Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.69 Mб
Скачать

5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.

Эссе жанрының қалыптасуы мен зерттелуі.

Абай Қарасөздерінің эссе жанрымен ара қатынасы мәселесін анықтауды өз зерттеуіміздің бір мақсаты етіп белгіледік. Ол үшін алдымен "эссе" термині мен эссе жанрына қатысты кейбір мәселелерді қарастырғанды жөн көрдік:

  1. Эссе жанрына байланысты әр түрлі зерттеу бағыттарына шолу жасап, өз бағдарымызды анықтау;

  1. Эссенің мазмұндық-құрылымдық сипатын айқындау;

  1. Эссе жанрының өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

  2. Эссе мәтінінің коммуникативтік-прагматикалық қызметін көрсету;

  3. Эссе жанрының функционалдық стильдермен арақатысын анықтау;

6) Эссенің теориялық мәселелерін нақтылау. Эссе жанрының сипаты.

Эссе жанрының күрделі табиғатын, ғылыми теориялық мәселелерін анықтауға байланысты зерттеулер әлі де тереңдетуді қажет етеді. Бүл саланың әдебиеттану ғылымында өзіндік орны анықталуы, жан-жақты қарастырылуы оның маңызы мен құнын арттырары сөзсіз.

Ерекше әдеби жанр ретіндегі эссе мәселесі күрделі әрі шешімін таба қойған жоқ. Терминдік бірізділік болмауы бүл жанрдың тым күрделілігіне байланысты болуы керек десек те, нақты бір ұстаным, функционалды айырмашылығы ажыратыла көрсетілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда жолжазба мақалалардан бастап, әдеби манифестке дейінгі аралықтағы шығармалар эссе деп атала беретіні жиі кездеседі. Эссе сөзінің шығу тегі, мағынасы "тәжірибе" дегенді білдіргендіктен, "алғашқы ұмтылыс, ниет", "алғашқы қалам тербеу" сипатындағы әдеби туындылар да, мазмұны әр тарапты қамтитын, еркін баяндалған шығармалар да эссе жанры қатарында қарыстырыла беретін тұстар кездесіп қалады.

Эссе жанрының не себепті ашылмағанын, кейбір даулы тұстарын көрсетіп, шешу жолдарын белгілеу керек. Эссе - "жанрдан тыс", "жанрдан жоғары" жанр. Оны мазмұнына қарай алғанда энциклопедиялық шығарма деуге әбден лайық. Эссенің табиғатынан, өз алдына жеке-жеке, дербес функционалды жанрға айналған барлық стильдің реңкі табылады.

Пайда болғанына төрт жүз жылдан аса уақыт өтсе де, (сонау Монтень заманынан бері), бүл жанр әлем әдебиетінде, сөз өнерінің ішіндегі теориялық тұрғыда аз зерттелген сала болып келеді.

Қазақ әдебиеті топырағында мүлдем сөз етілмеді деуге болады. Теориялық зерттеудің мардымсыз болуымен қатар, жанр ретінде поэзия мен прозаның басқа салаларындай өрісті өркендеу жолына түсе алмады, сөйтіп, эссе жанрындағы шығармалар белсенді позиция иеленген жоқ.

Жанрлық бітімі бөлек болуымен бірге айтар ауқымы да кең, философиялық, тарихи, өмірбаяндық, діни, публицистикалық, сыни, әдеби, моральдық, ғылыми-көпшілік мазмұндағы жанр - эссе деп анықталғанымен, теориялық түйіндеуде қолмен қойып, «көзбен көргендегідей» бірізділік байқала бермейді.

Бұндай бұлыңғырлық, анық танық еместер мен "белгісіз" белгілер -жалпы эссенің өзінің табиғатына тән, соған лайықталған қасиет деу керек. Эссе әдеби жанрының нақты, тұжырымды анықтамасын беру қиын, әрі күрделі. Эссеге тән қасиет-белгілердің бір қатары: 1) жазушының (авторының) дртүрлі мдселелер төцірегінде ой қууы; 2) оны жан-жақты терец толғануы және 3) бір тақырыптан екіншісіне ауысуы, соны еркін баяндауы мен 4) мдліметтерініц бір жүйеде берілмеуі деуге болады. Оның тағы бір өзіндік белгісі: Эссе жанрына жататын шығармаларда міндетті түрде алдыңғы орын автор тұлғасы иеленеді. Оның ерте кездегі үлгілеріне Платон диалоғы (б.э.д. Ү-ІҮ ғғ), Марк Аврелийдің "Өз-өзіме" (II ғ.), Хань Ю. (Қытай, ҮІП-ХІХ ғ.), Кано Тенэй (Япония, XIII ғ.) шығармаларын жатқызуға болады. Эссе өз алдына жеке жанр ретіндегі бағытына, мән-маңызы мен атауына ХҮІ ғасырда М.Монтеннің "Еззаіз" кітабының жарыққа шығуымен ие болады.

Ресейде "Опыты" ("Тәжірибе") деген атаумен аударылған, адам туралы, өмірдің түрлі қалтарыс-құбылыстары жайлы Монтень еңбегіне айтарлықтай маңыз беріледі. Оның құндылығы бағаланып, Ресейден тыс өзге елдерде де қолдау тауып, құрмет көрсетіліп жатты. Өзіндік бағыты бар жанр өзгеше тың ойларымен тыңдаушысын баурап алады

Эссе жанрының қалыптасуындағы М.Монтенъ рөлі.

Ғылыми зерттеулер анықтағанындай, эссе ХҮІ ғасырда франқуздың дана ғұламасы М.Монтень шығармашылығы негізінде қалыптасты, әрі жанр ретіндегі "эссе" деген атау М.Монтеннің "тәжірибе, алғашқы қалам тербеу, сынап көру" - мағынасын беретін - "Еззаіз" деген кітабының атына сәйкес пайдаболады [213,136.].

М.Монтеннің "Тәжірибелері" ("Опыты") - шығармашылық бастама. Ол көркем ойдағы ерекше сипатты жақа жанр - эссені бастап берген, эссе жанрының негізін қалаған шығарма болып табылады. Сол еңбектердің жазылу барысында қолданылған әдіс-тәсілдер нәтижесі және сондай әдіс-тәсілді қайталап жазған өзге де шығармалар "эссе" деп аталады, сөйтіп "эссе жанрында жазылған дүниелер" деген анықтама-мінездемеге ие болады.

