- •Медбикелерге арналған алгоритмдердің тізбесі.
- •1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.
- •3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:
- •2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.
- •3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.
- •4. Босанудың күнін анықтау.
- •5. Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.
- •6. Жүкті әйелдің салмағын және бойын өлшеу.
- •7. Жүкті әйелдің көктамырынан rw және житс қан алу.
- •8. Жүкті әйелдің артериялық қысымын өлшеу және пульсін тексеру.
- •9. Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.
- •10. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.
- •11. Соловьев индексін өлшеу.
- •12. Іш шеңберін (іш) және жатыр түбінің тұру биіктігін (жттб) өлшеу.
- •13. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.
- •5. Жүкті немесе босанатын әйелдің оң жағына, оның бетіне қарап, отырыңыз, сосын і және іі тәсілді жүргізіңіз.
- •14. Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.
- •15. Әйелдер консультациясы жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.
- •5. Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •6. Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- •16. Әйелдер консультациясы жағдайында эклампсия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.
- •4. Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз:
- •5. Жалғастырушы дозаны бастаңыз:
- •17. Нәрестенің болжамалы салмағын (массасын) анықтау.
- •18. Акушерлік стационарда сынаптық медициналық термометрді дайындау.
- •20. Босанатын әйелді босану залына ауыстыру.
- •21. Босанғаннан кейінгі кезеңде сүт бездерін күту.
- •22. Төсектегі жатқан босанған әйелді баптау.
- •23. Зәр қуығын катетерлеу.
- •24. Гинекологиялық аурулардан гонококтың болуы кезінде жағындылар алу.
- •7. Жағындыларды келесі ретпен алыңыз:
- •25. Созылмалы соз кезінде қоздырғышты дәлелдеу үшін өршіту әдістері.
- •26.Баксебуге жағынды алу.
- •27. Ректалды (базалды) температураны өлшеу.
- •28.Әйелдің жыныс мүшелерін удз-ге дайындау.
- •29. Операцияға дәрігер акушер-гинекологты киіндіру.
- •30. Акушериялық және гинекологиялық операциялар үшін таңу материал дайындамасы.
10. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.
Мақсаты- үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу және анықтау.
Көрсетулері –жүкті әйелдің әйелдер консультациясына алғашқы келуі, тар жамбас.
Қарсы көрсетулері - жоқ.
Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.
Ресурстары - тақтай төсек (кушетка), жеке жаялық, Мартин жамбасөлшегіші, дәкелік
шариктер, спирт, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал .
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге қазіргі зерттеулердің қажеттілігін және маңызын түсіндіріңіз, оның ризашылығын алыңыз.
2. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.
3. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.
4. Әйелден арқасымен тақтай төсекке жатуын, астына бір реттік жаялықты салуын, ішін ашуын, аяқтарын жамбассан және тізе буындарында жайуын және аяқтарын бірге қосуын сұраңыз.
5. Мартин жамбасөлшегісін алыңыз және жүкті әйелге бетіңмен қарап, тақтай төсектің оң жағына отырыңыз. Жамбасөлшегіштің тармақтарын қолдарыңызға алыңыз, үлкен және сұқ саусақтар түймешіктерді ұстайды, ал шкала бөліктерін жоғары қаратыңыз. Жамбасөлшегіштің түймешіктерін спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.
6. Сұқ саусақтармен мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қылқандарын пальпация жасаңыз, соларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын
Distantia spinarum-ды (қалыптыда 25-26 см) өлшеңіз.
7. Distantia spinarum-ды өлшегеннен кейін, әріқарай саусақтарды мықын сүйектерінің қырларымен артқа қарай жылжыта отырып, ең алыстағы нүктелерді табыңыз, осыларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын Distantia сristarum-ды (қалыпты жағдайда 28-29 см) өлшеңіз.
8. Distantiа сristarum –ды өлшегеннен кейін, жамбасөлшегішті санға қарай түсіріңіз, пальпация жасап, сан сүйектерінің үлкен ұршықбастарын табыңыз, осыларға жамбасөлшегіштің түймешіктерін қойыңыз, сосын Distantia trochanterica-ны (қалыпты жағдайда 30-31 см) өлшеңіз. Егерде сүйектердің ұршықбастарын пальпация жасауға болмаса, онда жүкті әйелден аяқтарын қозғалтуын сұраңыз және сандағы ұршықбасын бекітіңіз.
9. Distantia trochanterica-ны өлшегеннен кейін, әйелден орнынын өзгертуге: арқасымен акушербикеге қарай бұрылып, бүйірімен жатуын, төменгі аяғын жамбассан және тізе буындарында бүгуін, ал жоғарғы аяғын созуын сұраңыз. Жамбасөлшегіштің бір түймешігін сыртқы жағына қойыңыз. V-бел омыртқаның қылқан өсінділерімен 1-сегізкөз омыртқа арасына, яғни сегізкөзүсті шұңқырдың үстіне, ол Михаэлис ромбысының жоғарғы бұрышымен сәйкес келеді. Ал екінші түймешегін алдыңғы жағына-қасаға буынының жоғарғы қырының ортасына қойыңыз, сосын сыртқы конъюгатаны Conjugata externa-ны (қалыпты жағдайда 20-21 см) өлшеңіз.
10. Өлшеп біткеннен кейін әйелге тұруын сұраңыз.
11. Жамбасөлшегішті спиртке малынған шарикпен сүртіңіз.
12. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.
13. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
14. Нәтижелерін құжаттарға енгізіңіз.
Ескерту. Қолдарыңыз және жамбасөлшегіш жылы болуы қажет. Conjugata externa ең үлкен
тәжірибелік маңызы бар, себебі осының өлшемімен шын конъюгатаның (кіру
жазықтығының түзу өлшемінің) өлшемін анықтауға болады.
