- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
Абай дана өзінің кемел пайымымен әлемдік диалогқа қосыла алады. Өз халқының данылығын жете меңгерген, дала данагөйі әлемдік ақыл-ой шыңына көтеріле алғанын өлеңдері мен Қарасөздері өзегінен таба аламыз. Абай шығармаларының өміршең болуының бір уәжі - даналық дүниетанымында екені ақиқат. Абай философиясы - оның ойлау биігінің, пайым-парасатынын өлшемі, ал философиялық ілімнің өзі адамзаттың ой құдыретінің биік көрінісі екендігі шүбэсіз. Абай ақыл-ойының жүлгесі дала философиясындағы "көне көздердің" терең ой иірімдеріне жетелейді. Осы мәселеге орай, ұлы Абайдын әлемдік ой алыптары мен ой таластырған, "сөз жарыстырған" дүниетанымын. олардың шығармаларын салыстыра отырып, көз жеткізе аламыз. Абаті Қарасөздері - ұлттық рухтың бірегей көрінісі, рухани биіктіктің өлшемі. ¥лы Абай қазақтың тілі мен ойының мэйегі, пайым-парасатының деңгейіне
айналған шығармаларды ұрпаққа мұра етті. Абайдың бізге қалдырған рухани мұрасында әлемдік философиялық ой қазынасына қосылар құнды пікір-пайымдаулар мол және ол жайлы үнемі айтылып келеді. Философиялық сырын тарқатқан зерттеулер де бар. Ойы терең, мәні құнды еңбектердің қатарында Қарасөздер қомақты орын алады.
В. фон Гумбольдтың тілді адамның ой-санасы мен мәдениеті және рухани өмірімен тығыз байланыста қарағаны - вербалданған тілдік таңбаның бір көрінісі болып табылатын осы Абай Сөздеріне де қатысты деп есептейміз. Қарасөздер де М.Монтеннің "Тәжірибелерімен", М.Достоевскийдің "Күнделіктеріндегідей" және Абайдың өзі Бірінші Қарасөзінде анықтағанындай уәжді басшылыққа алады:
..."Осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым".
Абай Қарасөздері этникалық сана мен оның тілдік бейнесі ретінде. Оны ой мазмұны сипатында зерделегенде ғана еңбектің сапалық қасиеті айқын көрінеді: Ол - жай ғана көркем туынды, әдеби жанр қатарындағы шығармашылық емес, көркемдік сипат иеленген қоғам өмірінің көрінісі. Ол - һакім Абайдың әлеуметтік-философиялық дүниетанымы арқылы халықтың қоғамдық сана-сезімін қалыптастыруға ықпалы зор болған еңбек. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихи шындықты бүлжытпай толық танытып бергендігінде [2,228], ол сонысымен де өміршең әрі құнды.
Абай Қарасөздері өз дәуірінің әлеуметтік, тарихи-мәдени және коммуникативті контексі (жағдайы) аясында қарастырылады..
Абайдың тілдік тұлғасына қатысты алғандағы зерттеу нысанының бірі - Қарасөздерінің табиғатымен байланысты. Зерттеу пәні - Абайдың тілдік тұлғасы құрылымын автордың танымдық әрекетінің нәтижесі ретінде зерделеу болғандықтан, ол негізгі мәселенің бірі саналады. Онымен шарттас тағы бір қыры - қаламгердің шығармашылық жолындағы әлеуметтік-тарихи жағдайлардың тілдік тұлға мәртебесіне әсер-ықпалын ескеріп, маңызды көркемдік деталь ретіндегі мәнін айқындау. Қарасөздер табиғаты толық саралану үшін мына мәселелерді анықтап алу міндеті жүктеледі: 1) Абай Қарасөздерінің категориялдық сипатын анықтау; 2) "Қарасөздердің" жанрлық мәртебесін нақтылау, оның өзіндік ерекшелігін айқындайтын детальдарын көрсету; 3) Абай Қарасөздерінің Батыс, Шығыс ойшылдарымен үндестігін анықтау; 4) Абай дүниетанымын, тілдік тұлғасын пайымдаудағы
"Қарасөздердің" орнын анықтай отырып, талдау жасауға ниет етеміз.
Қарасөздердің идеялық-композициялық мазмұны лексикалық бірліктерді (олардың семантикасын) өзіне бағындырып, тілдік тұлғаның тезаурус деңгейін анықтауға бағдар жасайды. Қарасөздердің семантикалық құрылымы мен эмотивті-экспрессивті реңкі антропоцентристік негізден бастау алып, тілдік тұлғаның лингвокогнитивті таным әрекетінің көрсеткіші болып табылады. Көркем шығармашылық мәнмәтінге автор тұлғасының дүниетанымдық ықпалы
зор болғандығы анық. Автордың өзі өмір сүріп отырған қоғамға, "заң мен заманға" деген көзқарасы мәтін мазмұнын анықтап отырған тілдік бірліктердің вербалдануынан байқалады.
Тілдік тұлға шығармашылығындағы өлеңдер мен Қарасөздердің философиялық, танымдық мәнін анықтау барысында мына мәселелерді ерекше ^бөліп алуды жөн көрдік. Абай туындыларының прагматикалық мақсаты: 1) адресатты, қоғамды моральдік тұрғыда жетілдіру; 2) қоғамдағы адамгершілік принциптерді талап етуі оның өзінің рухани болмысымен үйлесім тапқан, сондықтан өмірдегі мәртебесінің ("Мен") көрінісі ретінде қабылданады және өмірлік қағидаттармен мәндес. Абай Қарасөздері - заман шындығы болып табылады. Қарасөздер - қоршаған ортаның, Абай айналасының рухани-әлеуметтік, психологиялық жағдайының метафорасы. Немесе көркем шығармаға қойылар шарттылықты елемегенде, Абай Сөзі мен шығарма мәтініндегі ой бір бүтін дүниенің көрінісі: ақынның "жан әлемі мен өмір сүрген ортасының шындығы" болып кіріге бірігіп, егіз өрімдей үласқан. Мысалы, Тоғжанға арнаған "Жарқ етпес қара көңілім не қылса да", Күлембай болысты сипаттаған "Болыс болдым, мінеки" өлеңдері сияқты өмірлік шындықтан алынған. Қарасөздердің формасы - стильдік көп қырлы болумен ерекшеленеді. Қарасөздер - көп стильдердің қабаттаса, араласуымен келсе де, тұтаса байланысқан, жүйелі ой-толғаммен сабақтасқан, мазмұн тереңдігімен өлшенетін рухани құндылық.
