Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.3 Кб
Скачать

1.2 Күдікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі

Қылмыстық іс жүргізу құқығының субьектілерінің бірі – күдікті болып табылады. Күдікті қылмыстық іс әрекетті жасады деп күдік тудырған, күмән келтірген жеке тұлға. Осы сезіктінің қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық жағдайларының негізі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Процестік Кодексінде (64-бап) тікелей бекітілген. Сондықтан да қылмыстық процестегі өте маңызды субьекті болып танылады. Күдіктінің қылмыстық іс бойынша заңда көрсетілген негіздерде құқықтық реттеу өте маңызды болып саналады. Бұл жердегі басты мәселе күдіктіні ұстау сәтінен басталады. Соның ішінде, құқықтық құрал арасында, заңда көрсетілген құқық қорғау органдарының қылмыстық сот ісін жүргізудегі жұмыстарының ішіндегі – күдіктіні ұстау үлкен орын алады. Бұл тиімді шара, күдіктінің қылмысқа қатысты бар ма және оған жаза ретінде қамауға алатындығын көрсететін өте маңызды жағдай. Күдіктіні уақытында ұстау оған алдын ала тергеуден қашуын және қылмыстық істің шындығын ашуға қарсы келуінен, қылмысты әрі қарай жалғастыруын тоқтатуына себеп болады.

Қылмыстық процестік кодексінде көрсетілген тәртіптер мен негіздерді сақтай отырып күдіктінің конституциялық құқықтарымен бостандықтарын заңды түрде рәсімдеу басты мәселе болып саналады. Бұл жердегі күдіктіні ұстау тікелей жеке адамның құқығына қол сұғушылыққа жатады, осыған байланысты бұл шара өте қатаң түрде тексеріледі. «Жалпы Адам құқығы» Халықаралық декларациясында «ешкім қамауға, ұстауға немесе қуылуға алына алмайды», - деп айтылған.

Бұл қылмыстық әрекет бойынша ең алдымен күдікті деп тану мәселесін жан – жақты қарастырып заңда көрсетілген тәртіптерде прокурордан санкцияны алу негіздері мен дәлелді қаулы шығару кезеңінен басталады. Осы сәттен бастап қылмыстық іс бойынша іс қозғалып тергеу әрекеттерінің процесі жүргізіледі. Күдікті деп тану қаулысынан бастап күдіктінің қылмыстық процестік заңында көрсетілген құқықтар мен міндеттерді қатаң түрде сақтау басшылыққа алынады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты қылмыстық іс бойынша күдіктінің құқықтық мәртебесін жан – жақты, заңды тәртіптер мен негіздерде реттелуін талқылау болып танылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың мазмұнын қылмыстық істер жүргізу субьектілері мен іске қатысушылардың қылмыстық іс бойынша заңдарда бекітілген құқықтары мен міндеттері ашып көрсетуден бастауды негіз етіп отырмын. Сондықтан да сезікті қылмыстық іс жүргізу субьектілерінің екінші топ субьектілеріне, яғни қылмыстық іс бойынша өз мүддесін қорғап түсуші тұлғалардың бірі болып танылады. Осының әсерінен құқық қорғау органы заңда бекітілген күдіктіні ұстау процедурасын құқықтық тәртіптер мен негіздерде ұстауды іс бойынша субьектінің маңыздылығын айқындайды. Осындай ұстау процедурасын заңды түрде жүргізілу тәртіптерін, негіздерін прокурордың берген санкциясы негізінде бекітіледі, ал кейбір жағдайда кезек күттірмейтін мән – жағдайлар бойынша прокурордың тиісті санкциясынсыз күдіктіні ұстау орын алады. Дегенмен, бұндай процедура жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей прокурорға хабарлануы тиіс. Осындай тәжірибе барысында туындайтын бірнеше келеңсіз оқиғаларды болдырмас үшін және олардың заңды түрде жүргізілуі үшін күдіктіні ұстау тәртіптері жан – жақты қарау негізінде қарастырылады.

Теоретикалық талдауда және тәжірибелік қолдануда ұстау нормасын саралау барысында бірнеше қарама – қайшылықтар туындайды. Күдіктіні ұстау мен тұлғаны ұстау екі үлкен мағынаны білдіреді. Себебі, күдіктіні ұстау оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оны қамауға алу түріндегі бұлттартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізудегі мәжбүрлеу шарасы. Бұндай ұстау негіздері қылмыстық прцестік кодексінің 17 – тарауының баптарында көрсетілген жағдайларда жүргізіледі. Сонымен қатар күдіктінің тұрақты жері болмағанда және күдіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ұсталады. Бұл кезеңде, заңды түрде іске қатысушы күдікті ретінде құқықтық дәлелді қаулы толық қабылданбаған. Сондықтан да, алдымен тұлғаны ұстау жүргізіліп құқықтық негізде дәлелденгеннен кейін күдіктіні ұстау ретінде қарастырылады.

