- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
"Абайдың толық жинағында 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары - "қара сөз" деп аталған [2,2176.]. "Абайдың прозалық шығармалары түңғыш рет ақын мұрасының 1933 жылғы басылымында "Ғақлия сөздері" деген атпен жарық көрген" [4, 5286.]. Бүл - Қарасөздің жазылуы, баспа бетін көруі жайлы жарық көрген құжаттық дерек-мәлметтер ғана емес, абайтану ғылымының негізін қалаған әлемге эйгілі М.Әуезов пен Абай сөзінің сыр-сымбатын саралаған абайтанушы ғалым Р.Сыздықованың терең танымды ғылыми зерттеулерінің негізгі өзегіне айналған еңбекке жасалған бағдар. Біз де өз зерттеуімізде осы теориялық дереккөздерді басшылыққа аламыз.
Белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметов ұлы Абайдың дүниеге көзқарасы, негізінен, осы Қарасөздерінде толық әрі молырақ көрініс бергеніне нұсқай отырып, ақын мұрасы туралы пікір айту мен ішінара зерттеу сипатындағы еңбектер төңкеріске дейін-ақ жүргізіле бастағанымен, Қарасөздер жайындағы пікірлердің түңғыш рет 40 жылдар шамасында ғана көрініс бергенін дәйектейді [197,1736.] әрі табиғаты терең ашылып, арнайы зерттеуді күтіп тұрған өзектілііне бағыт сілтейді.
Абай Сөздеріндегі қоғамдық-саяси, моральдық-философиялық пікір-байламдар - адамгершілік биікке, рухани өркениетке шақырады. Абайдың ақындық мұрасына қосылған "бағалы қазынадан" (М.Әуезов) өзінің жан-дүниесін толтыруға, рухани жүтақдығын байытуға асығатыны да рас.
Шексіз мұраның бір бөлігі осы "бағалы қазынаны" - ой жауһарын -ғылым тілінде қалай атасақ оның табиғатына үйлеседі. Пікірлер әртүрлі:
Қарасөздер жанрын аныңтауға талпыныс І.Жансүгіров тарапынан да жасалған. Әдебиетші ақын, сонау отызыншы жылдары жазылған "Абайдың сөз өрнегі" атты мақаласында ("Әдебиет майданы", 1934, № 11-12) былай дейді: "Әйтсе де Абайдың қарасөздерін, әлеумет пікірінің ортаға түсетін қарасөзінің (публицистика) алғашқысы деп ұғынуымыз керек. Өйткені Абайдан бұрын қазақтың таза тілімен мақала, нақыл, үгіттер жазған адам, сірэ, бола қойды ма екен?" [164,2006.] деген сараптама жасайды және бұндай ерекше сөз өрнегінің публицистика стиліндегі сипатын иеленгенін дәл анықтайды.
І.Жансүгіров әдебиеттің жанры толық қалыптасып үлгермеген кездің өзінде-ақ Қарасөздің құрылымдық, стильдік ерекшелігіне назар аударған. Ақын шығармашылығына терең зерттеу жүргізгін І.Жансүгіров Абайдың суреткерлік шеберлігін, ақын поэзиясының көркемдік ерекшелігін танып, лайықты бағалай білген.
Абай Қарасөздері - Ахмет Байтұрсынұлы танымында.
¥лттық әдебиеттану ғылымының негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінің "Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі" деген екінші бөлімінде Абай шығармашылығының осы бір тұсына ғылыми бағдар жасайды.
Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқыш" атты еңбегі - ұлттық әдеби теориялық ой пікірді ғылыми жүйеге түсіріп, әдебиеттің тегі мен түріне ұлттық сипат дарытқан ірі туынды. Сол теориялық-әдістемелік құнды дүниенің бір парасы "Қарасөз" деп аталып, оны 1) Әуезе, 2) Әліптеме, 3) Байымдама деген салаларға ажыратады. Ал Әуезені іштей бірнеше түрлерге жіктей отырып, (Шежіре. Өмірбаян. Мінездеме. Тарих. Тарихи әңгіме. Заманхат.) әрқайсысына ғылыми сипаттама береді [1, 211-2146.].
