Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жумыс эпид.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
412.39 Кб
Скачать

«Астана Медицина Университеті»АҚ

Жұқпалы аурулар және эпидемиология кафедрасы

Курстық жұмыс Астана қаласы бойынша 2013-2015 жылдар арасындағы туберкулез ауруы көрсеткіштерін талдау

Орындаған: Чаякова А., Бариева Г.

501 ҚДС

Жетекші: Мусин Б.С.

Астана қаласы, 2015 жыл

Жоспар

I.Кіріспе

1.1 Жумыстың мақсаты

1.2 Жұмыстың міндеттері

1.3 Зерттеу әдістері

1.4 Тақырыптың өзектілігі

II. Негізгі бөлім:

Бөлім 1. Туберкулезге кіріспе

1.1 Туберкулез- негізігі түсініктер

1.2. Туберкулез- зерттеу тарихы

1.3 Туберкулез – эпидемиялық ерекшеліктері

Бөлім 2. Өзіндік тәжірбие бөлімі

2.1 Зерттеу әдістемесі

2.2 Туберкулездің Астана қаласы бойынша негізігі эпидемиологиялық көрсеткіштері

Бөлім 3. Тәжірбиелік зерттеудің нәтижелері мен анализдері

3.1 Алдын алу

3.2 Күресу шаралары

3.3 Эпидемиологиялық бақылау

III. Қорытынды бөлім

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Жұмыстың мақсаты:

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің біріне айналған туберкулез ауруының таралуы, жұқпа көзін анықтау, туберкулез ауруын алдын алу, ауру пайда болған жағдайда ауруга тезарада емдеу шараларын жүргізу, оның тиімділігін бағалау жұмыстарын жасауды қадағалау. Қазақстанда туберкулез аурушандығының таралу аймақтарын анықтау, жас және жынысы бойынша таралу көрсеткіштеріне сипаттама. Бағдарламалар жұмысының титімділігі мен қолдану ретін бағалау. Еліміздегі туберкулезбен аурушандылықтың алдын-алу және күресу, жоюға бағытталған шаралар жиынтығын ұйымдастыру.

Жұмыстың міндеті:

  • Туберкулез ауруы бойынша аурушаңдық көрсеткіштерімен жұмыс жасау

  • Аурудың таралу ретін анықтау

  • Эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі

  • Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, талдау жасау

Зерттеу әдістері:

  • Әдеби шолу

  • Статистикалық мәліметтерді жинау

  • Өзіндік тәжірибелік жұмыс

  • Анализ және салыстырмалы талдау

Мәселенің өзектілігі

Қазірігі кезде туберкулез бойынша эпидемиялық жағдай әлі де алаңдататын мәселе болып отыр . Оның себептері – экономиканың құлдырауы, әскери кикілжіңдер, халықтың миграциясы,жұмыссыздардың көбеюі, қылмыскерлердің көбеюі, экологиялық жағдайдың нашарлауы. Туберкулез халықтың бір бөлігін еңбекке қабілеттілігінен айыратын және ерте өлімге алып келетін маңызды әлеуметтік және медициналық мәселе болып табылады.

Эпидемиялық маңыздылығы:

-Медициналық - өкпе туберкулезі, сүйек туберкулезі, жыныс жолдарының туберкулезі т.б

-Әлеуметтік - қоғамға қауіпті маңызды эпидемиялық дерт

-Экономикалық - науқастарды емдеу мен оған арналған дәрі-дәрмектің қымбаттылығы

-Экологиялық - туберкулез қоздырғышының сыртқы ортаға төзімділігінің жоғары болуы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес 2010 жылы құрт ауруының 8,8 млн жаңа жағдайы (2009 жылы бұл көрсеткіш 9,4млн құраған).Науқастарды емдеу қолжетімді тиімді жолдары бар болғанымен 2010 жылы 1,1 млн адам туберкулез ауруынан қайтыс болған.

-Жыл сайын 8,8 миллион адам туберкулезбен ауырады

-Ем қабылдамайтын әрбір науқас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұқтырады.

-Жыл сайын 2 миллион адам қайтыс болады

-Туберкулезді дүниежүзінде әр секундта 1 адам жұқтырады

-Жұқтырғандардың тек 5-10 пайызында ғана ауру дамуы мүмкін

Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), аспиратциялық механизмен берілетін, өкпе және басқа да мүшелерді зақымдаумен интоксикациямен және аллергиямен өтетін антропонозды бактериалды инфекциялық ауру.

Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің(Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.