«Қылмыс жасады деп күдік келтірген адамды ұстау тәртәбі» деп аталатын бапқа тоқтала кетелік. Ұсталған адамды анықтау не тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы ұстаудың негіздері мен дәлелдері, жері мен уақыты ( сағаты, минуты көрсете отырып ), жеке тінтудің нәтижелері, сондай – ақ хаттама жасалған уақыт көрсетілген хаттама жасайды. Хаттамамен ұсталған адамды таныстырады, бұл ретте оған Қылмыстық процестік кодексінің 64 – бабында көзделген күдік келтірген адамның құқықтары, соның ішінде оның қорғаушы шақыру және оның қатысуымен жауап беру құқығы түсіндіріліп, бұлар хаттамада көрсетіледі. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған қол қояды.

Жоғарыда көрсетілген негіздер мен алдыма қойған мақсаттарды жан – жақты ашып көрсету үшін бұл жұмыстың мазмұнын үш тараудан құрастырдым. Соның бірінші тарауында қылмыстық процестегі ұстаудың жалпы сипаттамасы, ұстаудың мәні және негіздері, күдікті ретінде ұстаудың процессуалдық тәртібі, екінші тарауында ұстаудың криминалистикалық тактиканың түсінігі жалпы ережелері, уақытша ұстау изоляторының ішкі тәртіп ережелерін бекіту.

Мен бұл жұмысты жазу барысында көптеген ғалымдардың еңбектері мен мақалаларын пайдалана отырып, қазіргі таңдағы заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алдым. Мәселен, Б.Қ. Төлеубекованың, В.И. Силвесторовтың, Н.А. Власованың, еңбегін және көптеген заңгер ғалымдардың еңбектерін, мақалаларын пайдаландым.

Күдіктінің процесуалдық тұлғасы қылмыстық сот ісін жүргізуде анағұрлым күрделі болып табылады.

Күдікті дегеніміз, Қылмыстық процестік кодексінің 64 – бабында көрсетілген, ол – тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгені хабарлап, өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам. Яғни оған қатысты іс қозғалған, қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адамды, айыптау табыс етілгенге дейін бұлттартпау шаралар қолданылатын адамды білдіреді. Сонымен бірге күдікті дегеніміз – қылмыстық процестегі құқықтық қатынастарының бірден –бір қатысушы, оның мәртебесі – адамды күдікті деп тану туралы қаулы шығарудың салдарынан емес, осы адамға процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану нәтижесіндегі немесе қылмыс жасады деп күдіктенуге байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау нәтижесінде белгіленеді.

Күдіктінің процесте пайда болуының заң белгіленген негіздері оның әрбір қылмыстық іс тікелей қозғалған сәттен бастап қатысуын жоққа шығарады. Сонымен бірге нақты адамға қатысты қылмыстық істің қозғалуы оны, күдіктінің жағдайына қояды.

Күдіктінің процессуалдық жағдайы істе жеке мүддесінің болуына байланысты. Бұл орайда адамдардың жеке және заңды мүдделері барлық уақытта бірдей сәйкес келе бермейді. Күдікті өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушылардың тізбесін ащатын маңызды процессуалдық тұлғалардың бірі.

Күдіктінің жағдайы ұстаудың шекті мерзімі – жетпіс екі сағатты сақтау туралы заң талабымен күшейе түседі. Күдіктіге бұлттартпау шараларын қолданған жағдайларда адам күдікті жағдайында он тәуліктен астам бола алмайды. Аталған мерзімдердің аяқталуы төмендегі шаралардың бірін қолдануды талап етеді:

- күдіктіні қамаудан босату;

- таңдап алынған бұлттартпау шараларын жоққа шығару;

- адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту.

Күдіктінің процессуалдық мәніне қатысты ғылымда оны іс жүргізушілікті реттеудің аяқталмағандығы және қарама – қайшылығы сияқты факті танудан басқа біріңғай пікір жоқ. Төмендегідей екі көз қарас анағұрлым кең тараған.

Бірінші көзқарасқа сәйкес айыптау табыс етілгенге дейін ұсталған немесе бұлттартпау шараларытаңдап алынған адам емес, сондай – ақ жүргізушілік мәжбүрлеудің кез келген шаралары (тінту, почта – телеграф хат хабарына тыйым салу, айдап жеткізуге және т.б.) қолданылатын.

