- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
Афоризмдер қызмет етер ортасына қарай кірме және оңашаланған афоризмдер болып бөлінеді. Жеке мәтін болып оңашаланбаған, көркем әдебиет, философиялық т.б. мәнмәтіндер аясынан орын алып, мәтінтүзім құрамына енген ой қорытындысы - кірме афоризмдер деп аталады.
Жеке мәтіндік құрылымда келіп, бірыңғай афоризмдерден түзілген, өз алдына біртұтас ой-толғамдар кешені оңашаланған афоризмдер деп анықталады. Оған Ф.Ларошфуканың "Максимы и моральные размышления" [224] Козьма Прутковтың "Плоды раздумья" еңбектеріндегі ой қазынасын дәлелге алуға болады [219,87].
Біз Абай шығармашылығында афоризмдердің осы екі түрі де қатар қолданылғанын байқадық. Отыз жетінші Қарасөзі тұтастай афоризмдік сипат иеленген. Басқа Сөздердің мазмұнында ықшамдалған ой-түйіндер жымдаса кірігіп, жүйелі, тұтас ойдың бір сілеміндей болып, автор идеясы мен мәтін композициясын бекітетін қызмет атқарады.
Мәтінінің семантикалық құрылымында кездесетін қысқа, тұжырымды, мазмұны терең афоризмдер - Абайдың тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейін көрсетеді. Автор қабылдауындағы дүние бейнесінің мазмұны когнитивтік тілдік жүйеде афоризмдер арқылы көрініс тауып, тілде бұрын қолданылмаған сөйлеу бірлігі пайда болады.
Біздіңше, афоризмнің бірнеше айқындауыштық ерекшеліктері бар: 1) шындықты межелейтін ең басты қасиеті - ой тереңдігі, мұнда автор маңызды мәселені қозғай отырып, алынған нысанға өз көзқарасы бойынша, ең дүрыс бағасын береді; 2) афоризмнің екінші белгісі - жан-жақтылығы, өйткені афоризм көптеген фактілер мен мәліметтерден жинақталған, содан туған ой қорыту және жасалған тұжырымдар болып табылады. Ол жалпы түйіндеме жасай отырып, ой тереңдігі мен ақиқатына ықпал етеді; 3) афоризмнің үшінші
белгісі - ықшамдылық - оның ең мәнді ерекшелігі. Ойды қоюлата отырып, барынша қысқа қайыру - оның мағынасын тереңдетіп көңіл аудартады, әрі есте сақтауға да ыңғайлы болып келеді; 4) афоризмнің төртінші белгісі - ой тиянақтылығы, афоризм мағыналық тұрғыдан аяқталған сөйлем түрінде келіп, қосымша түсініктемесіз ұғыныңқы болуы тиіс; 5) афоризмнің бесінші өзіне тән ерекше белгісі - қырналған ой, ол барынша дәл, нақты, мәнерлі, мазмұнда беріледі; 6) афоризмнің алтыншы белгісі - түрлі стильдік, эмоционалдық құралдар көмегімен қол жеткізген көркемдік бояуы.
Афоризм теориясын негіздеуші Б.Грасиан сонау ХҮІІ ғасырда-ақ өткір ой туралы трактатында: "афоризм даналықты ғана танытып қоймай, эсем де болу керек" деген. Б.Грасиан үшқыр ой мен тапқырлықты афоризмнің маңызды белгісі ретінде қарайды. Олар - бірімен бірі сабақтас құбылыстар. Тапқырлық -ой ұшқырлығынан туады, тапқырлық логикалық қисын мен эстетикалық эсемдікті бірдей қабыстырып, бір-бірімен үйлесе бермейтін алшақ ойлардан ортақ түйін жасап жібереді.
Тапқырлық ақыл-парасатқа қарағанда тек шындық айтумен шектеліп қалмай, эдемілікке ұмтылады, ал көркемдік (әдемілік) түрлі көркем құралдарды қолдану арқылы жүзеге асады. Даналық пен көркемдіктен басқа өткір ойларды жеткізудегі қысқалық пен нақтылықтың рөліне де баса назар аударады. Сол трактатта афоризмнің тапқырлықтан туатындығы, басты белгісі - даналық, көркемдік және баяндау қысқалығы екендігін теориялық трұрғыдан дәлелденеді. Әсемдік, көркемдік - афоризмнің маңызды белгілерінің бірі [219, 181-185].
Афоризм көтеретін тақырыбы "ескі" болса да, "мәңгілік" мәселелерге айналып соғып отырады. Егер жаңа әрі тосын ойлар жаңа кейіпте, өзге реңкте берілсе, оны афоризмнің көркем бояуының әсерінен болған деп ұғу керек. Жоғарыдағы айырым белгілерді жинақтай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады:
Афоризмдер - терец ойға құрылған, жан-жақты байыптау барысында алынған, барынша қысқа да ықшам, көркем келісіммен келген, нақты бір аетордың қаламынан туған тиянақты ой жүйесі.
Афоризмдер - шағын сөздің кешені, ақыл мен эсемдік құймасы. Афоризм - қазақ менталитетіне аса жақын жанр. Афоризм - өзінің құнарлы ойларын "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне" "түйіп" үйренген қазақ халқына тән сөз өнері.
"Қара қылды қақ жарған" эділдігін айтар би-шешендер жүгінетін оңтайлы тәсіл. Тілші ғалым Г.Қосымова шешендік сөздердегі бейнелі сөз қолданыстары шешендердің дүниені дүрыс пайымдау, дәлелдеу, пікірлесу тәрізді логикалық мәдениетінің жемісі екендігіне нұсқайды [97,9]. Шешендік үлгідегі толғау сөздер дидактикалық-философияның, әлеуметтік-этикалық тәрбиенің рөлін атқарғанын саралап береді. Өзінің ой өзегінде, негізінде ақыл-насихат сақталғандықтан, өсиет - толғау өлеңдер қазақ сахарасында тәрбие құралы міндетін атқарады.