Этиологиясы

Туберкулездің қоздырғышы – микобактериалар. Адамда ауру тудыратын незізгі түрі Mycobacterium tuberculosis, Кох таяқшасы. Сиректеу Mycobacterium bovis және M. avium типтері –зоонозды туберкулез қоздырғыштары. M. bovis ірі қара мал, шошқа, түйелерге және адамға патогенді, M. avium-құс типті шарттыпатогенді микобактерияларға жатады.

Mycobacterium tuberculosis шеттері дөнгелектенген таяқшалар, сыртқы қабаты қоршаған орта факторларынан сақтайды, қышқылдар, сілтілер мен спирт әсеріне төзімді. Микобактериялардың төзімділігі микробтың липид фракциясымен байланысты.

Туберкулез таяқшалары сыртқы ортада тұрақты:

-қалыпты жағдайда күннің көзінің болмауы -бірнеше ай;

-жарық таралған болса -1-1,5 ай;

-көше шаңында -10 күн;

-кітап беттерінде -3 ай;

-суда -5 ай -1 жыл;

-сүт тағамдарында -1 ай;

-қараңғы дымқыл жерде -5-6 ай;

-топырақта -1 жыл;

-ірімшікпен майда -1 жыл;

-қақырықта -2,5 ай;

-қайнатқанда- 5 минут;

-науқас киімінде -3-4 айға дейін сақталады.

Эпидемиологиясы

Инфекцияның көзі - ауру адамдар және жануарлар болып табылады.

Берілу механизмі- инфекцияның негізгі таралу механизмі аэрогенді болып табылады, ол ауа-тамшылы немесе ауа-шанды жолдармен таралады. Белсенді туберкулезбен ауратын адам жөтелген кезде, сөйлескен кезде немесе шүкірген кезде туберкулез микобактериясы ауаға шығады. Дені сау адам демалған кезде жұқтырылған тамшылар оның өкпесіне кіреді. Осы инфекцияның таралу жолы ауа-тамшылы деп аталады. Жөтел импульстердің күшіне және тамшылардын көлеміне қарай қоздырғыш әртүрлі жердің арасына таралады: жөтелген кезде – 2 метрге дейін, шүкірген кезде – 9 метрге дейін. Орташа есептегенде қақырықтын бөлшектері науқастын тура алдында 1 метр аралығында тарқайды. Туберкулез ошақтын тетігінде жатқан қақырықтын тамшылары құрап және жұқтырылған шаңға айналады, ауа қозғалысымен (бөлмені жинағанда, желдеткенде, вентиляция жасағанда және т.б.) ол ауаға көтеріліп және тыныс жолдарға түседі. Осы туберкулез ауа-шаңды таралу жолы деп аталады.

Жұғуда ең маңызды алиментарлы таралу жол болып табылады, бұқа түрімен қоздырғыш жұқтырылған малдардан шығатын өнімдерді (сүті, қаймақты, сүзбені, ірімшікті, қышқыл сүттен жасалған ішімдіктерді) қабылдаған кезде болады. Туберкулез жұққан сиыр желіндегі 1 мл сүтінде 1 млрд. дейін ТМБ бар екенін дәлелденді. ТБМ қышқыл ортада өлмейді, сондықтан олар 7 – 8 айға дейін өмір сүреді. Соынмен қатар, егер сүтті Цельсий бойынша 80 градусқа пастеризацияға қойса онда ТМБ 30 минуттан кейін өз белсендігін жояды, ал 90 градуста – 5 минуттан кейін жояды. Туберкулезбен аурушаңдық адамда ТБ инфекцияға жоғары табиғи қарсыласуы бар. Адамдардын көбісі біріншілік жұғуымен жақсы күреседі. Бірақ адамның өмір кезеңдекріне қарай ТБ инфекцияға қарсыласуы әртүрлі. Ең қауіпті жұғу бала кезде болып саналады, өйткені осы кезде аурудын жайылмалы, үдемелі формалар пайда болу мүмкін. 7 жастан 14 жасқа дейін балалар ТБ инфекцияға тұрақты, олар сирек аурады. 14 – 16 жаста ТБ ифекцияға ағзада қарсыласуы төмендейді, осы жағдайда инфицирленген балаларда инфекцияның біріншілік қайта белсендіруі немесе қайта жұғуы (екіншілік ТБ) басталады, ал аурудын өзі ауыр болып өтеді. Жастық шақта (25 жасқа дейін) эндогенді инфекцияның жұғуы жиі өтеді. Осы жаста экзогендік ТБ суперинфекцияға шалдыққыштық жоғарлайды. Жасы жеткен адамда ТБ жоғары қарсыласуы бар, бірақ егде адамдарда және кәрілерде қарсыласуы қайтадан төмендейді.

