Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия 111111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.45 Mб
Скачать

5 Өмірлік іс-әрекет қауіпсіздігі және Өндірістік экология

5.1.Өндірістің экологиялық мінездемесі.

Қазіргі уақытта адам мен қоршаған ортаның өзара қатынасы тығыз және күрделі. Жұмыс түріне және мінезіне байланысты техника түрлері әртүрлі болып дамыған. Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланатын мамандардың санын көбейту және инженер-техник мамандарын маман түріне байланысты дұрыс ереже және барлық жабдықтардың техникалық қауіпсіздігі бойынша дұрыс бағыттау. Мекеменің экологиялық мінездемесі қоршаған ортамен адамзат  пен табиғат арасындағы  қарым-қатынастарының негізгі   ұғымдар мен  материалдық  қажеттіліктерді өтеу барысындағы  туындайтын қарама-қайшылықтармен және табиғи жүйелердің даму заңдылықтары, қоршаған орта ресурстарының және  оларды пайдалану  ерекшеліктерінен болатын құбылыстармен танысу.Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде. Сонымен қатар, адамның денсаулығы мен оның материалдық жағдайы қоршаған ортаның жай-күйінің сапасына тәуелді. Сондықтан қоршаған орта туралы ілім пәнін меңгеру  антропогенді және табиғи жағдайларды , адамдардың биосферадағы ролі және  орны жайлы  экологиялық көзқарастарын қалыптастыруда  маңызды орын алады. Ғаламат  жаңалықтармен бірге  өндірістің жедел дамуы, зауыттардың еселеніп салынуы, жер  құнарының тас-талқанын  шығарған 1953-1962 жылдардағы  тың игеру , қазақ жеріндегі  сынақ алаңдары  күнделікті тіршілікке  араласып, жетістігімен қатар апатын да ала келді.[29]Қазіргі  кездегі  шаруашылық іс-әрекеттердің  қоршаған ортамен  қарым –қатынасының күрделене түсуі, атмосфераның , құрлық , су экожүйелерінің беткі қабаттарының , олардың сипаттарының  өзгеріске ұшырауы, энтермиялық қаруланудың күшеюі, өндірісте  қажетті материалдардың шамадан  тыс өндірілуіне  байланасты көптеген  заттардың қалдық түрінде  қоршаған ортаға  бөлініп шығуы, яғни қатты, сұйық  және газ тәріздес  қалдық заттардың   мөлшерінің жоғарылап  кетуі және  басқа да  айтулы  факторлардың  әсер ықпалына тікелей байланысты. Ең көп тарайтын улы заттар - углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді, азоттың оксиді, көмірсутегі және қатаң заттар.[37]

Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші деңгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады және олар озон қабатын бұзатын бірден-бір қосындылар. Смог - үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауатың өте қатты ластануы.[42]Бұл  аталған  проблемалардың  негізі  адамзаттың   шаруашылық  іс-әрекеттер кезінде,табиғи ресурстарды үнемі

пайдалану  қажеттіліктерінен  туындап отыр. АҚШ, Англия,Франция, Германия, Жапония сияқты   бірқатар өркениетті елдерде  ірі  өндіріс орындарын салмастан бұрын оның қоршаған ортаға  әкелетін  экологиялық  шығынын есептей отырып,  сол жердегі халақтың денсаулығына  тигізетін әсерін  ғылыми түрде  тұжырымдап  барып жүзеге асырады. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар  өндіріс орындарынан  шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына,топырақтың, ауаның құрамының  өзгеруіне үлкен әсер етуде.

Экологиялық мәселелерінің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді,реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамның даму үздіксіз, ұзақ уақыттық, бір қалыпты жағдайда табиғи жағдайда және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды.Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.[37].