- •«Жеке даму биологиясы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары:
- •1.Гаметалардың морфологиясы және физиологиясы. Изо- және гетерогамия.
- •4. Мейоз және оның маңызы.
- •11. Гаструляцияның жолдары.
- •Компетенция және эмбрионалды индукция туралы түсінік.
- •Омыртқалылардағы нейруляция процесі.
- •Регенерация: физиологиялық және репаративті. Эпиморфоз, морфолаксис, гипертрофия
- •Қартаю кезеңіне жалпы сипаттама.
«Жеке даму биологиясы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары:
1.Гаметалардың морфологиясы және физиологиясы. Изо- және гетерогамия.
Гамета (грекше gamete ‐ əйел, зайып, gametes ‐ ер, күйеу) ол жыныс клеткасы. Аталық жыныс клеткасы ‐ сперматозоид, аналық жыныс клеткасы ‐жұмыртқа. Изогамия дегеніміз ‐ ол аналық жəне аталық гаметалардың морфология жағынан бірдей болуы. Бірақ олардың биохимиялық жəне физиологиялық қасиеті əр түрлі болады. Изогамия бір клеткалы балдырларда жəне қарапайымдылар типінде кездеседі. Көпклеткалы жануарларда аналық жəне аталық гаметалар морфология жағынан əр түрлі болады. Оны гетерогамия деп атаймыз. Көбінесе жануарлардың сперматозоидында талшық тəрізді құйрықшасы болады. Оларды талшықты деп атаймыз. Талшықсыз түрлері кейбір құрттарда, шаянтəрізділерде, кенелерде кездеседі. Мысалы жылқы аскаридасының сперматозоидының пішіні конус тəрізді болады. Өзен шаянының сперматозоиды жұлдыз тəрізді болады. Сперматозоидтың ортасында ядро орналасады. Ядроның үстіңгі жағында акросом томпайып көрініп тұрады. Жыныс клеткаларының, яғни гаметалардың дамуын гаметогенез немесе прогенез деп атайды.
2. Жұмыртқа клеткасындағы сарыуыздың маңызы, сарыуыздың мөлшері мен орналасу орнына қарай жұмыртқа клеткаларын классификациялау. Əр түрлі жануарлардың жұмыртқаларында сарыуыздың орналасуы жəне мөлшері бірдей болмайды. Сарыуыздың мөлшеріне байланысты жұмыртқалар бірнеше түрге бөлінеді:
1) алециталды (сарыуыз болмайды, ол тікентерілерге тəн);
2) олиголециталды (сарыуызы аз, былқылдақденелілерде кездеседі);
3) мезолециталды (сарыуыз мұнда көп те емес, аз да емес, орташа болады, ол жұмыртқалар қосмекенділерде болады);
4) полилециталды (сарыуызы көп болады, ондай жұмыртқалар балықтарда, рептилияларда, құстарда кездеседі);
Жұмыртқаның ішінде сарыуыздың орналасуына қарай, жұмыртқалар үш топқа бөлінеді:
1) гомо‐(изо)‐лециталды (сарыуызы аз жəне жұмыртқаның ішінде біркелкі орналасады).
2) телолециталды (сарыуыз клетканың бір шетіне қарай ығысып орналасады);
3) центролециталды (сарыуыз жұмыртқаның ортасында ядроны қоршап тұрады. Бұл бунақденелілерге тəн);
Бірінші реттік сарыуыз қабықшасының астында жататын цитоплазманың қабатын кортекс
3. Сперматогенез және оның кезеңдері. Сперматозоидтардың дамуын сперматогенез деп атайды. Сперматогенез төрт кезеңге бөлінеді:
1) көбею 2) өсу 3) жетілу 4) қалыптасу (спермиогенез)
Сперматогенездің алғашқы жыныс клеткалары сперматогониялар деп аталады. Олар иректелген түтікшенің ең шетінде жатады. Сперматогониялар өзінің көбею кезеңінде митозбен бөлінеді, мұның өзі олардың санын айтарлықтай көбейтуге əкеліп соқтырады. Сперматогониялардың бірнеше типі анықталған: А‐1 (күңгірт), А‐2 (ақшыл) жəне В‐типі. А‐1 бағаналы (стволовые) клеткалар, А‐2 жартылай бағаналы. А‐1 клеткалар өте сирек бөлінеді де А‐2 клеткаларға айналады. А‐2 клеткалардың бірнеше рет бөлінуі соңында В клеткалар пайда болады. Бөлінетін В‐клеткалар клон құрайды, оның клеткалары əдетте сперматид сатысына дейін цитоплазмалық дəнекерліктермен өзара байланысқан күйінде қалады. Синцитиалдық байланыс бір жағынан клон клеткаларының синхронды дамуын, екінші жағынан олардың гетерогенділігі мен полиморфизмін қамтамасыз етеді, осыдан олардың өмірге қабілеттілігін арттырады. 2. Өсу кезеңінде жыныстық клеткалар бөлінбейді, өсуін күшейтеді, сперматогониялар бірінші реттік сперматоциттерге айналады. Өсу кезеңінде олардың ядроларында күрделі өзгерістер болады, ол мейозды дайындауға əсер етеді.
3. Жетілу кезеңінде клеткалар мейоз жолымен бөлінеді. Мейоздың бірінші бөлінуі екінші реттік сперматоцитті құрады. Екінші бөлінуінен кейін сперматидтер құрылады. Мейоз бөлінуі нəтижесінде хромосомдардың саны екі есе азаяды. Сондықтан сперматидтің ядросы гаплоидты болады.
4. Қалыптасу немесе спермиогенез кезеңінде сперматидтер сперматозоидтарға айналады. Клеткалардың ядролары тығыздалады да, олар клеткалардың бір шетіне орналасады. Оған қарама‐қарсы болып центриольдер шығады. Бірінші проксималды центриоль сперматозоидтың мойнында қалады. Дисталдық центриольдан құйрықтың жіпшесі өсе бастайды. Гольджи аппараты клетканың үш жағынан акросоманы құруға қатысады. Сперматозоид құйрығының аралық бөліміне митохондриялар жиналып, митохондриялық спиральді құрайды. Осы өзгерістердің нəтижесінде сперматидтен ерекше клетка сперматозоид қалыптасады.
