Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128.3 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылған мәлім.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі және Қылмыстық процестік кодексі Қазақстан Республикасының Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптермен мен нормаларына негізделген.

Заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Құқық қорғау органдарының басты мақсаты болып заңның дұрыс және обьективті орындалуын, қылмысты алдын алу.

Соңғы жылдары елімізде қылмыстың өршуі , оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны әрі өсуде. Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысының жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеудің нәтижелі жүргізілуін және тиімді тәсілдерді жан – жақты пайдаланылуын талап етеді.

Жасалған қылмысты тез арада ащып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады, сондай – ақ қылмыс жасаудан кейбір адамдарды алдын ала сақтандырады.

1 Қылмыстық процестегі ұстаудың жалпы сипаттамасы

    1. Ұстаудың мәні және негіздері

Қылмыстық іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары – бұл қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген сот әділдігінің міндеттері мен тергеу шектейтін іс бойынша қылмыстық процесті жүргізуші органның, әрекетері мен шешімдері.

Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының шарттары – әділ сот мақсаттарының жетістігіне жету қажеттілігі, қылмыстық сот өндірісі мен үкімді орындауға қатысты тәртіптерді анықтаумен қамтамасыз етілуі. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары тек кедергі болған жағдайда және іс қозғалысына қатысты кедергілердің пайда болу мүмкіндігі шынайы туындаған жағдайда қолданылады.

Іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының негізіне:

1)қозғалған қылмыстық істің болуы;

2)оған қатысты субьектілердің болуы (прокурор, анықтаушы, тергеуші, және өз өндірісінде істі қабылдаған және қарсылық білдірмеген сот);

3)оған қатысты обьект (қылмыстық іс жүргізу заңның әрекеттері тағылатын тұлғалар) жатады.

Қозғалған қылмыстық іс заңды түрде іс жүргізушілік мәжбүрлу үшін қызмет етеді, себебі, онда қоғамға қауіпті әрекеттердің жүзеге асуы туралы қорытындылар болуы мүмкін. Мәжбүрлеу шаралары іс тоқтатылғаннан кейін қолданылуға тиісті емес.

Заңға сәйкес істі тоқтату барысында бұлттартпау шаралары, мүлкін тәркілеу, корреспонденция, қызметінен уақытша шеттету шаралары жойылады.

Қылмыстық іс жүргізу заңы мынадай іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қарастырады:

-күдіктіні ұстау;

-бұлттартпау шаралары;

-басқа да іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.

Ұстаудың мәні прокурор мен соттың алдын ала рұқсатынсыз адамды уақытша күзетке алу. Осыған байланысты ұстау екі түрге бөлінеді: айыпталушыны ұстау және күдіктіні ұстау.

Айыпталушыны ұстау – бұл іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының тосын түрі. Оның мазмұңы күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын таңдап, қорытынды шығару туралы қылмыстық ізге түсу органдарының өтінішін қарау үшін тез арада айыпталушыны сотқа жеткізу мақсатында қысқа мерзімге күзетте ұстауға негізделеді. Бірақ айыпталушыны ұстау күдіктіні ұстауға қатысты көзделген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Айыпталушыны ұстаудың өзіндік ерекше негіздемесі, мақсаттары, уәждері және шарттары бар. Оның негіздемесі прокурордың, тергеушінің күзетке ұстау сияқты бұлттартпау шараларын таңдау туралы өтінішін соттың судьясы қарау қажеттілігіне тікелей байланысты. Ал мақсаты айыпталушыны аталған өтінішті қарау мақсатында сотқа тез арада жеткізу болып табылады. Уәжі ретінде айыпталушының тергеушіге тіпті сот отырысына келуден жалтару қаупінен сақтану белгілерін атауға болады. Ұстау шарттары айыпталушы ретінде мәжбүрлеу туралы қаулының негізді қабылдануына қызмет етеді.

Күдіктіні ұстау Қылмыстық Процестік Кодекстің 17 – тарауында қарастырылған. «Сезіктіні ұстау» ұғымының мәнді белгілері оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізулік мәжбүрлеу шарасы ретінде тануға негіз болады.