М.Монтень сияқты Абай да өз еңбегін мақсатты түрде бір жүйеге түсірген жоқ. Ол өзінің ой арпалысын, сезім ширығуын қаз-қалпында көрсету үшін қолдан ырықтандырмай-ақ, "табиғи" күйінде сездіргісі келетіні жайлы Қарасөзінде ескертеді. Монтень де ой арпалысын көрсету үшін оны "икемге келтіріп, қырлап-сырламай-ақ" "табиғи" күйінде сездіргісі келетіні жайлы еңбектерінде жазады [194; 1956.]. Бүл бір жағынан оқырманды өзіне жақын тарту үшін қолайлы әдіс болатын. Олар өзіне баурай отырып, сөзге тартып, сыр бөліседі. "Бүл шығармаларда Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-

жүз кездесудеп мәслихат, кеңес құрып отырған оишыл ұстаз тәрізденеді. ...Кейде өзінің көз алдында отырғандай, тыңдаушысына сүрақтар береді. Өзі онымен жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады, тыңдаушылармен Абай тату, тыныш мәжіліс құрғандай болады" [2,220-2216.].

Монтень де жан шерін, дүние сырын мүңдастарымен емін-еркін отырып бөліседі.

Белгілі әдебиеттанушы ғалым Ш.Елеукенов Абай Сөздері Батыс пен Шығыс мәдениетінің мэйегін сіңірген кұнарлы дүние екеніне нұсқайды. Монтеньнің "Тәжірибелері" - еуропалықтар үшін, Абайдың "Қарасөздері" -қазақтар үшін тағылым оқулығының орнына жүргенін белілі ғалым Т.Жұртбай да тап басып, тани білген [103,375-3846.].

Оқыған сайын Сен де өзіңді сол әңгімеге тартылғандай сезінесің, өйткені, баршаны толғандыратын, кейде тіпті өзіңді ойға қалдыратындай, ұялтатындай әңгіме айтылып, мәселе қозғалып жатады. Салихалы сұхбат Ел мен халық туралы, оның болашағы туралы өрбиді. Дана Абай кемел ой айта алатын, өзіндік ұстанымы мен ой-пікірі бар азамат тәрбиелегісі келді.

Эссе жанрының орыс әдебиеті мен тіл білімінде зерттелуі.

Орыс тіл білімінде кейбір ғылыми тақырыптар аясында қосымша қарастырылғаны болмаса, арнайы зерттеуге айнала қоймады. Тіпті кейбір тұста үзіліс, тоқырау да байқалғандай. Бірақ соңғы жылдарда әдебиетті ұғып- түсіну, оқып-үйренуге жаңаша көзқараспен келуге, бұрынғы қасаң (догмалық) қағидалардан бас тартумен байланысты қоғамдық өмірдегі индивидуалды, субъективті құбылыстар алдыңғы орынға шықты.

Орыс тіл білімінде эссе жанрын сипаттауға алғашқы талпыныс Н.И.Глушков тарапынан жасалды, бірақ ол бүл еңбегінде негізінен очерк жанрына назар аударады. Кеңестік кезеңдегі жарқын іс-қимылды суреттеуге арналған очерк жанрының маңызына жете көңіл бөлуге үндеген мақаласында сөз арасында ғана эссеге қатысты пікір білдіреді.

Мақалада "жауынгер жанр" - очерктің артықшылығына тоқтала келіп, отандық әдебиетте "эссе" термині басы артық мәселе, -дей келе, эссе теориясына байланысты екіүштылық сонау Монтень заманынан жалғасып келетінін атап өтеді: "Ол өзінің тәлім-тәрбиелік-философиялық мәні бар очерк жанрында жазылған үш кітабына "Ьаз Еззаів" - Опыты" деген атау берді. Жанрлық "қате анықтама" сол эссе, яғни тәжірибе деген сөзден басталды", -деген тұжырым жасайды [214,98-996.]. Сонымен қатар, эссе және очерк бір жанрдың әр түрлі атауы деп те белгілейді.

Орыс кеңес әдебиетінде эссе жанры кең сипат ала қоймады, эссе стилі мен жанр үлгісі А.И.Герцен ("Сол жағалауда"), Ф.М.Достоевский ("Жазушы күнделігі") шығармаларынан бастау алады. ХІХ-ХХ ғасыр межесінде Л.Шестов, В.Розанов, А.В.Луначарский, И.Г.Әренбург, Ю.К.Олеша, Б.Л.Пастернак, М.И.Цветаева, К.Г.Паустовский шығармашылығында бұндай әдеби-философиялық ой-толғамдар айтарлықтай көрініс береді [215;216;235].

Эссе жанрының белді ортасында Ф.М.Достоевскийдің "Жазушы күнделігі" де бар. Негізгі мағынасындағы күнделік дегеніміз - күжаттық мәні басым болып келетін, мәлметтерді күнбе-күн, әрі жүйелі жазып отыруды талап

етсе де, жазушының ой әлеміндегі түйіндер белгілі бір нақтылыққа (күн, ай, жылы көрсетіліп) сүйенбесе де, эссе жанрына жақын әдеби туынды қатарына Ф.М.Достоевскийдің "Жазушы күнделігін" қосуға болады. Сан алуан тақырыпты қамтыған, шырайы шынайы шығармада ойшылдың терең даналығы мен публицистің қызу шабыты керемет үйлесім тапқан. Эссенің назар салып, талдауға алатын нысаны - саясат пен сыннан, мораль мен эстетикадан, философия мен идеологияға дейінгі аралықты құрайтын барлық ой деңгейі. Эссенің осы сипаты - Ф.Достоевский еңбегінен де көрінген [217].

Ой түюге не нәрсе лайық болса, соның бәрі эссенің талқысына түседі, әйтсе де, эссе жеке бастың үсақ-түйек мәселесі емес. Ол жеке өзіндік тақырыпты талдауға уақыт шығындамайды.

М.Монтень де, Ф.Достоевский мен Абай да күллі дүние бас иетін рухани биікті сөз етті, кісілік кемелдікке ғана сөзден орын берді. Эссе - субъективті реңкі басым ой иеленген, философиялық, педагогикалық, публицистикалық, этикалық, әдеби-сыни, тарихи, ғылыми өмірбаяндық, беллетристикалық табиғатымен сипатталатын айрықша Сөз. Эссе - ол көркем әдебиеттің прозалық шығармасы.

Эссе жанрының қазақ әдебиетінде зерттелуі.

Белгілі әдебиетші ғалым С.Негимов эссе жанрына барынша толымды әрі жан-жақты анықтама береді [218,712]:

Эссе - түрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дагдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек,тьщ болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры.

Әдебиеттегі эссе соны пікірлерге көбірек мән беріп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды:

Эссе сипатында туған туындыларға батыл-болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын ойлар, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Қазақ әдебиеті мен тіл білімі бойынша эссеге қатысты өзге теориялық тұжырымдарды кездестіре алмадық.

Қазақ әдебиеті мен тіл білімі бойынша эссеге қатысты өзге теориялық тұжырымдарды кездестіре алмадық.

