- •2. Белоктар, биологиялық қызметтері. Құрылысы, физика-химиялық қасиеттері, жіктелуі. Белок молекуласының кеңістік құрылысы.
- •5. Дәрумендер, организмде атқаратын ролі, жіктелуі. Антивитаминдер.
- •6. Гормондар. Гормондар, құрылысы, қасиеттері, организмдегі биологиялық қызметі, топтастыруы, әсер ету механизмі.
- •Физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл - ойдың дамуына көмектеседі.
- •Физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамассыз етеді.
- •Бір қатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостық қысымның, қандағы глюкоза деңгейінің ) бірқалыпта болуын қамтамассыз етеді.
- •7. Көмірсулар, классификациясы, номенклатурасы, стереоизомериясы. Моносахаридтер, олардың туындылары. Фишер және Хеуорс формулалары. Муторотация.
- •8. Олиго- және полисахаридтер. Олиго- және полисахаридтердің жіктелуі, номенклатурасы. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер.
8. Олиго- және полисахаридтер. Олиго- және полисахаридтердің жіктелуі, номенклатурасы. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер.
Молекулалық формуласы С12Н22О11. Дисахаридтер – құрамында екі моносахарид қалдығы бар көмірсулар.Судың бір молекуласын бөліп шығару арқылы моносахаридттердің екі молекуласынан құралған.Мұнда моносахаридттердің арасында гликозиздтік байланыс қалыптасады. Тотықсызданбайтын (сахароза, трегалоза) және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза) кейбір Дисахаридтер табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олигосахаридтерді немесе полисахаридтерді біртіндеп гидролиздеу арқылы алады. Дисахаридтер молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтердің екі қалдығынан құралады. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, т.б. жатады.
Табиғатта ең көп тараған дисахарид- сахароза. Осы дисахаридтер гидролизденгенде келесі моносахаридтер түзіледі.
Сахароза +Н2О → глюкоза + фруктоза
Лактоза +Н2О → глюкоза + галактоза
Мальтоза+ Н2О → глюкоза + глюкоза
Сахароза- Сахароза С12Н22О11. Сахароза көптеген өсімдіктерде, қант қызылшасында, қант қамысында, сәбізде, қауында, қайың мен үйеңкінің шырындарында болады.Сахароза — ақ түсті кристалды зат, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, балқу температурасы 184-185° С. Сахарозаны балқытып, содан соң қатырса, аморфты мөлдір масса карамель түзіледі.Сахарозаның ерітіндісі мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде, ашық көк түсті ерітіндінің түзілуі, сахарозаның көпатомды спиртке жататынын көрсетеді.Сахарозаны күміс (I) оксидінің аммиактағы ерітіндісімен қыздырғанда, "күміс айна" түзілмейді. Бұл сахароза құрамында альдегид тобы жоқ екенін дәлелдейді.Сахарозаны қышқыл қатысында қыздырғанда гидролизденіп, екі моносахарид — глюкоза мен фруктоза түзіледі: C12H22O12 + H2O → C6H12O6 + C6H12O6. Сахароза, негізінен, тағам ретінде, кондитер өнеркәсібінде қолданылады. Оны гидролиздеп, жасанды бал алады. Адам және жануарлар организмінде ферменттердің әсерінен ыдырайды. Сахарозаны өнеркәсіпте қант қызылшасынан және қант қамысынан алады.Сахароза этил спиртін алуда маңызды өнім болып табылады.Дисахаридтерді сатылап гидролиздеп полисахаридтерден алуға болады: (C6H12O5)n + nH2O → n/2 C12H22O11. Сахарозаның изомерлері-
Лактоза — сүт қанты. Молекуласы глюкоза мен оның изомері галактозаның қалдығынан құралған. Гидролиздегенде глюкоза мен галактозаға айналады: C12H22O11 + H2O → C6H12O6 + C6H12O6. Лактоза коректілігі өте жоғары өнім. Тәттілігі сахарозадан төмендеу.Сүттің құрамында болады,ол сүттегі бағалы қоректік бөлік.Сиыр сүтіндегі лактозаның мөлшері 4,7%, бие сүтінде 6,7%.