Қылмыстық іс жүргізулік ұстауды жай ұстаудан, әкімшілік ұстаудан және күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларынан ажыратып қарау керек.

Ұстау деп қылмыс жасады деп күдік келтірген адамды өз бетінше әрекет ету құқығынан айыру үшін дене күшімен мәжбүрлеу шаралары түсініледі. Заң бойынша қылмыскерді жәбірленушінің өзі, сондай – ақ басқа азамат немесе полицияның патруль – күзетші қызметкерлері ұстай алады.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасының ҚПК 453 – бабының 1 – 1 тармағында (үкімді орындау сатысында) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты іздестіру жариялау мен бұлтартпау шаралары қарастырылған. Тұрғылықты жерінен жасырынған және тұратын жері белгісіз сотталған адамға іздестіру жарияланады және ұсталуы да мүмкін.

Іс жүргізулік ұстау күзетке алу сияқты бұлтартпау шарасымен ұқсас келеді. Екі жағдайда да күзетке алынған іс жүргізулік ұстау жүзеге асырылады. (ҚР ҚПК 150 – баптың , 5 – тармағы). Бірақ бұл екеуі екі түрлі ұғымдар.

Ұстау тосын қолданылатын, қысқа мерзімді күзетке алу белгілерімен ерекшелінеді, оның ерекше негіздемесі, мақсаты, шара қолдану әрекеттері болады. Ұстау әрқашан тосын іс жүргізулік әрекеті деп танылады, сондықтан соттың санкциясынсыз қылмыстық ізге түсудің бастапқы сатыларында ғана жүзеге асады. Бір ғана күзетке алу сияқты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініш бойынша айыпталушыны қайтадан ұстауға жол берілмейді.

Іс жүргізулік ұстау шарасын тергеуші, прокурор, анықтау органы мен анықтаушы, қылмыстық ізге түсу органдары ғана жүзеге асыра алады.

Күдіктіні ұстау негіздері ҚПК 128 – бабында қарастырылған. Қылмыстық ізге түсу ісін жүзеге асыратын орган мына негіздердің бірі болған жағдайда күдіктіні ұстай алады:

1)қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғаг адам. Қылмыс жасау кезінде немесе оны жасаған адамды жәбірленушіні, көрген адам, полиция қызметкерлері ұстай алады.

2)Көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасау кезінде сол адамды тікелей көрсете алады немесе сол адамның оған қол сқғушылығына қарсы бұлтартпау мақсатында ұстай алады. Осы негізде ұстау кезінде бір ғана көрген адамды тану жеткілікті.

3)Ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылады.

Бұндай іздер дене жарақатының болуымен, заттай дәлелдемелердің болуымен (мысалы, қару және қылмыс заттары, қан ізі) анықталады. Осыған орай анық іздер тек үйін ғана емес жұмыс орнын, гаражын, саябағын, басқа жерлерді тінту кезінде табылуы мүмкін.

4)адамды қылмыс жасаған деп күдікті етуге негіз болатын басқа да мәліметтер болған кезінде. Бұл мәліметтердің кінәлі екнін дәлелдеуде күші аз және қылмыстың аса айқын емес іздері болып саналады (күдіктінің қылмыскер пішініне ұқсас болуы, мойындап келуі, көрмеген адамды тану).

Осы негіздер бойынша ұстау мүмкіндігі төмендегі шарттардың бірі болған жағдайда жүзеге асырылады:

а)егер бұл адам жасырынуға талпынса (ұстау кезінде қарсылық білдіру, қашуға бейімделу, жолға кетуге дайындалу);

б)егер ол адамның тұрақты тұрғылықты жері болмаса. ҚПК 128 – бабының мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрғылықты жері болмауы тиіс;

в)күдіктінің жеке тұлғасы туралы мәліметтер белгілі болмаған жағдайда. Адамды ұстау туралы хаттаманы толтыру барысында ұсталған адамды куәландыратын құжаттардың болмауы күмән тудырады.