Мынаны есте ұстау керек. Адамның күдікті ретінде болуының мерзімі 10 тәулік деп белгіленген. Сонымен бірге Қылмыстық процестік кодексінің 65 және 109 – баптарының тікелей мағынасынан адамның күдікті ретінде болуының мерзімі отыз тәулікке тең деген ұғым туындайды. Тап осы мағына Қылмыстық процестік кодексінің 380 – үкімнің қаулысына дейін сотталған адам қамауда болса, алдын ала қамауда ұстау мерзімі есепке алынады.

Заңның адамның қамауда болуына ерекше назар аударуы, түсінуге де мүмкіндік береді. Бұл орайда ұстаудың мәні (азаматтың заңды құқықтарын шектеу) және адамды қамауға алу сәйкес келіп тұр. Сондықтан, бостандықтан іс жүзінде шектеу отырғызу мерзімін белгілеген кезде негізге алынады. Осыған байланысты М. С. Строгович әділетті түрде былай деп атап өтті: «Күдікті ұсталған уақыт бұлттартпау шаралары болып табылатын қамауға алынған мерзімге есептелуге тиіс деп тану қажет, олай болса адам айыпталушы ретінде жауапқа тартылғанға дейін бар болғаны әрі кеткенде 10 тәулік қамауда болуы мүмкін».

Күдіктінің құқықтары жекеленген ерекшеліктерді есептемегенде айыпталушының құқықтарына сәйкес келеді.

Күдікті:

- қандай қылмыс жасағанына байланысты өзіне күдік таңылғандығын білуге;

- дәлелдер келтіруге;

- қалау – тілектерін мәлімдеуге және анықтаушының, тергеушінің, прокурордың іс – қимылы мен шешімдеріне шағымдар айтуына;

- ана тілінде әңгімелесуге және аудармашының қызметтерін пайдалануға;

- анықтаушыға, тергеушіге, аудармашыға, сарапшыға, маманға қарсылық білдіруін мәлімдеуге;

- жекелеген тергеу іс – қимылын жүргізуге қатысуға;

- өзіне ұстау хаттамасын немесе күзетпен қамауға алу түрінде бұлттартпау шараларын қолдану туралы қаулыны жариялаған сәттен бастап қорғаушы көмегін пайдалануға құқығы бар.

Қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамды ұстау – оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлттартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы.

Қылмыстық процестік кодексінің 128 – бабы бойынша көрсетілгендей, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган мына негіздердің бірі болған жағдайда:

1) ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғанда;

2) көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе;

3) ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылған кезде;

4) жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалында ол адамға қатысты ол жасаған немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған болған кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды ұстауға құқылы.

Адамның қылмыс жасағандығына күдіктенуге негіз беретін өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жері болмаған, немесе күдіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.

Ал кейбір заңи әдебиеттердегі көзқарастар мен негіздерге зер салар болсақ. Күдіктінің ұстау қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамды қысқа мерзімді қамауға алудан тұратын қылмымтық іс жүргізу шарасы ретінде сипатталады.

Заң әдебиеттерінде күдіктіні ұстаудың негізгі мәні жайында өзге де көзқарастар кездеседі. Олардың бірі: күдіктіні ұстау – адамды бостандығынан қысқа мерзімге айыратын және дәлелдемелерді жинауға бағытталған тергеу әрекеттерінен тұратын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарасы. Мұндай түсініктеме бірқатар келіспеушіліктерді туғызады.

Күдіктіні ұстау – тергеу әрекеті деген көзқарас оның қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыс оқиғасы орнын қарау, тінту, алу , беттестіру, сұрау алу секілді қылмыс іздерін анықтау және бекітуге бағытталған негізгі тергеу әрекеттерінің қатарына қосылуына байланысты негізделеді. Дегенмен, Қылмыстық процестік кодексінде бекітілген аталған әрекеттердің жүргізілуі тәртібіне талдау жасай отырып, ерекшелігін байқауға болады.

Қарау, тінту, алу, беттестіру және жауап алу өзінің заңи құрылымы бойынша қылмыстық мән – жайы туралы дәлелдемелер алуға бағытталса, күдіктіні ұстау қылмыстық процестегі бұлттартпау (немесе мәжбүрлеу) шарасы болып табылады. Бұл жағдай, әсірессе, «Қылмыс жасаған деп күдік келтірілген немесе айыпталушы тұлғаларды қаралуымен ұстау» заңның мәтінінен жақсы байқалады. Ұстау дәлелдеме жинаудың әдісі ретінде сипатталуы үшін, онда қылмыстық процестік заңымен бекітілген тергеушімен жүргізілетін іздеу, тану және бекіту әрекеттері жүргізу арқылы іздердің белгілі бір ерекшеліктеріне сәйкес іздеу, алу және ондағы дәлелдемелік ақпаратты бекітуге бейімделген әрекеттерден тұруы тиіс». Дегенмен, ұстау өздігінен іздеу, тану, бекіту әрекеттерін қамтиды.

Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тұлғаны қылмыс жасады деп ойласа, оны жақын маңдағы орналасқан қызмен бөліміне апарады не болғаны жайында қылмыстық – процесуалдық сұрақтарды шешу үшін.

Қылмыс болған жерде тергеу көп жағдайларда дұрыс болмайды. Техникалық құралдардың жоқтығынан сол жерден ақпарат алу үшін картотекадан, тез талдау (анализ, сараптама) жүргізу үшін және басқа да тексеру әрекеттерін жасауға тиімді емес. Одан басқа күдікті деген немесе басқа да адамдарды пайдалана отырып өкімет басшыларына қарсы тексеру акцияларын жүргізілуі мүмкін.

Тұлғаны полиция қызмет бөлімшесіне орналастыру мына әрекеттерден тұрады: жеткізілу негіздерін анықтау, тұлғаны қызмет бөлімшесіне жеткізу.

Осы әрекеттерді жасаған уақытта Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өте жинақы, сақ, шешім қабылдағыш, шыдамдылық, уақиғаны тез түсініп және қатаң түрде заңда бекітілген тәртіптер мен негіздерді басшылыққа алып жұмыс жүргізуі тиіс.

Жеткізілу негіздерін анықтағаннан кейін, тұлғаның қылмыс жасағанына көз жеткеннен кейін оны басып алады. Бұл жерде әр – түрлі жағдайлар кездеседі:

-егер, нақты тұлғаны қылмыс жасағаны үшін, қылмыстық істің талдау нәтижесінен немесе басқа да ақпараттардан көріп ұстаса;

-аяқ асты табылған қоғамға қауіпті әрекеттерден көрінсе.

Жәбірленушінің, сондай – ақ өзге де кез келген азаматтың жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігінің жолын кесу мақсатымен қылмыс жасаған адамды ұстауға құқығы бар. Ұсталған адамға ол қарсылық көрсеткен кезде дене күші мен басқа да құралдар қолданыла алады. Егер ұсталған адамда қару немесе өзге де қауіпті заттар немесе қылмыстық іс үшін мәні бар заттар бар деп ұйғаруға негіз болса, оны ұсталған азамат ұсталушының киімінен тексеруге және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет органдарына беру үшін ондағы заттарды алуға құқылы.

Егер ұсталған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырған қаулы келіп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушының өзінің қаулысымен бірден босатады және ол туралы іс жүргізіп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды. Ұстау орнының бастығы бұл талапты орындамаған жағдайда заңмен белгіленгендей жауапты болады. Яғни жетпіс екі сағат ішінде күдіктіге қатысты қылмыстық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қамауға алу жөніндегі бұлттартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады екен. Ұсталған адамды босату кезінде оған оны кім ұстағандығы, ұстаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.

«Қылмыс жасады деп күдік келтірген ұстау тәртібі» деп аталатын бапқа тоқтала кетелік. Ұсталған адамды анықтау не тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы ұстаудың негіздері мен дәлелдері, жері мен уақыты (сағаты, минуты көрсете отырып), жеке тінтудің нәтижелері, сондай – ақ хаттама жасалған уақыт көрсетілген хаттама жасайды. Хаттамамен ұсталған адамды таныстырады, бұл ретте оған Қылмыстық процестік кодексінің 64 – бабында көзделген адамның құқықтары , соның ішінде оның қорғаушы шақыру және оның қатысуымен жауап беру құқығы түсіндіріліп, бұлар хаттамада көрсетіледі. Ұстау хаттамасына оны жасалған адам мен ұсталған адам қол қояды. Анықтаушы мен тергеуші ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде прокурорға ұстау туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

Енді әлгінде айтқан осы Кодекстің 64 – бабының кейбір бөліктеріне тоқтала кеткеннің артықшылығы жоқ деп ойлаймыз. Айталық, оның 2 – ші бөлігінде күдікті ұсталған немесе оған айып тағылғанға дейін бұлтартпау шаралары қолданылған жағдайда ұсталған немесе бұлтартпау шаралары қолданылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей, өзі таңдаған немесе қорғаушымен тағайындалған алғашқы жауап алғанға дейін оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етіле отырып, жауап алуына тиіс екендігі айтылған. Ұсталғаг күдікті алғашқы жауап алу аяқталғаннан кейін телефон арқылы немесе өзге де тәсілмен дереу өзінің тұрған жеріне немесе жұмыс орнына өзінің ұсталғандығы және ұсталып отырған жері туралы хабарлауға құқылы. Ал анықтаушы мен тергеуші өз кезегінде, аталған кодекстің 132 – бабына сәйкес, он екі сағаттың ішінде оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуіне, ал олар болмаған жағдайларда – басқа туыстарына немесе жақын адамдарына күдіктінің ұсталғандығы және оның қай жерде екендігі туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкіндігін күдіктінің немесе айыпталушының өзіне беруге міндетті.

