- •2. Белоктар, биологиялық қызметтері. Құрылысы, физика-химиялық қасиеттері, жіктелуі. Белок молекуласының кеңістік құрылысы.
- •5. Дәрумендер, организмде атқаратын ролі, жіктелуі. Антивитаминдер.
- •6. Гормондар. Гормондар, құрылысы, қасиеттері, организмдегі биологиялық қызметі, топтастыруы, әсер ету механизмі.
- •Физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл - ойдың дамуына көмектеседі.
- •Физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамассыз етеді.
- •Бір қатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостық қысымның, қандағы глюкоза деңгейінің ) бірқалыпта болуын қамтамассыз етеді.
- •7. Көмірсулар, классификациясы, номенклатурасы, стереоизомериясы. Моносахаридтер, олардың туындылары. Фишер және Хеуорс формулалары. Муторотация.
- •8. Олиго- және полисахаридтер. Олиго- және полисахаридтердің жіктелуі, номенклатурасы. Тотықсызданатын және тотықсызданбайтын дисахаридтер.
6. Гормондар. Гормондар, құрылысы, қасиеттері, организмдегі биологиялық қызметі, топтастыруы, әсер ету механизмі.
Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлініп шығатын кіші молекулалы органикалық заттар. Олардың түзілуін, бөлініп шығуын орталық жүйке жүйесі басқарады. Гормондар адам, жануарлар организмінде, сондай-ақ өсімдіктерде барлық тіршілік процесін реттейді. Организмде зат алмасудың бұзылуы, соның әсерінен әртүрлі дерттің пайда болуы гормондардың қызметінің өзгеруінен болады. Жоғары сатыдағы жануарлар организмінің миллиардтаған клеткалардан тұратындығы белгілі және олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысқан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды.Сондықтанда ол тірі организм денесі біртұтас болып табылады. Клеткалардың үйлесімді әрекетін жүйке жүйесіндегі және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады. Жүйке жүйесі нейрондардан, жүйке клеткаларынан тұрады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, жүйке жүйесіндегі қоздыру, хабар беру, осылар арқылы іске асады. Жүйке жүйесі арқылы хабар беру өте тез-мл/сек ішінде беріледі. Жүйке клеткалары бір-бірімен бірі өзара тікелей байланысқан. Эндокрин (гр.эндокрин - ішке шығарамын деген сөзінен шыққан) бездерінде немесе ішкі секреция бездерінде гормондар түзіледі. ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналасқан нысана клеткаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірақ оның әсері ұзқ болады. Гормондардың түзілуін жүйке жүйесі, әсіресе ми қабығы реттеп отырады. Адамның және жануарлардың бүкіл өмір бойы тіршылык әрекетін, организмдегі зат алмасуын, орталық жүйке жүйесі басқарып отырады. Сонымен, гормон дегеніміз биохимиялық процестерді реттейтін және адам және жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін химиялық зат. Гормон деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан, оны ғылыми ұғым ретінде 1904жылы У. Бэйлисс пен Э. Стерлинг енгізген. Гормондар тек нысана клетка деп аталатындарға ғана әсер етеді, ол клеткалардың ерекше маманданған рецепторлары (қабылдаушы) болады. Ондай рецепторлар плазмалық мембранаға немесе клетка ішіне орналасқан және олармен байланысқан. Гормондар тиісті рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана биохимиялық прцестерге әсер етеді, биохимиялық процестерді тездетеді. Ал, кейде тежейді. Гормонның жарты өмірі ұзақ емес, әдетте ол 1сағ кем.
Гормондар организмде аса маңызды 3 түрлі қызмет атқарады:
Физикалық, жыныстық жетілуіне және ақыл - ойдың дамуына көмектеседі.
Физиологиялық мүмкіндік жасайды және оны қамтамассыз етеді.
Бір қатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостық қысымның, қандағы глюкоза деңгейінің ) бірқалыпта болуын қамтамассыз етеді.