Ұстауға қатысты негіздер – қылмыс жасаған деп күдіктелген адам обьективті тергеуге және талқылау ісіне кедергі келтіретіндей қауіп тудырса, тергеу ісінен жасырынса, қылмыстық әрекетті жалғастыратын болса немесе іс бойынша ақиқатты ашуға кедергі келтірсе (куә, жәбірленуші атына қауіп төндірсе).

Ұстау шарасын қолдану күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын таңдау ретінде сипатқа ие болуы керек (күдіктінің мінез – құлқын түзетуге қатысты басқа да құралдар сияқты).

Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкциясы бойынша ғана тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген әдейі қылмыс жасалғандығы және заңмен үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда қылмыс жасалғандығы үшін айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады. Басқа қылмыстар бойынша, яғни қамауға алу ретіндегі бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ұстаудың да қажеттілігі болмай қалады. Осыған орай күдіктіні ұстау заңдылығы қылмыстық істі қозғау кезінде дұрыс квалификацияның болуына байланысты.

Ұстаудың арнайы негіздемесі – дербес категориялары лауазымды адамдардың қызметтік иммунитетіне қатысты қосымша талаптарды сақтау. Мысалы, Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы және оның мүшелері, Қазақстан Республикасының судьялары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және дипломатиялық қызметі бар тұлға қылмыс жасаған және дипломатиялық қызметі бар тұлғалар қылмыс жасағанжерінде ұстау жағдайынан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасының Парламентінің келісімінсіз қамауға алынуға тиісті емес.

Іс жүргізушілік ұстау (соның ішінде қысқа мерзімге қамауға алу) іс қозғалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Күдіктіні жеткізген сәттен бастап үш сағат ішінде кешіктірмей ұстау туралы хаттама толтырылуы тиіс ( ҚР ҚПК 129 – бап). Ұстау туралы хаттама ҚР ҚПК 199 – бабына сәйкес толтырылады. Онда толтырылған күні мен уақыты көрсетіледі, күдіктіні ұстаудың негізі мен уәждері, оны жеке өтіну нәтижелері мен оның түсініктемесі енгізіледі. Бұған қоса, хаттамада ұсталған адамның күйі (мас болуы, жарақаттарының болуы және тағы басқа әрекеттерінің болуы), оның киім киісі туралы мәліметтер толық түрде анықталып көрсетілуі тиіс.Хаттама күдікті адамға хабарланады, оның құқықтары түсіндіріледі және түсіндірілгені туралы хаттамаға жазба белгіленеді. Хаттамаға күдікті мен оны толтырған адам қол қояды. Хаттаманың көшірмесі қолхат арқылы күдіктіге тапсырылады (ҚПК 230 – бап, 4 – тармақ).

Адамды ұстау барысында анықтау, тергеу органдары немесе анықтаушы, тергеуші ұстау туралы хаттама толтырылған сәттен бастап он екі сағат ішінде прокурорға хабарлауы міндетті.

ҚР ҚПК – нің 134 – бабына сәйкес осы мерзім ішінде ұстау туралы хабарланады:

-жанұяның кәмелетке жасы толған мүшелеріне, олар болмаған жағдайда күдіктінің жақын туыстарына хабарланады немесе күдіктінің не айыпталушының өзіне хабарлауға мүмкіндік беріледі;

-әскери бөлімнің командованиесіне хабарланады, егер күдікті әскери қызметтегі адам болса;

-ұстау орны туралы ақпаратты білу үшін қорғаушысына хабарланады.

Алдын ала тергеу мүддесіне сай күдіктінің туыстарына өзі хабарлау құқығы шектелуі мүмкін (мысалы, қылмысқа бірге қатысқандар қылмыстың ізін жою немесе өзі ұсталмауға талпыну қаупінің алдын алу үшін).

Кейбір жағдайларда ұсталғаны туралы хабарлама прокурордың санкциясымен де жүзеге аспауы мүмкін. Хабарламаны кейінге қалдыру тергеудің айрықша жағдайларымен, тергеу құпияларымен негізделеді (мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыс, қастандыққа қатысушының біреуін ғана ұстау басқа қатысушылардың тергеу ісіне қарсы кедергі келтіруі мүмкін).