Эссеге қатысты осы ой-пікірлерді қорытындылай келе, оның жанрлық ерекшелігін анықтау үшін әуелі мазмұндық-құрылымдық сипатын айқындағанды және өз ұстанымымызды білдіргенді жөн көрдік.

Эссенің мазмұндық-құрылымдық сипаты арқылы қарасөз табиғатымен іргелестігін аныңтауды мақсат еттік. Эссе жанрын айқындайтын сипат-белгілерге Қарасөздің болмыс-бітімі қаншалықты сәйкеседі? Нақтырақ айтқанда, Абай Қарасөзінің табиғатына эссе жанрының мазмұн-сипаты үйлесе ме? Біздіңше, үйлес-үндесім бар. (Анықтамада айрықша курсивпен берілген айқындауыштардың барлығы да "Қарасөздің" табиғатына тән). Біріншіден, "дағдыдан", "әдеттен" бөлек, өзінше толғау бар. Екіншіден, эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің түйіндеуге құрылған жанры десек, бұл мазмұнның бәрі де Қарасөздердің табиғатынан табылады. Үшіншіден, ой-сезімге әсер етіп, өткір қабылданады; экспрессия қуаты мықты, "тіл өрнегі айрықша" әсерлі, эстетикалық бояуы айқын; Төртіншіден, Сөз иесінің интеллектуалдық деңгейі жоғары, танымы терең, ойы биік. Бесіншіден, пікір жарыстыру мен талас тудыруға бағыттайды. Алтыншыдан, терең түйіндеулер ұтымды ұштасқан. Біздің пікірімізше, эссе жанрының мазмұн бірлігі мен Абай Қарасөздерінің ішкі табиғаты осылайша үндестік тауып, сабақтасатын сияқты. Осы аталған сипат-белгілерді айқындау арқылы Қарасөздің эссе жанрына қатыстылығын айқындап, қаншалықты дәрежеде сабақтастығы бар екенін нақтылаймыз.

Эссе жанрының күрделі табиғатына сәйкес оның айырым белгілерін ажырату да аса күрделі. Әр кұрамдас бөліктері автономды әрекет етпей, өзара сабақтаса байланысады, бір-бірімен тығыз байланысты сипаттар бірлігінен тұрады да, бірі екіншісінің логикалық кисынды жалғасындай қабылданады.

Эссенің теориясы мен стильдік сипаты жайлы ғылыми топшылауларды жинақтай келе, былайша жіктеме жасадық:

1. Әдетте, бірінші жақтан жазылады. Эссе - жазушының жеке өзіндік және шығармашылық келбеті, ойы, күмән-күдігі, арман-қиялы. Эсседегі жеке тұлға қоғамдық ой иесі ретінде де қабылдануы әбден мүмкін. Эссе – автордың өзі, оның ой-сезімі, қоғамға қадалған жанары, әлемге тастаған назары. Алдыңғы орынға автор тұлғасы өзіндік үнімен, өз толғанысымен шығады. Ол өз Сөзімен елең еткізеді, ой тастайды, соған назар аудартады, яғни бірінші жақтан сөз алады.

Индивидуалды авторлық даралық эссе жанрының талабы, бұдан автор ұстанған бағыт (автор позициясы) айқын аңғарылады. Эссенің құрылымын құраушы негізгі бөліктердің (детальдың) бірі - жетекші орын иеленетін де автор тұлғасы болып табылады.

2. Эсседе автордың өзін толғандырған мәселе туралы ой-толғауы ең басты рөл атқарады. Ал автордың ой толғамы және ондағы ой қазығы (мысль) эссенің құндылығы болып табылады. Онымен тығыз байланысты басты ерекшелігінің бірі - индивидуалдық немесе дара тұлғаның өзіндік пікірі.

Абай өзінің ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді... "Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл тазалық жолдар, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең-өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады" [2,131]. Біздіңше, ұлы Әуезов нұсқаған осы бағдар Абай эссесінің негізгі мазмұнын құрайды, сондықтан Абайдың ой-толғамын эссе көздейтін кұндылыққа балап, өзіндік сипатын айқындаушы факторлар қатарына нық сеніммен қоса аламыз.

3. Эсссенің композициялық байланысы еркін болады. "Қатаң заңға", тәртіпке бағынбайтындықтан да эсседегі ой тасқыны белгілі бір жүйеде келе бермейді. Ондағы ой динамикалы. Логикалық жүйесі, яғни ой қисыны сол ойдың келуіне орай, сонымен қатар автордың ой толқынының құбылуына қарай алуан мәнерде, түрлене береді. Ал ойдың берілу (реті) жүйесі толқымалы: сол төңіректе бір ой қылаң беріп, екіншісі тереңдеп барып, басқа арнаға ауысып, ол өз кезегінде тағы бір ой тізбегін тудыруы ықтимал. Ендеше, эссе - сол ойдың көрінісі, толқып-шалқып, кейде түңғиығына тартып, қайта арнасынан асып жататын ой арпалысы болуы әбден мүмкін.

Осы аталған ерекшелік эссенің сюжетсіз шығарма болғандығына тікелей байланысы деп санауға болады. "Бұлар сюжетті шығармалар емес" - деген кесімді пікірді кезінде М.Әуезов берген болатын [2,218].

4. Бүл айтылғандармен сабақтасатын тағы бір түсы - эссенің "ұжымдылығы", "икемділігі", үйлесімге, іштей өзара сенімге құрылып, бірлесе ой бөлісуге шақыруы. Біздің ой семантикасына екпін түсіре айту себебіміз: эссенің сипаты - ой толғақ, мақсаты - ойласу, міндеті - ойландыру. Автордың тікелей өзін толғандыратын мәселелер ой қазығына айналады. Бүл жанр арқылы қаламгер бірқатар мәселелерге байланысты ой толғамын білдіреді, ол көкейкесті болмауы да мүмкін, ең бастысы, өзін толғандыратын мәселелер болуы керек. Алайда эссе көтерген мәселе "көкейкесті болмауы мүмкін", "өзін ғана толғандыруы мүмкін" деген мінездемелер салыстырмалы, шартты түрде алынғаны есте болғаны абзал. Әр өнер туындысы (оның ішінде әдебиет) адам мен қоғам рухының тамыршысы екені белгілі. Сол турасында автор оқырманмен, тыңдаушысымен ой бөліседі, ақылдасады. Абай дана да өз пікірлестерін сөзге тартып, өз сырын ашып, бірде мүңын шағып, олардың да таза-наласын тыңдауға эзір екендігін білдіреді.

Енді эссемен үндестігін, осы айтылған сипаттардың Абай Қарасөзінің

юйынан табылуын мысал-деректері арқылы тағы бір аныңтап көрейік.

