- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
Тілдің қоғамдық қызметі мен әлеуметтік мәні және таңбалық сипаты сияқты бірқатар мәселелер зерттеу барысында «таза» лингвистикалық заңдылықтармен қатар, философиялық қағидалардың да басты әдіснамалық бағдарына айналғаны белгілі [143; 144]. Оның бір себебі - тілдің ерекше философиялық категория болғандығымен шарттас келсе, екінші уәжі философияның тек реалды, шынайы дүниенің мән-мағынасын айқындаумен шектелмей, оны адамның болмыс-бітімі арқылы дэйектейтін ғылыми ұстанымына байланысты болса керек. Ал оның мазмұны тіл арқылы ғана танылатыны ақиқат. Лингвистиканың объектісін (нысанын) анықтауда философиялық тұжырымдар беріліп жатуы да заңдылық болып табылады [144, 46-55 б.]. Лингвистикалық философия тіл мүмкіндігін тарылтпай, оған үнемі жол ашып отырады, өйткені тілдің ғалам мен адамның қатынасын анықтайтын әлеуеті мықты.
Маңызды кумулятивтік қызметке ие және этноәлеуметтік мәнімен ерекшеленетін жайлау лексемасы - Абай шығармасының лингвокогнитивтік деңгейін анықтайтын тілдік таңба қызметінде тұр. Көшпелі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын айқындайтын басты көрсеткіштің біріне - жайлау континуумы кіреді. Ақын дискурсында сонымен қатар, оның философиялық астарына жете көңіл бөлінген деп есептейміз.
Алдымен, "жайлау" номинативті атауын анықтап алған жөн. Ол - кіндік қаны тамған туған жерінің бір атауы. Қазақтың үлан байтақ даласы - күзде -күзеу, қыста - қыстау, көктемде - көктеу деп бөлінсе, жазда - жайлауға айналған. Әнімен әлдилеп, мүңына орап тастайтын қуанышы мен қайғысының куэгері - Жер Анасы - жайлау.
Жыл он екі ай - көктем, жаз, күз, қыс болып төрт маусымға бөлінеді. Әр маусымда үш ай, яғни 90 күн болады. Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын: көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Ертеректе ауыл наурыз, мамыр айларында қыстаудан көктеуге көшіп, мал төлдететін. Содан соң жайлауға көшіп барады. Онда маусым, шілде, тамыз айларын өткізеді. Қазақстандағы атақты жайлаулар: Қарқара, Шалкөде, Асы, Шүбартал т.б.
Қазақ тұрмысында мезгілдік ұғымға байланысты айтылатын қан жайлау тіркесі бар. Қыстаудан көктеуге шыққан жұрттың алды жайлауға келіп, қоныс тебе бастайды. Осы бір әсем кездің көрінісін белгілі ғалым Н.Уәли былайша суреттейді: ..."Бүл шақта жайлауға көшетін жұрттың бәрі келіп, бас-аяғы түгел жиналады. Той-думан, ас-су, қонақ кэде, ат жарыс, өнер жарыс т.б. қызықтардың өткізілетін шағы да - осы түс. Сондықтан да жайлаудың нағыз қызып қайнаған дер кезі қан жайлау деп аталса керек [146,49]. Қазак мәдениетінің, қазақ сөзінің небір сырларын жетік білетін тілші ғалым жайлау лексемасының өрісін одан әрі кеңейте түседі: "Жайлаудың той-думаны азайып, тұяқ таптамаған, жапырылмаған сонысы қалмай, жұрттың алды көше бастаған базардың тарқар сэтіндей шақтың да өз атауы бар. Ол - сары жайлау.
Жайлаудың мерзімге байланысты атаулары ғана емес, кеңістікке қатысты аттары да бар: ой жайлау, төр жайлау, кер жайлау"... [146,50]. Жайлау -қыстаудан алыс жатқан даладағы қоныс. Жайлауды шөбі шүйгін, суы мол, әрі тұнық, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады. Жазға қарай жайлаудың шөбі қаулап өсіп, жер беті кілемдей құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлаудан тойып, семіреді. Адамдар да сергиді. Абайдың "Жазғытүры" өлеңінде осы жайт былайша суреттелетіні мәлім:
(Мал семірер, ақ пенен ас көбейер
Адамзаттың көңлі өсіп көтерілер...