Кәмелетке жасы толмағандарды ұстау туралы қандай бір жағжайжа болмасын тез арада оның заңды өкіліне хабарланады (ҚР ҚПК 56 – тарау). Тергеуші не анықтаушы күдіктінің асырауындағы адамды қамқорлығына алу туралы және оның мүлкін сақтау туралы шаралардықолдануға міндетті .

Күдікті ұсталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей күдіктіге қорғаушысының қатысуымен жауап беру мүмкіндігі жүргізілуі тиіс (ҚР ҚПК 64 – бап).

Күдікті адам тергеу изоляторына қамауға алынады, тергеу изоляторынан алыс жерде болған жағдайда прокурор, анықтаушы, тергеуші қаулысы бойынша бұл адам уақытша ұстау (қамау) изоляторында, гауптвахтада қамауға алынады.

Күдіктіні ұстау оны босатумен немесе қамауға алу ретіндегі бұлтартпау шараларын қолданумен аяқталады.

Заң күдіктінің босатудың мынадай негіздерін қарастырады:

ҚР ҚПК 133 – бабы

1)Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынған адам, егер:

а)қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік расталмаса;

ә)ұстап алынған адамға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын не қамаққа алу не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу түріндегі жазаны қолдануға негіздер болмаса;

б)ұстап алу осы Кодекстің 131 – бабының талаптарын елеулі түрде бұза отырып жүргізілген болса;

в)ұстап алу үшін заңды негіздер болмаса, сотқа дейінгі тергеп – тексеруді жүзеге асырып жатқан адамның немесе прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.

2)Егер нақты ұстап алынған кезден бастап жетпіс екі сағаттың ішінде ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығына күдіктіні күзетпен ұстауды санкциялау туралы сот қаулысы келіп түспесе, ұстап алынған адамды ұстау орнының бастығы оны өзінің қаулысымен дереу босатады және ол туралы іс жүргізуінде іс жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.

3)Осы баптың екінші бөлігінің талаптары орындалмаған кезде ұстап алынған адамды ұстау орны әкімшілігінің басшысы заңда белгіленген жауаптылықта болады.

4)Ұстап алынған адам босатылған кезде оған оны кімнің ұстап алғаны, ұстап алудың, жеткізудің негіздері, орны мен уақыты, босатудың негіздері мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.

5)Осы баптың бірінші бөлігнің 3) және 4) тармақтарында көзделген жағдайларда, заңсыз ұстап алу барысында не одан кейін ұстап алынған адамның қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттері нәтижесінде алынған деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады.

Жалпы ережелер бойынша ұстау мерзімі ұсталған сәтінен бастап жетпіс екі сағаттан артық болмауы тиіс. Егер ұсталған сәті көрсетілген мерзім ішінде анықтаушы, тергеуші қамауға алу туралы қаулы қабылдамаса күдікті босатылады.

Ұсталған адамды босату кезінде мыналар тапсырылады:

-тергеуші не анықтаушының күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды таңдау туралы өтінішінің қанағаттандырылмайтындығы туралы прокурор немесе сот қаулысының көшірмесі;

-ұстау туралы анықтама. Анықтамада кім ұстағаны, ұстау негіздері, ұсталған жері, уақыты, босату негіздері мен уақыты көрсетіледі (ҚР ҚПК 133 – бап).

Үйде қамауда ұстау (ҚР ҚПК 146 – бап) қылмыстық процестегі жаңа бұлтартпау шараларының бірі. Үйде қамауда ұстау шарасының мәні – айыпталушы, күдіктіні пәтерінен, үйінен немесе басқа да тұрғылықты жерде кетпеуге, кейбір адамдармен ауызша, жазбаша және байланыс құралдары бойынша қатынас жасамауға тыйым салу.

Үйде қамауда ұстау дене мәжбүрлеу түріндегі бұлтартпау шарасы болып табылады немесе бұл шара күдіктіні, айыпталушыны қоғамнан оқшаулатады. Бұл шара күдіктіге қолданылады немесе айыпталушы , күдіктінің келісімінсіз сот санкциясымен таңдалып алынады. Үйде қамауда ұстау айыпталушының әрекеттеу бостандығы мен қарым – қатынас жасау бостандығын шектеуді негіз етеді.