Ішкі секреция бездерінің, гипофиздің гормондары және гипооталамустың гормондары жақсы зерттелген.Гипоталамус эндокрин жүйесін негізгі реттеуші болып табылады, және мұнда өте күшті гормондар немесе нейрогормондар түзіледі. Олар басқа клеткаларда да гормонның түзілуіне әсер етеді. Эндокрин бездерінің құрылымы мен қызметін одан бөлініп шығатын секреттерді және зат алмасуды гормондардың реттеу механизмін зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.
Соңғы кездерде өсімдіктерден де олардың өсуін реттейтін гормондар табылды. Химиялық табиғатына қарай гормондар 4 топқа бөлінеді.
1. Белоктық және пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, Қалқанша маңы без гормондары
2. Тироксинғ адреналин, норадреналин, т.б амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар.
3. Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек безі гормоны, т.б
4. Жергілікті әсер ететін гормондар (гормон тәрізді заттар)
5. Поли қанықпаған май қышқылдарының туындысы-эйкозаноидтар.
Гормондар |
Түзілетін мүше |
Қызметі |
|
Пептидтік гормондар |
|
Тиреолиберин |
Гипоталамус |
Гипофиздің алдыңғы бөлігінде тиретропиннің бөлініп шығуын дамытады. |
Люлиберин, фоллиберин (гонадалиберин) |
Гипоталамус |
Ұрық, аналық бездерде гормондар түзілуіне жағдай жасайды. |
Соматостатин |
Гипоталамус |
Өсу гормонының синтезін тежейді. инсулин глюкагонның бөлінуін төмендетеді. |
Соматолиберин |
Гипоталамус |
Өсу гормонының бөлініп шығуына жағдай жасайды. |
Пролактолиберин |
Гипоталамус |
Пролактин бөлінуін дамытады. |
Пролактостатин |
Гипоталамус |
Пролактин түзілуін тежейді. |
Кортиколиберин |
Гипоталамус |
Адренокортикотропты гормонның бөлініп шығуын қолдайды. |
Паратгормон |
Қалқанша маңы безі |
Сүйек ұлпасында кальций фосфор бөлініп шығуын, алмасуын реттейді. |
Кальцитонин |
Қалқанша маңы безі |
Сүйек ұлпасында кальцийдің бөлініп шығуын тежейді. |
Инсулин |
Ұйқы безі |
Глюкозаның глюкагенге айналуын және оның пайдағы асыруын дамытады. |
Глюкагон |
Ұйқы безі |
Бауырда гликогеннен глюкозаның бөлініп шығуына жағдай жасайды |
|
Аминқышқылды гормондар |
|
Адреналин |
Бүйрек үсті бездің ми заты |
Бауырда бұлшықетте гликогеннің глюкозаға айналуын дамытады, стресті, жүрек соғуды күшейтеді. |
Тироксин |
Қалқанша без |
Көп ұлпаларда зат алмасуына жағдай жасайды. |
|
Стероидтық гормондар |
|
Кортикостерон, кортизол |
Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты |
Көмірсу емес заттардан глюкоза түзілуін дамытады. |
Альдостерон |
Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты |
Натрий иондарының, су алмасуының және қан қысымын реттейді. |
Эстрогендер |
Аналық без |
Әйелдердің екінші кезектегі жыныс белгілерін дамытады, тері астында май түзілуіне жағдай жасайды. |
Прогестерон |
Аналық безінің сары денесі |
Буаздық кезді, емшектің өсуін, босануды, сүт пайда болуын реттейді. |
Андрогендер |
Ұрық безі |
Екінші кезектегі еркектік жыныс белгілерін қалыптастырады, бұлшықет және сүйек қаңқасының өсуін дамытады. |
Қалқанша без-ішкі секреция бездерінің ішіндегі негізгілерінің біреуі. Организмде айналып отыратын барлық қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша безі арқылы өтеді, оның бөліп шығарған секретін барлық ұлпаларға және мүшелерге жеткізеді. Қалқанша без гормондарының зат алмасудағы маңызы зор. Қалқанша безінің жұмысы бұзылған кезде гормондардың бөлініп шығуы бәсеңдейді (гипфункция), не артады (гиперфункция). Гипофункция кезінде сүтқоректі жануарлардың зат алмасуы төмендейді. Мұндай жағдай жануарлардың қысқы ұйқыға кетуін және түлеуін, жаңа жүн шығуына себепші болады. Гиперфункция болғанда зат алмасу күшейеді. Қорқақтық пайда болады, бойын үнемі қорқыныш билейді, жүйке жүйесі қозып, жүйкесі жұқарады, көзі ұясынан шығып, базедов ауруына ұшырайды.