Инфекция көзінің ортасында ТБ ошақтары пайда болады. Эпидемиялық ошақ ол ТМБ жұққан науқастын орналасқан жері, жұғу және ауру пайда болу мүмкін жағдайларда мен уақытта инфицирленген адаммен бірге тұратын адамдар болып саналады.

Эпидемиялық маңыздылығы:

Көрсеткіштер

Сипаттамасы

Маусымдылығы

Кез келген мезгіл, бірақ көбіне қыс-көктем айларында көп тіркеледі екен

Жастық

Еңбекке қабілетті 15-49 жас

Жыныстық

Көбіне ер адамдар ауырады

Кәсіби

Медицина қызметкерлері

Нозоареал

Қала тұрғындары

Әлеуметтік

Миграция, тұрмыстық жағдайдың нашарлығы

Инкубациялық кезеңі: 3-12 апта орташа және одан да жоғары

Қауіп топтары:

  • туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз тұрмыстық қатынаста болған адамдар

  • алкоголь және есірткімен әуестенетін адамдар

  • түрмедегі адамдар және пенитенциарлы мекеме қызметкерлері

  • медициналық қызметкерлер

  • тұрақты мекен жайы жоқ адамдар

Туберкулездің пайда болуына әсер ететін факторлар:

  • Медико-биологиялық факторлар - алкоголизм, употребление наркотиков, наличие вируса иммунодефицита человека, отсутствие вакцинации от данного недуга, нервно-психологические заболевания, наличие сахарного диабета или язвенной болезни желудка, часто регистрируемые простудные заболевания, регулярное употребление иммунодепрессантов.

  • Әлеуметтік факторлар - люди, прибывшие на территорию страны из-за рубежа (мигранты); люди, находящиеся в заведениях закрытого типа (например, интернаты, тюрьмы и др.); люди с антисоциальным поведением – без определенного места жительства, постоянно безработные.

  • Эпидемиялық факторлар - туберкулезбен ауыратын адаммен тікелей қатынаста болу

Туберкулездің  жіктелуі:

1.Туберкез интоксикациясы:

 А) ерте туберкулез интоксикациясы;

 Б) кеш  туберкулез интоксикациясы;

2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі:

 А) біріншілік туберкулездік жиынтық;

 Б)  өкпенің ошақты туберкулезі;

 В) өкпенің инфильтративті туберкулезі;

 Г) туберкулездік бронхоаденит;

 Д) туберкулездік плеврит;

 Е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі;

3.Басқа ағзалардың туберкулезі:

 А) сүйек туберкулезі;

 Б) лимфа түйіндерінің туберкулезі;

 В) туберкулездік менингит;

 Г) тері қабатының туберкулезі;

 Д)зәр шығару және жыныс ағзаларының туберкулезі;

Туберкулездің әлемдегі сипаты:

  • Туберкулез (ТБ) қандай да бір инфекциялық аурудан болатын өлім себебінің маңыздылығы бойынша АИВ-дан кейін екінші орында

  • 2013 жылы туберкулезбен 9 млн адам ауырып, олардың 1,5 млн-ы қайтыс болған.

  • Өлімнің 95% көбі табысы төмен және орта елдерде кездеседі, және де бұл ауру 15-44 жастағы әйел адамдардың қайтыс болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады

  • 2013 жылы 550000 балалар туберкулезді жұқтырып, одан 80000 АИВ -негативті балалар қайтыс болған .

  • 1990 -2013 жылдар аралығында туберкулездан болатын өлім себебі 45% азайған. .

Сурет-1. Дүниежүзі бойынша туберкулездің таралу көрсеткіші, 2006 жыл

Кесте-1. Әлемдегі туберкулездің салыстырмалы көрсеткіштері, 2014 жыл

Кесте-2. Туберкулездің жас бойынша таралуы, 2015 жыл

Кесте-3. ҚР туберкулездің 2010-2014 аралығындағы көрсеткіші

Сурет-2. “Астана қаласының ТДҚД- гі аса қауіпті инфекциялық аурулар бөлімінің меңгерушісі Майра Конкашевнамен Астана қаласы бойынша туберкулез ауруының 2015 жылғы статистикасын алу кезінде

Кесте-4. Астана қаласы бойынша туберкулезді анықтаудың салыстырмалы деңгейі

Кесте-5. Астана қаласындағы туберкулез диспансеріндегі туберкулезбен ауыратын адамдар саны

Кесте-6. Астана қаласында манту сынамасына оң болған және алғаш тіркелгендер саны

Кесте-7. Астана қаласында дүниеге келген сәбилер мен олардың БЦЖ сынамасымен қамтылу деңгейі

2015 жылы 15000 бірінші сынып оқушыларына манту сынамасы жасалған (50%)