Заманхат болатын түріне Абайдың Қарасөздерін жатқызады. Ірі филолог ғалым А.Байтұрсынұлының өз кезеңінде (қазірде де) әдеби-теориялық білімдер жүйесінің қалыптасуына сіңірген зор еңбегі ол көтерген мәселенің қайсысына болсын қатысты. Мәселен, "Әуезенің" бір түрі деп алған "Заманхатқа" берген анықтамасы Абайдың Қарасөздерінің сипатына, мінездемесіне толықтай сәйкеседі. Заманхаттың өзіндік ерекшеліктері және бүгінгі әдебиетімізде белсенді орын иеленген очерк жанры мен эссе жанрының табиғатына үйлесетін, ортақ тұстар молынан кездеседі. Атап айтқанда, 5-6 белгісі анықталды. Мысалы: "Заманхатта уақиға уақыт сарынымен жазылмайды, іс сарынымен жазылады" - деген сипаттамасы эссе жанрына тән, ондағы көтерілген мәселелердің де 1) белгілі бір уақытқа тәуелді еместігіне мегзейді. Ал "заман хатта болатын бір кемшілік мынау: уақиғаны болған күйінше жазбай, жазушы өз көцілініц күйіне бояп, рецкін өзгертуге ъщтимал" - дегені эссенің ой еркіндігі мен баяндау формасының 2) қатақ "тәртіпке бағынбайтындығын" танытады. Бүл анықтамалар эссе жанрының сипатына толықтай үйлеседі. (Эссенің сипат белгілерін анықтаған бөлімде 126-129 б. нақты атап көрсетілген).
Немесе
"Заманхат шынға жақын болу үшін жазушы
өз көңілінің күйіне түспейтіняғни 3)
достыққа
да, қастыққа да қарамайтын адам боларға
тиіс"
деген
байлам да бүгінгі әдеби жанр - эссе
жанрының субъективті ой-пікірге құрылу
мүмкіндігіне сілтеме жасалғандай
қабылданады.
Сонымен қатар, бүл анықтамаларға қоса очерк жанрын айқындайтын сипаттар да айтылып қалады. "Заманхат жазушы жазуына керек жемді уақиғаның болып жаткан үстінен алып жазады, яки ... есіне алып жазадъГ. }..3аман хат айтушының есіне алынып жазылғанда жәт дерек деп айтылады" -(215) деген анықтама очерк жанрына тән деректік белгіні білдіреді. А.Байтұрсынұлының Заманхатқа (бізше эссеге) берген анықтамасында екі жанрдың да элементтері араласып жүруі, жалпы эссе табиғатының күрделілігінен болса керек.
"Әдебиет танытқыштағы" тағы бір құнды пікір эссе жанрына берілген айқындамадағы келесі бір сипат-белгіні еске салғандай әсер қалдырады. Ол -эссе 4) аеторының білім-білігі мен таным көкжиегіне қатысты мәселе (2,300). Эссе авторының білімі терең де биік болатындығы жанрдың басты қасиеті, өйткені өмірдің әр саласынан сыр шерткен, қалтарыс-құбылыстарын көкірек көзімен зерделеген жазушының жан дүниесі тұнған байлық болуы - заңды қажеттілік. Ал Қарасөз - эссе авторы Абай ойшылдың ой әлемі, рухани дүниесі де ұлағат арқалаған парасат-пайымға, терең білімге толы екені белгілі. Ендеше, бұны Қарасөздер жанрын эссе деп тануға уәж болатын тағы бір белгі деп есептейміз.
Абайдың "билердің білігін, шешендердің сөзін", көсемдердің үлгілі істерін көп білгендігін айта отырып, лингвист-ғалым оның рухани кемелдігі жайлы мынадай ой түйеді: ..."Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт билейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған. Білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған. Абай жұрт алдында білімін салғанда, басқалар малын салған"... [1,300].
Шындығында, А.Байтұрсынұлы ерекше екпін түсіре айтқан Абай білімі ел билеу үстінде танылған білігі мен түйінді сөздерінен ғана байқалмайды, оның өлеңі мен Қарасөздеріндегі ой қуатынан, сөздер сырынан да ұғынылады. Оның тілдік тұлғасының қалыптасу уәжін айқындайды.