Қалқанша маңы безі-жұптасқан екеу. Пептидті екі гормоннан тұрады. Паратгормон және кальцийтонин. Фосфор калций алмасуына әсер етеді. Олар қандағы, ұлпа сұйығындағы және сүйек ұлпасындағы кальций мен фояфор мөлшерін реттейді. Паратгормонның нысана клеткасы - сүйек ұлпасымен бүйрек.. организмде паратгормон артық болса, сүйек ұлпасы бүлінеді, бұзылады. аз болса қанда және басқа сүйек ұлпасында кальций иондарының мөлшері азаяды. бұл кезде жүйке жүйесінің қозғыштығы артады және кенеттен сіңір түйіліп, тарамыс тартылады. бұлшық ет және сіңірдің тартылуында, өткізгіштігінде кальций иондары маңызды роль атқарады.
Ұйқы безі - омыртқалы жануарлардың көпшілігінің ұйқы безі он екі елі ішектің шажырқайында орналасады. оның құрамында ас қорыту ферменттері бар.1869ж Лангерганс ұйқы безінің құрылымын сипаттап жазды, сондықтан бездің аралшықтары сол ғалымның атымен аталған. Инсулин деп аталытын гормон бөледі.1965ж химиялық жолмен синтезделіп алынды. 1977жинсулиннің гені е-coliдан клондап алынды, 1978ж оны гендік инженерия жолымен алуға мүмкіндік туды. Ол гормон содан бері дәрі ретінде қолданыста. Ол лангерганс аралшықтарының β-клеткаларында жасалып шығарылады. Ұйқы безінің 2-ші гормоны гликогон. Ол лангерганс аралшықтарының α-клеткаларында жасалып шығарылады. Инсулин негізінен көмірсулар алмасуына әсер етеді: 1. клетка мембранасы арқылы қанттардың өсуін, ең алдымен глюкозаның өтуін тездетеді. 2. глюкозаның фосфорлануын тездетеді. 3. бауырда және басқа да ұлпаларда глюкозадан глюкогеннің синтезделіп жасалуына қатысатын гексокиназа, фосфофруктокиназа, гликогенсинтаза сияқты ферменттердің әсерін күшейтіп, жандандырады. Организмде инсулин жетіспесе:
1. қан құрамында глюкоза мөлшері көбейеді.
2.Глюкоза көп мөлшерде зәрмен бірге бөлініп шығады.
3. Глюкозамен бірге организмнене су көп бөлінеді, сырқат адам сусамырыққа және ашқарақтыққа ұшырайды.
4. майлар мен белоктар ыдырап бөлінеді.
Жыныс бездерінің гормондары-ер адамда ұрық безі, әйел адамда аналық без түрінде Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты болады. Ол екеуінде жыныс клеткалары (сперматозоидтар және аналық клеткалары) және жыныс гормондары жасалып шығады.Сперматозоидтар мен аналық клеткалар өзара қосылған кезде ұрықтанған клетка зигота түзіледі. Ал жыныс гормондары екінші екінші кезектегі жыныстық белгілердің қалыптасуын реттейді және еркекпен әйел организміндегі зат алмасу ерекшеліктерін анықтайды. 1929ж екіқабат әйелдің зәрінен ең алғаш жыныс гормондарының біреуі-эстрон бөлініп алынған.