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен...). Тілдік санадағы осы мағына Абай көркем дискурсында былайша көрініс тапқан.
1) жайлау - тұрмыс-шаруа жағдайына қарай ауыстырылатын мекен, бүл негізгі денотаттық, сөздік мағынасы. Осы мағынасында "Көңілім қайтты достан да, дүшпаннан да" өлеңінде автор әр жыл мезгілінің социум үшін әлеуметтік мән иеленетінін бір-ақ ауыз шумаққа сыйдырып жіберген.
Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,
Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай
Қыс қыстауың - қып-қызыл ол бір пәле,
Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр. (54) мәтіндегі жайлау лексемасы өзінің негізгі денотат мағынасында түрып-ақ лингвомәдени код міндетін атқарған.
2) Жайлау - Абайдың индивидуалды көркемдік әлемінде, яғни өзінің қабылдауындағы дүние бейнесінде "рухани кеңістгк" мағынасын білдіреді. "Жайлау" лексемасының ассоциақиялық өрісі Абай дискурсында былайша кеңейе түседі: жайлау - адамның жан дүниесі, ішкі рухани әлемі. Сөйтіп, бейнелі, эмотивті мән - экспрессия арқалаған жайлау лексемасы жаңа поэтикалық образ қызметін атқаруда. Бүл - Абай тілдік тұлғасының бір жаңалығы.
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дэметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? (223). Өлеңнің өрісі толығымен көңіл - жайлаудың семантикалық құрылымын толықтыруға ықпал етіп, өлең өзегімен жымдаса өрілген стиллемалар қызметі шығарма идеясын ашу үшін маңызды рөл атқарып түр. Мәтіндегі метафоралана қолданылған алактау, түк таппау етістіктері мен лай суға май бітпеу окказионалды фразеологизмдерінің әлеуеті жоғары. Алақтаған, түк таппаған шарасыздық, болмасқа босқа дэмелену - сонда да үміт үзбеу. "Көңілдің жайлауынан ел кету " - ақын өмірінің трагедиясы.
"Көңілдің жайлауынан ел кету" - өмірдің қызық-думаннан, мәні мен сэнінен айрылуы. "Жайлаудан ел тарқағанда құлазыған жұрты қалатындай ең ауыр, жағдай, "жүрекке салмақ түсіретін мүңды образ". Имплицитті сөз сыры
тереңде жасырулы. "Жайлаудан елдің кетуі" - мезгілі жеткенде қоныс аударып көшіп кету ғана емес және көшкен жұрттың орнында қалған көңілсіздік қана емес: "Қарны тоц қас надан үцпаған сөз"; "жүрегініц түбіне терец бойлай алмаған жан", "ойға олақ көңілсіз құлақ"; "сенделген ит жүрек"; "жүрегімен емес, құлағымен қармаған" тықдаушы; "құлағын сатқан кәрі"; "ойды жеңген қарақғы, сақырау қайғы"; "ақы беріп тықдатқан сөз"; "жақсы сөзден жақылған жар "; "баяғы қулық, бір алдау "; "жаяуы қапқан, аттысы шапқан " ел; "сырт айналған сырласың"; "айғаймен кеткен қадірлі басың, қайратты жасық"; "бойда қайрат, ойда көзі жоққа айтылған сөз"; "өкініші көп өмір өтіп кеткен"; "моласындай бақсының жалғыз қалу" - осының бәрі адам өміріндегі, ақын өміріндегі "жайлаудан ел кетуі" сонымен пара-пар әрекеттің симеолы. (тырнақшаға алынған тіркестер Абай Сөздері, ақын өлеңінен алынып отырғаны белгілі). Бұл синтагмалар - дүние бейнесінің индивидуалды авторлық қабылдануы. Дүниені Абайша түсіну;
