Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.69 Mб
Скачать

1.7 Дискурс ұғымы.

Дискурс - күрделі коммуникативті құбылыс, оның құрылымында мәтіннен өзге, сол мәтінді түсінуге қажетті экстралингвистикалық факторлар (әлем туралы білім, көзқарас, адресат мақсаты) енеді.

Дискурстан тілдік тұлғаның таным көкжиегін, білім-білігін, интеллектуалды деңгейін, қоғамдық ортаға көзқарасын толық танытып, сөздің қуат-күші қалай пайдаланғаны байқалады.

Әрбір дискурстың нақты бір қоғамдық-әлеуметтік аяда және лингво-мәдени қоғамдастықта пайда болып, қызмет ететінін үнемі назарда ұстағанда ғана, оның мән-маңызы дүрыс ашылатындығы белгілі.

Дискурс идеясын немесе автордың көзқарасын түсіну үшін тіл қабылдаушының: 1) аялық білімі болуы керек, мәтіннің дереккөзімен таныс болуы керек; 2) баяндалып отырған мәселеден, оқиғаның себебі, даму динамикасынан т.б. хабары болуы керек; 3) автор туралы, яғни оның әлеуметтік рөлі, көзқарасы, жайлы мағлүматы болуы қажет.

Сөйлеу әрекетінің нәтижесі болып табылатын мәтінді әлеуметтік, мәдени және психолингвистикалық ауқымды контексте қарастыру - дискурс мәнін ашуға көмектеседі, әрі маңызды ықпал етеді.

90 жылдар шенінде мәтін мен дискурс ұғымының ара-қатынасы ғылыми "айтыстың" додасына айналады. Ғалымдардың бірі алдыңғысын, екіншісі кейінгі категорияны қолдаса, басқалары бұларды мәндес дәрежеде қарастырды. Кейбір ғалымдар бүл ұғымдарды бір-бірінен барынша алшақтатты. Олар: 1. дискурс - мәтіннің жекелеген көрінісі; 2. мәтін - дискурс бірлігі деген ұстанымда болды. Бүл ғылыми "сайыстар" туралы "Лингвистика XX ғасыр соңында: қорытындылар мен болашағы" атты халықаралық конференқия (ММУ, 1995) материалдарымен кеңінен танысуға болады. Бірақ мәтін мәселесіне бүл кезеңнен көп бұрын назар аударыла бастағанына 70-жылдар зерттеулері айғақ бола алады.

"Соңғы жылдары мәтін мәселесі әлемдік лингвистикада алдыңғы орынды иеленді. Мәтін маңызды лингвистикалық категорияның бірі ретінде өз дәрежесінде мойындала бастады, себебі тілдік жүйе тек коммуникақия процесінде ғана жеке, оқшауланған сөйлемде көрініс берумен шектелген жоқ, әртүрлі деңгейдегі, әр мақсатқа бағытталған мәтінде жүзеге асты" [14,2216.].

Бұдан шығатын қорытынды: мәтін экстралингвистикалық факторлармен "ынтымақтаса отырып", дискурстық өлшеммен (деңгеймен) сараланды.

Мәтін қарым-қатынастың вербалды формасы ретінде автордың әлем туралы білімін ой-санадағы абстракті күйінен нақтылыққа ауыстырды. Мәтін -негізгі, басты поэтикалық хабарларды қабылдау үшін берілетін алдын ала жоспарланған код [14,50].

Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздерін сараптаған белгілі ғалым Н.Уәли бұл турасында нақты әрі толымды пікір білдіреді: "Көркем мәтін - 1) тілдік, 2) танымдық, 3) эстетикалық ақпараттар кодқа салынған. Ерекше тілдік семиотикалық жүйе" [25,32] - дей келе, осы белгі-сипаттарды тығыз байланыстағы эстетикалық тұтас дүние деп сипаттайды. Осы аталған кодтарды ашу арқылы адресат (оқырман, тыңдарман) Абай тілдік тұлғасын өз мәнінде түсіне алары сөзсіз.

Ірі лингвист ғалым Э.Бенвенист дискурсты ауызша сөйлеу түрлерінен бастап ірі шешендік өнерге дейін жіктейді. Сонымен қатар, дискурсты әлеуметтік, психологиялық факторлармен тығыз байланыстырады.

Қазіргі тіл біліміндегі жаңа зерттеу парадигмаларына байланысты шешімін табуды, бағытын нақтылауды қажет ететін бағыттардың (аспектілердің) бірі - дискурс мәселесі.