Осы баптың 3 – ші бөлігіне орай істің ерекше сипаты талап ететін айрықша жағдайлар кезінде тергеудің бастапқы кезеңінің құпиясын сақтауды тиісінше қамтамасыз ету мақсатында прокурордың, оның орынбасарының санкциясымен көрсетілген адамдарға хабарлау, күдікті кәмелетке толмаған болып танылған жағдайды қоспағанда, ұстау кезінен жетпіс екі сағат бойы жүргізілуі мүмкін. Демек құқық қорғау органдарының кртпау шарасын үдіктіні ұстағаны жөнінде көрсетілген уақытқа дейін хабарламай тұра тұруына құқықтары бар.

Күдіктінің құқығы туралы айтылған 64 – баптың 3 – ші бөлігінде былай делінген: «Қылмыстық ізге түсу органның:

1)ұсталған адамды – жетпіс екі сағаттан артық;

2)жолын кесу шарасы қолданылған адамды – күдіктіге бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы жарияланған сәттен бастап он тәуліктен артық күдікті адам жағдайында ұстауға құқығы жоқ». Күдіктінің қылмыстық процестік құқығында бекітілген мынадай құқықтарға ие болады. Күдікті үшін күдік келтірілген білуге және өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы қаулының көшірмесін не ұстау хаттамасының немесе бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға; өзіне қарсы күдікке байланысты түсініктеме мен жауап беруге, түсініктеме мен жауап беруден бас тартуға; дәлел ұсынуға; өтініш пен қарсылық мәлімдеуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге; аудармашының ақысыз көмегін пайдалануға; өзінің қатысуымен жүргізілетін тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескерту беруге; тергеуші немесе анықтаушының рұқсатымен оның өтініші немесе қорғаушының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс – әрекеті мен шешіміне шағым беруге; оның қтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алынушы болуға құқылы.

Күдікті деп ұсталған азаматтардың өз құқығын білмеуі немесе одан мүлдем бейхабар болуы кей жағдайларда анықтау мен тергеу органдары тарапынан заңсыздықтарға әкеп соқтырғандығы өмірде аз кездеспейді.

Қылмыстық процестік құқығында бекітілген негіздер бойынша егер ол қылмыс жасағаны үшін күдікті деп танылса, ұсталған тұлғаның қылмысқа қатысы барын анықтау және оған алдын ала кесу шарасын қолдану негізінде жұргізіледі.

Күдіктіні ұстаудың мақсатына анықтама беруге кей авторлар басқаша көптеген толықтырулар келтіріп жатады. Мысалға, А.И. Трусов, ұстаудың мақсатына, ұсталған тұлғаның қылмысқа қатысы барын анықтау және оған алдын ала кесу шарасын қолданып қамауға алудан басқа, тағы да оның жеке басын анықтауды қосады. В.С. Чистиякова – күдіктіге қатысты қылмысты жалғастыруына, тергеуден және соттан қашуына, шындықты ашуға қарсы әрекеттерді қосады.

Мұндай көзқарастар, біздің ойымызша, онша дұрыс емес. Тұлғаның жеке басымен танысу, ұсталған тұлғаның қылмысқа қатысы барын ашудың құрамы сияқты және соттан қашуына, шындықты ашуға қарсы әрекеттер, бұл дәлірек айтқанда ұстаудың есебі сияқты, мұндай ойларды ұстаудың әдісіне жатқызамыз.

Құқық қорғау тәдірибесінде күдіктіні ұстау мақсатына басқаша да пікірлер бар, күнделікті өмірде көрсетілгендей, мысалға күдіктіні ұстау мақсаты – одан жауап алу, қылмыс жасағаны үшін мойындату, көмектесуге қарсы болу деп түсінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам өмірінің қауіпсіздігін және жеке әрбір тұлғаның құқықтық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ету баса айтылған. Егер бұл тақырыпты кеңейтіп айтар болсақ кінәліні тұтқындау мен қамауға алу тек заңда көрсетілген белгіленген жағдайда ғана прокурордың немесе соттың санкциясымен жүзеге асырылады. Онсыз ешкім адамның жеке басының құқығын шектеуге құқықты емес. Мұндай жолсыздық болған жағдайда жәбірленуші өзінің құқығын қорғап, сотқа шағымдануына әбден болады. Ал, құқық қорғау органы күдікті деген адамды прокурордың санкциясынсыз жетпіс екі сағатан аспайтын мерзімге қамауға алып, сөздеріне қажетті мәліметті анықтағаннан соң босатуы керек. Алайда, соңғы уақытта алдын ала тергеу кезінде күдікті адамды заңсыз ұстау мен қамауға алу жиілей түскен.

