Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.3 Кб
Скачать

1.3 Ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізу шаралары

Тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақматында жүргізіледі. Тінту жүргізуге аталған заттардың немесе құжаттардың белгілі бір үй – жайда немесе өзге орында, не нақты адамда болуы мүмкін деп болжауға жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады. Тінту іздестіріліп жатқан адамдарды немесе мәйттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін.

Тінту тергеуші дәлелді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай – ақ мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға прокурор немесе оның орынбасары санкция беруге тиіс.

Айрықша жағдайларда, іздестіріліп жатқан және алып қоюға жататын обьект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлінуі немесе қылмыстық мақсатта пайдалануы мүмкін болғанда тінту прокурордың санкциясынсыз, бірақ жүргізілген тінту туралы кейін жиырма төрт сағат ішінде оған хабарлау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Аталған хабарламаны алғаннан кейін прокурор жүргізілген тінтудің заңдылығын тексереді және оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады. Жүргізілген тінтудің заңсыз екені туралы шешім қабылданған жағдайда бұл әрекет іс бойынша дәлел ретінде жіберілмейді.

Тінту куәгерлердің қатысуымен, ал қажет болған жағдайда маманның және аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

Тінту жүргізу басталар алдында тергеуші күдіктіге оларды жүргізу таралы қаулыны көрсетуге міндетті. Тінтуге кіріскенде тергеуші іс үшін маңызды болуы мүмкін, алынуға жататын заттар мен құжаттарды ерікті түрде беруді ұсынады. Егер олар ерікті берілсе және алынуға жататын заттар мен құжаттардың жасырылғанына күмандануға негіздер болмаса, тергеуші одан әрі іздеу жүргізбеуге құқылы. Егер жабық үй – жайларда мен қоймалардың иесі оларды ерікті түрде ашудан бас тартса, тінту жүргізген кезде олар ашылуы мүмкін. Бұл ретте есік құлыптарын және басқа заттарлы қажетсіз білдіруге жол берілмеуге тиіс. Тергеуші сол үй – жайда тұрып жатқан адамның немесе басқа адамдардың жеке өмірінің тінту кезінде анықталған мән – жайлардың жария етілмеуіне шаралар қолдануға міндетті. Тергеуші тінту жүргізіліп жатқан үй – жайды немесе орында тұрған адамдарға және осы үй – жайға немесе орынға келген адамдарға тінту аяқталғанна дейін ол жерден кетуге, сондай – ақ бір- бірімен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы. Тінту жүргізілген кезде тергеуші іске қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды олардың іске қатыстылығына қарамастан алынуға тиіс.

Алынатын заттар мен құжаттар куәгерлерге және қатысып отырған басқа да адамдарға көрсетіледі, буып түйіледі және тінту жүргізілген жерде мөрмен бекітіледі және куәгерлер мен бұған қатысып отырған басқа адамдардың қол қолюымен куәландырады.

Тінтудің тактикалық әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосынан жүргізілуіне негізделеді. Сондықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындық жұмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосынан, күтпеген жерден жүргізілетін тінту арқылы ғана іс бойынша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады.

Жеке басты тінтудің өзі екі кезеңге бөлінеді. Әуелі, жалпылай тінтіліп, бойында қару бар ма, жоқ па соны қарап, содан кейін басынан төмен қарай киімін, денесін ұқыпты тексеріп шығу қажет. Қалтасынан табылған құжаттар, заттар арнайы алдын ала дайындалған жерге қойылып, кейін хаттамаға енгізіледі. Тінтуді, әрине сол тінтілген адаммен денесінде бинттелген, байланған жер болса оны шешіп көру үшін медицина мамандары қарастырылып, бинтті шешу соларға жүктеледі.

Жалпылай шолудан кейін жеке обьектілерді қарау кезеңі басталады. Тінтудің ойдағыдай табысты аяқталуы, оның белгілі бір тәртіппен, бағытпен жүргізілуіне, обьектілерді қарау кезегін сақтауға, тағы басқа да тактикалық әдістердің толық және дұрыс қолданылуына байланысты.

Ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамда қару бар деп ұйғаруға негіз болған не ол өзінің қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажетті жағдайларда ұсталған адамға дереу жеке тінту жүргізілуге құқылы.

Тергеуші тінтілетін адамның денесінен, оның киімінен және бойындағы заттардан заттар мен құжаттарды табу мақсатында жеке адамды тінтуге құқылы. Жеке адамды тінтуді тінту жүргізілетін адаммен жынысы бір адам және сол жыныстығы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргізеді.

