Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.3 Кб
Скачать

2.1 Ұсталған күдіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына үлкен әсер ететін қылмыстық процестік принциптерінің бірі – ол ұсталған күдіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық процестік жүйесінде бұл принцип ерекше орында тұрады. Ұсталған күдіктінің құқығын қамтамасыз ету принципі қылмыстық процестік принциптерімен тығыз байланысты болады және оның бірқатар элементтері басқа принциптерінің құрамдас бөлігіне кіреді. Мысалы, дайыңдылық, сот ісін тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүргізу, жариялылық, кінәсіздік презумциясы және т.б. Аталған принциптердің ұсталған күдіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принціпімен бірге қызмет жасау арқылы ғана сот төрелігін дұрыс жүргізе аламыз.

Қылмыстық іс бойынша істі жүргізу барысында күдіктінің құқықтары мынадай нысандарда бөліп қарауымызға болады. Біріншіден күдіктінің жалпы құқықтары , екіншіден күдіктінің арнайы құқықтары. Жалпы құқықтары Қазақстан Республикасынында бекітілген және өзге де іс жүргізу заңдарында бекітілген құқықтарының жиынтығынан құралады. Ал арнайы құқықтары – өкілетті қылмыстық ізге түсу органдарының шығарған қаулысы негізінде «Уақытша күзетте ұстау және тергеу изоляторына орналастырылғаннан кейін пайда болатын құқықтарының жиынтығынан құралады осындай негіздерді басшылыққа ала отырып, алдымен күдіктінің жалпы құқықтарына тоқталамыз. Бұл жалпы құқық күдіктінің тергеу барысында және сот процесінде өзіндік тәртіптерде қолданылады».

Сонымен қатар, қылмыстық істер жүргізу заңында тікелей бекітілудің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жүргізіледі. Күдіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципінің негізі конституцияда қаланған, оған сәйкес әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы, ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

Дегенмен, күдіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципінің өзіндік маңызы және оны қылмыстық процестік басқа принциптерінен ерекшелендіріліп тұратын нақты белгілі бар. Олардың ішіндегі ең бастысы, ол күдіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципі қылмыстық процестің маңызды бір функциясын сипаттайды, яғни қорғау функциясы. Қылмыстық іс жүргізуде қорғау функциясы алдымен айыпты жоққа шығару мен оны жеңілдетуге бағытталады. Егер айыптау функциясы тұлғаның кінәлілігін көрсететін дәлелдерге негізделсе, онда қорғау функциясы айыпты жоққа шығаруға немесе оны жеңілдетуге бағытталған материалдарға негізделеді. Сондықтан, біз былай айталамыз, айыптаушы мен қорғаушының қызметтері бір мақсатты орындауға бағытталады – ол қылмыстық іс бойынша шындықты, ақиқатты анықтау болып табылады.

Сонымен бірге, қорғаудың элементтері айыптау функциясын да болады. Айыптау функциясы бір жақты не тек айыптау материалдарына ғана негізделіп отырса, онда бұл функция дұрыс қалыптаспайды әрі нәтижесіз болады. Сондықтан, айыптау функциясы тек айыптау дәлелдеріне сүйеніп қоймай, сондай – ақ қорғау тарабы ұсынған барлық тұжырымдарын да ескере отырса ғана айыптау берік болады. Бұл жағынан айыптау мен қорғау – бір-бірімен өзара байланысты құқықтық институт. Бұларсыз бірде – бір қылмыстық іс қаралмайды, сондықтан бұл екеуі қатаң түрде өз орнын табуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 26 – бабының 1 – бөлігіне сәйкес күдіктінің, айыпталушының қорғану құқығы бар. Олар бұл құқығын Қылмыстық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жеке өзі де, қорғаушының, заңды өкілінің көмегімен де жүзеге асыра алады. Яғни, күдіктінің құқықтарымен мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерінің ішінде, қорғаушының көмегін алу құқығы ерекше орында тұратындығын көреміз. Алайда біз жүргізген сауалнамалардың қорытындысына жүгінсек, іс жүзінде күдіктінің қорғану құқығы әлі жеткілікті қорғалмай отыр. Мәселен, күдіктілердің 35 пайызынан ұстау кезінде қорғаушы алу құқығы түсірілмеген.