Қылмыстық процестік заңы үйде қамауға алынған адамды басқа күдіктілермен, айыпталушылармен, жәбірленушімен олардың өкілдерімен, куәмен, сарапшымен, куәгермен, туыстарымен, достарымен қарым – қатынас жасауға тыйым салынады.іс бойынша обьективті өндірісті қамтамасыз ету мақсатында айыпталушыға журналистерге ақпарат беруге, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өтініш білдіруге тыйым салынуы мүмкін. Осы кезде үйде қамауда алу, ереже бойынша айыпталушыны бірге тұратын адамдарымен қатынасуына тыйым салу көзделмеген.

Үйде қамауға алу шарасын таңдау барысында тергеуші прокурордың санкциясына сәйкес қаулы шығарады.

Арнайы шарт негізінде заң мынаны қарастырады:

-үйде қамауға алу шарасы айыпталушы немесе күдікті кәрі жаста болуы;

-ауыр науқасты болуы;

-жүкті болуы;

-отбасылық жағдайлары;

-басқа да жағдайлар болуы сияқты қамауға алу қорытындысы үшін негіздемелер мен шарттар болған кезде ғана қолданылады.

Үйде қамауға алу шарасын тағайындау туралы қаулыда белгіленген шектеулердің сақталуын қадағалау міндеті жүктелген орган мен лауазымды тұлға көрсетіледі. Қамауға алынған адамның тұрғылықты жері күзетіледі, ал оның мінез құлқын қадағалау қажетті жағдайларда ғана белгіленеді.

Үйде қамауға алу мерзімі, оны ұзарту тәртібі және шағымдану тәртібі қамауға алу шарасына ұқсас және ол туралы ҚР ҚПК – нің 96 – бабында көрсетілген.

Үйде қамауға алынған күдіктінің, айыпталушыға салынған шектеулер мен тыйымдар бұзылған жағдайда бұлтартпау шарасы қамауға алу қорытындысымен өзгертілуі мүмкін.

Сот-аспектілері тактикасы жалпы ережелер оның мазмұны алынған өз ерекшеліктері бар. Әлбетте, процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде қамауда ұстау анықтамасы, оның тактикалық ерекшеліктері дамыту және қарау үшін жеткілікті болып табылады. Қылмыстық істі қамтамасыз ету үшін – бір жағынан ұстау басқа адамның заңсыз іс – шаралар алдын алу үшін жүргізіледі. Сонымен қатар, кез – келген іс – тергеу мақсаты дәлелдемелерді жинау болып табылады. Күдіктіні ұстау тергеу жатқызуға мүмкін емес. Әлбетте, заң процессуалдық мәжбүрлеу шараларын процессуалдық іс қосу үшін себеп болды, қандай ұқсас қорытындылар келеді. Қамауда ұстау орны бойынша орналастыру кейіннен ішкі істер органына жеткізілген күрделі төтенше ( жедел әрекетті және мәжбүрлеу шарасын үйлестіретін ) қылмыс жасаған күдікті адамның бостандығы қысқа мерзімді шектеуге бағытталған іс – шаралар, оның қарсылықтың жолын кесу және ұстау. Ұстау анықтау оны жүзеге асыру барысында жүргізіп отырған міндеттерді көрініс:

-анықтау, алдын ала тергеу және сот талқылауы органдарының қашып кету әрекетін жолын кесу;

-адамның қылмыстық іс әрекетін жолын кесу.

Қамауға алу – кейбір жағдайларда , қылмыс жасады деген күдікпен бір адамды ұстау бұлтартпау шарасын қолдану алдында болу мүмкін. Ресейде жедел жағдайды қарқындылығы, сондай – ақ Ресейдің қылмыстық заңнамасы бас бостандығынан айыруға жазаланады, ол үшін қылмыс жасады деген күдікпен бір адам, полиция учаскесіне алып кезінде, әдетте, өз еркімен қарсылық беруден бас тартса, бұл факт және қашуға тырысады. Сондықтан ұстау тактикалық және құқық талаптарына сәйкес қатаң жүзеге асыру үшін қажетті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде 33 – бабында ұстаудың мынандай түрі көзделген. Яғни бұл процесуалдық нормаға жатпайтын ұстау әрекеті болып табылады.

Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән – жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттілігі бар адамдармен бірге жәбірлегушілер мен басқа азаматтардың да құқығы бар.

Қылмыс істеген адамды ұстау – қылмыстылықпен күресудің негізгі элементтерінің бірі. Сондықтан да қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттігі бар адамдармен бірге жәбірленушілер мен басқа азаматтардың да құқығы бар (33 – бап). Бұл - әркімнің қызметтік және азаматтық парызы. Қылмыскерді ұстау туралы қылмыстық құқық нормасы бұрынғы Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде көрсетілмеген еді. Азаматтардың қылмыскерді ұстауға байланысты әрекеттері қажетті қорғану ретінде бағаланады. Осындай арнаулы заң нормасы Украина, Өзбекстан Қылмыстық кодексінде бұрын бар болатын. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет қылмыс істеген адамды ұстағанда оған зиян келтіру қылмыс болып табылмайды деп көрсетілген.

Өйткені қылмыскерді ұстағанда оның жеке өзіне, мүліктік мүддесіне зиян келтірілуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ондай зиян мөлшері аса елеулі болуы да мүмкін. Сондықтан да қылмыстық заң мұндай реттерде зиян келтірудің шекаралық белгілерін көрсетіп беруі тиіс.

Қылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтірудің дұрыстығын анықтаудығы мән – жайлар негізінен екі топқа бөлінеді. Біріншісі, қылмыс істеу фактісіне байланысты мән – жайлар, екіншісі, қылмыс істегеннен кейін оны ұстауға байланысты келтірілген зиян.

Қылмыскерді ұстаудың негізгі болып оның біткен немесе аяқталмаған қылмысты істеуі немесе қылмыс істегеннен кейін одан жасырыну, құтылу әрекеттерін жасауы болып табылады.

Бұл жерде ескеретін жайт, қылмыскер деп қасақана немесе абайсыздық пен қылмысты істеген адамға белгілі бір дәрежеде оны ұстағанда зиян келтіру туралы сөз болып отыр. Қылмыс істеп жатқан адамның өзін немесе қылмыс істегенен кейін нақ сол қылмыскерді ұстау – осы институтты жүзеге асырудың шарты болып табылады.

Қылмыстық процестік кодексінің талаптарына сәйкес қылмыс істеді деп күдіктіден адамды ұстауға мынадай негіздердің бірі болғанда ғана жол беріледі:

а)бұл адамның қылмыс істеп жатқан үстінен шықса немесе қылмысты жаңа ғана істеп болған үстінен шықса;

б)көзімен көрген адамды, соның ішінде жәбірленуші де қылмысты істеген осы адам деп тура көрсетсе;

в)күдікті адамның өзінде немесе киімінде өз қасында немесе үйінде қылмыстың айқын көздері табылса.

Қылмыскерді ұстаудың сөзсіз негіздері болып оның тұтқыннан, қамаудан, жаза өтеп жатқан мекемеден қашуы болып табылады.

Қылмыскерді ұстау деп негізінен ол адамның қылмыс істеп жатқан кезінде ұсталуын айтамыз. Бірақ адам қылмыс жасаған кезде ұсталмаса оны ұстау қылмыс істегеннен кейін де қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

Қылмыс істеген адамды ұстаған кезде зиян үшінші жаққа емес, тек соның өзіне ғана келтіріледі. Келтірілген зиян барынша шамалы, аз және негізді болуы керек. Мұндай зиян келтіру тек амалсыздан, басқа шараның жоқтығынан болуы қажет. Егер қылмыс істеген адамның өзі туралы белгілі болса, айналасындағыларға қауіп төндірілмесе, оған зиян келтіруге ешбір негіз жоқ. Қыдмыскерді ұстау барысында оған келтірілген зиян мөлшері істелген қылмыстың қауіптілігіне, қылмыскердің тұлғасына, оның мінез – құлқына немесе оны ұстау жағдайына да байланысты болады. Ауыр, өте ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезінде оған елеулі зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы, әйел зорлап, қарақшылық жасаған адамдарды ұстағанда олардың қарсылығына қарай келтірілген зиян мөлшері де соған сәйкес болуы ықтимал.