Жеке тінту арнайы шығармай және прокурордың санкциясынсыз , мынадай жағдайларда, егер:

-үй жайдағы немесе тінту жүргізіліп жатқан өзге орындағы адам іс үшін маңызы болуы мүмкін құжаттарды немесе заттарды өз бойында жасырып отыр деп пайымдауға жеткілікті негіздер болса;

-ол адам ұсталса немесе күзетпен қамауға алынса жүргізіледі.

Бұл жағдайда жеке адамды тінту куәгерлер жоқ болса да жүргізіледі.

Тінту жүргізетін адам хаттама жасайды. Хаттамада заттар немесе құжаттар қай жерде және қандай жағдайда табылғаны, олардың ерікті түрде берілгені немесе мәжбүрлеп алынғаны көрсетілуге тиіс. Барлық алынған заттар хаттаманы саны, мөлшері, салмағы, өзіндік белгілері және мүмкіндігінше бағасы дәл көрсетіле отырып жазылуға тиіс. Егер тінту жүргізген кезде алынуға жататын заттарды немесе құжаттарды жою немесе жасыру еріктері жасалған болса, бұл хаттамада қолданған шаралар көрсетіле отырып жазылуға тиіс.

Тінту хаттамасының көшірмесі олар жүргізілген адамға не оның кәмелетке толған отбасы мүшесіне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй пайдалану ұйымының немесе жергілікті атқарушы органның өкіліне 1 олардан қолхат алынып тапсырылады.

Күдіктіні жеке тінту жүргізіліп, дәлелді қаулы шықаннан кейін арнайы уақытша ұстау изоляторының ішкі тәртіп ережелеріне, « Қылмыс жасағаны үшін күдікті деп танылған тұлғалар мен айыпталушыларды қамауда ұстау туралы» заңға сәйкес күдіктінің заттарын қарау және жеке тінту жүргізу қарастырылған. Жеке тінту және күдіктінің заттарын қарау уақытша ұстау изоляторының кіргізу алдында кезекшімен жүзеге асырылады. Аталған әрекеттер қамауда ұстау орындарында режимді қамтамасыз ету мақсатында және сақтауға тыйым салынатын заттар мен құжаттарды алу мақсатында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, тінту барысында қылмыстық жолмен табылған заттар, қылмыс құралдары және өзге де іс үшін маңызы бар заттар мен құжаттар алынуы мүмкін.

Күдіктіні жеке тінту толық және жартылай болуы мүмкін. Уақытша ұстау изоляторына кіргізуде толық тінту жүргізіледі.

Тінту куәгерлердің қатысуымен жекеленген, жылы, жақсы жарықтанған жерде жүргізіледі. Тінтуді жүргізуші және куәгерлер бір жынысты болуы тиіс. Тінтуге медицина қызметкері және өзге де мамандар қатыстырылуы мүмкін.

Тінту күдіктінің денесін, киімін және аяқ киімін қараудан тұрады. Тінтілушіге алдымен жоғарғы сырт киімін, аяқ киімін, ішкі киімін, (денесіндегі өзге) шешу ұсынылады, содан соң қолдың және аяқтың екі бөлігі, саусақтарының арасы, терісі, құлағы, ауыз қуысы, қолтығы, хирургиялық дақтары (кесілген орны) сонымен бірге протездері қаралып, бірнеше рет тұрып отыру ұсынылады. Басындағы шаштары таралады. Пластарь жабыстырмалары, гипс және өзге де таңылған жаралары медицина қызметкерінің рұқсатымен шешіледі. Күдіктінің киімі, тігістері толық және мұқият тексеріліп қабатты – қатты орындары инемен шаншылып тексеріледі. Киімге тігілген заттар табылған жағдайда ол орындауға мата сөгіледі. Киімнің қалталары, жеңдері, шалбар, шұлық носки сыртқы бетіне аударылады. Аяқ киім ішкі және сыртқы сипатынан қаралады, әсірессе өкше бөлімі мұқият тексеріледі.

Камерада сақтауға рұқсат етілген заттар және кезекшіге тапсырылуға жататын заттар мұқият қаралады. Чемодан және сөмкелерді екі түптіге, ал қаптардың ішкі жасырын қалталары қарастырылады.

Күдіктіні жеке тінту және заттарын қарау барысында алынады:

- қару, пышақ, алмас, білезік, табак өнімдері, сіріңке, тұтандырғыш (зажигалка), портсинар, запанки, жүзік, сырға, сағат, орден, медаль және өзге де металл заттар мен құндылықтар;

-шыны ыдыс, алкогольді сусындар, ойын карталар;

-белбеу, резеңке баулар, галстук, бау, шарф, есірткі заттар дәрі – дәрмек және медициналық тағайындалушы заттар, яғни медициналық қызметкермен камерада сақтауға рұқсат етілмейтін заттар: бұрыш, тұз және белгіленген шамадан тыс азық – түлік өнімдері, ақша бағалы қағаздар, камерада сақтауға тиым салынған құжаттар мен жазбалар.