Мальтоза. Табиғатта бос күйінде кездеспейді, бұл дисахаридті крахмалдан алады. Гидролиздегенде глюкозаның екі молекуласын түзеді: С12H22O11 + H2O → 2C6H12O6.
Полисахаридтер, гликандар — молекуласында гликозидті байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдықтары бар көмірсулар. Полисахаридтердің молек. массасы бірнеше мыңнан (ламинарин, инулин) бірнеше млн-ға дейін (гиалурон қышқылы, гликоген) жетеді. Полисахаридтерге моносахаридтердің бір ғана түрінен немесе әр түрінен құралатын целлюлоза, крахмал, хитин, пектиндік заттар, гликопротеиндер, гепарин, т.б. жатады. Полисахаридтер сілтіге төзімді, қышқылда диполимерленеді, суда жақсы ериді. П-дің биологиялық маңызы әр алуан. Полисахаридтер табиғи жоғары молекулалы қосылыстар. Полисахаридтердің жалпы формуласы (С6Н10О5)n, көптеген моносахарид молекуласының қалдықтарынан тұрады. Макромолекуладағы моносахаридтер қалдықтары полисахаридтерде де оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан:
...R — О — R — О — R...
Өсімдіктер мен жануарлар ағзасында ферменттердің әсерінен фотосинтез нәтижесінде түзілген моносахарид молекулалары поликонденсацияланып, полисахаридтер түзіледі:
6СО2 + 6Н2О → С6Н12О6 + 6О2
nС6Н12О6 → (С6Н10О5)n + nH2O
Полисахаридтердің маңызды өкілі — крахмал мен целлюлоза,гликоген.
Гликоген — глюкоза қалдықтарынан құралған,адам мен жануарлар организмі мүшелері менұлпаларында қорланатын күрделі көмірсу (полисахарид). Гликоген негізінен бұлшықеттер талшықтары мен бауыр жасушалары (гепатоциттер) цитоплазмасында дәнше (түйіршік) түрінде жинақталады. Организмдегі глюкоза мөлшерінің азаюына байланысты арнайы ферменттердің әсерінен гликоген глюкозаға ыдырап, қанға өтеді. Организмдегі гликогеннің түзілуі мен ыдырау процестерін жүйке жүйесі және тиісті гормондар реттеп отырады.Гликоген-глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер.
Крахмал (С6Н10О5)n табиғатта кең тараған полисахарид. Күріште 80%-ке дейін, бидай мен жүгеріде 70—75%, картоп түйіндерінде 20% крахмал болады.
Крахмалдың құрылысы. Крахмал — табиғи полимер. Ол екі полисахаридтен: амилоза мен аминопектиннен тұрады. Полимерлену дәрежесі — n-нің мәні крахмалдың әр түрлі молекуласында шамамен 200-ден 2000-ға дейін болады. Крахмалдың молекулалық массасы бірнеше жүз мыңнан (амилоза) миллионға дейін (амилопектин) жетеді.
Крахмалдың макромолекуласы циклді α-глюкозаның қалдықтарынан тұрады. Крахмал түзілу процесінің сызбанұсқасы:
Яғни, крахмалдың қарапайым буыны, - C6H10O5 -
Крахмалды алу: Өндірісте крахмалды картоптан немесе жүгеріден алады. Картоптан крахмал алу үшін оны ұнтақтап турап, сүзгіге салып, сумен шаяды. Сумен шайылған крахмалды ыдыстарда тұнғаннан кейін бөліп алып кептіреді.
Крахмалдың қасиеттері: Крахмал салқын суда ерімейтін ақ түсті ұнтақ зат. Ыстық суда ісініп, коллоид ерітінді — клейстер түзеді.
Крахмалдың маңызды химиялық қасиеттерінің бірі — йодпен әрекеттескенде көк түстің пайда болуы. Оны картоптың немесе ақ нанның кесіндісіне, крахмал клейстріне йод ерітіндісін тамызып көруге болады. Бұл реакцияны тағам өнімдерінде крахмалдың бар-жоғын анықтау үшін қолданады.