Күнделікті шығып жатқан ақпарат құралдары мен басылымдарын осындай заңсыздықтар жөнінде көңіл қынжылтатын мақалаларды жиі оқимыз. Бұған қоса Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығындағы мәліметтерге зер салсақ, азаматтардың п шешкенді дұпрокуратура органдарына берілген арыз – шағымдарына негізсіз қылмыстық жауаптылық тарту және заңсыз ұстау, бұлтартпау шарасын қолдану кезінде заңнын өрескел бұзылуы туралы айтылған деректер көп кездеседі. Құқық қорғау органдары мұндай келеңсіз іс – әрекеттердің кебісін тиісті заң нормасына сай, арызданушылардың талабын қанағаттандыра отырып шешкені дұрыс – ақ.

Бұл тақырыптағы терең зерттеуді қажет ететін проблеманың бірі – қылмыстық процестегі күдікті адамның қылмыстық іс – әрекетке қатыстылығын заңдылық тұрғыдан дұрыс анықтау дер едім. Бұл мәселенің мәнісіне тереңірек ой жүгіртсек, жеке азаматты қылмыс жасауға күдікті ретінде жауапқа тартуда адамның болашақ тағдырын шешетін, сонымен қатар қоғамдағы қылмыстық процесуалдық қатынастардың дамуында, әрбір жасалынған қылмыстың обьективтік, субьективтік жағындағы факторлардың алар орны ерекше болмақ.

Қылмыстық іске тергеу жүргізуәжірибесін зерттеген кезде күдікті тұлғаны қылмысқа тартуда оның құқықтық жағынан алар орны дұрыс анықталмаса, күдіктінің субьективтік құқықтарының кепілдігі толық сақталмау салаларына әкеп соғады. Мұндай қиындық тудыратын тұжырымдардың теориялық тұрғыдан толық ашылмауы қазір көптеген проблемаларды туғызып отыр.

Күдіктінің адамға алдын ала тергеу жүргізгенде оның құқықтық орнын анықтауды мынандай он түрлі теориялық және тәжірибиелік талдауға сүйенген қажет деп ойлаймын.

Менің ойымша, күдікті адамның процесуалдық орны құқықтық мәртебені сақтайтын белгілердің бір бөлігі ретінде күдікті адамға қатысты қылмыстық ізге түсу басталған кездегі процесте көрініс табуы керек. Жалпы алғанда күдікті адамның процеске қатысуы және қылмыстық процесуалдық құқықтық қатынасқа түсуі, сот өндірісінде дұрыс шешілетін нақты құқықтардан құқықтардан тұруы қажет.

Бұл құқықтағы қорғану құралдарының негізгі белгілеріне: күдікті адамның түсінігі, жалпы құқықтары мен негізгі құқықтары, заңдылық мүдделері және міндеттері, құқықтық кепілдіктері жатады.

Күдікті адамды тергеу барысында заңмен қатаң белгіленген шектен асып кетпеуі естен шығармау керек. Күдікті адамды ұстаған кезде немесе бұлтартпау шарасына тартқанда немқұрайлыққа жол берілмеуі тиіс. Сондай – ақ, тәжірибеде қылмыстық іске қатысты күдіктілер немесе мәртебесі анықталмағандар күдікті деп танылуы үшін заң кепілдік берген әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік алулары қажет.

Ендігі бір айта кететін ой, күдікті адамның процесуалдық орнын анықтағанда заңдылықты реттеудегі тепе – теңдіктің дамуы мен құқықтық міндеттердін жүйесіне назар аудару керек. Өйткені күдікті адамға қатысты процесуалдық міндеттер жүктейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 64 – бабындағы құқықтар мен міндеттерді бір нормаға келтіріп, нақты реттеу аса қажет нәрсе. Бұл тұрғыда өз басым күдікті адамның процесуалдық мынадай құқықтарын:

-күдікті адамның жалпы құқықтары, оның арнайы процесуалдық мәртебесіне күдікті деп танылғанда қолданылатын құқықтар;

-арнайы құқықтары – тұлғаны процеске күдікті ретінде тарту ерекшелігі немесе өзге де ерекшеліктері бойынш;

-күдікті адамның нақты бір тергеу әрекеттерінде ие болатын құқықтары, - деп дәрежелеуі дұрыс болар еді.

Күдікті адамның міндеттерін дәрежелеу және қолдану негіздері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 64 – бабына 9 – бөлікті қосу керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің тергеуші тергеу жүргізгенде күдікті адамның жеке өмірі, жыныстық айырмашылығы мен ерекшелігі туралы ақпаратты негізсіз таратпауды міндеттіне алу нормасымен толықтыру.

