Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Псориаз_на_казах.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.72 Кб
Скачать

Медициналық Симуляция Сценариі

Клиникалық жағдай: «Псориаз, науқасты жүргізу тактикасы»

Ситуациялық тапсырма: Сіз – жалпы тәжірибелік дәрігерсіз. 42 жасар ер адам түсті. Анамнез жинаңыз және науқасты қарап-тексеруді жүргізіңіз.

  • Науқастың жергілікті статусын құрастырыңыз

  • Зерттеу жоспарын анықтаңыз

  • Лабораторлы-құралдық зерттемелердің интерпретациясын жүргізіңіз

  • Диагнозды құрастырыңыз

  • Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз

Стандартталған актерға арналған сценарий мәтіні мен рөлінің сипаты:

Шағымы: бөртпелер, қышу сезімі

Сұрақтың мәні

Актерға сұрақты құрастыру

Жауап

Аурудың басталуы

Сіз қалай ауырдыңыз?

Менің терімдегі бөртпелер жұмыстағы күйзелістен кейін пайда болды

Анамнезі

Туыстарыңыздың ішінде ұқсас тері ауруымен ауырғандар болды ма?

Менің апам тері ауруымен ауырған, бірақ қандай ауру екені есімде жоқ

Терілік синдром

Бөртпе қашан және қай жерде пайда болды?

Бөртпелер 3 ай бұрын басыма шықты. Ал 1ай бұрын кеудемде және екі аяқ-қолымда пайда болды

Қышу сезімі бар ма?

Ия. Барлық жерім қышиды

Бұрын теріңізде бөрпелер болған ба?

Жоқ. Бұл жағдай бірінші рет.

Дәрілік заттарды қабылдау

Өздігіңізше дәрі қабылдадыңыз ба? Жоқ әлде бірден дәрігерге қаралдыңыз ба?

Өздігімше дәрі қабылдадым. Аптекаға барып қышуға қарсы дәрі мен жақпа май сұрадым. Маған целестодерм берді, ал қышуға қарсы дәрі есімде жоқ.

Созылмалы аурулардың болуы

Сізде бүйрек, бауыр, АІЖ созылмалы аурулары бар ма?

Жоқ

Анамнезінде:

Сіз жасыңызға сай өсіп жетілдіңіз бе?

-Ия

-Сіздің өмір сүру жағдайыңыз қалай?

-Қанағаттанарлық

-Боткин ауруымен, туберкулезбен, венерологиялық аурумен ауырғансыз ба?

-Бала кезімде Боткин ауруымен ауырғанмын

-Қан құю мен ота жасалынды ма?

-Жоқ

-Жанұяңызда тұқым қуалайтын ауру бар ма?

-Білмеймін

-Ештеңеге аллергияңыз жоқ па (тамақ, шаң-тозаң, өсімдік, дәрі-дәрмек, тұрмыс химикаты)?

-Жоқ

-Зиянды әдеттеріңіз бар ма (темекі, алкоголь)?

-Темекі тартамын, кейде ішемін

-Жасыңызға сай вакцина егілді ме?

-Ия

Ауру анамнезі (anamnesis morbi): Өзін 3 айдан бері бетінде қышу сезімімен жүретін бөртпенің пайда болған кезден ауру санайды. Өздігінен «Целестодерм» майын қолданған, аздаған оң әсермен. Келесі айларда жаңа бөртпелер аяқ-қолдардың жазғыш беттерінде пайда болды. Оны да науқас өздігінен көрсетілген майлармен емдеген.Бір апта бұрын арқасында және аяғында жаңа бөртпелер пайда болғаннан кейін жалпы тәжірибе дәрігеріне қаралған, ол дерматологқа жолдаған.

Өмір анамнезі (anamnesis vitae): Науқас жұмысшылар отбасында 1 бала болып өмірге келген. Жасына сай өсіп жетілген. Бала кезінде тұмаумен және вирусты гепатитпен ауырған. Білімі орташа техникалық. Жүк тасушы болып істейді. Кәсіби зияндықтан стресстік жағдайды атап көрсетті.Үйленген. Жағдайы жасалған пәтерде тұрады. Материалды-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық, тамақтануы жүйелі түрде. Бос уақытында үйінде демалады. 22 жасынан темекі тартады, ішімдік ішпейді. Ауырған сырқаттары: ЖРВИ, Туберкулез, венерологиялық аурулары болмаған.