Қорғау құқығын дұрыс бағаламау бізді ойландыратын құбылыс. Бұл келеңсіз жағдайды жою үшін күдіктіге айыпталушыға қорғаушы алу құқығынсұсынып қоймай, кірісінше оны тиімді қолданудың нақты мүмкіндігін қамтамасыз етіп отырылуы қажет.

Осыны ескере отырып, біз былай айта аламыз, қорғаушының қызметі – күдіктіге заң көмектерін көрсету, оларды ақтайтын не олардың, жауапкершілігін жеңілдететін дәлелдер ұсыну әрі заңда рұқсат етілген әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, олардың тағдырларын жеңілдетуге барлық шаралар жасау. Яғни, қорғаушының қызметі көріп отырсақ, сот төрелігіне қайшы келмейді. Демек, қорғаушының қылмыстық процестегі алатын орны туралы, адвокат азаматтарға заң көмегін көрсетіп қана қоймай, сондай – ақ Конституцияның негізін қорғауды жүзеге асырады, яғни азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады деп айтуымызға толық негіз бар.

Сонымен бірге, бұл принципті қатаң сақтау арқылы қылмыстық іс жүргізуде заң бұзушылыққа жол бермеуге, кінәсіз тұлғаны жазықсыз соттатпауға қол жеткізуге болады.

Біздіңше, күдіктіні қорғануға құқығын қамтамасыз ететінпринципі, ең алдымен қылмыс жасаған тұлғаға қатысты әділ жаза тағайындалуына қызмет жасайды. Кінәсіз тұлғаны соттау, тек өрескел заң бұзушылық қана емес. Сондай – ақ ол әшкереленбеген қылмыскер жазасыз қалып отырғандығын да білдіреді. Сондықтан, мемлекет барлық қылмыстардың ашылғанына және барлық кінәлі тұлғалар әшкерленіп, әділ жаза алуына және бірден – бір кінәсіз тұлға қылмыстық жауапқа тартылмауына әрқашанда мүдделі болады. Күдіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз ету принципі арқылы біз қылмыстық істің мән – жайларын жан – жақты, толық және обьективті зерттей аламыз.

Қазақстан қылмыстық процестік заңдылығы әрқашанда күдіктінің қорғануға құқығын дамытып, жетілдіріп келеді. Мысалы, 1864 жылғы Қылмыстық іс жүргізу бойынша қорғаушы алдын ала тергеуге қатыспаған болса, 1959 жылы ҚазССР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі бойынша қорғаушы бірінші рет алдын ала тергеуге қатыса алады. Бірақ, қорғаушы алдын ала тергеудің тек соңында ғана қатысып отырады.

Ал, 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексіне сәйкес қорғаушы қылмыстық процестің кез келген сатысына қатысуға құқылы. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16 – бабының 3 – бөлігіне сәйкес ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін алуға құқылы. Қазақстан Республикасның Қылмыстық процестік Кодексі қолданыстағы 2015 жылғы бұл ережені толықтырады, енді күдікті ретінде ұсталынған немесе оған айып тағылған кезден бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы.

Күдіктінің қорғану құқығының қылмыстық процестік принципі өзге де құқық көздерінің ережелерімен күшейтілген. Президенттің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығының 5 – бабына сәйкес барлық сотарда және сот ісін жүргізудің кез келген кезеңінде кәсіптік заң көмегін алу және қорғану құқығына кепілдік береді. Мұның өзі қорғану құқығы қылмыс жасады деп кұдік келтірген кезден немесе адам айыпталушы ретінде тартылған сәттен бастап пайда болатынын және өз күшін іс сотта шешілгенге дейін сақтайтынын білдіреді. Алайда, бұл кімнің, яки өзге шешімнің шығарылуы айыптаудан қорғану құқығының жұзеге асырылуына жол берілмейтінін білдірмейді. Адамның жазасын өтеуі сот тәртібімен дәлелденген айыптаумен өзара байланысты қаралуға тиіс. Айыптау үкімінің күшіне енуі айыпталушының айыптаудан қорғану құқығын сақтайды. Қорғану құқығы мына – жағдайларда тамдалады деп саналады.

Қылмыстық процестік кодексінің 37, 38 баптарында көзделген негіздемелер бойынша (сот қылмыстық жауаптылықтан босататын айыптау үкімін шығаратынан басқа жағдайларда) қылмстық істі қысқарту; соттың ақтау үкімін шығаруы; сот берілген қылмыстық жазаны адамның өтеуі.

