ашқан. Манту сынамасы басқа сынамаларға қарағанда сезімтал, ол туберкулинді дәлірек мөлшерлеуге мүмкіндік береді.

2ТБ Манту сынамасымен тексеруге жататын балалар контингенттері.

1. Қауіпті топтағы балалар

2. Туберкулез ошағындағы балалар мен жасөспірімдер

3. Вакцинация алдындағы 2 айдан асқан және ревакцинация алдындағы 6-7 жастағы балалар.

Қауіпті топқа келесі балалар контингенттері жатады.

  1. Әлеуметтiк жағдайы нашар ата-анасы созылмалы маскүнемдiкке, нашақорлыққа салынған, АИВ - жұқтырылған, нақты тұрғылықты жерi мен жұмысы жоқ жанұялардың балалары.

  2. Ауруханалық және емханалық ем қабылдап ұзақ жөтел (2 аптадан аса уақыт) пайда болып улану белгiлерiнiң қарқынды күш алуы (субфебрилитет, тершеңдiк, асқа тәбетiнiң болмауы, салмақтың төмендеуi, әлсiздiк, т.б).

  3. Лимфа түйiндерiнiң перифериялық жолмен ұлғайуы (4 шi және басқа топтарда).

  4. гормонды терапия қабылдаушылар.

  5. толық жазылмаған БЦЖ вакцинасынан кейiнiнгi тыртық.

Манту сынымасының нәтижелерін бағалау. Манту сынамасының нәтижесі 72 сағаттан соң инфильтратты мм мен өлшеу арқылы жүргізіледі.

Балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасының қорытындысы, балабақшасына (бақша, мектеп) барып жүргендерде тіркеу формасында №063/у және баланың медициналық картасында №026/у формасында және баланың даму тарихында №112/у формасы жазылады.

Туберкулезбен инфекцияланған балалар мен жасөспірімдерге Манту сынамасын жыл сайын жасаудың мақсаты - айқын реакциялары бар немесе бұрынғы көлемі кіші реакцияны 6 мм және одан көпке көбеюін анықтау болып табылады, себебі мұндай балалар туберкулин сынамасының виражы сияқты туберкулез ауруы бойынша қауіпті топқа жатады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең басымды бағыты ТБ және ТБ ҚДТ күресу болып табылады. Үкіметтің және үкіметтің емес ұйымдардын назары мен қолдау арқылы алдын алу сапасын жақсаруында, ТБ нақтамасында және емде, жұқпалы бақылау жүйесің құруымен ТҚҰ материалдық-техникалық базаны нығайтуында, дәрі-дәрмектерді қамтамасыз етуде, фтизиатрлардын білім деңгейін және біліктілігін жоғарлауында жетістіктерге жеттік. Олардын барлығы тұрақтылығына және ТБ ауруды және өлім-жітімді төмендетуге әсер етті. Соңғы бес жылда (2008 – 2012 жж.) ТБ байланысты халықтын ауру көрсеткіші 35,0% төмендеді және 2012 ж. халықтын 100 мыңына 81,7% келді. Сол жылы өлім-жітімнің көрсеткіші 2,3 есе төмендеді. Облыстарда эпидемиологиялық жағдай бір-бірінен мөлшерлі айырылады, және ауру көрсеткіштері түрлендіреді Оңтүстік-Қазақстан облысында (ОҚО) – 67,1 оқиға; Шығыс-Казақстан облысында (ШҚО) 109,0 оқиға. Республикалық мәліметтерінен жоғары ауру көрсеткіші – 86,6, Астанада, ШҚО, Атырауда, Қостанайда, Ақмолада және Қызылорда облыстарда байқалады.