Күдіктіден алынған тыйым салынбаған заттар, киімдер және тағамдар сақтауға беріледі немесе уақытша ұстау изоляторының бастығының қаулысы бойынша жойылады және акт бойынша бекітіледі.

Анықтау жүргізіп жатқан тергеушінің немесе соттың келісімімен күдіктінің жеке тінту кезінде алынған ақшалары, асыл бұйымдары, киімдері, тағамдары туған туысқандарына беріледі.

Тергеуші немесе анықтаушы жеке басына тінту жүргізу туралы хаттама толтырылады. Бұл хаттамаға тінту жүргізу барысында қатысқан мамандар, куәгерлер қол қояды. Күдіктінің қол қоюдан және де басқа қарсылықтары хаттамада көрсетіледі.

Хаттама бекітілген үлгіден үш данадан құралады:

-қылмытық іске тігіледі;

-күдіктінің жеке ісіне;

-күдіктіден сақтауға алынған заттармен, киімдермен, құжаттармен бірге сақталады.

Жеке тінту күдіктінің қылмысқа қатысты заттарын және құжаттарын табу мақсатымен жүргізіледі және не үшін ұсталғанын түсіндіру үшін. Бұл әрекеттер басып алған жерде және полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін де жасауға болады. Мұндай жағдай, тұлғаны тінту, бөлек қаулысыз және прокурордың санкциясыз да жүргізіледі, тек қылмыс жасағаны үшін күдік келтірген адамды ұстау рұқсат қағазымен ғана жүргізіледі. Бірақ мұндай жағдайлар тәжірибеде көбінесе дұрыс болмай жатады.

Жеке тінту жасаған кезде және уақытша ұстау изоляторына апарған кезде бір жынысты адамдармен және куәгерлердің қатысуымен болады. Тексеруге күдіктінің киімдері, аяқ киімдері, және денесі қаралады. Керек жағдайларда оның шешінуін сұрайды. Тінту техникалық құралдармен тез және өте мұқият жүргізілуі қажет, күдіктіні басынан аяғына дейін, бас киімінен, сыртқы киімінен қоса аяқ киімге дейін жүргізіледі.

Күдіктінің уақытша ұсталатын жері. Қылмыс жасады деген күдік бойынша уақытша ұстау изоляторында ұсталады. Қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған әскери қызметшілер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрінде өтеп жүрген адамдар тиісінше абақтыларда және Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігінің бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын қылмыстық – атқару жүйесінің мекемелерінде де ұсталуы мүмкін. Қылмыс жасады деген күдікпен, күдікпен ұсталғандар анықтау органының бастығы ұйғарған арнайы бейімделген үй – жайларда ұсталады. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың тәртібі мен шарттары заңдармен белгіленеді.

Анықтаушы, тергеуші он екі сағаттың ішінде оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуіне, ал олар болмаған жағдайларда – басқа туыстарына немесе жақын адамдарына күдіктінің ұсталғандығы және оның қай жерде екендігі туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкіндігін күдіктінің немесе айыпталушының өзіне беруге міндетті.

Егер ұсталған адам басқа мемлекеттің азаматы болыып табылса, онда аталған мерзімде ол мемлекеттің елшілігіне, консулдағы немесе өзге де өкілдігіне хабардар етілуге тиіс.

Істің ерекше сипаты талап ететін айрықша жағдайлар кезінде тергеудің бастапқы кезеңнің құпиясын сақтауды тиісінше қамтамасыз ету мақсатында прокурордың, оның орынбасарының санкциясымен көрсетілген адамдарға хабарлау, күдікті кәмелетке толмаған болып табылған жағдайларды қоспағанда ұстау кезінен бастап жетпіс екі сағат бойы жүргізілмеуі мүмкін.

Қылмыс жасады деп күдік тудырған күдіктіні қылмыстық істер жүргізу заңында бекітілген тәртіптер мен негіздерде тиісті ұстау жөніндегі рәсімделу жүргізілгеннен кейін осы күдіктінің тиісті уақытша ұстау мекемелеріне жіберу кезеңі жүргізіледі. Бұл процесті тергеуші немесе анықтау бөлімінің қызметкері қылмыс жасады деп күдік келтірілген тұлғаны ұстау туралы шешім шығарғаннан кейін, ол қамауға алынғандарды ұстау орнына орналастырады. Күдіктіні қамауға алынған тұлғаларды ұстау орнына орналастыру тергеуші бөлмесінде (кабинетінде) немесе өзге де Ішкі Істер Органдарының қызметтік бөлімдерінде немесе тікелей қамауға алынғандарды ұстау орындарында жүзеге асырылатын іс шаралар жиынтығынан тұрады.

