Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушерия алгоритм.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
286.11 Кб
Скачать

Алматы қаласының Денсаулық сақтау Басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»

№ ___ Хаттама «_» ____2015 ж өткен Әдістемелік Кенесенің отырысында қаралып келісілген

Әдіскер_____ Қасымбекова М.Р.

ЦӘК «Акушерия және гинекологиядағы МІ»

Бекітемін Директордың тәжірибе жөніндегі орынбасары

____________ Маштахова С.Г.

«___» _______2015ж.

Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практика мейірбикесі»

Медбикелерге арналған алгоритмдердің тізбесі.

  1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.

  2. Жүкті және босанатын әйелдерді қарау әдістемесі.

  3. Жүктіліктің мерзімін анықтау.

  4. Босанудың күнін анықтау.

  5. Жүкті әйелден қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу және дәрігердің қарауына дайындық.

  6. Жүкті әйелдің салмағын және бойын өлшеу.

  7. Жүкті әйелдің көктамырынан RW және ЖИТС қан алу.

  8. Жүкті әйелдің артериялық қысымын өлшеу және пульсін тексеру.

  9. Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау.

10. Үлкен жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу.

11. Соловьев индексін өлшеу.

12. Іш шеңберін (ІШ) және жатыр түбінің тұру биіктігін (ЖТТБ) өлшеу.

13. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеру.

14. Нәрестенің жүрек дыбыстарының аускультациясы.

15. Әйелдер консультациясы жағдайында ауыр преэклампсия кезінде

дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.

16. Әйелдер консультациясы жағдайында эклампсия кезінде

дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті көрсету.

17. Нәрестенің болжамалы салмағын (массасын) анықтау.

18. Акушерлік стационарда сынаптық медициналық термометрді дайындау.

19. Гинекологиядағы «жедел іш» кезінде күттірмейтін көмекті көрсету (жатырдан тыс

жүктілік, аналық бездерінің апоплексиясы, жатыр қосалқыларының ісіктерінің

аяқшаларының бұралуы, аналық безінің кисталарының жарылуы және тағысын тағылар).

20. Босанатын әйелді босану залына ауыстыру.

21. Босанғаннан кейінгі кезеңде сүт бездерін күту.

22. Төсектегі жатқан босанған әйелді баптау.

23. Зәр қуығын катетерлеу.

24. Гинекологиялық аурулардан гонококтың болуы кезінде жағындылар алу.

25. Созылмалы соз кезінде қоздырғышты дәлелдеу үшін өршіту әдістері.

26. Баксебуге жағынды алу.

27. Ректалды (базалды) температураны өлшеу.

28. Әйелдің жыныс мүшелерін УДЗ-ге дайындау.

29. Операцияға дәрігер акушер-гинекологты киіндіру.

30. Акушериялық және гинекологиялық операциялар үшін таңу материал дайындамасы.

1. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі.

Мақсаты-жүкті және босанатын әйелдерден сұрау кезінде студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау.

Көрсетулері- әйелдер консультациясына және акушерлік стационарға жүкті және босанатын әйелдердің алғашқы қаралуы кезінде.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары-жоқ.

Ресурстары – үстел, орындықтар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, қазіргі сұраудың қажеттілігі мен маңызын әйелге түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:

а) төлқұжаттық мәліметтерін, анықтаңыз (ата-тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жұмыс орны, мамандығы, мекен жайы, үй телефоны, күйеуінің жұмыс орны және оның телефоны). Жасы туралы мәселе- өте жас қызбала және жасы үлкен бірінші жүкті әйелдерде жиі жүктіліктің асқынулары болады, ал ең соңғысында балаларының даму ауытқулары жиі кездеседі.

б) жүкті және босанатын әйелдердің барлық шағымдарын мұқият түрде тыңдаңыз.

Жүкті әйелдер еттеккірдің тоқтауы және жүктілікке күдікті, жүктіліктің белгілері және басқа бұзылыстар, сонымен қатар жыныс жолдарынан қанды бөлінділер (түсік, жатырдан тыс жүктілік, көпіршікті тығын, плацентаның жатуы және басқалары) болған кезде қаралады. Кейбірде жүктіліктің токсикоздары, жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, асқорыту және тағы басқа бұзылыстар бар болған кездеде қаралады.

в) еңбек және тұрмыс жағдайларын анықтаңыз. Осы мәселелер туралы толық немесе жеткілікті мәліметтер алыңыз.

г) тұқым қуалаушылық және басынан өткізген ауруларын анықтаңыз. Жүкті әйелдің немесе күйеуінің жанұясында тұқым қуалаушылық жолымен берілетін психикалық аурулар, қанның ауруы, зат алмасу бұзылыстары, генетикаға байланысты даму ауытқулары және тағы басқалары болдыма жоқпа. Ата-аналарында маскүнемдік және балалық шақта ауырған аурулары және үлкейген шақта ауырған аурулары, сонымен қатар инфекциялық емес, инфекциялық, соның ішінде гинекологиялық аурулармен ауырдыма жоқпа.

д) етеккірлік функцияның сипатына көңіл бөліңіз. Алғашқы етеккірі (менархе) қай жаста келді, ретті етеккір қашан тұрақталды, етеккірдің сипаты мен түрі, етеккірдің сипаты жыныстық қатынастан, босанғаннан, түсіктен кейін өзгердіме жоқпа, соңғы еттеккірі қашан болды және т.б.

е) секреторлық функцияның сипатына көңіл бөліңіз. Жыныс жолдарынан бөлінділер жоқпа. Патологиялық бөлінділер (көп, іріңді, жалғықты немесе ірің аралас сулы және т.б.) қабыну үрдісін көрсетеді.

ё) жыныстық функцияның сипатын анықтаңыз. Қай жаста жыныстық қатынасқа түсті, нешінші некесі, жыныстық қатынас кезінде қанды бөлінділер және ауырсыну болама жоқпа.

ж) күйеуінің денсаулығы туралы мәлімет алыңыз. Арақ, темекі және есірткелік заттарды қолданама жоқпа, тұқымқуалаушылық аурулары және басқа аурулары барма жоқпа және т.б.

з) бала туу функциясының сипатына көңіл бөліңіз. Қазіргі жүктілігі нешінші, өткен жүктіліктердің ағымы (токсикоздар, гестоздар, жүрек-тамыр жүйесінің, бүйректің, бауырдың және басқа мүшелердің аурулары), өткен босанудың сипаты (өз мезгілінде немесе мезгілінен бұрын, олардың ағымы), ертеде босанғаннан кейінгі аурулары болдыма және т.б.

и) жыныс қатынасынан бастап алғашқы жүктілігіне дейінгі мерзімді анықтаңыз. Жүктіліктің 2-3 жылдай және оданда көп болмауы және ұрық байлауға қарсы заттарды қолдану инфантилизмді дәлелдейді, ал инфантилизм кезінде босанудың ағымы босану күштерінің әлсіздігімен асқынады және т.б.

4. Барлық алынған мәліметтерді жүкті әйелдің картасына немесе босану тарихына енгізіңіз.

Ескерту. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау белгілі бір жоспармен жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]