Крахмал минерал қышқылдың (H2SО4) немесе ферменттердің әсерінен гидролизденіп, глюкоза түзеді:
(С6Н10О5)n + nH2O → C6H12O6
Реакция жағдайына байланысты әр түрлі аралық өнімдер түзіліп, гидролиз сатылап жүруі мүмкін:
(С6Н10О5)n → (C6Н10О5)m → xС12Н22O11 → nС6Н12O6
Макромолекуланың ыдырауы біртіндеп іске асады, әуелі ірі молекулалы қосылыс декстрин, содан кейін дисахарид мальтоза және гидролиздің соңғы өнімі глюкоза түзіледі.
Крахмалдың маңызы мен қолданылуы: Крахмал — негізгі азығымыздың бірі. Бірақ оны ағза бірден сіңіре алмайды. Тағамның құрамындағы крахмал майлар сияқты әуелі гидролизге ұшырайды. Гидролиздену процесі тамақты шайнағанда сілекеймен бөлінетін ферменттердің әсерінен ауызда басталады. Гидролиздену одан әрі асқазан мен ішекте жалғасады. Түзілген глюкоза ішектен қанға сіңіп, одан бүкіл ағзаға тарайды. Глюкозаның артық мөлшері гликогенге "жануар крахмалына" айналып, бауырда қор болып жиналады. Оның құрамы крахмал сияқты (С6Н10О5)n бірақ құрылысы крахмалдан тармақты және молекулалық массасы да үлкен болады. Организмнің гликоген жинауы шектеулі. Адам салмағының 1 килограмына 50—60 г гликоген жиналған соң, одан артық мөлшері майға айналып, адам толысып кетуі мүмкін. Гликоген қажеттілікке байланысты глюкозаға айналып, биохимиялық процестерге қатысады.
Крахмал гидролизінің аралық өнімдері декстрин мен мальтозаны ағза оңай сіңіреді. Тамақ дайындаған кезде крахмал декстринге айналады. Нан өнімдерін және картопты пісірген кезде крахмалдың аздап гидролизденуінен декстрин түзіледі. Өнеркәсіпте крахмалды гидролиздеп, сірне мен глюкозаға айналдырады. Ол үшін крахмалға сұйылтылған күкірт қышқылын қосып қыздырады. Күкірт қышқылының артық мөлшерін бормен бейтараптап, кальций сульфатына айналдырып бөліп тастайды. Егер гидролизді соңына дейін жүргізбесе, декстрин мен глюкозаның қоспасы сірне алынады. Сірнеден кондитер тағамдарын, кәмпиттер, мармелад, джем, тосап жасайды.
Декстрин желім ретінде пайдаланылады. Крахмал мата өнеркәсібінде қолданылады. Ыстық үтіктің әсерінен крахмал декстринге айналып, жұқа қабықша түзеді. Ол матаға әр береді және тез кірлеуден сақтайды.
Крахмалдан химия өнеркәсібінде глюкоза, этил спиртін, ацетон және лимон қышқылын алады. Крахмал қағаз және картон өндірісінде қолданылады.
Целлюлоза: Целлюлоза да крахмал сияқты табиғи полимер — полисахарид. Оның молекулалық формуласы да крахмалдікі сияқты (С6Н10О6)n.
Целлюлозаны клетчатка деп те айтады. Ол — өсімдіктер клеткасы кабықшасының негізгі кұрам бөлігі. Едәуір көп таралған биополимер. Мақта талшығында 98%-ке дейін, ағаш сүрегінде 50%-ке жуық, жасыл жапырақтарда, шөпте (10—25%) болады.
Целлюлозаның макромолекуласы циклді (3- глюкозаның қалдықтарынан тұрады, түзу құрылымды. Крахмал мен целлюлозаның құрамына әр түрлі формалы глюкозаның кіруі олардың қасиеттеріне әсер етеді. Целлюлозаны тек қана күйіс қайыратын жануарлар қорыта алады. Адам және басқа жануарлар ферменттері целлюлозаны қорыта алмайды, сондықтан оны азық ретінде пайдаланбайды.