Сәйкесінше, бірінші кезеіңде заңда көрсетілген тәртіптер бойынша мынадай әрекеттер:

1)ұстау хаттамасын толтыру;

2)қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету;

3)ұстау туралы прокурорға хабарлау;

4)күдіктінің туған туыстарына оның қамауға алынған орны жайында хабарлау жүргізіледі.

Аталған әрекеттерді жүргізген соң, сәйкесінше қылмыстық процесті жүргізуші тергеуші, анықтаушы немесе олардың тапсырмасы бойынша Ішкі Істер Органдарының кезекшісі күдіктінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілуін қамтамасыз етуге тиіс. Әдетте, бұл жұмыс Ішкі Істер Органдары бойынша кезекшіге тапсырылады. Кезекші өз қарауындағы құралдар мен күштерді қолдана отырып тапсырманы орындайды.

Күдіктіні қамауда ұстау орнына жеткізілгеннен кейін заңда көрсетілген тәртіптерді негізінде әрекеттердің екінші бөлігі жүзеге асырылады, оларға:

-ұсталған тұлғаны Уақытша Ұстау Изоляторына қабылдау;

-күдіктіні суретке түсіру, дактилоскопия әрекеттерді жүргізу;

-күдіктіні санитарлық тазалықтан өткізу;

-күдіктіден сұрау жүргізу;

-күдіктілерді камераға орналастыру. Аталған қызмет элементтерін талдауға көшпес бұрын қамауға алынғандарды ұстау орнына сипаттама берейік.

Ең бастысы келесі жағдайды ескеру керек. Жоғарыда аталған бірінші әрекеттер жиынтығы орындалған соң, күдіктіні Уақытша Ұстау Изоляторына жібермес бұрын тергеуші немесе анықтау органының қызметкері заңда көрсетілген талаптармен сәйкес күдіктіден жауап алу туралы норманың орындалу тәртібін қадағалау, анықталу тиіс.

Егер күдікті қамауға алынған болса, онда сұрау алу дереу жүргізіледі, күдіктіден қамауға алынған сәтінен жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей сұрау алынуы тиіс. Сәйкесінше, егер күдіктіден қамауға алынған сәтінен жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей сұрау алынуы тиіс. Сәйкесінше, егер күдіктіден дереу жауап алу туралы шешім қабылданса, ол әрекетті күдіктіні Уақытша Ұстау Изоляторына жіберілгенге дейін жүргізген дұрыс. Болмаса, тергеуші өзі Уақытша Ұстау Изоляторына барып жауап алуды жүргізуге немесе күдіктіні айдаумен тергеу бөліміне алып келу іс шараларын жүргізуге мәжбүр болады.

Әр түрлі жағдайларда тұлғаны ұстаса: мысалға, тергеуші таң ата магазинде тергеу жүргізіп жатқанда, түнде қылмыскердің магазинге кіріп, конфет коробкалары мен консервалар және ішімдіктер ұрлағаны белгілі болады. Тергеуші жаңа түскен қардағы іздің артымен жүріп тұрады, із оны ұрлықшының үйіне әкеледі. Ұрлықшы қашпақшы болып біраз қарсылықтар көрсетеді, бірақ куәгерлердің , көршілердің көмегігің арқасында қылмыскер ұсталынады. Үйдің ішінен ұрланған заттар табылады, тұлғаның бұл іске қатысы барекеніне күмән болмаған соң, тергеуші тұлғаның қылмыс жасағандығы туралы хаттама толтырылып , оны уақытша ұстау изоляторына жеткізеді. Күдіктіні қылмыс жасады деп күдіктену негізінде де тергеуші хаттама жасауы керек. Осы хаттама тұлғаның қамауда болғандығын, тұлғаның қылмыс жасағандығы жөнінде күдік келтіргендігін айқындайтын, құжат болып саналады. Тергеуші қаулысымен тұлғаны толтырып ұсталғаны жайында жеткізсе оралымды кезекші оған ұстау хаттамасымен, сосын уақытша ұстау изоляторына баруын көрсетеді.

Әрине, осы уақыттан бастап күдікті қорғаушының көмегін қолдануға құқығы бар. Бұл құқық оған бөлек құжатпен түсіндіріледі. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп берілгеннен кейін жеке хаттама толтырылады. Хаттаманың бұл үлгісінде күдіктінің арызы көрсетіледі, онда қорғаушының көмегі керек екені, күні, сағаты және минуты көрсетіледі.