Абай тіл көркемдігі мен ой тереңдігіне халық ауыз әдебиетінен қанығады, тіл ұстаратын ұсталықты, сөз асылын талғаған зергерлікті, ой қиюластырған
шеберлікті,
сүлулықты
әспеттеген өнерпаздықты
меңгеріп
шығады, өз үлгісін өнер өрнегіне (сөз
өнеріне) салады. Оның терең ойлары,
шешендік афоризмдері, нақыл қанатты
сөздері, максималары адам санасына ой
тереңдігімен әсер етеді. Эстетикалық
сезімге сөз эсемдігімен, адам жадына
(есіне) ықшамдылығымен ықпал етеді,
әсерге бөлейді.
Қоғам қайраткері, ақын Абай әдебиеттің әртүрлі көркем үлгілерін жасауға мақсатты түрді кірісті. Уақыт талабына лайық келетін әдеби үлгіні қару етіп, оны әлеуметтік қызметке жүмсады, тәрбие құралы функқиясында пайдаланды.
Ой - сана мен қоғамға қозғау салу мақсатынан туған афоризмдер үлгілеріне талдау жасау барысында мақал, нақыл сөздер, қанатты сөздердің бір-бірімен ортақ тұстары да айырым белгілері де бар екені байқалды.
Солардың бірі - максима. Максима (латын тіліндегі тахіта ге^иіа -жоғары ұстаным), белгілі бір автордың ықшам, басы артық сөзден ада, терең мағыналы, тұжырымды ойы. Максиманың негізгі ерекшелігі оның семантикасының 1) белгілі бір тәртіпке бейімдейтінімен; 2) ондағы ой әркімнің өз іс-қимылы барысында басшылыққа алатын этикалық ұстанымды білдіруімен айқындалады. Осы анықтамада көрсетілгеніндей, біздіңше, максиманың негізгі басты белгісі адамға өз бойында белгілі бір "тәртіпті" қалыптастыратындай "нұсқау беруімен" айқындалады. Ол нұсқауды адам өзінің күнделікті іс әрекетінде ескеріп, қажеттілігіне қарай басшылыққа алады. Мысалы, "еткен еңбек, төккен тер текке кетпейді және әр істің (еңбектің) нәтижесі болады деген ниетпен іске кірісу керек" деген сенім ұялату үшін Абайдың тілдік тұлғасы мына ұстанымдарды ұсынады: Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратықа сүйеніп, еңбек қылсаң, қара жер де құр тастамайды. Тіл тұтынушы іске кіріскенде әуелі тэңірден қолдау тілеп, сосын өз қайратын сүйеніш еткенде талабы оңғарылары сөзсіз деген сенім ұялайды. Бүл максимадан түйетін түйін: Өмірде әр нәрсеге сабырмен қарауға, кез келген жағдайда ұстамды болу.
Келесі мысал, Қайғы келсе, қарсы түр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Мәтіндегі қарсы түру, оңғаққа ермеу сияқты стимулятор сөздер белгілі бір әрекеттен сақтандыру, "тәртіпке" шақыру сияқты негізгі функқиясын атқарып түр. Максиманың мәнінің өзі - "нақты бір іске шақыру".
Максима семантикалық сипатына қарай кең ауқымда қолданылады. Олар қоғамның ой-өрісіне, дәуір талабына сай дидактикалық-философиялық мән иеленеді. Мысалы, Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас; Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге; Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек; Құдайдан қорық, пендеден ұяліБалаң адам болсын десең, оқыт, мал аяма; Мақтан қума, керек қу.
Максиманың жасалу жолдары.
Біздің пайымдауымыз бойынша, максиманың семантикалық мәнін белгілі бір тәртіпке шақыратынына (бейімдейтініне) байланысты және этикалық жоғары ұстанымды білдіретініне қарай анықтауға болатын сияқты. Мәтіндегі айтылмақ ойға, яғни мазмұн жоспарына сәйкес берілу жоспары анықталады. Мазмұны белгілі бір этикалық ұстанымды сақтауға шақырып, соны міндеттеп
тұрғандъщтан, берілу тәсілі бүйръщ райлы етістіктің кызметіне жүгінеді. Мысалы, Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жоқ бол;
"Досы жоқпен сырлас, досы коппен сыйлас" деген максималар мәні нағыз ізгілікке, адамгершілікке үндейді: Қайғылы адаммен, досы жоқпен сырласа, мүңдаса алу, оның ауырын жеңілдету, қолдау көрсету -имандылықтың белгісі (ал максиманың ішкі мәнінің өзі жоғары ұстанымға жетелейді). Игі ниеттің жүзеге асуы бүйрық райдың (сақ бол, жақ бол, сырлас, сыйлас) грамматикалық мағынасы арқылы анықталады. Біздіңше, айрықша прагматикалық стильдік қуат максима мәнін ашатын негізгі грамматикалық көрсеткіш императив райдың қызметінен туындайды. Сөйтіп афоризмдік қатардан орын алатын максималар мазмұны қарапайым тіршіліктегі даналықтан бастап, терең философиялық ойға жетелейді, соған сәйкес мәнді әрекетті жүзеге асыруға міндеттейді. Тілдік қатынасқа (коммуникақияға) түсерде тиісті мазмұн мен форма бірлігі арқылы рэсімделеді.
