- •1. Сумен қамтамасыз ету нысанының әкімшілі-тұрмыстық сипаттамасы.
- •1.1.Нысан туралы жалпа мәлімет
- •1.7. Сумен қамтамасыз ету нысанының сипаттамасы.
- •3. «Бережок» демалыс базасының су тұтыну есебі
- •3.1. Тұрмыстық-ауызсу тұтынуының есебі
- •3.2. Жалпы су тұтыну нормасына енбейтін ғимараттардың су шығынының есебін анықтау.
- •3.3. Су мұнарасының есебі.
- •5. Су тоған құрылым есебі
- •5.3.2. Су тағанының өз бетімен ағатын желілерінің есебі.
- •5.5. Су қабылдағыштардың төзімділігін тексеру.
- •5.6. Жағалаудағы құдықтың сырғып кетуге тексеру.
- •5.7. Биореактор есебі.
- •7. Бірінші және екінші көтерілімдегі сорғылар есебі.
- •7.1. Бірінші көтерілімдегі сорғылар есебі.
- •7.2. Екінші көтерілім сорғысын талдау.
- •10. Жобаның экологиялық жағы
- •10.1. Сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлы қорғалуы туралы жалпы мәлімет
- •10.2. Белдеулер шекарасын анықтау.
- •10.3. Зсо аймағындағы негізгі шаралар
- •9.2. Тазарту құрылыстарында өнеркәсіптік жарықтандыруды есептеу.
Кіріспе.
Сумен жабдықтау ұғымына қатысты тұтынушылар талап еткен сападағы сумен қамтамасыз етуге арналған санитарлық шаралар мен инженерлік құрылыстардың жиынтығы деген мағынадағы түсінік қалыптасқан. Сумен жабдықтау жүйесі су көздері мен су тоған құрылыстарынан, су сорғыш станцияларынан және су тазарту жүйелерінен тұрады; сонымен қатар, магистральды құбырөткізгіштер мен қойма, яғни сусақтайтын орын және басқа да құрылымдар бар. Осының барлығы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталып салынған.
Ресейдің солтүстік-батыс өңірлері тұрғындардың тығыздығының орташа болуымен, ғимараттарды жетілдірудің төмен дәрежесімен, көптеген шағын елді мекендердің бірбірінен алшақ орналасуымен ерекшеленеді. Осындай нысанның бірі болып Ақмола облысы, Белозер ауданы, Глинский с/с, Данилово ауылында орналасқан «Арлан» спорттықсауықтыру кешені табылады. Қолданыстағы су алу құрылыстары су сұранысының базасын қамтамасыз етпейді, және ешқандай су қоймасы да, су тазарту кешені де жоқ. Осылайша, дипломдық жобаның мақсаты «Бережок» демалыс базасының сумен жабдықтау жүйесін жасау, осыған қоса су алу құрылғыларын қажетті өндірістік ресурстан және сенімділік деңгейінің жоғары болуын, су тазалау құрылғыларының нормативке сәйкес келуін, ішкі және сыртқы су өткізгіш желілер мен құрылыстарын, сондайақ өрт сөндіру шараларын жобалау. Жобалау кезінде жергілікті жағдайлар мен қазіргі заманғы стандарттар назарға алынуы тиіс.
1. Сумен қамтамасыз ету нысанының әкімшілі-тұрмыстық сипаттамасы.
1.1.Нысан туралы жалпа мәлімет
Нысан – «Бережок» спорттық-сауықтыру базасы, Вологод облысы , Белозер ауданы, Глинского с/с, Данилово ауылында, Азат көлінің сол жағасында орналасқан. База 180 орынға арналған. Нысанның құрамына ғимараттар мен құрылымдар, яғни, мәдени-тұрмыстық (асхана), тұрғынүйлік ( студенттер тұруға арналған корпустар және мұғалімдерге арналған жеке үйлер), және әкімшілік-тұрмыстық бөлім ( қызметкерлер құрамы тұруға арналған үй, қойма), сонымен қатар, сумен жабдықтау құрылымдары мен арна кіреді. Ғимараттар мен құрылымдарға жабдықталған подъездтер мен тротуарлар қарастырылған.
