- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
Өзінің әмбебаптығына қарай, дәуір даусымен үндес келіп, уақыт тынысымен бірге соғып, өмір мен өнерге бірдей жақын тұрады. Көркем шығарма мен ғылымилық ұстанымы сабақтасып жатады.
Афоризм тақырыбы тіптен сан алуан, оның мазмұнына сол дәуір "таңбасын салуы" әбден мүмкін, соның нәтщкесінде тарихи орта шындығы мен
көркем уақыт бейнесі әсерлі беріледі. Оның мазмү_нында кейде философиялық, кейде саяси немесе этикалық мәселелер қозғалуы ықтимал. Тіптен тұрмыс-тіршіліктің қарапайым түйткілдеріне дейін тақырып ауқымына еніп кетеді. Себебі афоризм - өмір жайлы сыр айтатын ғылым. Ол адамға жөн сілтеп, жол көрсетеді, қайғыдан жүбатады, қиындыққа қарсы түруға (түра алуға) шыңдайды. Әдебиеттегі әрлі жанр афоризмдерді оқығанда осындай ой түйесіз.
Абай қолданысындағы Қайғы келсе, қарсы тұр құлай берме... сияқты моральдық "қолдау көрсетіп", қуат, жігер беретін сөйлемдер афоризмнің ең негізгі міндетінен (адамға ой салатын) туындайды.
Абай афоризмдерінің тақырыбы ауқымды. Тілдік тұлға моральдық-этикалық, педагогикалық, әлеуметтік-философиялық, саяси-мәдени мәселелерге ден қояды. Ол қоғам мен адам өмірінің қарапайым қалтарыс-құпиясынан бастап, күрделі мәселелеріне дейінгі аралықты диалектикалық бірлікте тұтастырып жібереді.
М.Әуезов: "Шартты түрде отыз жетінші сөз бір арнаға бастары құрылған афоризмдер саналады" деп бағдар сілтейді. Абай афоризмдері бұлар ғана емес. Абай шығармаларын күрастырушы шәкірттері мөлшерімен, шартты бір шеңберге сыйғызғандығын ескертеді. Ақынның өз шығармалары ғана емес, аудармаларында, қарасөздерінің өзінде түйіп айтқан терең ойлар көп кездесетіндігін, нақыл-өсиет есебінде тарап кеткен талай өлең жолдары барын М.Әуезов жіті бақылап, айқын аңғарады. Әр алуан өсиет, сын, психологиялық, эстетикалық, педагогикалық жайлардан тұжырымдалған көркем сөздің Абайда афоризм болып қалыптанғанын айта отырып, олардың тақырып ауқымын да ажыратып береді.
Абайтанушы ғалым Қ.Жұмалиев: "Абайдың табиғат, ел өмірі, сүйіспендік, өнер, ғылым тағы басқа өмірдің әртүрлі салаларына арналған сүлу лирикаларымен қатар, өз кезіндегі шет көрген мінез-кұлықтарды қатты сынаған улы сатираларымен қатар, өз кезіндегілерге сабақ, кейінгілерге үлгі ретінде айтқан өлеңдерінің идеялық мазмұны, характері ақыл, нақыл сөздерді керек етті" [37,317] деген пікірінен Абай афоризмдерінің тақырып аясын аңғарамыз. Оған қоса, Абай шығармаларында өсек, өтірік, жауыздық, достық, қастық, эділдік, талап, ар, ұят, өнер, ғылым, еңбек тағы басқа бірнеше нәрселердің беті ашылып, не нәрсені адам қасиет біліп үйрену, не нәрседен қашу керектігіне басалқылық жасап, даналық ақыл беретіндігі мысалдар арқылы нақты көрсетіледі. Зерттеуші ғалым: "Осылар тәрізді өмірдің әр саласын алып аз сөзге көп мағына сыйғызып, жұртшылыққа айтқан Абайдың өнегелі сөзі, үлгілі өсиеті көп" [37, 318] деп қорытады. "Досыңа достық ~ қарыз іс, Дұшпаныңа әділ болі; Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос" т.б. мысалдар қатарын келтіруге болады.
Абай алдындағы қазақтың тарихи әдебиетінің сарыны негізінен ақыл, нақыл сөзге құрылғанына сараптама жасаған зерттеуші ғалымның ол үлгілерге дидактикалық поэзия деген баға беруі - әдебиеттің маңызды рөлін танытса керек. Көне грек ойшылы әлемге әйгілі Протогордың "Адам барлық заттың өлшемі" деген эйгілі афоризмі мэңгілік таусылмайтын әңгіме Адам туралы екендігіне мегзейді: Адам үшін аса маңызды мәселелер: эділдік, шындық,
бақыт, өмір, өлім, мемлекет құрылысы, уақыт мәні және т.б. мәселелер афоризмдердің тақырыбын байытуға үлес қосатын өз теориясы мен идеясын ұсынады. Халық тағдырын өзгертуге, өмірді мәнді етуге болады деген ой ақын-жазушының сенім қуатына айналады. Олар адамгершілікті, сана-сезімді "түзету" арқылы өмірді түзетуге тырысады. "Бүкілдүние ақындары мен ойшылдарының және орыс классиктерінің, әлеумет қайраткерлерінің де -бәрінің басынан кешкен ортақ жай" [2,130-132] қоғамшыл Абай ақынның ойына да қозғау салады.
Абайдың тілдік тұлғасындағы тілдік құралдар қызметі оның нақты бір жағдайда, нақты бір сөйлеу аспектісінде автордың қандай әлеуметтік рөл иеленгеніне байланысты анықталады. Абай өз социумы ортасында ел мүңын айтқан ақын да, қарапайым халық өкілі де, ел тағдырын шешкен би де, жетесізге күйінген сыншы да, тентекті тезге салған тәрбиеші-қазы да бола білген. Нақты бір жағдайға сәйкес осы қызметтерінің қайсысы алдыңғы орынға шықса, соған байланысты туындаған (уәжделген) коммуникақиялық функқия мәтіндегі тілдік белгілер арқылы көрініс тапқан. Мысалы, ақын, күйші, өнерпаз ретінде музаны жанымен, жүрегімен қабылдаған эстет Абайдың тілдік тұлғасында өнер тақырыбына қатысты афоризмдер мол кездеседі. Олар: Өлең -сөздің патшасы, сөз сарасы; Жақсы энді тыңдасаң ой көзіңмен, / Өмір — сәуле, көрінер судай түның; Әннің де естісі бар, есері бар сияқты афоризмдік үлгілер. Келесі бір мысалда: Өз ортасының ағартушы ұстазы Абай "ойлы жастар үлгі алсын дегендей" тәрбие ұстанымынан хабардар етіп отырады. Үнемі ескеріп жүрердей "есті" сөзді көп айтады: Қульщ саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі; Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас; Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз дегендер соның айғағы.