Күдіктінің қалауы бойынша қорғаушысын шақыртады, заңды өкілмен, және басқа да адамдардың келуін қамтамасыз етеді. Күдіктінің қалауы, сұрауы бойынша бұл адамдарды тергеуші шақыртады. Егер күдіктінің қорғаушысы ұсталғаннан бастап жиырма төрт сағаттың ішінде келмесе, онда тергеу жүргізіп отырған тергеуші күдіктіге басқа қорғаушыны шақыртуға рұқсат бере алады немесе өзі заң кеңесі (консультация) арқылы басқа қорғаушымен қамтамасыз етеді.

Қылмыстық істерді жасөспірімдер, сақаулар және басқа да тұлғалар өзінің физикалық және психикалық күшімен өзін өзі қорғауға шамасы жетпейтіндерге және тіл білмейтін тұлғаларға байланысты қылмыстық істер бойынша қылмыстық процестік құқығындағы заңдарда бекітілген негіздер бойынша оларға міндетті түрде қорғаушысы тағайындалуы тиіс. Бұл жағдайларда күдіктінің қалауы бойынша шақыртылған қорғаушы немесе заңды өкілі келе алмаған жағдайда, онда істі жүргізіп жатқан тергеуші өзі қорғаушымен қамтамасыз етеді.

Қорғаушы қылмыстық процестік заңдарында көрсетілген тәртіптерде өз қорғауындағы тұлғаға жеке дара сұрақтар қойып істің мән – жайымен толық хабардар болуға құқылы. Сонымен қатар осы іс бойынша толтырылған хаттамаға өзінің бастамашылығы бойынша келіспейтін мән – жағдайларды көрсетуге, заңсыз негіздерін айқындауға құқылы. Қорғаушы істі жүргізіп отырған тергеушіге істің мән – жайы бойынша өз бастамашылығымен сұрақтар қойып нақтылауға құқылы. Осындай қорғаушының әрекеттері хаттамаға көрсетіліп қол қойылады.

Жоғарыда көрсетілген негіздер мен тәртіптерді жүзеге асыру барысында тағы бір ескеретін мән – жағдай осы күдіктінің қылмыстық іс бойынша күмәнді екендігін немесе күмәнді екендігін немесе күмәнді емес екендігін дәлелдейтін мән – жағдайларды жан – жақты айқындап алуымыз қажет. Бұндай әрекетті қылмыс істер бойынша жұмыс жүргізіп отырған тергеуші немесе анықтаушы қылмыстық істер жүргізу заңын басшылыққа ала отырып мынадай әрекеттерді жүргізеді. Ол әрекет қылмыстық процестік заңында тікелей бекітілген күдік бойынша ұсталған адамды босату мәселесін қарастырудан басталады. Бұл жердегі қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамды босатудың негіздері төмендегідей. Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адам, егер:

-қылмыс жасады деген күдік расталмаса;

-ұсталған адамға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болмаса;

-ұстау заңда көрсетілген талаптарын бұзу арқылы жүргізілсе, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.

Ұсталу кезінен бастап екі сағаттың ішінде күдіктіге қатысты тәркіленген тәртіппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады.

Егер ұсталған кезден бастап жетпіс екі сағаттың ішінде ұсталушыны ұстау орнының бастығына анықтаушының, тергеушінің ұсталған адамға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырылған қаулысы келіп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушыны өзінің қаулысымен бірден босатады және прокурорға хабарлайды.

Ұсталған адамды ұстау орны әкімшілігінің жоғарыда көрсетілген талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгіленгендей жауапты болады.

Ұсталған адамды босату кезінде соңғысына оны кім ұсталғандығы, ұстаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.

Жоғарыда көрсетілген барлық негіздерді, тәртіптерді басшылыққа ала отырып қылмыстық істі қозғап тергеуші немесе анықтаушы тергеу әрекеттерін жүргізуді бастайды. Сонымен қатар, ең алдымен күдіктінің құқықтары мен бостандықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз ету мәселесін жүргізеді.

Нақты адамға келетін кез келген хат – хабарда тергелетін іс үшін маңызы бар мәліметтер, заттар мен құжаттар болуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіздер болғанда оларға тыйым салынуы мүмкін.

Тергеу іс – әрекеттерін жүргізу барысында алынған мағлұматтар, сондай – ақ жедел іздестіру шараларының материалдары пошта – телеграф хабарламалары туралы мәліметтердің көздері болуы мүмкін.