Жайлау образында ("көңілдің жайлауы" образында) автор бейнесініц өзі, оның рухани кеңістігі, бітім-болмысы алынса, ел (көшкен ел) образында жоғарыда айтылғандай, сөз, ой, жүрек, адам, қайғы, жар, қулық, бақсының моласы... - бәрі-бәрі метафоралық қолданыстағы жағымды-жағымсыз бейнедегі адам, немесе адамның іс-әрекеті. "Көңілдің жайлауынан ел кету" перифразданған метафораға байланысты сөз зергері М.Әуезовтің көшіп кеткен ауылдың иесіз қалған жұртын суреттегенін еске алсақ, Абай өмірінің, Абай көңілінің құлазығанын өз жаныңмен сезінгендей боласың: ... "ақын өз басының ендігі мүңын соған теңейді. Көцілдің жұртынан үміт пен арманның өрісінен көпшілік тірлігі, халық көші аулақ кетіп жатыр" [2,164] деген. Бүл, шынында да, көңіл жайлауының бар қызық-қуаныштан ажырап, сезімді суытып, үмітті тоздырған қатал қара суық күзі еді... Соның ауыстырылып, пернелеп берген символы еді... Біз "көңіл жайлауынан ел кету" дегенді "өмірдің қара суық күзі" деп те ұғамыз.
Әйтсе де ... абайлық жаңа бейне, Дана Абай жүмбағы оңай шешіле қоймас! Өлең жалаң пессимизмге құрылған ба? Әрі қарай оқысаңыз, үкілі үміт әлі өлмегеніне көз жеткізесіз. Кейінгі шумақта Абай:
"Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын,
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын" (223) дегенде ақылы жетпеген жетесіздікке "бағынып" отыра алмайтынын, өйткені
Күні-түні ойымда бір-ақ тәцрі,
Өзіне құмар қылған оның әмірі, - деп тэңріні ақыл ойға қондырып, соған талпынады. Мүң мен үміт арпалысқан көңіл жайлауын осылайша бағалайды.
3) Келесі мәнмәтіндегі жайлау - береке-бірліктің символы. Кемел ойды (кемел адамды) басшы еткен елдің бейнесі. Мәнмәтіндегі бейне тікелей емес көл лексемасы арқылы танылады. Көл жағасында, орын тепкен жайлаудың сулы әрі нулы болатыны жер жағдайын жақсы білетін әр қазаққа мәлім. Дала тұрмысына бейімделген қазақ жайлауға шыққанда, мал мен жанға су ең бірінші
қажеттілік болғандықтан, әдейі көлге жақын тұсқа қонады. Мөлт еткен көз жасындай күміс көлдер мен қоңыр майда желі ескен, бауырын ел мекен еткен көлдер - жайлаудың сэні. Сонымен қатар, сүлу табиғаттан одан әрі үйлесімділік іздеген елге кемел басшы, жайлы өмір тыныштық та аса қажет. "Сәуле болсаң, кеудеңде" деген туындысының прагматикалық астарына үңілгенде осы ойларды "оқисың".
...Көп шуылдақ не табар,
Билемесе бір кемел?
Берекелі болса ел - жағасы жайлау ол бір көл.
Жапырағы жайкалып,
Бүлғақтайды соцса жел,
Жан-жағынан күркіреп,
Құйып жатса аққан сел.
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер төл.
Берекесі кеткен ел -
Суы ашыған батпақ көл (124). Мәтіннің семантикалық құрылымы түп-түгел, тұтастай метафоралық синтагмалардан тұрады.
4) жайлау - адамның тіршілік дүниесі, сыртқы әлемі, тағдырының тұғыры. Бұндағы ауыспалы мағынаның коннотақиялық реңкі басым. "Жайлау" концептісінің мәнін бесік семасымен бірлікте алып қарау арқылы концептуалды бейнесі ашыла түспек.