Целлюлозаның полимерлену дәрежесі — n-нің мәні крахмалдан көп, молекулалық массасы да крахмалдан үлкен (шамамен мақтада ~ 1,7 млн., зығырда ~ 6 млн-ға дейін) болады. Целлюлоза құрылымы тек түзу сызықты болады:
— С6Н10О5 — С6Н10О5 — С6Н10О5 — С6Н10О5 —
Мақта, зығыр, кендір, т.б. талшықты материалдардың целлюлозадан түзілетіндігі осыған байланысты.
Целлюлозаның қасиеттері[өңдеу]
Целлюлоза ақ немесе сүр түсті талшықты қатты зат. Целлюлоза суда, спиртте, эфирде, ацетонда және т.б. органикалық еріткіштерде ерімейді.
Целлюлозаның гидроксил топтары арқылы әр түрлі эфирлерін алуға болады. Целлюлозаның құрамындағы глюкозаның әр қалдығында үш гидроксил тобынан болады:
Poli5.png
Реакцияға бір, екі, үш гидроксил топтары қатысуы мүмкін. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты целлюлозаның әр түрлі нитраттары алынады:
Poli6.png
Целлюлозаның нитраттары өте жанғыш және қопарылғыш заттар. Целлюлозадан толық емес нитрлеп, нитросырлар және лак алады. Толық нитрлеп, қопарылғыш зат (түтінсіз дәрі) өндіріледі.
Целлюлоза суда ерімейді, бірақ суды бойына сіңіріп ісінеді. Сондықтан целлюлозаның туындыларын еритін қосылыстарға айналдырады. Мысалы, құрамында екі немесе үш ацетат тобы бар целлюлоза ацетонда ериді, бұл полимердің ерекше маңызы бар. Целлюлоза ацетатын ацетонда ерітіп, кішкентай тесіктер арқылы (фильер деп аталатын) өткізіп, жылы ауамен үрлеп кептіргенде, жіңішке жылтыр жіпке айналады (47-сурет). Бұл жіп ацетатты жібек талшығы деп аталады.
Целлюлозадан жасанды талшықтар алудың басқа да жолдары бар. Оның мыс тұздарының аммиактағы ерітіндісін мысты-аммиакты жібек деп атайды. Егер сілтілік ортада күкірткөміртекпен целлюлозаға әсер етсе, целлюлоза ксантогенаты түзіледі. Бұл тұз суда ерігіш. Бұдан жасалған жіп вискоза жібі деп аталады. Осы тәсілдер бойынша алынған жібек макромолекулаларының химиялық құрамы целлюлозаның құрамымен бірдей. Целлюлозадан өндірілетін талшық мақта талшығынан кейінгі екінші орынды алады.
Крахмал мен целлюлозаның айырмашылығы
Полисахаридтерге крахмал мен целлюлоза жатады. Олардың молекулалық формулалары — (С6Н10О5)n. Бұл полисахаридтердің бір-бірінен айырмашылығы:
а) крахмал молекуласы α-глюкоза, ал целлюлоза молекуласы β-глюкоза қалдығынан тұрады;
ә) құрамындағы буындар саны да (n) әр түрлі, крахмалда бірнеше мыңнан, целлюлозада бірнеше миллионға дейін жетеді;
б) крахмал молекуласы құрылымы — түзу сызықты және тармақты, ал целлюлоза молекуласы — тек түзу сызықты. Сондықтан олардың қасиеттері өзгеше. Крахмалдың қоректік зат ретінде алатын орны ерекше. Крахмалды адам мен барлық жануарлар азық ретінде қабылдап, қорыта алады, ал целлюлозаны тек күйіс қайыратын малдар, ұлулар және микроазғалар ғана қорытады. Фотосинтез процесі нәтижесінде жұтылған күн энергиясы көмірсуларда қор болып жинақталады. Тыныс алғанда жұтылған оттекпен тотығып, көмірсулар жинақталған энергияны ағзаға береді. Табиғатта кең таралуына байланысты көмірсулар маңызды өнеркәсіптік шикізат болып табылады. Көмірсулардан этил спиртін, қопарылғыш заттар, дәрі-дәрмектер, қағаз, жасанды талшықтар өндіреді.