4ысалы, Абайды толғандырған мәселенің бірі - бос күлкі. Автор "күлкі туралы

>йлаған ойын, сынын" (М.Әуезов) Төртінші сөзінде көп кеселдің бірі ретінде

ткір сынап, кесіп айтады. Осы төңіректе ой бөліседі. "Шешен, шебер, тапқыр

гіп түйген" сөйлемдері афоризм аясына еніп, ел ескере жүрер сөзге айналады.

Зссенің мақсаты да сол! Түйінді сөзді көптің көкейіне қондыру). Мысалы,

рбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаннан

үл, ызалы күлкі өзі де - қайғы. Немесе келесі бір тұжырымның прагматикалық

/аты үгіт-насихат емес, үміт пен сенімге бастар нұсқау-жол іспетті (регулятив

.ізметте) әсер етеді: Орынсыз күлкімен азайтпа қайғыны, орынды харекетпен

айт!

Он бірінші Сөзде үрлық төңірегінде, яғни ой қозғайды. Автор өзін

лғандыратын мәселе туралы жан ауыртар сыр бөліседі. Бір қарағанда,

кейкесті емес, қарапайым "үй ішілік" деңгейдегі мәселенің қоғамдық індетке

налмауына алаңдаушылық білдіреді. "Эссенің сипаты - ой толғақ" десек,

іғантатын түйткілдердің көптігі - заман шындығынан туып отырғанына Сөз

;і өз тыңдаушысын иландырады. Бүл да - эссенің бір мақсаты. Мәтінде

іық семантикасының концептуалды мәні тереңдеп негізгі семасының

.іспалы мағынасы өзектене түседі. Мысалы, Ұлықтар "алып берем" деп

'герді жеп; ^құтқарам'" деп үрыны жеп жүр - дегенде ұлықтың өзі үры

•азына иеленген, яғни автор адамның сенімін алдауды үрлықпен пара-пар

ап, оның әрекетін үрының тірлігіне балайды. ¥лық "тауып берем" деп

ын жоғалтқан адамды бір алдаса, "мен сені күтқарам" деп үрыны екі

алдайды. Сөйтіп екі жақтан да өтірік ақы алып жүрген ұлықтың өзі үры болып шыға келеді. Автор осы жайттан түңілтеді.

Автор әңгімелесуші кейіпкерін ойланту мақсатында мәтіндегі әр сөзіне екпін түсіре отырып, мына сүрақты қояды: Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоцтаусыз кеткені ме? Бүл фразадағы ілік септігіндегі бірыңғай номинатив атаулар - үрыдан жеңіліс тапқан, соған жем болған субъектілер... Адам бойында осы қасиеттердің болмауы - үрлықтың ұлғайып, өршуінің кепілі. Эсседегі ойдың өзегі - осы. Бүдан эссе жанрының қарапайым мәселені этикалық категория дәрежесіне көтеріп, ой тастау - ойласу - ойландыру мақсатындағы предикаттық қызметін көре аламыз. Қарасөз мазмұны "эсселік" бүл міндетті атқара алған.

5. Эссені әдеби жанрға тән десек те, ол тек қана әдеби туынды аясында қарастырылмайды. Қай стиль тармағына қатысты болса да, тіл көркемдігімен ерекшеленеді. Әрине, сөз өнерінің барлық көркем мәнерлілік "құралдары" - метафора, эпитет, теңеу, символ, аллегория және аңыз бен мысал - бәрі көркемдік пен ой дәлдігіне қызмет етеді. Эсседе осының барлығы қолданылады. Абай эссесінің тіл көркемдігі зерттеушілер назарынан тыс қалған жоқ.

... "Абайдың поэзиялық мұрасына қоса қарасөздері беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазына бар. Ол - Абайдың осы қара сөзді жазған тілі. Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі, жаңалығы, көркемдік таланты бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерген ұлы тарихтық еңбегі қандай болса, қара сөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол сіңірді" [2,229] - деген пікір, сөз жоқ, бүл жанрдың тіл көркемдегіне ден қоюға нұсқағаны белгілі [220].

6. Эссенің стильдік бір ерекшелігі: бейнелілік, көркемдікпен қоса, афоризмдік байыптама сипатының басымдығы. Эссе сарынында жазылған шығарма құрылымында афоризмдер өте мол үшырасады, сондықтан да оған "афоризмдік мәні басым" деген баға беріліп жатады [219,58-606.]. Дәл осы талапқа да Абай Қарасөздері толық жауап береді. Эссе жанрының құрамдас элементі ретінде афоризмдік айшықтардың доминанта ретінде болуы - Абай Сөздерінің де басты көрсеткіші. Бүл мәселелер "Абай афоризмдерінің сипаты" деген тараушада арнайы сөз етіледі . Эссе көлемі, негізінен шағын болғанымен, бірнеше кітаптан түратындай кең ауқымға үласуы әбден мүмкін.

Абай эссесінің көлемі әр түрлі. Он алтыншы, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Жиырмасыншы, Жиырма төртінші, Отыз бірінші, Қырық бесінші Сөздері қысқа, шағын болып келсе, көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені "Ғақлият - тасдиқат" деген атпен Отыз сегізінші Сөзі белгіленген. Бүл - Абай мұрасын зерделеп жүргендерге белгілі жайт. Эссе жанрының негізін қалаған Монтень шығармашылығы үш кітапқа арқау болған.

Л.Толстой "Круг чтение" еңбегінде өзіне дейінгі ойшылдардың даналық әлемін (ойын) бір жүйеге түсіріп, бірнеше кітап етіп ұсынғаны белгілі.

Қазақ рухани-мәдени әлемінде эсселік дүниенің қадасын қадаған Абай өлеңдерінде айтылған ойларды Жаңа Сөзбен жалғастырады. Қазақы болмыспен

"тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін" (шартты түрде, қырық алты жүйеге -сөзге сыйдырып) береді.

7. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті, әралуандықты қолдайды. Оның ~>імізді

ерекшелігі сонда, ол кез келген тақырыпқа, кез келген стилъде жазыла береді, ^ылық

немесе жаның қалаған тақырыпта, өзің таңдаған стильде ойыңды айтып бере "імдік

аласың, өйткені эссе - өзің көрген, естіген, байқаған мәселе туралы сенің ойың. атын,

Жазушының (автордың) жанын жадыратып әлде жабырқатқан жағдайлар эйлеу

жасырынбай сыртқа төгіліп, сыр болып ақтарылып жатады. Осыған оінші

байланысты эссе жанрының құрылымында өзге стиль элементтері араласа * осы

жүруі оған тән негізгі сипаттардың бірі. Соған орай эссе жанрының алық

функционалдық стильдермен ортақ тұсын былайша бағамдауға болады: асты

Қарасөз - эссенің ауызекі сөйлеу стилімен арақатынасы. >ізша

Эссе - күтпеген шешім, алдын ала болжап біле бермейтін иірімдер,

қызықты қабысулар, шәлкем-шалыс байланыстар, тың ой, шешен бар:

баяндаулармен тартымды бола түседі, сонысымен айқындалады. \аш

Эссенің сөйлем құрылысы, сөйлеу интонақиясы мен лексикалық қабаты ^ды

ауызекі сөйлеу стилімен сәйкес келуі - өзіне тән бір белгісі. лық

Қарасөздің лингвостильдік табиғатынан да осы сипат анық байқалады. ДІгі

Абайтанушы ғалым Р.Сыздықованың ғылыми сараптамасында дүрыс

көрсетілгеніндей, "сөйлеу тілі стилін автор өзі әдейі таңдаған, бұған іем

"Қарасөздерінің" жазылу себептері мен сөз арнаған адресаттары мәжбүр еткен" ше

[4,531]. шя

Адресант өз пікірлесімен (адресатпен) емен-жарқын, ашық әңгіме құрып 'ар

отырғандықтан (сол стильді таңдаған автордың өзі), өзінің "қарсы алдындағы" ан

әңгімелесуші адаммен тікелей пікірлесудің өзіне тән тәсілін қолданады, яғни згі

ауызекі сөйлеу тілінің мынадай тілдік белгілерін ескеріп отырады: а) сөйлеу ен

еркін, "автоматты" жүзеге асырылады; э) диалог-сұхбат түрінде жүреді; б) Щ>

автор тілдік құралдарды іріктеп, бағындырып жатпай, бірден қолданады, яғни ар ойдың ықпалына қарай, сөз формасының өзі сүрыпталып шығады.

Қарасөздердің мәтініндегі ауызекі сөйлеу нормаларының басым бағыт Щ

таныту уәжі мен оның (нормалардың) сипаттарына абайтанушы Р.Сыздықова й

"Қарасөздердің тілі қалай өрілген" [4,533-546] деген теориялық талдамасында і:

ғылыми негізде жүйелі әрі толымды түрде сараптама жасағандықтан, оны з

қайталауды артық санаймыз. Өз тарапымыздан ойдың дүрыстығын кейбір №

қосымша мәліметтермен бекіте түсеміз. I

Негізінен, ғалым жүйелеген сол терең талдауға жалпы шолу жасап, I концептуалды негізде кейбір тұстарын толықтыруға ниет етеміз.

Сонымен, ауыз екі сөйлеу стилінің ерекшеліктері қалай көрініс тапқан? Р.Сыздықова өз зерттеуінде ең алдымен, ауызекі сөйлеу тілінің фонетикалық-интонақиялық ерекшелігі сақталғанына баса назар аударады [4,533]. 1) Сол ерекшелікті біз эссе жанрының табиғатымен сабақтастыра қарастырдық және тілдік тұлғаның прагмалингвистикалық сипатымен бірлікте алдық. Мысал ретінде, Абайдың Бірінші Сөзінде интонақияға құрылып, ауызша айтуға, тыңдау арқылы қабылдануға лайықталған коммуникативті-прагматикалық қызметтегі мына синтаксемаларды (нақты сөйлеу жағдаятынан туындайтын

референқия мен номақиялар қатынасын) келтірейік. "Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? ... Ел багу? Жоқ, елге бағым жоқ. ...Софылық қылып, дін багу?"... Мәнмәтіндегі сұраулық шылау немесе сұраулық есімдік қатыстырылмай, сұрау мәнін тек дауыс ырғағымен қабылдауға болатын, интонақияға құрылған, мүшеленбеген сөйлемдер, сөз жоқ, ауызекі сөйлеу нормасына "бағынған". Дауыс ырғағына құрылған сөйлем түрлері осы Бірінші Сөздің де, өзге сөздердің де құрылымынан орын алған. Ғалым Г.Қосымова осы әдіс-тәсілдің себебін қазақтың билері мен жыраулары қолданған риторикалық сұрақпен сөйлеу тәсілі Абайдың қарасөздерінде ой мен сезімді білдірудің басты тәсілі екендігі белгілі. Қарасөздердегі өзгеше сөйлем кұрылымы да ауызша шешендіктің үлгісіне негізделгендігімен байланыстырады [97,19].

Ауызекі стильдің ерекшелігі сақталғанына бұдан басқа да мысалдар бар: 2) Түрлі моралъдық реңктерді (таңдану, күйіну, өкіну т.б.) дауыс ырғағы арқылы жеткізу тәсілін Қарасөз диалоғына түскен субъектілер ұтымды пайдаланған. 3) Құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы жалғаулық шылауларды түсіріп айту - ауыз екі сөйлеу нормасына сыйымды тәсіл екендігі де зерттеуші Р.Сыздықова назарында болған [4,535].

Бүгінгі синтаксистің талабына сай жалғаулықтармен келетін сөйлем кұрылымдары ауызекі сөйлеу стилін басшылыққа алған мәтінде өзгеше құрылған, яғни жалғаулық шылау қолданылмай, оның орнына интонақия (дауыс ырғағы, дауыс тоны-реңкі) "көмегі" пайдаланылған. Мысалы, Бағар едім, (бірақ) қалайша багудың мәнісін де білмеймін; Жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, (ал) бұлар тозақтан да қорықпайды т.б. Стильдік тәсіл ретіндегі дауыс ырғағының өзі әртүрлі прагматикалық-стилистикалық семантикамен астасқан: (бірақ) білмеймін - шарасыздық танытуды білдірсе, (ал) бұлар қорықпайды - күюінуді білдіріп, түрлі модальдық мән иеленгеніне де назар аудартамыз.

  1. Ауызша қарым-қатынаста, ауызекі сөйлеу стилінде тек жалғаулық шылау ғана емес, тұрлаулы не тұрлаусыз мүшелер де түсіріліп айтылады. Абай прозасындағы бұл құбылыстар жөнінде Р.Сыздықова мына уәжді келтіреді: "Абай тілдік бірліктерді" әдейі түсіруді көздеген жоқ, автордың бұл жерде өз ойын ұсынудың жалпы стилі (мәнері) осы тәртіпке әкеліп тұр. ...Ал табиғи түрде сөйлеу (әңгімелесу) барысында "үнемдеу" деп аталатын тілдік заң әрдайым күшінде болады" [4,535], сол заңдылықты шебер жазушы ұтымды пайдалана алған.

  2. Бұлардан басқа ой екпініне басымдық беру мақсатында сөйлем мүшелерінің орны ауысып келетін инеерсия тәсіліне де иек артады. Мысалы, "Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын деп; Әрбір байқаған адам білсе керек күлкі өзі бір мастық екенін" ... т.б.