Автордың когнитивтік санасында жиі қайталана қолданылмаса да, орталық когницияға, негізгі ой өзегіне айналған лингвомәдени таңба - бесік лексемасы. Ол әмбебап концепт сипатында белсенділік танытпағанымен, ұлт менталитетін танытатын маңызды көрсеткіш. Өмір - тіршілік -метафорасының нақ өзі. Адам баласының мекені болып отырған дүние - бесік образы, Абай шығармаларындағы "Адам" концептісін жан-жақты ашу үшін алынған тілдік ая, аялық білім орталығы. Абайлық жаңа поэтикалық образ.
Бесік сөзінің мағынасы - лексика-семантикалық деңгейде "сәбидің жататын орны". Ал концептуалды деңгейіне қатысты сөз болғанда, бұл лексеманың когнитивті құрылымы астарлы имплицитті мазмұнмен айқындалады. Бесік этнолексемасының көркем мәтінде берілген мәні - жалпы адамзаттық, Адам Ата мен науа Ана үрпағының, өмір кешіп, тіршілік етер ортасы. Бесік лексемасының ұлттың рухани-мәдени кұндылықтар жүйесінен маңызды орын алатын "қасиетті, киелі мүлік, сәбидің жылы ұясы" деген ұғымы Абай дискурсында одан әріге тереңдеген. Мәтіндегі бесік сөзі әр қазақтың санасына оның түрлерініц: тал бесік, қарағай бесік, қайық бесік болып бөлінетінін де, оның құрылысының: алдықғы бас, белағаш, арқалық, жақтау, табан, шабақ, артқы бас (бөген) т.б. деп аталатынын еске салуы әбден ықтимал. Көшпелі дала тұрмысында өте қолайлы осы бір қадірлі дүниенің жабдықтары: бесік көрпе, жөргек, қолбау, тізебау, құстөсек, құс жастық, түбек, шүмек деп аталатыны да белгілі. Алайда, тіл тұтынушы оқырман не тыңдарман тілдік тұлғаның (автордың) яғни тіл жеткізушінің айтары осы ақпаратпен шектелмейтінін, мәтінді қабылдау барысында ұғынады.
Бесіктің денотаттық деңгейі шектеулі, локалдық аймақ емес, баланың тыныштық алатын, үйықтайтын орны емес.
Бесік - хронотоптық мәнге ие (Орыс ғалымы Бахтиннің анықтағанындай, уақыт пен кеңістік бірлестігін - әдебиетте хронотоп дейтініміз аян) [147,4016.]. Бұл метафораның мәні адамзат баласының өмір сүрген кезеңіндегі (уақытында) жер-жаһанда - бесікте (кеңістікте) өтетін қызық қуанышы мен қайғы-қасіретінің, тағдыр-талайының тыныстар әлемін білдіреді: Кең жайлау - жалғыз бесік балаға,
Алла асыраған бендесі аш бола ма? Ержеткен соң, сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға (31).
Абайдың тілдік тұлғасындағы дүниенің тілдік бейнесі осындай сипат алған. Дәл осы өлең жайлы танымдық бір деректі еске алсақ, артық болмас: Немістің ұлы ақыны Ф.Шиллердің ("Баз кіпсі іп сіег ^¥іе§е" 1796 §.), 2-ақ жолдық өлеңін орыстың сыршыл ақыны М.Ю.Лермонтов төрт жолдан түратын бір шумақ етіп аударады.
Счастлив ребенок! И в люльке просторно ему, Но дай время сделаться мужем
И тесен покажеться мир (М.Ю.Лермонтов. "Дитья в люльке", 1828 г.).Ал қазақтың ойшыл ақыны Абай оны еркін тәржімалай отырып, философиялық астарға және ой мен мүңға суарылған өз туындысын сыйлайды. Жан азабын арқалаған жалғыздың (Абайдың өз тұлғасының) тыныштық пен түсіністік бесігінде тербелуді аңсаған арманы жырланады бүл өлеңде. Мәнмәтіндегі жалғыз эпитеті бірде бесікке, бірде балаға қатысты қарастырылып жатады. Қалай болса да: бір ғана жалғыз бесік болса да, жалғыз баланың бесігі болса да, ол - кең жайлау. Мүң мен қайғы билегенде де, қуаныш пен шаттық кернегенде де орын таппай кетерің өмір заңдылығындай қабылдануы мүмкін. Ал адам - пенденің жайлы бесікте тербелуді ғұмыр бойы аңсап өтері белгілі...