Бұл тергеу іс – әрекетіне Р.Х. Якупов мынадай анықтама береді : «Пошта телеграф хат хабарына тыйым салу – іс үшін маңызы бар мән жайлар жөнінде дәлелдер алу мақсатында айыпталушыға , сезіктіге және басқа адамдарға арналған хат хабарды ұстау, қарап тексеру және алу үшін олардың хат – хабар, пошта , телеграф және басқа хабарламалар алысу құпиясын сақтау жөніндегі конституциялық құқығын шектейтін дербес тергеу іс – әрекеті.

Конституцияның 18-бабына сәйкес әркімнің хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. Бұл құқықты заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен реььерде ғана шектеуге болады. Көрсетілген тәртіп ҚПК 246-бабы 30 тарауында баянды етілген.

«Пошта-телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу, оларды қарап тексеру және алу» деген атауының өзінен бұл тергеу іс әрекетінің жинақтау сипаты бар екені жіне әдістемелік мақсаттарда мынадай 3 кезеңге бөлінеді:

-тыйым салу;

-қарап тексеру;

-алу.

Бұл кезеңдердің әрқайсысы өздерінің атауы бойынша дербес тергеу іс – әрекетінің атауларына сәйкес келеді. Алайда олардың теңбе – теңдігі туралы сөз етуге болмайды. Егер дербес тергеу іс – әрекеті ретіндегі тыйым салудың, қарап тексеру мен алудың мәнін талдайтын болсақ, олардың бәрінің өздеріне тән мақсаттары, рәсімдік нұсқаулары болатыны, бірін – бірі алмастыра алмайтыны түсінікті болады.

Б.Т. Безлепкин атап көрсеткендей, пошта телеграф хат хабарына тыйым салудың мақсаттары мыналар болып табылады:

а)іс үшін маңызы бар мәліметтерді алу;

ә)мүдделі адамдардың тергеудің барысына қатысы бар және оған нұқсан келтіруі мүмкін ақпаратты бір – біріне беруіне кедергі жасау;

б)жасырынып жүрген айыпталушының немесе күдіктінің, тұрған жері басқа себептерге байланысты белгісіз айыпталушының тұрған жерін анықтау.

Тыйым салу үнемі қарап тексеру және алуға ұласа бермейді. Мысалы, хат хабардың мүлде болмауы немесе тыйым салынған хат – хабарда тергеуді қызықтыратын мәліметтердің болмауы қарастыруға мүмкіндік бермейді. Міне, сондықтан да осы тергеу іс әрекетінде үш дербес әрекет бар деп айту орынсыз. Шынында, дербес жүргізілетін алу процесінде ненің қайда жатқаны, сондай – ақ алынатын заттар мен құжаттардың жеке белгілері уәкілетті адамға мәлім болуы тиіс. Ал ҚПК 246-бабы тәртібімен алуда алынатын заттар мен құжаттардың тізбесі тыйым салынған хат – хабарлар мен басқа да пошта телеграф жөнелтілімдерін қарап тексеру барысында – ақ анықталады. Оның үстіне, мысалы, құжаттарды таза күйіндеалу жүзеге аспауы мүмкін, өйткені олардың көшірмесін алу жеткілікті болады. Одан әрі, тыйым салынған хат – хабарды қарап тексеруде жасырынып жүрген күдіктінің (айыпталушының) тұратын жері туралы ақпарат алынуы мүмкін. Уәкілетті алам алу процесін жүргізбей – ақ кейін күдіктіні ұстау немесе айыпталушыны қамауға алу мақсатында тінту жүргізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. ҚПК –нің 246 – бабы тәртібінде «адамды ұстауға» болмайтыны түсінікті.

Сонымен, ҚПК – нің 246 – бабымен реттелетін тергеу іс –әрекеті 3 тергеу әрекетімен емес, мынадай 3 кезеңнен тұрады:

а) пошта телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу;

ә) оларды қарап тексеру;

б) алу.

ҚПК – нің 246 –бабының 1 – бөлігінің мағынасы бойынша пошта – телеграф жөнелтілімдеріне мыналар жатады: хаттар, жеделхаттар, радиограмалар, бандерольдер, сәлемдемелер және басқалары. Мәтіндерінің асты сызылған және басқа қосымша белгілері бар бандероль түрінде жіберілетін пошта ашық хаттарын, газеттер мен журналдарды іске қатысы бар шартты белгілері бар мағлұматтар кездесетін өзге де бөгде белгілерді басқа жөнелтілімдерге жатқызуға болады.