Бұл тәрізді ауызша сөйлеу тәртібінің жазба әдеби тіл талабына сай келмейтін тұстарын "көркемдігі кемдеу" деп кей зерттеушілердің дұрыс қабылдамағаны немесе "Абайдың проза жанрын алып жүре алмағандығы" - деп бағалаған.

Абайтанушы ғалым Р.Сыздықова өзінің пайымды теориялық дәйегін келтіре отырып, бұған қарсы объективті пікір ұсынады. Абайдағы бүгінгі жазба әдеби тіл нормаларына сай келмейтін ауытқулардың орын алу себебін көрсетеді: "бірі - проза саласында, оның ішінде, қоғамдық публицистика мен ғылыми баяндауда жазба әдеби нормалардың енді-енді қалыптаса бастауы, екіншісі - автордың осы туындыларды ұсыну мәнері, оқырмандарымен санасу қажеттігі, яғни бетпе-бет отырып, ауызша әңгіме - дүкен құру тәсілін таңдауы. ...Қарасөздерге баға берушілердің кейбірі осыны ескермеген" [4,539] - деген қисынды әрі ғылыми негіздегі уәжін білдіреді. Эссе жанрымен оның бір үлгісі Қарасөзде "ауытқу" болуы - стильдік норма көрсеткіші деп есептейміз. Біздіңше, сөз өнерін жетік меңгерген Абайдай сөз зергері екінші себепті басшылыққа алған, яғни ауызша сөйлеу мәнерінде бола беретін "тәртіпсіздікті" мақсатты түрде таңдаған. Әйтпесе, өлеңнен "сүлу сарай соққан", небір шығармашылық жаңалық енгізген, "қиыннан қиыстырған" "сөз данасына" қарасөзді сауатты түзудің, тың прозаға түрен салудың еш қиындығы болмасы аян.

Қалам ұстағандар, әдетте, прозадан поэзияға ауысудың ауырлығын (ырғақ, ұйқас, көркемдік үйлесім үндесімге жету) бастан кешіп жатады.

Шешендік шеберлігін меңгерген Абайдың тілдік тұлғасында төгілген сөздердің прозалық баяндауға келгенде "кібіртіктеп" қалуы екіталай. Өйткені Қарасөздерді жазуда Абай іздене білген, іздене отырып жалпақ жұртқа арнаған Сөзінің тез әсер ететін тәсілін де қарастырған деп есептейміз. Соның бірі -ауызекі сөйлеу тәсілі.

Дәл осы тұста да Қарасөздер эссе жанры табиғатымен толық үйлеседі, өйткені, олардың басты сипатының бірі де - ауызша сөйлеудегі еркіндік. Сондықтан, Сөз құрылымындағы "нормаланбаған еркіндік" - стиль ерекшелігі, "эсселік" тәсіл деп бағалану керек. Оған негіз бар екенін жоғарыда көрсеттік.

¥лы Әуезов Қарасөздерді эссе деп таңбаламағанымен, оның болмыс-бітімін сипаттағанда, эссе табиғатына сәйкес келетін ерекшеліктер айтылып қалады. Мысалы, "сюжетсіз шығармалар", "жүзбе-жүз кездесудегі мәслихат", "жауаптасып, әңгімелескен кісі тәрізденіп отырады" [2,219-220] деген анықтауыш детальдар эссе жанрының айқындамасына дәл келеді әрі Қарасөзді эссе табиғатына сыйыстыруға тағы бір дәлел болады. Және осы әдіс-тәсілдер Қарасөздің эсселік болмысын бекіте түседі деп есептейміз. Олай болса, ауызекі сөйлеу нормасы шенберінде ұсынылған (айтылған) Сөздер оның стильдік кемшілігі емес, Эсселік өзгешелікті ұстанғанын білдіреді.

Қарасөз - эссеніц публгщистикалық стилъмен аракатынасы.

Эссенің тағы бір маңызды ерекшелігі уақытпен үндестігі, сонымен бірлікте қаралатын келесі мәселе - көкейкестілігі. Эссе уақыт көтерген көкейкесті мәселені қозғауына байланысты публицистгікалық стилъмен ортақ үндестік табады, ал Қарасөздің прагмастилистикалық бағыты уақыт - заман контексімен уәжделеді.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Абай Қарасөздерінде публицистика сарыны басым түсіп жатқанына алғаш рет ғалымдар Х.Сүйіншәлиев пен М.С.Сильченко назар аударып, өз зерттеулерінде белгілі бір дәрежеде талдау

Эссе жанры уақыт көтерген өзекті мәселелерді толғап. публищктакалык стильмен үндесе әрекет етеді дедік. Бүның бір дәлелін Қырык бірінші Караст -эссенің семантикалық құрылымы арқылы талдап көрейік. Бүл Сеідиі ру Абайдың саяси-құқықтық көзқарасы анық байқалады. Елдің елдігін көксе>тса өткен азамат Абайдың ақындық поэтикасында қазақ қоғамындағы әле>хг~ мәселелер сөз кестесіне түсіп, прозасын да көктей өтеді. Қырык бірішві Сөзінде: "Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек. Әуел - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек" - деген түііін жасайды. Бұнда ел басқару, ел билеу деген қоғамдық институт терминдерін сөздің ішкі формасына негіздей отырып, ақыл беру, түзеу (яғни санаға, мінезге билік жүргізу арқылы қоғамды басқару) деген бірліктерімен перифраздайды. Автор әрі ел билеушінің мақсат-міндетін ескертіп, әрі елдің ұғымына жақындатып ақыл беру, дүрыс бағытқа сілтеу әрекетіне логикалық екпін түсіре айтады. Автор сонымен қатар, елді үйыта алу үшін ел басқарушының тәуелсіз болуы керектігіне ("жарлық қолында бар кісі") баса назар аударады. Абай - бүл ойды сол кезеңдегі Ресей империясының өктем саясатының ықпалында отырған елдің өз билігінің (жарлығъшың) қуаты кем екенін ескере отырып айтқаны белгілі ("өз қолыңа енді өз ырқың" - Абай).

Қоғамдық жағдайдан ақпарат жеткізетін бүл мәтін дискурсында жастарды білім жолына түсіру арқылы ел ертеңіне осы бастан қам жасау керектігі имплицитті сөз астарында жасырынған. "Бірін ол жол, бірін бүл жолға салу"; "сол жастар жетілу"; "бүл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар едГ, "таглим берсе, сонда түзелер едГ - деген синтагманын прагматикалық әсер реңкі - бүгінгі ел билеушіге ертеңгі ел жағдайығ ойлантады, немесе ойландыруға бағыттайды.