Күдіктінің қорғануға құқығын қамтамасыз етудің ең елеулі кепілі – қылмыстық процесте жүзеге асырушы органдардың айыптаудан қорғану құқығының тұтастығына қол сұғатын кез келген әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдану туралы заң ережесі.

Заңда Қылмыстық процестік Кодексінің 65 – бабының 7 – бөлігі реттейтін айыпталушының құқығы жеткілікті түрде ауқымды берілген. Күдіктінің төмендегідей:

-өзін неге байланысты күдікті деп санайтындығын білуге құқығы бар. Бұл қылмыстық ізге түсу органы күдік тудыруының мәнін түсіндіруге міндетті екендігін білдіреді (осындай түсіндіруден кейін іс – әрекет жататын Қылмыстық кодекстің бабын, тармағын айту өзінің кінәсіздігіне дәлелдер келтіру үшін күдіктінің заңда көзделген шараларды қабылдауына мүмкіндік береді);

-өзіне қарсы күдік бойынша түсініктер мен жауаптар беруге, түсініктер мен жауаптар беруден бас тартуға құқығы бар. Қылмыстық ізге түсудің бастапқы кезеңдерінде күдіктілердің өздері қажет деп тапқан түсініктерді беруі арқылы қалыптасқан күдікке байланысты ықтимал қателіктерді жеделдетіп жоюға жағдайы бар;

-дәлелдер келтіруге құқығы бар. Бұл дәлелдер күдіктілердің мүдделерін қамтамасыз етуге және берілген құқықтардың сақталуына қызмет етеді. Адамның күдікті ретінде болуы кезеңінде қылмыстық ізге түсу органының күдікті келтірілген дәлелдерді сотқа дейінгі қызмет барысында жиналған деректер жиынтығымен салыстырып тексеруге және бағалауға мүмкіндігі бар;

-қалу – тіліктерін және қарсылық білдіруін мәлімдеуге құқығы бар. Кез келген қалау – тілек қаралуға тиіс. Қалау – тілекті қанағаттандырудан бас тарту дәлелді болуға тиіс. Бас тарту үшін дәлелдің болмауы күдіктінің қалау – тілегін қанағаттандыруды талап етеді. Бұл орайда күдіті қалау – тілек арқылы өзі үшін заң белгіленген құқықты ғана емес, сонымен бірге өз мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді де талап етеді. Негіздер болған жағдайда қарсылық білдіруді мәлімдеу құқығы қылмыстық ізге түсу органдары тарапынан істің нәтижесіне заңсыз мүдделікті жоққа шығаруға жәрдемдеседі;

-ана тілінде немесе өзі білетін тілде жауаптар беруге құқығы бар. Бұл құқықты жүзеге асыру күдіктінің қылмыстық істегі өзінің іс жүргізушілік жағдайын дұрыс түсінуіне, өзін қорғауды сауатты түрде жүзеге асыруға, өзін ұстаудың анағұрлым қолайлы жолын таңдауына, күдіктің мәнін барабар қабылдануына жәрдемдеседі;

-аудармашының көмегің тегін пайдалануға құқығы бар;

-өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу жұмысының хаттамаларын ескертулер жасауға құқығы бар. Мұндай құқық тергеу жұмысын хаттамалау кезінде қателіктер жол берілген жағдайларда күдіктінің дер кезеніңде толықтырулар мен өзгерістер енгізуіне, хаттамада жүргізілген «азбалардың дұрыстығына көз жеткізуіне мүмкіндік береді;

-өзінің қалау – тілегі немесе қорғаушының не заңды өкілінің қалау – тілегі бойынша жүргізілетін тергеу іс – әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға құқығы бар. Күдіктінің оқиға болған орынды қарау, процестің өзге де қатысушыларынан жауап алу сияқты тергеу істеріне, басқа да іс – әрекеттерге қатысуы ықтимал қателерді уақтылы жоюға мүмкіндік береді;

-соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс – әрекеті мен шешіміне шағымдар келтіруге құқығы бар;

-өз өтініші бойынша қорғаушының қатысуы кезінде жауап беруіне құқығы бар. Қорыта айтқанда, біздіңше күдіктінің қорғану құқығы мынадай үш құрамдас бөліктерден тұрады:

-заңда тыйым салынбаған әдістер мен құралдарды қолдана отырып күдікті өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін кез келген дәлелдемелерді ұсынуға құқылы;

-күдікті өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қорғаушының көмегін алуға құқылы;

-анықтау органдары, тергеуші, прокурор мен сот күдіктіге олардың құқықтарын түсіндіруге және айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге олардың жеке мүліктік құқықтарын қорғауға шаралар қолдануға міндетті.