Аллергологиялық анамнезі: асқынбаған. Тұқым қуалаушылық: апасы псориазбен ауырған.

Объективті зерттеу: Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, өзін жақсы сезінеді. Санасы анық. Орналасуы белсенді. Бойы-184см. Салмағы-71кг. Дене бітімі астениялық типте, пропорционалды. Бас пен беттің патологиялық өзгерісі жоқ. Жұмсақ тіндер тургоры сақталған. Домбығу мен ісіну жоқ. Түктенуі еркек типті. Шүйде, құлақ арты, жақ, жақ асты, артқы және алдыңғы мойын, бұғана асты және үстілік, торакалды, қолтық асты, шынтақ, шап, тізе арты лимфа түйіндерінің ұлғаюы жоқ.

Тыныс алу жүйесі: Мұрын арқылы тыныс алуы еркін. Тынысы ырғақты, тыныс алу жиілігі – 20/мин., тыныс алуы құрсақтық. Кеуде торы конус пішінді, симметриялы. Аускультация кезінде симметриялық нүктелерде везикулярды тыныс естіледі; жанама тыныс шулары анықталмады.

Жүрек-қан тамыр жүйесі: Пульстың толуы мен қысымы жеткілікті, синхронды, ырғақты. Пульс жиілігі – мин 72 рет. Жүрек және қан тамыр аймағында ісік байқалмайды. Жүрек ұшы түрткісі V қабырға аралықта орналасқан. Жүрек тоны анық, ритмі дұрыс.

Ас қорыту жүйесі. Тәбеті қанағаттанарлық. Аңқа, бадамша безі, тамақ, өзгеріссіз. Іш домалақ пішінді. Перистальтика бұзылмаған. Құрсақ тыныс алу актысіне қатысады. Асцит жоқ. Құрсақтың тітіркену белгілері жоқ. Баауырдың төменгі жиегі қабырға докғасынан 0,5 см төмен, ауырмайды. Көкбауыр пальпацияланбайды.

Зәр –жыныс жүйесі. Зәр шығару еркін, ауырсынусыз. Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс. Үлкен дәреті қалыпты.

Жергілікті статус(Status localis): Үрдіс жайылмалы, симметриялы. Бөртпелер мономорфты, қызғылт-қызыл түсті әр түрлі көлемдегі түйіншектермен және түйіншекті табақшалармен сипатталады. Элементтердің негізінде созылмалы сіңбелі қабыну бар. Бөртпелер кеуде терісінде, БШБ, аяқ-қолдарда, шынтақ және тізе буынының жазғыш бетінде орналасқан. Түйіншектер диаметрі 0,5 см-е дейін, қызғылт-қызыл түсті, домалақ, айқын шектелген, тері бетінен жоғары тұратын, бұршақ тәрізді формалы, беті тегіс, консистенциясы тығыз. Қырғанда «стеарин дағы» феномені анықталады, кейбір элементтерде «терминалды қабық» және «қан шығы» феномені анықталады. (псориаздық үштік феномені оң). Арқада, іште, аяқ-қолдарда, шынтақ және тізе буынының жазғыш беттерінде перифериялық өсу мен қосылу нәтижесінде табақшалар түзуге бейімділік байқалады (1.2 сурет). Табақшалар тері бетінен жоғары тұрады, жалпақ, қызғылт-қызыл түсті, 7см және одан жоғары көлемде. Көрінісі дұрыс емес пішінді, ірі фестонды, жиегі гиперемияланған. Тері суреті айқындалған. Табақшалар ақшыл қабыршақтармен жабылған. Қабыршақтар көп емес, майда пластинкалы, ауырусыз, жеңіл сылынады. Изоморфтық реакция (Кебнер феномені) оң. Қолдың тырнақ пластинкаларында көлденең сызықтар мен нүктелі ойыстар байқалады («оймақ» белгісі) (3 сурет).

1 –сурет. Түйіншекті табақшалар

2 – сурет. Түйіншектер және түйіншекті табақшалар.

3-сурет. «Оймақ» белгісі