Публицистиканың қоғамдық жағдайға баға беріп, әлеумет жайын сө: етуін осы Қырық бірінші Сөздің семантикалық құрылымынан анық байқауғ болады.

Абайдың Қырық екінші Сөзі бүгінгі тілмен айтқанда, жұмыссызды мәселесін қозғайды. Қазіргі біз өмір сүріп отырған қоғамда да бұқаралы ақпарат құралдарында (БАҚ) жиі көтеріліп, көсем сөзге (публицистикаға) тие болатын (объект), қоғамдағы барлық келеңсіздіктерге мэжбүр ететі жұмыссыздық пен қылмыс мәселесі Абай эссесінің публицистикалық стиль; берілуіне негіз болған. Оның пресуппозициясы қоғамдық орта шындығьп жетелейді. Абай, Қырық екінші Сөзінде: "Қазақтың жаманшылыққа үйір бо. беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я сауда салынса, қолы тиер ме еді?" - деп дүниенің тілдік бейнесінің бір үз концептуалды бейнені ұжымдық сана қорытындысы ретінде ұсынады. Өз с түйінін өлеңдерінде одан әрі эксплицитті түрде ашық білдіріп, "телміріп кө: сатпай, терін сатуға" үндейді. Прагматикалық уәжбен өзектелген ойларь "Адал бол - бай тап, / Адам бол - мал тап" деген астармен Отыз үшін Сөзінде әрі қарай тереңдете түседі.

М.Әуезов "ел мінезіне арналған сөздер" (алтыншы, сегізін тоғызыншы, оныншы, он төртінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиьц тоғызыншы, отыз үшінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, кьц

екінші, қырық үшінші Сөздер) деп анықтаған бірқатар толғау-эсседе халықшыл Абай қоғамдық ахуалға қатысты үлкен мәселелер қозғап, нағыз публицистиканың мақсат-міндетін орындауға кіріседі.

Әдетте, ондай өзекті ой қозғауға немесе қоғамдық үн қосуға көсемсөз жанрының мәртебесі ықпал етсе, жауапты міндет-миссияны жүзеге асыруға Абай Сөздерінің әлеуеті толық сәйкесететіндігіне мәтін дискурсындағы сөз қуаты айғақ бола алады. Мысалы, ел тағдырына ие экімдер мен билердің, соттың халық қамын ойлауы (Үшінші сөзде); адам мен адам қарым-қатынасы (Жиырма төртінші сөзде); еңбексіз күнелту, жұмыссыздықтан азу (Қырық бірінші сөзде) - әлеуметтік мәселе деңгейіне көтеріліп, Сөз мәні тереңдей түседі.

Қарасөз - эссеніц ғылыми стилъмен аракатынасы.

Ғылыми әдебиет стилінің эссе жанрына сәйкестігі олар көтерген мәселелердің үндестігіне, талдау нысанының ортақ болуына байланысты, алайда эсседегі ғылыми сипат автор тұлғасы ұстанған бағытпен "сәйкесуі" керек. Дәлірек айтқанда, "ғылыми таным" автордың субъективті көзқарасымен бірлікте келеді, субъективті өлшеміне тәуелді болады. Осы мәселеге байланысты біздің көзқарасымыз: талдаудың теориялық ғылыми деңгейге көтерілуі міндетті емес, сол ғылыммен айналысатын маман дәрежесінде талдап-саралауды мақсат етпейді. Ғылыми бағыт - автордың интеллектуалды ой-өрісінің кеңдігін байқата отырып, негізгі идея мен эссенің жазылу уәжін айқындауға қатысты себеп-салдардың бір көрсеткіші болып табылады.

Эссе жанрының пайда болып, сөз өнері дәрежесіне көтерілу себебі неде? Бүл жанрдың Франқияда қолданыс табуы - франқуз халқының менталитетіне, олардың философиялық көркем ойлауға бейімділігіне, жанына жақын түтуына байланысты. Философиялық ой айту үшін өнімді жанр ретінде қолданылған эссе қазақ көркем ойлауында да өркендеу өрісін көрсетіп, қазақ топырағына жат еместігін және оның шешендік өнерінің заңды жалғасындай қабылданады.

"Сөз сарасын қиыннан қиыстырған" Абай шешендік толғау арқылы ой кенін өзінің ақындық кредосына өзек етіп алады.

"Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы - анығында солай да еді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қара сөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кейбір қара сөздерінде бұрынғы өлеңінде айтылатын ойлар қарапайым, жеңіл, оңай ұғымдармен қайтадан айтылады" [2, 219].

Түйіндей келгенде, І.Абай - қазақ әдебиетінде эссе жанрының негізін қалаушы. Бүл тұжырымды мына мәселелер арқылы бекіте түсеміз. Қарасөзді әдеби туынды ретінде жанрлық тұрғыда анықтау және соған сәйкес терминдік бірізділік мәселесі нақтыланды. Қарасөздің семантикалық құрылымы (мазмұны) мен стильдік баяндау тәсілінде (формасында) бірнеше жанрлар тоғысуы, э) Абай шығармашылығындағы бұрынғы жаңалықтарының үстіне қосылған бір жаңалық - әдеби процеске жанр жағынан жаңалық әкелуі (яғни Қарасөз жанрын қалыптастыруы). Ол "жаңа жанрды" қалай атау мәселесі де көкейкесті болып келгендіктен эссе жанрында туынды деп анықтадық.

2. Дана Абайдың жазылған "Қарасөздерінде" ұстанған мақсаты - әлеуметтік-философиялық дүниетаным қалыптастыру және өзі өмір сүрген кезеңдегі әлеуметтік ұжымның қоғамдық сана-сезімін биіктету деп ұғамыз. Абай Батыс пен Шығыстың ғылыми ой санасын сыншылдықпен өзіне рухани азық етіп алғанына "Қарасөз" мазмұнын зерделей пайымдағанда көз жеткізуге болады.

  1. Тілдің қоғамдық қызметін өз дәрежесінде жүмсай білген Абай ақын публицистикалық бағыттағы Сөздері арқылы "адамды бүзатын салттарды да", "ел мінезін" де сынап, мораль, құқық мәселелерін әлеуметтік деңгейге көтереді, сондықтан да Абайдың тілдік тұлғасы өз дәуірінің тыныс-тірлігімен етене байланысты және қоғамның әлеуметтік жағдайының өлшеуіші бола білді деген ұстанымымызды бекіте түсеміз.

  2. Қарасөздер - Абайдың пайым-парасаты мен білім-білігінен туған. Ол -ойшыл тұлғаның ақыл-ойының өрісі, оның сөз арқылы берілген көрінісі.