Күдікті адамның жауабының белгісі болып, дәлелдеу заты екенін растайтын мән – жайларды ғана кіреді. Бұл ретте күдікті адамның жауабының заттық белгісінің негізіне процесуалдық мәжбүрлеудің бір ғана түрін таңдау әрекеттері болмауы керек. Ол дәлелдеу заты болатын бірнеше әрекеттерден тұруы тиіс. Мұндай әрекеттердің қатарына, күдікті адамның қылмыстық оқиға байланысты әрекеттері, оған қоса алдын – ала тергеу кезіндегі әрекеттер де жатады. Сондықтан Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің 17 тарауында мынадай редакцияда: «Күдікті өзіне қарсы құрылған (сформулированного) күдікке қарсы және өзіне белгілі басқа да мән – жайлар туралы айғақ беруге құқылы», - деп жазылғаны жөн болар еді.

Барлық тұлғаларға, соның ішінде күдікті адамның қылмыстық процестегі заңдылық мүдделері мен құқықтық кепілдің ішінде процесуалдық нысан ерекше орын алады. Ондағы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы – соның көрінісі. Ол қаулының процессуалдық нысаны дұрыс сақталды ма, жоқ па, соны нақты білуге негіз болады.

Күдіктіні ұстау жүзеге асырылған сәттен бастап прокурорға хабарлануы керек деген түсінікке, өз басым келісе қоймаймын. Мұндай шапшаңдық прокурордың қадағалаудағы тез жүзеге асыруына мүмкіндік береді деген болжам асығыстыққа, ал асығыстық қателікке ұрындыруы ықтимал.

Менің ойымша, күдіктіні ұстау жүзеге асырылған соң анықтау органына 12 сағат ішінде хабарлануы керек. Ал бұл уақытқа дейінгі ұстаудағы мезгіл заңмен анықталмаған кеңістік ретінде есептеледі. Прокурор хабарламаны қабылдағаннан кейін ғана 48 – сағаттың ішінде ұстаудың заңдылығын тексереді. Қалай десекте ұстау уақыты нақты анықталуы тиіс. Егер ұстау туралы қаулының көшірмесі өз кезегінде прокурорға тапсырылса, ол прокурордың қадағалауды нақты жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Сонымкен бірге прокурор қысқа мерзімде қаулының көшірмесін алып үлгірсе, күдіктіні ұстау туралы көп ақпарат жинауға мүмкіндік туады. Сондай – ақ бұл тергеу әрекеттерінің процессуалдық дұрыстығын тексеруге де мүмкіндік береді.

Менің ойымша, анықтау органы күдікті адамды ұстанғанда және күдік келтіретін жағдайларды тексеру кезінде, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуға кешкен кезде прокурордың тікелей жауап алуын тәжірибеге енгізу ешқандай артықшылық етпейді. Бұған қоса қылмыстық сот өндірісінде кәмелетке толмағандардан және денсаулығы нашар психикалық кемшіліктері бар адамдардан жауап алуды міндеттеу де шарт. Мұндай жауап алудың нәтижесінде прокурор күдіктіні ұстаудың негізін, ұстау қандай жағдайда жүзеге асырылғанын, ұстаудың неден туындағанын ой қорытындысынан өткізіп, күдікті адамның жауапкершілігін анықтайды.

«Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» заңның – бабында азаматты күзетте ұстаудың негізі – хаттама делінген. Бұл тергеушілердің құқығын бұзады. Хаттама бойынша күдіктіні үш күн ұстауға ғана мүмкіндік бар. Ал хаттама анықтау органы мен тергеу кезінде тергеушіге күдіктіні үш күн ұстауға негіз болып болып табылмайды. Сондықтан заңдылық тұрғыдан мұндай қиыспайтын мән – жайларды бір ізге түсіру де өзекті мәселе дер едім. Күдіктіні қылмыстық процестік заңында көрсетілген негіздерде ұстау жүргізілгендігін құқықтық тәртіпте міндетті түрде рәсімделеді. Бұл рәсімделу тергеуші немесе анықтаушының шығарған дәлелді қаулысы мен хаттама толтыру арқылы жүргізіледі. Бұл хаттаманың толтыру төмендегі негіздерде жазылады.

Хаттаманы тергеуші жазады, күдіктіні қылмыс жасады деп шешсе. Тергеушінің жазбаша тапсырмасы бойынша немесе полиция бастығы оралымды кезекші жасайды.