Азаматты қылмыс жасады деп күдік тудырған кезеңде белгілі өкілеттілігі бар қылмыстық ізге түсу органдары арнайы құжаттар арқылы рәсімдеп, Қазақстан Республикасының заңы «Күдіктіні немесе айыпталушыны қылмыс жасады деп күдік тудыру бойынша уақытша күзетте ұстау тәртібі мен шарттары туралы заңда көрсетілген тәртіптерді басшылыққа ала отырып уақытша күзетте ұстау орындарында орналастыру». Осыған байланысты күдікті немесе айыпталушының күзетте уақытша ұстау барысында өзіндік құқықтары мен міндетттері туындайды. Күдіктілер мен айыптаушылардың күзетте ұстау орындарында болған кезеңде:

1)өздерінің құқықтары мен міндеттері, күзетте ұсталу режимі, тәртіптік талаптар, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;

2)күзетте ұстау орындарында жеке басының қауіпсіздігіне;

3)күзетте ұстау орны әкімшілігінің басшысына және күзетте ұстау орындарындағы қызметті бақылайтын адамдарға аталған адамдардан оның аумағындағы болған уақыттарда өтініш жасауға;

4)қорғаушысымен жолығысуларға;

5)туыстарымен жолығысуларға;

6)құқыққа қарсы мақсатта пайдаланылуы мүмкін немесе мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтері бар құжаттар мен жазбаларды қоспағанда, қылмыстық іске қатысты не өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне байланысты құжаттар мен жазбаларды өзінде сақтауға;

7)өздерінің күзетте ұсталуының заңдылығы мен негізділігі және өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы мәселелер бойынша ұсыныстармен, арыздармен, соның ішінде сотқа жүгінуге;

8)хат жазысуға және жазу құралдарын пайдалануға;

9)тегін тамақ алуға, материалдық – тұрмыстық және медициналық санитариялық жағынан қамтамасыз етілуге;

10)Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өздерін процеске және өзге де іс – әрекеттерге тартуға тыйым салынатын түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;

11)күн сайын ұзақтығы бір сағаттан кем емес серуендеуге;

12)өзінің жеке төсек – орын заттарын, сондай – ақ тізбесі мен саны ішкі тәртіп ережелерінде белгіленетін басқа да заттар мен нәрселерді пайдалануға;

13)күзетте ұстау орындарындағы кітапханадан алынған не күзетте ұстау орындарының арқылы сауда желісінен сатып алынған әдебиетті және мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай – ақ стол үсті ойындарын пайдалануға;

14)ішкі тәртіп ережелері және басқа күдіктілер мен айыпталушылар құқықтары сақталуы шартымен күдіктілер мен айыпталушылардың күзетте ұстау орындарында діни жоралар жасауға, өзінде діни әдебиет, ғибадат заттарын ұстауға;

15)өзінің білімін көтерумен шұғылдануға және арнайы әдебиетті пайдалануға;

16)сәлемдемелер мен сәлем – сауқаттар алуға;

17)күзетте ұстау орындары қызметкерінің тарапынан сыпайы арақатынасқа;

18)азаматтық – құқықтық мәмілелерге қатысуға;

19)заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

Тергеу изоляторында ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың сондай – ақ:

1)ақша аударымдарын алуға және жөнелтуге;

2)некеге отыруға және оны бұзуға, егер олар заңдарға қайшы келмеген жағдайда, өзге де отбасылық – құқықтық қатынастарға қатысуға;

3)тергеу орындарындағы дүкеннен не күзетте ұстау орындарының әкімшілігі арқылы сауда желісінен тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алуға;

4)газеттер мен журналдарға жазылуға оларды алуға;

5)әкімшіліктен қажет болған жағдайда күзетте ұстау орындарында киіп жүруге рұқсат етілген маусымдық киім – кешек алуға құқығы бар. Күзетте ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға тиісті жағдайлар болған кезде еңбек етуге мүмкіндік беріледі.

