Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушерия алгоритм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.11 Кб
Скачать

3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.

Мақсаты- жүктіліктің мерзімін анықтау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау:

1. соңғы етеккірі бойынша;

2. овуляция бойынша;

3. әйелдер консультациясына бірінші келуі бойынша;

4. нәрестенің бірінші қимылының күні бойынша;

5. босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша;

6. УДЗ мәліметі бойынша.

Көрсетулері- босандыру мекемесіне жүкті әйелдің әрбір келуі кезінде, бірінші рет келуі

кезінде, сонымен қатар жүктіліктің мерзімін УДЗ бойынша анықтау үшін.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары – үстел, орындықтар, күнтізбек, акушерлік сызғыш, УДЗ- аппараты, тақтай төсек

(кушетка), жеке жаялықтар, гель-крем, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, жүктіліктің мерзімін анықтаудың маңызын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Жүктіліктің мерзімін соңғы етеккірдің күні бойынша анықтау үшін, жүкті әйелден соңғы етеккір күнін анықтаңыз:

  • осы күнге 7 күн қосып және одан 3 айды алып тастап, сіз қазіргі сәттегі жүктіліктің мерзімін аласыз (Негель қағидасы).

3. Жүктіліктің мерзімін овуляция бойынша анықтау үшін:

  • белгілі ұрық байлау күніне 266 күнді қосу;

  • сонымен қатар, шартты түрде ұрық байлау күнін базалды температураның көтерілуі бойынша анықтауға болады;

  • сонымен қатар, экстракорпоралды ұрықтандыру күні бойынша;

  • сонымен қатар, қолдан ұрықтандыру күні бойынша;

  • сонымен қатар, овуляцияны ультрадыбысты мониторинг мәліметтері бойынша.

4. Жүктіліктің мерзімін әйелдер консультациясына бірінші рет келуі бойынша анықтау үшін:

  • жүкті әйелден бірінші рет әйелдер консультациясына келген кездегі жүктіліктің мерзімін анықтаңыз;

  • 12 аптаға дейін ерте келуі кезінде бұл мерзім сенімді, сондықтан қазіргі сәтте жүктіліктің мерзімін осыған қарап есептеп шығарады.

5. Жүктіліктің мерзімін нәрестенің бірінші қимылы бойынша анықтау үшін:

  • жүкті әйелден нәрестенің бірінші қимылының күнін анықтаңыз;

  • бірінші босанатын әйелдерде бұл 20 апта;

  • қайта босанатын әйелдерде бұл 18 апта;

  • нәрестенің бірінші қимылының күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің мерзімін есептеп шығарады.

6. Жүктіліктің мерзімін босанғанға дейін берілетін демалыс күні бойынша анықтау үшін:

  • жүкті әйелден босанғанға дейін берілетін демалыс күнін анықтаңыз;

  • босанғанға дейінгі демалыс жүктіліктің 30 аптасынан бастап басталады;

  • босанғанға дейінгі демалыстың берілген күнінен бастап қазіргі сәтке дейін жүктіліктің

мерзімін есептеп шығарады.

7. Жүктіліктің мерзімін УДЗ мәліметі бойынша анықтау үшін:

  • жүкті әйелді УДЗ-ге жіберіңіз;

  • трансабдоминалды сканирлеу кезінде жүктіліктің барын 4-5 аптадан бастап анықтауға болады;

  • трансқынаптық эхография кезінде-1-1,5 апта ерте анықтауға болады;

  • жүктіліктің бірінші үш айлығында жүктіліктің мерзімінің ең дәл көрсеткіші құйымшақ-төбе өлшемі (ҚТӨ) болып саналады;

  • нәрестенің фетометриясы кезінде нәрестенің бипариеталды өлшемін, бастың шеңберін, іштің шеңберін және сан сүйегінің ұзындығын анықтайды.

Ескерту. Жүктіліктің мерзімін анықтау әйелдер консультациясында, акушерлік стационардың

қабылдау-қарау бөлімшесінде (фильтрде),перзентхананың жүктілер патологиясы

бөлімшесінде, сонымен қатар адамның ұрық өрбіту қалалық орталығында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]