9. Липидтер. Липидтердің топтастыруы, қасиеттері, биологиялық қызметтері. Сабынданатын, сабынданбайтын липидтер. Балауыздар. Терпендер. Стероидтар.
Липидтер дегеніміз-табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде ериді. Белоктармен, көмірсулармен қатар липидтер де мал, адам ж/е өсімдіктердің барлық ұлпалар клеткаларының құрамына кіреді. Липид грекше липос-май деген сөзінен шыққан.
Липидтерді химиялық құрамын мен құрылымы жөнінде3класқа бөлінеді:
Қарапайым, күрделі және стероидтер. Арапайым липидтерге май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты триацилглицеролдар мен балауыздар құрайды.
Күрделі липидтерге фосфолипидтер ж/е сфинголипидтер жатады. Сфинголипдтер тобына сфингомиелиндер, цереброзидтар, ганглиозидтар ж/е сульфолипидтер кіреді.
Стероидтар – бұлар стеролдар ж/е олардың май қышқылдарымен құралған күрделі эфирлері.
Табиғи майлар триглицеролдар қоспасынан тұрады. Трицилглицеролдар – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфирлер. Майдың құрылымын 1811ж француз ғалымы Шевраль анықтады, ал екінші француз ғалымы М.Бертло 1854ж майды синтездік жолмен алды. Майлардың физикалық қасиеттері. Майардың физикалық және химиялық қаситеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы 40-60% қаныққан май қышқылдарынан, 30-35 моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Мал майында полиқанықпаған май ұышқылдары аз. Сондықтан мал майы үй температурасында қатып қалады. Жылқы майы мен қаз майында полиқанықпаған май қышқылдары көп. Сондықтан да олардың майы қатпайды. Өсімдік майында қаныққан май қышқылдары аз. Қанықпаған қышқылдар көп. Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зәйтүн майының 79% олеин қышқылынан тұрады. Триацилглицеролдардың иісі жоқ, бірақ төменгі молекулалы май қышқылдары бар триацилглицеролдар дәмі жағымды келеді. Бұл жағдай сүт майы ж/е сары майдың өздеріне тән жағымды дәміне ьайланысты. Майлардың химиялық қасиеттері триацилглицеролдар химиялық тұрғыдан бейтарап инертті келеді. Оларға тән реакциялар. Гидролиз рекциясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады ж/е қыздыру қажет. Егер майдың гидролизденуі сілтінің әсері етуімен жүретін болса ондай реакцияны сабындану д.а. бұл кезде май қышқылдарының тұзы түзіледі, ондай ьұздар сабын д.а. сабын дегеніміз- май қышқылдарының натрий тұздарының қоспасы.
Гидрогендеу реакциясы. Қанықпаған май қышқылының қадығына сутек атомдарын қосады. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Маргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор –никель н/е платина.
Сабынданатын липитер
Жогаргы молекулалы май кышкылдарынын жане С16 С30 бір атомдык жогары спирттердің курделі эфирлері балауыздың негізін курайды. Балауыздың курамында бос май кышкылдарының спиртттер комірсулар бояушы жане иісті затар болды. Онын курамы курделі. Линол курамында халестерол польмитин белогымен бірігіп коздің тор кабатында журетін химиялык парцессті реттейді. Корганыш белоктар мен лизотцим ферментерінің түзілуніне катысады. А витамині жануарлар организминде болады, балык баурыында, жануарлардын бауырында, жұмыртканың сары уызында , жас сиыр сүтінің майында кезедеседі.Картионоитар орікте сәбізде кездеседі қарнында микорорганизмдерді синтездеп дайындайды.