Күдіктілер мен айыпталушыларға қамауға алынған кезден бастап қорғаушысымен оңаша және құпия жолығысуға мүмкіндік береді. Жолығысулардың саны мен ұзақтығына шек қойылмайды. Мына жағдайларда:

1)адвокатура қатыстылығын растайтын құжатын және заң консультациясының ос іске адвокаттың қатысу құқығына берілген ордерін немесе маңызы бойынша онымен теңестірілген құжатты көрсетуі бойынша – қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен;

2)қорғаушы болып тағайындалған туралы қоғамдық бірлестіктің немесе оның басшы органының тиісті шешімін көрсетуі бойынша – қорғаушылар бірлестіктердің өкілдерімен;

3)соттың қаулысын, тергеушінің немесе анықтаушының қаулысын, сондай – ақ өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша қорғаушылар ретінде іске қатысушы өзге адамдармен жолығуға рұқсат береді.

Күдіктілер мен айыпталушыларға қылмыстық істі жүргізуші адамның немесе органның жазбаша рұқсаты негізінде туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысуға айына әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын, ал кәмелетке толмағандарға үш реттен аспайтын берілуі мүмкін.

Туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысу күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі келтіруі немесе қылмыс жасауға жәрдемдесуі мүмкін тыйым салынған нәрселерді, заттар мен тамақ өнімдерін не мәліметтерді күдікті мен айыпталушыға беруге әрекет жасалған жағдайда жолығысу мезгілінен бұрын тоқтатылады.

Егер заңдарға қайшы келмейтін болса, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының шешімі бойынша өзі өкілі болып табылатын мемлекеттік күдікті немесе айыпталушы шетелдік адамына шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері ресми өкілдерінің жолығысуына құқығы бар.

Жұқпалы ауруы (ВИЧ/ЖҚТБ (СПИД) және туберкулез) науқастарға жолығысулар саны мен ұзақтығы медициналық қызметкермен (дәрігермен) алдын – ала әңгімелесіп, ауруды жұқтыру мүмкіндігі туралы жазбаша хабарланғаннан кейін белгілеген тәртіппен беріледі.

Күдіктінің немесе айыпталушының өмірі мен денсаулығына қауңп төнген не басқа күдіктілер мен айыпталушылардың жеке басына қарсы қылмыс жасалу қаупі туындаған кезде күзетте ұстау орындарының қызметкерлері осындай қауіп төнген күдіктінің немесе айыпталушының жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде дереу шаралар қолдануға міндетті.

«Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығында адамның айыптаудан қорғану құқығына Прокуратураның қос функциясын; шындылықты қадағалау және қылмыстық ізге түсу қызметін басшылыққа ала отырып түсіндірілген. Атап айтқанда, прокурор: заңның бұзылуына жол берген органға лауазымды адамға, яки жол берілген заң бұзылуын жоюға өкілетте органға немесе лауазымды адамға заңнын бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқау жіберуге; заңдылық бұзылудың себептерін жою, сондай – ақ жеке басына тиіспеушілік құқығы бар адамдарды сол құқықтан айыру мәселелері бойынша ұсыныс жасауға; іске адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды соттан сұрауға; соттың (судьяның) шешіміне, үкіміне немесе өзге қаулысына, заңға сәйкес келмейтін немесе негізсіз шешім, үкім немесе қаулы ретінде, жоғарыдағы сотқа наразылық білдіруге; анықтау мен тергеу барысында процеске қатысушылар құқықтарының бұзылуына жол берген адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе қоюға; айыптау қорытындысынан айыптаудың жекелеген пунктерін алып тастауға, жеңілдеу қылмыс туралы заңды қолдануға құқылы.

Прокурордың нағыз құқықтары Қылмыстық процестік Кодексінде дамытылған, атап айтқанда , 317 – бапта егер сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғану құқығын бұзбайтын болса, айыптауды өзгерте алады деп белгіленген. Сонымен бірге, прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан (толық немесе ішінара) бас тартуға міндетті.

Күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындарында заңдардын орындалуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокурорлары мен оған бағынысты прокурор жүзеге асырады.