Хаттамада негіздер және себептер, күні, жылы және айы, ұсталған жері, күдіктінің түсініктемесі, хаттама жазылған уақытты көрсетіледі. Практикада оның мазмұнына басқа да сияқты құжаттарға реквизиттар кіреді – хаттама жазылған жер, лауазымы, атағы және аты жөні хаттама жазған тұлғаның, аты – жөні, жері, жылы және туған күні, жұмыс орны, лауазымы, тұратын жері күдіктінің. Одан басқа, хаттамада басқа, хаттамада басқа да әрекеттер, мысалға, күдіктіні ұстауүшін қолданылған әр түрлі әрекеттер көрсетіледі: құғын түсіндіру, қорғаушы алғысы келетіндігін.

Хаттамада толтырылған адамның және күдіктінің қолы қойылады. Соңғысы хаттамамен танысып, оған оның құқықтары және не үшін ұсталғаны түсіндіріледі, бұл жөнінде де хаттамада көрсетіледі.

Күдіктіні ұстау кезеңдері мен тәсілдері әртүрлі нысандарда жүргізілетіндігін төмендегі жағдайлар бойынша талдауымызға болады.

Бірінші жағдайда алдын ала басып алу негіздеріне байланысты құжаттар дайындалып (күдіктіні ұстау қаулы шығарады), ішкі істер қызметкерлерінің басшылығымен алдын ала топ ұйымдастырылады. Бұл топ дайындық барысында: күдіктінің жеке басын айқындайтын мәліметтермен танысып; басып алу болады деген жерді бақылап, басып алу жоспары жасалады.

Нақты жағдайға байланысты жедел іздестіру шараларын жүргізу арқылы, мәселен сұрау салу, тексеру жүргізілу нәтижелері бойынша күдіктіні ұстап басып алу тұрған жерде, жұмысында, көшеде жүргізіледі. Күдіктіге қаулыны көрсетіп, ұсталғаны жайында түсіндіріліп, қамауға алынады. Егер күдікті қоғамдық ортаға қауіпті екендігі айқындалса, онда оның не үшін ұсталғандығын хабарламауға болады. Бұл жағдайда күдіктіні ұстау қаулысы көрсетілмейді. Тұлғаны полиция бөлімшесіне түрлі жағдайларды қолдану арқылы, әртүрлі құқық бұзушылықтың негізін немесе қоғамдық тәртіпті бұзудың, құжаттарының дұрыс емес екендігін және тағы да басқа жағдайларды айтып алыпкету керек.

Басып алудың ерекшілігі екінші жағдайда, басып алу жағдайы аяқ астынан, қоғамға қауіпті әрекеттерінің нәтижелерінен көрінсе, бұл жағдайда алдын ала ішкі істер қызметкерлерінің жоспар құрып дайындалуға, қажетті топтар құруға және құралдарды бейімдеуге мүмкіндік жоқ уақыттарда күдіктіге, оның жағдайына, қару – жарақтары бар ма, жоқ па екенін абайлап қарап, қорғану шараларына дайын болу керек.

Мұндай жағдайда жан – жақты болу қажет, күдікті қарсы шығуы немесе бірге қатысқандар болуы, қарулы қарсылықтар да болуы мүмкін. Бірлескен тұлғаларды ұстау, алдын ала оралымды кезекшімен хабарласуы керек, жақын жерде орналасқан полиция қызметкерлерімен және егер болса, азаматтардың көмегін сұрауға болады. Осы әрекеттерді қолға алмаса, онда күдіктілер қашып кетуі, қарсылық көрсетуі немесе аса қауіпті әрекеттер жасауы мүмкін.

Мысалға, қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел басқару қызметкері түннің ортасында бір үйдің ішінде нашақорлар ұйымын қолға түсіреді, бір топ таныс тұлғалар, арасында бұрын сотталғандар, еш жерде жұмыс істемейтіндер. Олардың сау емес екендігін көріп тұрып, көмек көрсетуге ешкімді шақырмай, тергеу жасамақшы болды сол жерде. Қару – жарақтары болған нашақорлар капитанға қарсы шықты, айуандық жолмен ұрып – соғып, өлікті өзеннің жағалауына апарып, топыраққа көміп тастады.

Басып алу туралы және азаматты полицияға жеткізуге шешім қабылданса, алдымен көрсететін әрекеттеріне көз жүргізіп, ұстау туралы жоспар жасап алу арқылы ыңғайлы уақытты белгілеп алуы керек. Ұстау, мүмкіндік болғанша көпшілік ортада емес жерде және қалалық аялдамадан қашық жерде жүргізілуі қажет. Полиция қызметкерлері асықпай баяу, күдіктіге байқатпай, жақындап тоқтау керек екендігі туралы бұйрық беріп, өзінің ұсталғаны жайлы хабарлауы тиіс.

Ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамда қару бар деп ұйғаруға негіз болған не ол өзінің қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажетті жағдайларда көзделген ережелерді сақтай отырып, ұсталған адамға дереу және тінту жүргізуге құқылы.