F витамині : линол кышкылы линолен кышкылы , архидион кышкылы. Поиканыкпаган май кышкылы адам организмінде синезделмейды және ауыстырылмайтын зат.Ауытырылмайтын май кышкылдарына линол кышкылы ғана жатады. Полиқанықпаған май қышқылы клетка мембраналарының құрылымының құрамына кіреді. Ауытырылмайтын май қышқылдарының айтарылқтай қызыметі олар проастотагландиндердің кышкылы,олейн кышкылы капрон кышкылы коп болды. Балауыз метеболизмнің сонгы онімі болып табылады. Ол жұка кабык турінде орналасады жане корганыш кызыметін аткарады. Балауыз су куыстарында жануарларга кажетті ол кустардың кауырсынында жануарлардың терісіне су жұкпайтын касет береді. Аранын ар 8 кг балынан 1 кг балауыз жиналады проастотагландиндердің алғы затты болып келеді. Простотогландиндердің
Көптеген биологиялык працессте реттеуші касиетті бар нерв жүйесінің кан айналу жүйесінің жұмысына жылтыр бұлшық еттердің жиырылуына катысады.
Сабынданбайтын липидтер: терпендер, стероидтар (құрылысы,өкілдері). Холестерин: құрылысы, қасиеттері, организмдегі рөлі. Стероидтар сабындалмайтын липидтерге жатады,сілтілі гидролизде сабын түзілмейді.Олар жануарлар,өсімдіктер ұлпаларында және микроорганизмдерде кездеседі.Стеридтер дегеніміз-стеролдар мен май қышқылдарының күрделі эфирі.Адам және мал организмінде холестерол және стеридтер таралған.Стеридтер құрамына көбінесе стеарин қышқылы,олеин қышқылы кіреді.Холестеролдың әлсіз амфипатиялық қасиеттері бар және ол жануарлар клеткасы мембранасының негізгі бөлігі.Холестерол жануарлар ұлпасында жиі кездесетін өте маңызды стеролға жатады.Жануарларда холестеролдың 90%бауырда ацетиль-А-коферменттен синтезделеді.Холестеролдың бір молекуласы түзілу үшін 18 молекула ацетиль-КоА жұмсалады.Холестеролдың және оның эфирлерінің көбеюі қатты ауруға-атеросклерозға әкелуі мүмкін.Холестерол мөлшері көбінесе қан аортасында,артериялық тамырларда липидтік түйіршіктер жиналып сақталады,олар холестеролдан және оның күрделі эфирлерінен тұрады.Осы процесс атеросклероздың белгісі.Қанда холестерол мөлшерін нормада ұстауға тағамның құрамы және кейбір дәрілік заттар көмекші болады.Қан плазмасында холестеролдың көпшілігі белокпен байланысқан түрінде липопротеин түрінде тасымалданады.Холестерол эфирлері де осындай формада тасымалданады да тиісті клеткаларына жеткізіледі.Клетка бетінде липопротеиндердің ерекше рецепторларымен холестерол-липопротеин комплексі байланысады.Ерекше қышқыл липаза холестерол эфирлерін гидролиздеп ыдыратады.бос холестеролды пайдаға асыруын клетка өзі реттейді.
Коп компанентті липиттер .Балауыз,глицеридтер..Май тәріздес заттарды кейде күрделі липиттердеп аталады.Липойтардын ішінде әсіресе коп атарлаган фофолипиттер.Олар майга жакын глицериттің екі гидроксилдік тобы май кышклыдармен мен этерлеген .Үшінші гидроксилдік тобы фофор қышқылының курделі эфир түзеді .Фосфолипиттер құрамында кіретін азоттык негіздерге байланысты мынандай топтарга жіктеледі фофодихолин немесе лецидин ,кефалин, фасфадилсерин Фосфатидэтеланамин. Фосфлипиттер кұрамында аркашан поликаныкапаган май кышыклы болады. Летцинмен кефалин кұрамында линол кышыклы болады.Фосфолиптитермсен сфинголипиттер баска липитермен бір кұрылымыдық ерекшелігі бойынша ажыратылады.Фосфолипиттер құрамына май кышкылары коп. Фосфолипитермен баска кабалдаган.Д витамині антирахит витамині рахит ауруы. липитердің бір курылымдық ерекшелігі бойынша ажыратылады. Олардын молекуласында екі тоб бар полярлы полярсыз гидрофобтар. Фосфолипитер дегенизмиз барлык клетка курамына кіреді. Олар нерв тканінің және майдын кургак массасына негізгі болігін курайды. Фосфолипттер журек бауыр курамына кездеседі.Белоктар бірге фосфолипитер клетка мембранасында курайды клетка жумысын тұтас организм кызыметін мемебрананың закымданбауына жане курлымына байланысты. Мембарананын липитік болігін 90 пайызын фосфоалипиттер туруы мумкін. Триглитцериттер салыстырганда фосфолипиттер курамында каныкпаган май кышкылдары коп болып табылад
10. Гликолиз.