Абай шығармашылығын әр қырынан зерттеліп келеді. Мысалы, кейінгі еңбектерде айтылған ойды "Әдебиет танытқыш" авторы олардан көп бұрын қысқа ғана қайырып, тұжырымдай түйіндеген: "Көп нәрсені Абай сөз қылған, сол сөздердің бәрінде де Абайдың әр нәрсенің асылын танығаны, білгені көрінеді. ...Хақиқатты тануға, тереңнен сөйлеуге бойына біткен зеректігінің үстіне Абай әр түрлі Европа білім иелерінің кітаптарын оқыған" [1,303] .
Бұл пікірде А.Байтұрсынұлы Абайдың суреткерлік шеберлігі ("әр нәрсенің асылын сөз қылу"); таным тереңдігі ("асылды, хақиқатты тану"; білім көкжиегі ("тереңнен сөйлеуі, зеректігі"); жаңашыл ізденімпаздығы ("Европа кітаптарын оқуы") жақша ішіндегі толықтырулар А.Байтұрсынұлынікі - Г.М.) сияқты қырларына баса назар аударған. Бұл көрсетілген стильдік ерекшеліктер эссе жанрындағы тілдік тұлғаға қойылар талаптар қатарына жатады. Олай болса, А.Байтұрсынұлы Абай Қарасөздерінің жанрын "эссе" деген терминмен
"елгілемесе де (ол міндет те емес), эссеге тән сипаттың біраз белгілерін 'Әрсеткен.
Абай прозасының тіл көркемдігі кеңінен сөз болған емес, сондықтан да Абай тілін танудың қырларын зерттеп-зерделеп келе жатқан абайтанушы ғалым эСыздықова Қарасөздердің стилъдік-тілдік болмысына лингвистикалық, филологиялық талдау жасау арқылы Абайдың сөз әлемін тануды одан әрі тереңдете түсті. "Абайдың сөз өрнегі" атты еңбегінде ұлы қаламгердің "оэтикалық тіл үлгісінің көркемдік бітімін "Қарасөздердің тілі қалай өрілген" "арауында ғылыми-теориялық тұрғыда шеберлікпен сомдап береді. Зерттеуші-ғалым Абайдың "Қарасөзді жазған тілін" (М.Әуезов) қай тұрғыда, қалай сөз етті деген мәселеге келетін болсақ, мына бағыттар аясында талдау-сараптама касап, еңбектің тілдік сипатын жан-жақты саралап бергеніне көз жеткізе іламыз. Зерттеуші, алдымен, "Қазақ ұлттық әдеби тілінің тағы бір функционалдық стилі пайда болуына Абай қаламының ықпалын", уәж-мотивін көрсетеді. "Абайдың бір кезек поэзия әлемінен ауысып, проза дүниесіне көшу" себептері мен негізін анықтайды. М.Әуезов тура нұсқағанындай, "Абай өзінің өлең сөздерінің көбі оқушы мен тыңдаушыларына түсінікті болмайтындай көреді... сондықтан өлеңдерінде айтқан кейбір ойларын қайталап, Қарасөздер тақырыбын нақтылайды. Ағартушылық бағыттағы мораль, тәлім-тәрбие жайындағы ой-толғамдарының публицистикалық шығармалар, дидактикалық әңгіме, психологиялық, филологиялық этюд болып келетініне назар аудартады; үшіншіден, Абай прозасының стильдік белгілерін ажыратады; төртіншіден, прозалық мәтіннің өзіне тән көріктеу өрнегін танытады, Сөздің әсем, әсерлі болу амалын көрсетеді.
Ақын шығармаларындағы терең ойлар жиынтығы - Қарасөздерді зерттеу нысанына алған ғалымдар Х.Сүйіншәлиев пен М.Сильченко оның публицистикалық сипатының басымдығын айрықша бөліп көрсетеді [198,45; 199]. Х.Сүйіншәлиев Қарасөздерді жанрлық-стильдік ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөліп, философиялық трактат, дидактикалық насихат, публицистика, көркем прозалық элементтер бар әңгіме деп саралайды. Қарасөздердің табиғатын тануды мақсат еткен Х.Сүйіншәлиевтің алғашқы зерттеу еңбегінен кейін де, оның тақырып мазмұнын, стильдік ерекшелігін қарастырған зерттеулер қатары жалғаса түсті, педагогикалық трактат (А.Көбесов); әдеби-философиялық жанр (Ш.Елеукенов); Шығыс әдебиетіндеі "намелер" дәстүрі (М.Мырзахметов), эстетикалық жаңа бағыт т.б. сияқты ғылыми-теориялық мәселелер аясында әдебиеттегі жаңа құбылыстың (Қарасөздің) табиғатын ашуға бағытталған зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді [200;201].