  3. Абай өзінің Сөздері арқылы ұлттық ойлау мәдениетін сапалық деңгейге көтерді, сондықтан үрпақты ұлттық өре биігінен ойлауға тәрбиелеудегі оның маңызы ешқашан кемімейді. Әлемдік ақыл-ой төрінен орын алған туынды ұлттық дәрежедегі ойлау мәдениетіне ықпал ететін рухани қозғаушы күш болғаны және әлі де өз қуатын жоймағаны белгілі. "Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес" [2,228] - деген М.Әуезов пікірі талас тудырмасы анық. Абай сынының астарында қазақтың ұлттық мәселесі "жасырынғаны" ақиқат.

6. Ұлттық рухта тәрбиелеу үшін жас өркенге Қарасөздегі астарлы ойларды жеткізу, одан әрі ұғындыру қажеттігі - бүгінгі заман талабы деп ұғамыз. Бүгінгі таңда Абай философиясын заманға қарай жаңғыртып, қайта тұлету міндет. Адам мен қоғам арақатынасы күрделенген кезде, адамдардың қоғамдық көзқарасы өзгерген бүгінгі таңда, рухани құндылықтар бағасы қайта қаралып жатқан тұста Абай мұрасына заманға лайық өң беріп, қазіргі уақыт принциптеріне үйлестіре қолдануымыз керек. Жаңғырта отырып, оны тәрбие құралының көзіне айналдыруға тиіспіз. Нақты тарихи жағдайға бейімдей отырып, қайта тұлетсек, ресми күжатқа (ұлттық идеология ұстанымына) айналуы да әбден мүмкін. ¥лттық тәрбиенің ұстанымы болу үшін Абайдың адамгершілік, кемел кісілік, елдік пен халықтық мұрат-мақсаттарды межелеген ойларына ден қоямыз. Абай Сөздерінде рухани құндылықтар жүйеленген; Сөздер - уақыт шындығына сай суреттелуімен де мәнді.

Ол - ұлттық идеологияны қалыптастыруда әбден лайық идеялық үстын болуы тиіс. Ұлттық идеологияға өзек болар тәрбие тіні - Қарасөздердің мазмұн-болмысында. Мемлекеттің ұлттық бет-бейнесін, сыр-сипатын қалыптастыра түсу мақсатында Қарасөздердегі идеялар бағыт түзеуге әбден лайық. Өйткені ол - ұлттық сананың сөзбен өрілген көрінісі.

Абай өз Сөздері арқылы белгілі бір ұлт өресінен ғана емес, бүкіл адамзаттық биіктен ой тастады. ¥лы ақынның әлеуметтік-философиялық дүние-танымы арқылы әлемдік деңгейде ойлай алатын өресіне көз жеткіземіз.

Абай Сөздері - ұлттық сананы қалыптастыратын рухани көз. Ұлттық сана мен ұлттық идеологияны жетілдірудегі Абай Қарасөздерінің әсер-ықпалы әр ісімізден көрініп, қоғамдық дәрежедегі ой-бағдарымыздан көрініс табуы тиіс.

Әлеуметпен бірге өмір сүретін, әлеумет уайымдайтын проблемаларды бірге уайымдасатын, сондай-ақ уайымнан құпия жасамайтын, керісінше, қабырғалы жұртына жайып салатын философтарға (Ә.Кекілбаев. "Нұр-Астана", маусым, 2008 ж.) берілген мінездеме Абай әлеміне де әбден үйлеседі.

¥лттық мемлекет биігіне көтерілу үшін қазақи мүдде, ұлттық намыс, ұлттық идея ұғымдары сарапталып, оны жетілдіру жолын табуымыз қажет. "Барлық дамыған елдерде қалыпты жағдай саналатын ұлттық идея ұғымы билік басындағылар немесе кейбір өзге ұлт өкілдері тарапынан басқа (сипатта) мәнде ұғынылатыны да рас. Ұлттық құндылықтар қарапайым халыққа ғана керектей сезінбеу керек" - дейді ұлтжанды саясаткерлер. ("Нұр-Астана", 24.10.2007 ж.).

Халық байлығы болашақта өзгенің боданында, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеуі үшін, намысымызды қамшылап, тіпті (намыстың өзін қамшы қылып) өзге ұлттарға өзімізді сыйлатуға міндеттіміз. Бұған да Абай Сөздері жауап бере алады.

Сонымен, эссе жанрының сипат белгілерін қортындылай келе, мынадай түйін жасаймыз:

Эссе мазмұны белгілі бір жүйемен баяндалмайды, оған әрі еркін, ешбір "қалыпқа" салынбаған қарапайым баяндау тән.

Эсседе тақырып пен тақырып арасында байланыс болуы да, байланыссыз еркін ауысулармен келу де қалыпты жағдай, сондай-ақ эсседе ойдың "жетегіндегі" сюжеттер немесе сюжетсіз ой толғамдар айтыла береді. Сюжет пен ой жүйе сақтамайды. Бүл белгісі шығарманы еркін баяндау түрінде беруге ықпал жасайды. Әңгіме жанрындағыдай кейіпкер қатысуы, сюжет болуы міндетті емес. Сонымен бірге тақырып алуандығы ой жүйесін сақтамауға "көмектеседі", соған әсер етеді. Эссе - күжаттық дүние емес. Ол очерк те мемуар да емес (бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар). Эсседе монолог, диалог, аңыз әңгіме, өлең, эпистолярлық сипатты жазба араласып келе береді. Кей жағдайда эссе мен очерк жанрларын теңдестіре қараса да, эссе очерк емес, өйткені очерк күжаттық дерегі басым болуымен және танымдық мазмұнымен ерекшеленеді [219,47]. Терминдік бірізділік болмауы бүл жанрдың тым күрделілігіне байланысты болуы керек десек те, нақты бір ұстаным, функционалды айырмашылығы ажыратыла көрсетілуі тиіс. Эссе сөзінің шығу тегі, мағынасы "тәжірибе" дегенді білдіргендіктен, "алғашқы ұмтылыс, ниет", "алғашқы қалам тербеу" сипатындағы әдеби туындылар да, мазмұны әр тарапты қамтитын, еркін баяндалған шығармалар да эссе жанры қатарында қарастырыла беретін тұстар кездесіп қалады. Эссенің ең маңызды белгісі -тақырып алуандығы, яғни ол тақырыбының әртүрлілігімен мәнді. Ондай ерекшелігі шығарманы еркін үйыстыруға, тез жинақтап, бір тақырыптан, екіншісіне жеңіл ауысуға мүмкіндік береді. Бүл эссе жанрына сөйлеу әрекетіндегідей шынайылық пен еркіндік дарытады [219,48]. Абайдың "Қарасөздері" мазмұны өмірлік шындықтың әдебиеттегі көркем көрінісі.