ДСМ жүйесі

Абсолютік саны

2013 2014

100000 адамға шаққанда

2013 2014

Қазақстан республикасы

24265

23267

143,5

136,6

Ақмола

1293

1145

17605

156,0

Ақтобе

1524

1462

191,5

182,2

Алматы

2072

2078

106,4

105,7

Атырау

1325

1399

238,7

249,1

Б. Қазақстан

1139

1076

184,4

173,3

Жамбыл

1540

1417

143,9

131,5

Қарағанды

1804

1730

132,4

126,6

Қостанай

1757

1513

199,7

171,9

Қызылорда

1554

1534

213,8

209,2

Маңғыстау

1011

904

178,0

156,5

О. Қазақстан

2064

2327

77,0

86,0

Павлодар

1382

1279

184,5

170,3

С.Қазақстан

1039

1001

179,3

173,3

Туберкулез ауруына байланысты құжаттар:

  • ҚР конституциясы

  • Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы Қазақстан Республикасының Кодексi

  • №19 бұйрығы 22.08.2011ж. Туберкулезді бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

  • №87 бұйрығы 17.01.2012ж «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

  • «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»санитариялық қағидалары

  • Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 17.06.2011 № 404 бұйрығы

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

Туберкулездің алдын алу шаралары:

1) Арнайы

2) Арнайы емес

Арнайы:

БЦЖ (BCG – Bacilles Calmette, Guerin) - қалдықты вируленттілігі бар, бірақ өзінің иммуногенді қасиетін сақтаған тірі микобактериялар болып табылады. Бірінші иммунизация кезінде БЦЖ вакцинасының әсерінен иммунитеттің Т- и В-жүйесі мобилизацияланады. Жасушалық иммунитетті стимуляциялау макрофагтардың фагоцитоз және лизис жасау белсенділігін жоғарылаумен байқалып, жоғарысезімталды баяу типті реакцияның (поствакцинальды аллергия) және гуморальды – туберкулезге қарсы антиденелердің пайда болуымен қатар жүреді.

Еуден кейінгі 2 апта ішінде БЦЖ штаммы L-түрге айналып, осы түрде ағзада ұзақ уақыт сақталадыда, туберкулезге қарсы жасанды иммунитетті ұстап тұрады.

  1. Бала туылғаннан кейін 2-4 күндері перзентханада 0,05 мг (0,1мл) тері ішіне БЦЖ вакцинасы егіледі.

  2. БЦЖ ревакцинациясы бала мектепке барғанда 1 сыныпта қыркүйек айында жүргізіледі

Вакцинация жасалған нәрестелерде туберкулез ауруы 6,5 есеге, ал ревакцинация жасалған балаларда 2-3 есеге азайды. Баланың қолындағы тыртық неғұрлым үлкен болса, туберкулез қорғану индексі өте жоғары болып саналады. Бұл мәліметтер тәжірибеде БЦЖ вакцинасының құндылығын көрсетеді.

Арнайы емес: Туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және емдеу өте маңызды.

1) Флюраграфиядан өту

  • Жылына 1 рет - қауіп тобындағы адамдар (студенттер, оқушылар), спецификалық емес созылмалы аурулармен ауыратын адамдар, т.б.

  • Жылына 2 рет - перзентхана қызметкерлері, әскери адамдар, туберкулезбен қатынаста болған адамдар, т.б.

2) Тұрғылықты жерлерді жайландыру, атмосфералық ауаның ластануын бақылау, жайлы үйлермен қамтамасыз ету, еңбек жағдайын жоғарылату, тиімді құнарлы тамақтандыру

DOTS — (Directly Observed Treatment, Short-course) — қысқа курсты тікелей бақылаулы ем

  • DOTS негізгі элементтері:

 — Мемлекет және жергілікті үкімет көмегімен саяси, қаржылық көмек көрсету.

— Қақырықты микроскопия әдісімен тексеру арқылы 70 % жа4адан анықталған жұқпалы түріндегі науқастарды айқындау

— Науқастардың 85 % қысқа химиялық курспен толық емдеу

— Туберкулезге дәрі-дәрмектермен толық, үздіксіз қамтамасыз ету

--- Бағдарламаның толық орындалуын бақылау және бағалау

Осы 5 қағида бірегей және үздіксіз, үйлесімді жұмыс істегенде ғана алдын алу шаралары тиімді болады.