ҚР Конституциясы (18-бап) пошта – телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу үшін арнайы заңдық кепілдіктер беруді көздейді, өйткені олар азаматталдың жеке өміріне , өз басының және отбасының құпияларына қол сұғылмауын қамтамасыз етуден тұратын негізгі құқықтарын шектеумен байланысты. Сондықтан заң ешқандай алу процесі мен ерекшелікті қолданбастан , мұндай тергеу іс – әрекетін жүргізу үшін тергеушінің қаулысы ғана емес, сондай – ақ оны жүргізуге жол беретін прокурордың рұқсаты немесе соттың шешімі қажет деп белгілейді.

Тергеушінің қаулысы дәлелді болуға тиіс, онда пошта – телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салынатын оларды қарап тексеру мен алудың негіздері, нақ қандай хат хабарды, кімнің атына, қай мекен жайға немесе қандай адамдардан келетін хат – хабарға тыйым салуға жататыны, қаулыны орындаудың қандай байланысмекемесіне жүктелетіні, тыйым салу мерзімі, тергеушіні қызықтыратын хат хабар түскенде кімне , қай мекен – жайға немесе қандай телефон арқылы хабарлауға болатыны келтіріледі.

Тергеуші пошта – телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу туралы прокурордың рұқсаты бар қаулыны онда көрсетілген хат – хабарды ұстап, оның түскендігі туралы өзіне хабарлау жөніндегі қсыныспен қоса тиісті байланыс мекесінің басшысына жібереді.

Тергеуші хат – хабарды ашып, қарап тексеруді, байланыс мекемесі қызметкерлерінің ішінен алынған айғақ адамдар қатысуымен пошта мекемесінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайларда, мысалы, егер бандерольде немесе сәлемдемеде саусақтардың таңбасы, жарылғыш құрылғы және басқа нәрселер бар деген жорамал туса, оларды ашу үшін мамандарды шақыру қажет. Сонымен қатар, егер тергеуші пошта – телеграф жөнелтілімдері баяндалған тілді білмейтін болса, хат – хабарды қарап тексеруді аудармашының қатысуымен жүргізуге болады.

Барлық жағдайда да пошта – телеграф жөнелтілімдерін қарап тексеру және алу хаттамамен рәсімделуі тиіс, онда қандай хат – хабарды кімнің қарап тексергені, көшірмесін алғаны және иесіне жібергені немесе қандай мерзімге алынғаны көрсетіледі.

Хат – хабарлар оларды ашу әрекеттерінің іздері қалмайтындай болып ашылуы тиіс. Тергеудің мүдделері үшін пошта – телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу қарап қарап тексеру және алу ісі құпия сақталуы тиіс. Хаттама жасау кезінде тергеу іс әрекеттеріне қатысушыларға бұл жөнінде ескертіледі және олардан қарап тексеру мен алудың нәтижелерін жарияламау жөнінде қолхат алу қажет. Сонымен қатар, осындай себептерге байланысты осы қаулының орындалуын жүзеге асыратын адамдардан хат – хабарларға тыйым салу туралы мәліметтерді жарияламау жөнінде қолхат алу орынды.

Хат – хабарларға тыйым салу шарасы қажет болмайтын кезде, бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейін бұл шара тергеушінің немесе прокурордың қаулысымен тоқтатылады.

Хабарды жол – жөнекей ұстау – бұл техникалық, оның ішінде компьютерлік байланыс арналары арқылы берілетін хабарларды жолдан ұстау және компьютерлік жүйелерден тергеліп отырған іске қатысты ақпаратты алу тергеушінің прокурор санкциясы берген қаулысы негізінде жүргізілетін тергеу іс – әрекеттері. Бұндай жағдайларда тергеушінің қаулысы жедел іздестіру қызметін жүзеге асырып отырған органға орындауға жіберіледі.

«Жедел – іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңында (14-бап) былай деп берілген: жедел іздестіру қызметі процесінде алынған материалдар тергеу іс әрекеттері мен дайындағаны үшін қолданылуы мүмкін және ол материалдар алдын ала ескертуге қатысты жедел – іздестіру шараларын өткізуде, қылмысты бұлтартпау не жолын кесу, қылмысты ашу кезінде қолданылуы мүмкін. Мынаны білу керек: анықтау қызметкерлері (жедел қызметкерлер) қылмысты тергеуге тергеушіге үлкен көмек көрсетеді және нәтижесінде қылмысты ашуда, қылмыскерді ұстау оны жауаптылықта тартуда едәуір септігін тигізеді. Жол – жөнекей ұстау нәтижесінде алынған хабарлар мен компьютерлік ақпараттарды маман белгілейді де тергеушіге жеткізеді. ҚПК – нің 126 – бабының 4 – тармағында сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органдардың ғылыми – техникалық құралдарды қолдануы іс – жүргізу хаттамаларында көрсетілуі тиіс, ол хаттамада міндетті түрде ғылыми – техникалық құралдар туралы мәліметтер, оларды пайдалану шарттары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған обьектілер мен одан алынған нәтижелер көрсетілуі тиіс.