Гликолиз, биологиялық маңызы, аралық өнімдері. Гликолиз- анэробтық жағдайда бұлшықетте глюкозаның ыдырауы. Грекше қант, тәтті, еру деген мағын.ны береді. Гликол.ң ақврғв өнімі пирожүзім қышқылы ж.е бос энергия бөлініп шығады, ол энергия АТФ молекуласында жинақталады. Глик.көмірсу метоболизмінің универсальды процесі. Глик.реакциял.ң реттілігі: 1) Глюкозаның фосфорлануы- глюкозо-6-фосфат түзіледі, оны гексокиназа ферменті катализдейді. 2 )Глюкозо-6-фосфаттың фруктозо-6-фосфатқа айналуы-н.е изомерленуі. Альдоза (глюкозо-6-ф.) изомерленіп, кетозаға(фрук-6-ф)қа айналады. 3) Фруктоза-6-фосфаттың фруктозо-1,6-фосфат түзіп фосфорлануы-бұл гликолиздің басталу реакциясы,АТФ есебінен фосфорланады. 4) Фруктозо-1,6-дифосфаттың глицеральдегид-3-фосфатқа айырылып ыдырауы-альдолаза ферменті байланысты үзеді. 5)Гликолиздегі бұдан кейінгі субстрат глицеральдегид-3-фосфат- фруктозо-1,6-дифосфаттың бір молекул.нан глицеральд.- 3-фосфаттың екі молекуласы түзіледі. 6) Глицеральдегид-3-фосфаттың тотығуы- осы кещеңнен бастап, глюкоза энергиясы АТФ-қа жинақтала бастайды. 7) 1,3-дифосфоглицераттан АТФ-ң түзілуі-фосфоглицерат ферментінің әсерінен жүреді, АТФ ж.е 3-фосфоглицерат түзіледі. Глюкоз.ң 1 молек.нан глицеральдегид-3-фосфаттың 2 молек.сы түзілетіндіктен реакция барысында 2 молек.АТФ ж.е 2 молек.НАД-Н пайда болады. 8 )3-фосфоглицераттың 2-фосфоглицератқа айналуы- молекула ішілік қайта құру реакциясына жатады. 9) Пируваттың енольдық формасының түзілуі- енолаза ферменті жүргізеді, су молекуласы бөлініп шығып, фосфоенилпируват түзіледі. 10) Пируват ж.е АТФ түзілуі- 2-фосфоенолпируваттың 2молекуласынан 2 молек.АТФ түзіледі. Ары қарай пируват лактатқа, этанолға, ацетил-А-коферментке айнала алды. Ацетил-А-коферменті лимон қышқ.ң циклы бойынша аэробты тотығуғу қатысады. 11) Пируваттың лактатқа айналуы. Пируват анаэробты жағдайда НАД-Н коферменті қатысында (бұл кофермент гликолиз процесі кезінде ертерек түзілген) тотықсызданып, лактатқа (сүт қышқылына) айналады. Бұл процесті лактатдегидрогеназа ферменті (М 134000) катализдейді. 12) Этил спиртінің түзілуі. Глюкозаның анаэробтық метаболизмі кезінде, ашытқы қатысқанда және гликолиз процесінде пируватдекарбоксилаза ферментінің (М 175000) әсерімен пируват ацетальдегидке дейін қайтымсыз декарбоксилденеді. Пируватдекарбоксилаза ферменті жануарлар ұлпасында болмайды. Ацетальдегид НАД-Н-пен тотықсызданып, этанолға айналады, бұл реакцияны алкогольдегидрогеназа ферменті катализдейді.
