Лабораторные мәліметтер:
Жалпы қан анализі Гемоглобин – 135 г/л Эритроциттер - 4,0 х 1012 /л Түстік көрсеткіш 0,9 Тромбоциттер – 290 х 109/л Лейкоциттер – 9,0 х 109/л Таяқша ядролы нейтрофилдер – 0% Сегментядролы нейтрофилдер– 45% Эозинофилдер – 4% Базофилдер – 1% Моноциттер – 5% Лимфоциттер – 55% ЭТЖ – 8 мм/час |
Биохимиялық қан анализі Жалпы билирубин – 12.6 мкмоль/л АЛТ – 0,36 ммоль/л АСТ – 0,30 ммоль/л қант- 4,4 ммоль/л
|
Жалпы зәр анализі Мөлшері – 50 мл Түсі – а/сары Мөлдірлігі – мөлдір Салыстырмалы тығыздығы – 1025 Реакция – қышқыл Ақуыз – теріс Жалпақ эпителий – 0 – 0 к/алаңында Лейкоциттер - 1 –2 к/алаңында
|
Микрореакция - теріс |
ЖҚА, ЖЗА, БхҚА көрсеткіштерінің өзгерісі псориазға, оның асқыну кезеңін қосқанның өзінде тән емес.
Патогистологиялық зерттеу: акантоз, гранулез, гиперкератоз, паракератоз нәтижесінде түйіншектердің түзілуі тән.
Диагнозды негіздеу:
Диагноз: Псориаз. Үдемелі сатысы.
Диагноз мына негіздерге сүйеніп қойылады:
1)өмір анамнезі мәліметінен (апасы псориазбен ауырған)
2)жергілікті статус мәліметінен:
-бөртпелердің негізінен аяқ-қолдардың жазғыш беттерінде орналасуы,
-бөртпе симметриялылығы
-бөртпе мономорфтылығы
-бөртпе элементтері беті оңай сылынатын бос ақ-күміс қабыршақтармен жабылған қызғылт-қызыл түсті, ірі табақшаларға бірігуге бейім жазық түйіншектер болып табылады,
3)диагностикалық феномен мәліметтері:
-псориаздық үштік: стеарин дағы феномені; терминалды қабық феномені; нүктелі қан ағу феномені.
4)Кебнер изоморфты реакциясы
5)қолдың тырнақ беті оймақтың бетіне ұқсайды (оймақ белгісі)
6)тәулік уақытына байланыссыз қышу сезімі.
Клиникалық диагноз: Қарапайым псориаз, үдемелі сатысы.
Дифференциалды диагноз: Псориазды қызыл жазық теміреткі, түйіншекті сифилид, себореялық экземамен дифференциациялау қажет, себебі берілген аурулардың
клиникалық көрінісі ұқсас.
1. |
Қызыл жазық теміреткі
|
Полигоналды, жылтыр, ортасында кіндік тәрізді ойысы бар қызыл-көкшіл түсті қабыршақтануы айқын емес түйіншектермен сипатталады, жиі орналасатын жері аяқ-қолдың бүккіш беттері, іш аймағы. Уйтхем торы тән. |
2. |
түйіншекті сифилид |
Түйіншектердің түсі айқынырақ қошқыл-қызыл түсті, дерманың айқын инфильтрациясы нәтижесінде түйіншектер тығыздау келген, қабыршақтануы элемент жиегімен «Биет жағасы» түрінде, перифериялық өсу мен табақшаларға бірігуге бейім. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған. Серологиялық реакция оң. |
3. |
себореялық экзема |
Беті тығыз жанасқан сарғыш-сұр түсті қабыршақпен жабылу тән, бөртпе элементтерінің шекарасы бұлыңғыр. Себореялық экземада қышыну нәтижесінде жиі бос қабық түзілуімен жүретін жалқықтану болады, псориазға патогномиялық белгілер бролмайды. |
Емі: Науқас тәртібі – жалпы. Медикаментозды емі патогенетикалық және симптоматикалық сипатта, себебі ауру этиологиясы толық белгісіз. Бар деректерге сүйене отырып науқасқа детоксикациялық, десенсибилизациялық, қабынуға қарсы және жалпы жағдайын жақсартатын ем тағайындау қажет. Жергілікті қабынуға қарсы, кератолитикалық, жазғыш заттар қолданады.
Жалпы терапия.
1.Дезинтоксикациялық терапия:
-Гемодез 400,0 в/і тамшылатып күнара N 5.
25% күкірт қышқылды магнезия – 5,0 б/е N 5.
-Хлорлы калий 1,0 х 3 р/к – тамақтану кезінде N 5.
2. Седативті заттар:
- пустырник тұнбасы, палора, персен күніне 1 рет.
3. Десенсибилизациялық терапия:
-Тиосульфат натрий 30% - 10,0 в/і N 10 күнара, кезекпен 10% глюконат кальцимен б/е N 10 күнара.
4. Антигистаминді препарат (супрастин, тавегил, диазолин, зиртек, кларитин, кестин, гисманал, цетрин). Тері қышынуында, күніне 1 таблеткадан.
5. Иммуномодуляторлар:
-Деринат, Ликопид, Метилурацил, Тактивин, Тимален. 1 таб. күніне 2 рет 20 күн бойы, бөртпенің аз мөлшерде таралуында 1 таб. күніне 1-2 реттен 10 күн бойы, сосын 1-2 таб. күнара 10 күн.
6. Аутогемотерапия:1,0 дан 10,0-ға дейін күнара N 5.
7. Витаминотерапия: В1, В6, В12, С, А, Аевит, D, Кальципотриол витаминдері.
Жергілікті терапия:-2%-серносалицил майы, псориазин, антипсориатикум, локакортен, флуцинар және т.б.
Лабораторлық мәліметтер: ЖҚА, ЖЗА, қан биохимиясы – қалыпты деңгейде.
Патогистологиялық зерттеу: эпидермистің дәнді қабатының жойылуы мен оның дерма емізікшелері деңгейінде жұқаруы, біркелкі псориаформдық гиперплазия; эпидермисте нейтрофилдердің жиналуы және дерманың емізікті қабатындағы ирек қан тамырлары.
Ұсыныс: Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
Соңғы нәтиже (outcomes):
Сауалнама жүргізу (шағымы, ауру және өмір анамнезі).
Бөртпелердің болуына науқасты қарауды жүргізу.
Локалды статусты сипаттау
Псориаз диагностикасы, сатысын анықтау.
«Псориаздық үштік», «Кебнер» изоморфтық реакциясы, «оймақ» белгілерін анықтау.
Дифференциалды диагностика
Псориазы бар науқасты жүргізу тактикасы.
Бағалау парағы (check-list)