Күдіктіні уақытша күзетте ұстау барысында және қылмыс жасады деп күдік тудырып ұсталған сәттен бастап прокурорға міндетті түрде хабарлануы тиіс. Прокурордың басты өкілеттіктерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету болып танылғандықтан осындай құқықтардың заңға сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Қылмыстық процестік заңында тікелей бекітілгендей адамды ұстау үшін міндетті түрде прокурордың санкциясымен жүргізіледі. Осындай құқықты жүргізе отырып, прокурор Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы жарлығымен және өзге нормативтік құқықтық актілерде бекітілген прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады. Бұл қадағалау заңға сәйкес мынадай негіздерде жүргізіледі.

Прокуратураның талап етуі бойынша тиісті органдар, лауазымды ададар:

1)қажетті материалдар, мәліметтерді өтеусіз Қазақстан Республикасында белгіленген коммерциялық, банктік және заңда іс қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып бөлінуге тексеріс мәселелері бойынша азаматтарды шақыруға, айғақтар алуға;

2)тексеріске қатысу, қорытынды беру үшін мамандар бөлуге міндетті.

Прокурордың өз құзыреті шегінде берген тапсырмасы анықтама, тергеу орындалуы үшін міндетті. Прокурордың құзыреті шегінде тексеру мәселелері бойынша мемлекеттік органның, меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй – жағдайларына кідірсіз кіруге, олардың басшыларында, лауазымды адамдар да кідіріссіз қабылдануға, сот істерімен танысуға, соттан талап етіп алдыруға құқылы. Заңдардың қолданылуын тексеру 1 ай мерзімнің ішінде жүргізіледі.

Тексерісті тағайындаған прокурор жоғары тұрған прокурорлардың келісімімен оның мерзімі ұзартылады.

Прокуратура органдары белгіленген тәртіптерін заңды бұзушылық туралы арыздарды қарай отырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын жою, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шараларын қолданады.

Азаматтардың, заңды тұлғалардың заңды мүдделерін, құқықтары мен міндеттерін орындамайтын лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту шараларын қолданады. Прокурорлардың іс – әрекеттері мен актілеріне жоғары тұрған прокурорларға немесе сотқа шағым беруіне болады. Жоғары тұрған прокурор азаматтардың және заңды тұлғалардың шағымы бойынша өз бастамасы бойынша төмен тұрған прокурор актілерінің күшін жоя алады, оларды қайтарып ала алады.

Прокурорлық қадағалау жүргізудің нысандары мынадай тәртіпке бөлінген:

1)алдын ала тергеу, анықтама және жедел іздестіру қызметтерінде прокурорлық қадағалау;

2)сотта қылмыстық істерді қарауда заңдылықты қадағалау;

3)үкімнің орындалуына прокурорлық қадағалау;

4)кәмелетке толмағандардың істеріне прокурорлық қадағалау;

5)азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қорғаудағы прокурорлық қадағалау. Прокурорлық қадағалауды – тексеріс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Прокурор өз өкілеттігі шеңберінде күдіктіні ұсталған сәттен бастап, Конституциялық құқықтары мен бостандықтарының заңға сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Міне осындай қадағалау нәтижесінде прокурор мынадай шешімдердің бірін қабылдай алады:

-наразылық енгізіде;

-заң бұзушылықты болдырмау туралы ұйғарымдар беріледі;

-қылмыстық істі қозғау, тергеу істерін жүргізу, әкімшіліктерді қылмыс бойынша болдырмау туралы іс жүогізу, прокурорлардың талабын мәжбүрлеп орындау. Материалдық залалдың өтелу шараларын қолданады. Азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғанда заң бойынша заңсыз актінің күшін тоқтала тұрады. Мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдарды енгізген тыйым салу – шектеу сипаттағы шараларының күшін жояды, алып тастайды;

6)мемлекеттік, жеке, заңды тұлғалардың құқықтары мен олардың заң негізінде қорғалатын мүдделерін сақтауды соттан өтінеді. Мысалы, қылмысты істегі органдары күдіктіні ұстаған кезеңде немесе уақытша күзетте ұстағанда заңда көрсетілген құқықтарды заңсыз негізді бұза отырып, яғни тиісті уақытта қорғаушымен қамтамасыз ету құқығы бұзылса немесе айып тағудың негізі дұрыс түсіндірілместен қаулы шығарылған болса прокурор бұл қаулының заңдылығын тексере отырып, заңсыз қаулының күшін жояды немесе мүлдем бұл шараны алып тастайды.