"Дискурс" (франц. сІІ8Соиг8 - сөйлеу) - экстралингвистикалық, прагматикалық, әлеуметтік, психологиялық және басқа да факторлармен бірлікте қарастырылатын байланысты (связанный текст) мәтін [82,5-25 б.] .

Дискурс - оқиғалар өрісінен хабардар ететін, мақсатты бағытталған әлеуметтік әрекет ретінде қабылданатын; адамдардың қарым-қатынасы мен санасының қатпарлы қалтарыстарын ашуға қатысатын сөйлеу (речь) [83, 64 б.].

Дискурс - "өмірге бойлаған", өмірге терең дендеген сөйленіс (речь) (ЛЭС, 1990 г., 136-137 6.).

Б.Нұрдәулетова лингвистикалық аспектіде дискурсты өзара қарым-қатынастағы пропозиция түрінде көрінетін тілдік ойлау қызметі деп анықтайды [84, 320 б.].

Дискурстық талдау мен мәтін лингвистикасының зерттеу объектілері бір-біріне жақын, бірімен-бірі шектес, алайда 70 жылдың аяғы - 80 жылдың басында оларды ("мәтін" және "дискурс" ұғымдарын) айыра қарау тенденқиясы байқалды.

"Дискурс" терминін анықтау мен оның табиғатын апгу әлі де болса бір арнаға түсе қойған жоқ. Дискурс мәселесі көптеген ғылым салалары мен зерттеу бағыттарының нысанына айналып келеді: антропология, этнология, педагогика, әлеуметтану, философия, логика, саясаттану, психология, теология, аударма теориясы мен тәжірибесі, компьютерлік лингвистика мен жасанды интеллект, семиотика, әдебиеттану т.б. ғылым салалары бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары бүл құбылыстың күрделілігін танытса керек. Талас тудырар мәселелердің орын алуының өзі аталған ғылым салаларының бір-бірімен түйісер ортақ белгілерінің көп болуымен қатар, өзіндік ерекшеліктерінің де бар екендігіне байланысты. Отандық немесе шетелдік тілші ғалымдар пікірінің өзі ортақ бір ұстанымға бағынбаған. Ірі ғалым П.Серио "Как читают тексты во Франции" еңбегінде [85,27 б.] франқуз лингвистикалық мектебіндегі "дискурс" терминін зерделеудің бірқатар түсінігіне тоқталып, әр түрлі бағыттарға сілтеме жасайды.

Дискурс *-*■ сөйлеу (речь) категориясы бір арнадағы, бір-бірімен өте тығыз бірліктегі құбылыстар ретінде алынған деуге болады. 1) дискурс - сөйлеу (речь) түсінігінің баламасы, яғни нақты бір айтылым; 2) дискурс - айтылымның негізгі түрі ретіндегі әңгіме; 3) дискурс - сөйлеудің қалай пайда болғанын зерттеуге қажетті теориялық құрылым; 4) дискурс - көлемі фразадан үлкен бірлік; 5) дискурс - жағдаятты ескере отырып, қабылдаушыға тигізер айтылым ықпалы; 6) дискурс - тіл бірліктерінің қолданысы, олардың сөйлеудегі белсенді қызметі; 7) дискурс социумның белгілі бір түріне тән болып келетін әлеуметтік немесе идеологиялық шектелген айтылым [85,276.].

Осы жіктемелердің әрқайсысының мәнділігін ескере отырып, соңғы түсініктемені біздің зерттеу бағытымыздың мақсат-міндетіне тікелей қатысты деп есептейміз.

Тіл, мағына және іс-әрекеттің бірлігінен түратын дискурс - мәтін шеңберімен немесе диалог деңгейімен түйықталып қалмайтындығы шетелдік ғалым Т.А.Ван Дейк көзқарасымен де үйлеседі. Ол дискурсты кең мағынасында түсінеді де, белгілі бір уақыт пен кеңістік және басқа контекстер аясында тыңдаушы мен сөйлеуші арасындағы қарым-қатынас барысында өтетін коммуникативті жағдаймен ұштастырады [86,3116.] .

"Дискурс - мәтінмен бірге экстралингвистикалық факторларға иелік етуші коммуникативті құбылыс, сондай-ақ ол білім иерархиясының күрделі жүйесіне негізделген әлеуметтік, идеологиялық және лингеистикалық феномен ретіндегі қызметімен және айқындалады"-, деген Ю.Н.Караулов анықтамасы осы аталған категорияның қоғамдық мәселелермен де ұштасатын сан алуан сипатынан хабардар етеді [16,5-116.] .