Заман ағымына, қоғамдық болмыс, тұрмыс-тіршілік ыңғайына қарай, ұлттық салт-дәстүрлердің өзгеріске түсетіні немесе халық тұрмысынан мүлде ығыстырылып қалатыны белгілі. Ал солардың ішінде өміршең, әр заманда өз мәнін арттырмаса, кемітпейтін салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар да бар. Соның бірі -бесікке салу дәстүрі. Көшпелі тұрмысқа әбден қолайлы бесік - заттық мәдени құндылық қана емес, ұлттық менталитеттегі лингвомәдени категория ретінде ақпарат көзіне айналған.
Ата-баба дәстүрін ұлықтап, барлық дәстүрін сақтаған жас жанұялар бүл күнде де баршылық. Эстетикалық нысана болу - тек қана өнер, әдебиет емес, қоғамдық өмірдің материалдық, әлеуметтік, рухани аясына да қатысты. ¥жымдық дүниетанымының қағидасы бойынша, қасиетті бесікке қатысты ырым-жоралғылар түгел сақталып отырған. Жаңа туған баланы бесікке салу деген құрметті дәстүрге байланысты ырым-сенімдерге аса мән берген
халқымыз, баланы бесікке бөлеуге де ерекше көңіл бөледі. Бесікке салу жолы өмірі мәнді ел анасына немесе бауырынан өнегелі көп ұрпақ өрген ардақты аналарға лайықты деп есептелген. Сол абзал аналар сәбидің кішкентай ұясын отпен аластап, "пәле-жаладан тазартқаннан" кейін, ақ бесікке бөлеп, бесік жырын айтқан. "Әрі қарай өмір бесігінде тербеле берсін " деген тілекпен бірге, өмір жолындағы ұлы мақсаттарына жетуіне ниет қосады: "елін қорғар батыр болу да, сөзіне ел үйыған шешен болу да, бармағы майысқан қатардағы шебер болу да - бесіктегі сәбидің ендігі еншісі" деген үкілі үмітін қоса "бөлеп жіберген". Мазмұны халықтық дүниетанымнан сыр бөлісетін вербалды, бейвербалды таңбалар Абай шығармашылығында түрлі прагматикалық сипат иеленген.
¥лттық танымда бесікке қатысты ұлттық мәдени ерекшелікті айқындайтын мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер тәрбие құралы, тәрбие көзі ретінде пайдаланылған. Мысалы, "есік көргенді алма, бесік көргенді ал" дегенде ер жеткен баласына қалыңдық іздегенде есік көрген (бұрын тұрмыс құрған) адамды емес, бесік тәрбиесін ғана алып, ата-ананың алақанынан шықпаған қызды іздеген. Бүл мәдени стереотип мазмұны "қызға қырық үйден тыю" сияқты дала мектебінің тәрбиесінен тәлім береді. Бейвербалды таңба -бос бесікті тербетуде терең сыр бар. "Бос бесікті қозғамау" ырымы -жамандық, пәле шақырмауды білдірсе, "бесіктен белі шықпау" фразасы буыны бекімеген, бұғанаеы қатпаған жас баланың эпитеті қызметінде немесе "әлі жас" деген ауыспалы мағынаны білдіру үшін қолданылатыны белгілі.
Қорыта келгенде, Абай шығармалары мәдени ақпараттан мәлімет бере отырып, поэзиялық туынды ретінде эстетикалық қызмет, тәрбие құралы ретінде - коммуникативтік, этномәдени көз ретінде кумулятивтік қызмет атқарады.