1.2. Құрылыс аймағының климаттық көрсеткіштеріа ( ҚНжЕ сәйкес 23-01-99. Құрылыстық климатология)
Құрылыс аймағының климаты – қоңыржай континенттік.
Желдің басым бағыты – оңтүстік-батыс.
- ауаның орташа жылдық температурасы 2,3
- ауаның абсолюттік минималды температурасы -47
- ауаның абсолюттік максималды температурасы +39
- ең ыстық айдың орташа температурасы +17,2
- ең суық айдың орташа температурасы -11,9
- ең суық айдың салыстырмалы ылғалдылығы 78,9%
- ең ыстық айдың салыстырмалы ылғалдылығы 65%
- жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 750мм.
1.3. Геологиялық жағдайлар
«Бережок» демалыс орнының аймағы саздан тұрады.
Топырақтың қату тереңдігі 1,5м.
1.4. Жерасты сулары
Жерасты сулары тұрған биіктік – төмен орналасқан. Батпақтанған аймақ жоқ. Жерасты суларының максималды деңгейі 2м тереңдікте тіркелген. Су тегеуріні жоғары емес, бетонға қатысты агрессивті емес.
1.5. Рельеф
Демалыс орны аймағының рельефі жайлы және табиғи икеммен Азат көлінің бағытына қарай дөңестелген. Рельефтің ең төмен бағытталуы оңтүстік-батыс бөлікте, яғни, белгілер орталық аймақта 100м-ден, ал, көлдің аймағында 96м-ге дейін өзгеріп отыратын бөлікте байқалған.
1.6. Жерүсті су көздері туралы мәліметтер
«Бережок» демалыс орнының жерүсті су көзі болып Азат көлі табылады, демалыс орны көлдің сол жақ жағасында орналасқан. Көл суының сапасының көрсеткіштері Вологод облысының санитарлы-эпидемиологиялық қызметі тіркеуі бойынша 1.1- кестеде көрсетілген.
1.1-кесте
Азат көлі суының сапасының көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Min көрсеткіші |
Max көрсеткіші |
Орташа көрсеткіші |
Рұқсат етілген көрсеткіш |
|
Органолептикалық көрсеткіштер |
||||||
Тұнықтығы |
Град. |
65 |
98 |
83 |
20 |
|
Лайлануы |
мг/л |
2,1 |
2,5 |
2,3 |
1,5 |
|
Иісі |
Балл |
|
|
1 |
2 |
|
Химиялық көрсеткіштер |
||||||
pH |
|
6,3 |
6,4 |
6,3 |
6-9 |
|
Мұнайөнімдері |
мг/л |
0,008 |
0,011 |
0,009 |
0,1 |
|
Темір |
мг/л |
0,13 |
0,14 |
0,14 |
0,3 |
|
Сульфаттар |
мг/л |
210 |
240 |
230 |
500 |
|
Аммиак азоты |
мг/л |
0,11 |
0,13 |
0,12 |
1,5 |
|
Нитраттар |
мг/л |
0,009 |
0,011 |
0,01 |
45 |
|
ОБТ 5 оттегін биологиялық тұтыну |
мгО2/л |
0,46 |
0,5 |
0,48 |
2 |
|
ОХТ Оттегін химиялық тұтыну |
мгО2/л |
9 |
14 |
11 |
15 |
|
Жалпы минералдануы |
мг/л |
300 |
350 |
320 |
1000 |
|
Перманганаттық қышқылдану |
мг/л |
8,2 |
8,6 |
8,4 |
5 |
|
Қаттылығы |
Моль/л |
6 |
6,7 |
6,3 |
7 |
|
Микробиологиялық көрсеткіштер |
||||||
Колифагтар БОЕ / 100мл |
БОЕ |
- |
- |
- |
- |
|
Сальмонельдер |
мг/л |
- |
- |
- |
- |
|
ЖМС Жалпы микроб саны |
1 мл |
81 |
90 |
84 |
50 |
|
Согласно данным протокола санитарлы-эпидемиологиялық қызметтің жасаған протоколына сәйкес, Азат көлі ауыз су көзі болып табылады, яғни, тұрмыстық су ретінде пайдаланылады.