Осыған орайлас пікірлер өзге ғылыми ой өзегінен де орын алғанын байқаймыз. Мысалы, "Дискурс - экстралингвистикалық, прагматикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық және басқа да факторлармен бірлікте өзектескен біртұтас байланысты мәтін; оқиға, жағдаяттық шеңберіндегі мәтін; Дискурс - өмір сырына бойлаған сөз (речь)" [87,1376.] Н.Д.Арутюнованың анықтамасы - дискурс мәселесіне қатысты біз басшылыққа алатын, біздің көзқарасымызға әбден үйлесетін ұстаным болмақ. "Абай шығармасының дискурсы" дегенде осы ұғымды басшылыққа аламыз. Яғни Абай шығармасы біз үшін, біздің зерттеуіміз үшін тек қана мәтін емес, экстралингвистикалық, мәдени-әлеуметтік т.б. факторлар негізінде жазылған туынды ретінде бағаланады. Зерттеу мақсатымыз лингвокогнитивтік бағытта екендігін еске саламыз.

Дискурстың ерекше ментальдықты, ерекше идеологияны білдіру үшін алынған тілдің ерекше қолданысы екеніне назар аударамыз, "Дискурс - ерекше әлеуметтік мазмұндағы «тіл", сондықтан да болар дискурс қарапайым тіл сияқты "өз грамматикасымен", "өз лексиконымен" нақты өмір сүрмейді [64,40]. Ол алдымен, ерекше грамматикасы, ерекше семантикасы, түптеп келгенде, ерекше әлемі бар мәтінде қызмет етеді.

Е.С.Кубрякова: "дискурсты нақты сөйлеуді туғызуға ықпал етуші когнитивті процеспен бірлікте түсінетіндігін, ал мәтінді сөйлеу әрекеті процесінің нәтижесі деп қарайтындығын білдірсе" [55,1646.], В.И.Карасик пікірінше: "дискурс - сөйлеу әрекетінің жүзеге асуы яғни сөйлеуде қарым-қатынасқа түсушілердің интерактивті әрекеті; байланыс орнату мен қолдау; ақпарат алмасып, сезім-әсер бөлісу, бір-біріне ықпал ету; коммуникативті мақсаттың қарым-қатынас барысында вербалды және бейвербалды жүзеге асуы - осының бәрі дискурс болып табылады" [82,5-20 б.].

Саяси дискурсқа байланысты еңбегінде З.Демьянков [88,376.] дискурс сөйлем немесе оның үзіктерінен тұрады, ал дискурс мазмұны үнемі болмаса да кейбір тірек концепт төңірегіне жиі ұйымдасатынын нұсқайды.

"Дискурс" терминін мәтін лингвистикасы ғылыми теориясының айналымына 50-жылдар шамасында алғаш рет американ ғалымы З.Харрис енгізген болатын. 1970 жылдарда ерекше ғылыми пэн атауы ретінде орныға бастаған "дискурстық талдауды" қарастырған американ ғалымдары (Р.Лонгейкер, У.Чейф, Дж.Граймс, Дж.Браун, Дж.Дюбуа және т.б.) бірқатар оқу Іқұралдары мен анықтама сөздіктер, жалпы бағыттағы еңбектерді дүниеге әкелді. Олардың ішінде Дискурстық талдау, Дискурсқа сипаттама, Дискурстық талдау бойынша анықтамалық; Дискурс, сана және уақыт, Дискурс транскрипқиясы бағытындағы еңбектерді ерекше атауға болады [69;89;90]. Түйіндей келгенде, қазіргі тіл білімінің жетекші бағыттарының бірі -дискурстық талдау. Ол логика, психология, сана философиясы, әдебиеттану, әлеуметтану сияқты шектес салалар жүйесін қамтиды. Дискурстық талдау кез келген көлемдегі мәтінге жүргізіледі де, мәтіннің лексика-синтаксистік құрылымы ғана сарапталмайды, мәтінді кім жазды, қашан, қайда, кімге арнап жазылды, қандай мақсатпен жазылды, тіпті автордың нормативті ұстанымы (принциптері), идеологиялық, бағалауыштық бағыты қандай деген сүрақтарға жауап алыну үшін талдау (тіпті сараптама деуге болады) жүргізіледі. Абай дискурсын біз осы тұрғыда сөз етпекпіз.

Бұнда автордың мақсат-мұратын білу аса маңызды деп есептейміз, өйткені оның қоғамдық-саяси дүниетанымы мен көзқарасы, ұстанымы мен әлеуметтік болмысы тілдік тұлғаның мән-мәтінін қалыптастырып, сөз саптауын (стилін) шыңдауға ықпал етеді, әрі оны айқындауға бағдар болар көрсеткіш іспетті. Біз көркем мәтін тіліне осы бағытта талдау жүргізбекпіз.