Ескерте кету керек, хабарды жол – жөнекей ұстау нәтижесінде алған ақпараттар қылмыстық іс бойынша дәлелдеу ретінде қолданылуы мүмкін және қылмыстық іс – жүргізу заңдарына сәйкес тексеру жүргізіліп болғаннан кейін және оның жүргізу формалары, яғни хаттама формасына сәйкес келуі сақталғаннан кейін оны дәлелдеме деп қабылдауға болады.

Күдіктінің , айыпталушының және қылмыс туралы , ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы істер жөнінде мәліметтерді білуі мүмкін басқа да адамдардың бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы әңгімелесулерін жасырын тыңдау мен жазу, сондай – ақ телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерін тыңдау мен жазу тыңдау нәтижесінде іс үшін маңызы бар мәліметтерді алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті.

Бұған қоса, күш қолдану, қорқытып алу және басқа қылмыстық әрекеттерді жәбірленушіге , куәға немесе олардың отбасы мүшелеріне қолдану қаупі болған кезде тергеушінің прокурор санкциясы берген қаулысы бойынша олардың келісімімен бейне және дыбыс жазу техникаларын пайдалану арқылы әңгімелесулерінің жасырын тыңдаулы және жазылуы, сондай – ақ олардың телефондары немесе басқа сөйлесу құрылғылары арқылы сөйлескен сөздерінің тыңдалуы және жазылуы мүмкін.

Бұндай шаралар тергеуші мен анықтау органында тыңдау арқылы қажетті мәліметтер алуға болатынына жеткілікті негіз болғанда ғана жүргізіледі. Бұндай шараны жүзеге асыру үшін тергеуші уәжделген дәлелді қаулы шығарады, ол қаулы прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі және орындалу үшін сәйкесті органға жолданады (ҚПК – нің 246-бап).

Тергеушінің сөйлесулерді тыңдау және алу туралы дәлелді қаулысында мыналар белгіленеді:

1) тергеу әрекетін жүргізетін қылмыстық іс пен оның негіздемесі;

2) сөйлесулері тыңдауға және жазып алуға алынған адамдардың фамилиясы, аты, әкесінің аты;

3) сөйлесулерді тыңдау және жазып алуды жүзеге асыру мерзімі.

Прокурордың санкциясынсыз – ақ тергеушінің сөйлесулерді тыңдау және алу туралы дәлелді қаулысы бойынша күттірмейтін, тосын жағдайларда тыңдау және жазып алу әрекеттері жүргізіле береді. Алайда жиырма төрт сағаттың ішінде тергеу әрекетін жүргізгені туралы оған хабар жеткізіп отыруы тиіс. Прокурор бұл тергеу әрекетін тексере отырып, оның заңды не заңсыз екені туралы шешім қабылдайды. Сөйлесулерді тыңдау және жазып алу әрекеті заңсыз жүргізілсе, іс бойынша ол мәлімет дәлелдеме ретінде іске аспауы мүмкін.

Заңда сөйлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңдау мен жазып алу алты айдан аспайтын мерзімге белгіленуі мүмкін. Олар бұл шараларға қажеттілік жойылған кезде, бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталған соң кешіктірмей тергеушінің қаулысы арқылы тоқтатылады.

Тергеуші ол қаулыда белгіленген бүкіл мерзімнің ішінде кез келген уақытта техникалық тыңдауды жүзеге асырып отырған органнан тексеру және тыңдау үшін фонограмманы таоап етуге құқылы. Фонограмма тергеушіге мөрмен бекітілген түрінде, тыңдаудың негізі, құралдардың қажетті техникалық сипаттамалары мен жазудың сапасы көрсетілген ілеспе хатпен бірге тапсырылады.

Фонограмманы тексеру мен тыңдауды тергеуші куәгерлердің және қажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргізіледі, бұл туралы хаттама жасалады, онда сөйлесу фонограммасының іске қатысты бар бөлігі сөзбе – сөз жазылып, сөйлесіп отырғандардың сөздерінің естілу сапасына сипаттама берілуге тиіс. Сөйлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңдау мен жазуға қатысушы адамдарға өздеріне белгілі болған мәліметтерді жария еткені үшін жауапкершілігі туралы ескертіледі.

Фонограмма хаттамаға қоса беріледі, бұл ретте оның іске қатысы жоқ бөлігі үкім заңды күшіне енген соң немесе қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін жойылады.