Белгілі абайтанушы ғалым З.Ахметов Қарасөздер жанрын қазақ болмысына етене жақын шешендік сөз өнерінің толысқан, жаңаша жетілген түрі деп қарайды. Нақыл сөзге бай, ықшам да ырғақты белгілері басым шешендік сөз үлгілері осы өнерді еркін меңгерген сөз зергері Абайдың Қарасөздерінің де табиғатына үйлесетіндігі жайлы пікірі білдіреді [202,2346.].
Белгілі әдебиетші ғалым С.Негимовтің: ..."ақылына ұшқырлығы, адамдығына хакімдігі, көшелілігіне көсемдігі, білімдарлығына майталман «да» ділмарлығы әдемі ұштасқан айтулы айтқыш Абай", - деген [203,796.] бағасында шешеннің болмыс - бітіміне тән қасиеттер жинақтала берілген. Ал, тілші ғалым Г.Қосымова: ... "өзіне дейінгі терең логика мен поэтикалық көркемдікке кұрылған шешендік сөздер Абайға әсер етпей қоймады. Абайдың қарасөздері бастауын қазақтың осы шешендік сөздерінен алады ", - деген тұжырым жасайды. Абайдың терең философияға құрылған өлеңдері мен Қарасөздерін шешендік тұрғысынан қарастырып, олардың қоғамдық әлеуметтік мәні, поэтикалық қуаты қандай деген сұрақтарға жауап іздейді [97,196.].
Әдебиетші Ж.Шойынбектің "Абай Қарасөздерінің жанрлық және стильдік ерекшеліктері" атты ғылыми жұмысы. Абай Қарасөздерінің жанр ретіндегі құрылымын айқындап, стильдік ерекшелігін анықтауды мақсат еткенімен, жанры мен стилі нақты анықталып көрсетілмейді. Еңбекте Қарасөздердің болмыс-бітіміне қатысты "Жаңа жанрлық түр", "Қазақ әдебиетінде жаңаша үрдіс әкелген ерекше жанрлық, стильдік құбылыс" деген жалпы сипаттамалар беріледі [204, 14-24] алайда зерттеуші-автордың өзіндік бағыты айқын саралана қоймайды. Еңбек Абай Қарасөздеріне қатысты ғылыми зерттеулерді салыстыра отырып, әдебиеттану тұрғысынан талдау міндетін қояды [204,8-14]. Авторефераттың қорытынды бөлімінде де жанр табиғаты айқындалып, нақты белгіленбегендіктен, "жаңа жанрлық түр" деген жалпы сипаттама нақтылауды қажет етеді.
Түйіндей келгенде, Ақын, философ-ойшылдың шығармашылық мәнмәтіні - Қарасөздері лингвотанымдық мәні тұрғысынан тілдік ерекшелігі, жанрлық мәртебесі, когнитивтік мәні, әр қырынан қаралады. Тілдік тұлғаның тезаурустық, танымдық құндылығы антропоцентристік ұстаным бағытында жаңаша байыпталады. Ғылыми жаңалық ретінде қарастырылып отырған жанр айқындау, когнитивтік семантика мәселелері зерттеу мақсатына сәйкес антропоцентристік бағдарда саралануда.
Абайдың тілдік тұлғасын Қарасөздері негізінде тіл біліміндегі жаңа бағыт арнасында лингвистикалық талдауға түсірудің теориялық маңызын ескере отырып, тілдік тұлға, категориясының өзге де қырларын ашуға, аксиологиялық мәнін танытуға үлес қосатын құбылыстарды айқындап алу қажеттігі және бар. Тілдік кұралдар арқылы мәні ашылатын тілдік тұлға мен автордың дүниетанымы арқылы болмысы айқындалатын өз тұлғасы көркем шығармашылық үстінде бір бүтінге, тұтас әлемге айналып кеткенін саралай аламыз.