Ұстау кезінде қылмыскерге келтірілген зиян мөлшері қылмыскердің тұлғасына да байланысты. Мысалы, аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде оған келтірілген зиян мөлшері алғаш рет қылмыс жасаған адамға келтірілген зиянға қарағанда едәуір көп болатыны өзінен – өзі түсінікті. Зиян мөлшері ұсталатын қылмыскердің жынысына, жасына да байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің тиісті бабына сәйкес тұтқын орнынан қашқан әйелдерге, жасөспірімдерге қару қолдануға болмайды. Осыған байланысты жасөспірімдерді, әйелдерді, өте кәрі адамдарды, мүгедектерді қылмыс істеген кезде немесе одан кейін ұстағанда оған қолданылатын күштеу шараларын шектеу қажет. Аса ерекше жағдайларда ғана мұндай адамдарды ұстау оларға зиян келтіруімен ұштасу керек.

Зиян келтіру кейбір жағдайларда ұсталатын қылмыскердің қарулануына, қылмыс істеген уақытқа, орынға, жағдайына да байланысты. Қылмыскерді ұстаудың мақсаты оны әділ соттылыққа беру болып табылады. Сондықтан да қандай жағдайда болмасын қылмыстың мәніне, қылмыскердің кім екеніне тіпті оның бұрынғы ату жазасына, сотталғанына қарамастан оны тірідей ұстау, әділ соттылықты жүзеге асыратын органға табыс ету қажет. Қылмыскерді ұстау барысында оның өмірін жою қажетті қорғану шегінде ғана жүзеге асырылады.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән – жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады делінген (33 – бап, 2 – бөлігі). Мұндай асыра сілтеу үшін қасақана (абайсызда емес) зиян келтірген реттерде ғана жауапқа тартылады. Мұндай шектен шығудың, яғни асыра сілтеудің заңда көрсетілген түрлері мынадай:

а)істелген қылмыстың қаупінің сипаты мен дәрежесіне сай емес жағдайда қылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтіру. Мысалы, біреуге қасақана жеңіл жарақат салған адамды ұстағанда, оны ұстау барысында оған ауыр дене жарақатын келтіру немесе сарай үстінде әрі қарай барар жері жоқ, жасырынып тұрған жерде тұрып мылтықпен атып жаралау және т.б.

б)ұстау жағдайына сөзсіз сәйкес келмеуі салдарынан кісіге қажетсіз, жағдайларға байланыссыз сөзсіз шамадан тыс зиян келтіру. Мысалы: қылмыскерге болмашы зиян келтіріп ұстауға болатын болса, оған шамадан тыс ауыр, қажетсіз залал келтіріп, жарақат салып ұстау, ату, мүгедек жасау т.б. мәселелер. Осындай қажетті шамалардың шегінен шығуы тек қасақаналықпен ғана жүзеге асырылады. Заң бойынша қылмыс істеген адамды ұстағанда оған зиян келтірудің қажетті шараларының шегінен шығу кінәлінің жауаптылығын жеңілдететін мән – жайлардың қатарына жатады.

Қылмыскерді ұстаудың қажетті қорғану мен аса қажеттіліктен өзгешеліктері мынандай:

а)қажетті қорғану тікелей төніп тұрған нақты қиянатты тойтаруда жүзеге асырады. Қылмыскерді ұстау қылмыс істеп жатқан кезде, тікелей қылмыс істегеннен кейін жүзеге асырылады;

б)қажетті қорғанудың мақсаты – қылмысты тойтару, қылмыскерді ұстауда оны өкімет органдарына табыс ету;

в)аса қажеттілікте келтірілген залалдың мөлшері тойтарылған залал мөлшерінен міндетті түрде аз болуы қажет. Қылмыскерді ұстағанда (қажетті қорғанудағы сияқты) қылмыскерге келтірілген зиян мөлшері көп болуы да мүмкін, бірақ ол сөзсіз шамадан тыс болмауы керек.