Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушерия алгоритм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.11 Кб
Скачать

18. Акушерлік стационарда сынаптық медициналық термометрді дайындау.

Мақсаты- медициналық термометрлерді жұмысқа дұрыс дайындау.

Көрсетулері –күтім заттарын тазалау.

Қарсы көрсетулері – жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары – сынған термометрлер.

Ресурстары - сынаптық медициналық термометрлер, 0,5%, 1%, 2% хлорамин ерітінділері,

3% сутегі тотығының ерітіндісі, ағын су, орамал, сабын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

2. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды киіңіз.

3. Медициналық сынаптық термометрді дезинфекциялық ерітіндіге толық батырыңыз:

0,5% хлорамин кезінде -30 минутқа;

1% хлорамин кезінде -15 минутқа;

2% хлорамин кезінде -5 минутқа;

3% сутегі тотығы кезінде-80 минутқа.

4. Осыдан кейін медициналық сынаптық термометрді ағын суға жуыңыз.

5. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз.

6. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

7. Алынған мәліметтерді босану тарихына енгізіңіз.

Ескерту. Қазіргі кезде электрондық термометрлерді жиі қолданады.

19. Гинекологиядағы «жедел іш» кезінде күттірмейтін көмекті көрсету (жатырдан тыс жүктілік, аналық бездерінің апоплексиясы, жатыр қосалқыларының ісіктерінің аяқшаларының бұралуы, аналық безінің кисталарының жарылуы және тағысын тағылар).

Мақсаты- гинекологиядағы «жедел іш» кезінде күттірмейтін көмекті көрсетуді студентке үйрету .

Көрсетулері-«жедел іш».

Қарсы көрсетулері-жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары-операция кезінде болатын асқынулар.

Ресурстары-операциялық үстел, қуыстық операция үшін құрал- саймандар, тігістік материал,операциялық киім-кешектер, дәкелік сүрткілер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар,сорғыш, дәрі-дәрмек заттар, шприцтер, 1 йодонат немесе 5 йод тұнбасы, сабын, орамал.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, ауру әйелге қатаң төсектік режім жасаңыз.

2. Егерде әйел ес-түсін білетін болса, онда оны жұбатуғу тырысыңыз.

3. Тез дәрігерді және зертханашыны шақырыңыз.

4. Ішіне мұз салған резеңке қапшықты қойыңыз.

5. Оған ішуге және жеуге болмайтынын ескертіңіз.

6. Ауыртпайтын заттарды және спазмолитиктерді енгізбеңіз.

7. Қан тобын анықтаңыз.

8. АҚ өлшеңіз, пульсін санаңыз.

9. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

10. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

11. Қуыстық операция үшін барлығын тез дайындаңыз және операциялық үстелді жайыңыз.

12. Дәрігер келгеннен кейін соның барлық тағайындағанын орындаңыз.

13. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ-қа салыңыз.

Ескерту. «Жедел іш» терминнің жиынтығы болып есептеледі. Бұл іш қуысындағы әртүрлі этиологиясы және клиникалық ағымы бар жедел пайда болатын патологиялық үрдістердің көрінісі. Әртүрлі себептеріне қарамай «жедел іш» симптомикасы гинекологияда жалпы көп белгілері бірдей болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]