Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.69 Mб
Скачать

1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.

"Тілдік тұлға дегеніміз - ұлт тілі мен мәдениетінен толық ақпарат меңгерген тілдік-мәдени құзірет иесі. Ол ұлттық, аймақтық, әлемдік мәдениет ақпаратын меңгеруіне байланысты деңгейлерден тұрады. Тілдік мәдени құзірет иесі (сатылы деңгейіне сәйкес) ұлттық реңктегі тілдік белгілер мағынасын арнайы сараптама көмегінсіз жалпы мағынасын түсінуге қабілетті" [24, 76.].

Бүл анықтамадан тілдік тұлғаның бірнеше сипаты байқалғанымен де, тілдік тұлға ұғымы әлі де толықтыруды қажет ететін сияқты. Ол тұлға ретінде не береді? - деген сүрақтарға жауап болуы керек деп есептейміз.

Өзі меңгерген ұлт тілі мен мәдениетін өзгеге таныта отырып, тілді тұтынушы ретінде әрі тілді жасаушы ретінде, тұтастай алғанда тіл тарихына (синхронды, диахронды күйіне), тілдің дамуына қандай үлес қосқанын айқындау мәселесі - Тілдік тұлға мәртебесін одан әрі бекіте түсетін немесе оның тағы бір қырын, яғни толыққанды Тілдік тұлға болмысын ашатын басты ұстаным болуға тиіс. Әр деңгейде тілдік тұлға статусы қалай көрінеді? Немесе тілдік ортадағы тілдік тулға қызметін көрсету үшін қандай көркемдік құралдар көмегіне жүгінеміз. Сонымен, нөлдік вербальды лингво-семантикалық деңгейде нені байқауға мүмкіндік туады? Сөз қуаты, сөз құдыреті көрінер орта - осы тұс. Тілдік тұлға ұлт ақыл-ойының көрінісін қалайша танытады? Алғашқы когнитивті деңгейдегі таным көкжиегіне дискурстық талдау жүргізе отырып, тіл мен ойлаудың нәтижесіндегі әлемнің тілдік бейнесінен түсер сәуле-суреттерден нені байқаймыз?

1) Тілдік тұлғаның шығармашылық мән-мәтінін терең түсіну; 2) Шығармаларының көркемдік әлеміне бойлау; 3) Тілдік тұлғаның өзінің рухани әлемінің парасат-пайымын бағдарлау деп ұғамыз. Ол үшін сөз-сурет, сөз-бейне ғалереясына зер саламыз.

Әлемдік және отандық тіл білімінің жаңа бағыттағы даму үрдісін айқындайтын зерттеулер қазақ тіл білімі саласы бойынша сапалы мазмұнды еңбектермен толығу үстінде. Атап айтқанда, сөз мәдениетінің коммуникативтік-нормативтік аспектісіне және жалпы тілтанымға қатысты этнолингвистикалық бағыттағы сөз мәдениетінің типологиялық теориялық деңгейіне қатысты ғылыми ізденістердің маңызы жоғары. Осы зерттеулер қатарында тілдік тұлға мәселесін анықтауға, нақтылауға бағытталған еңбектердің де өзіндік орны бар. Тілдік тұлғаның сөз қолданысын, тілді түйсінуін сараптайтын немесе тілдік тұлғаны ұлттық мәдениет пен ұлттық рухты жеткізуші тұлға ретінде бағалайтын ізденістер Н.Уәли, Ш.Хұсайынов, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Рысбергенова, Б.Шалабай т.б. ғалымдар жетекшілігімен жалғасын табуда.

Белгілі ғалым Н.Уәли "Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері" еңбегінде бұл мәселені тануда өзіндік пікір ұсынады. Біздіңше, бұл пікірдің тілдік тұлға жөнінде қазақ тіл білімінің ғылыми бағытын айқындауда басты ұстаным ретінде маңызы үлкен. "Тілдік тұлға тек тілдің ғана субъектісі емес, адресант және адресат ретінде сөздің де субъектісі; Тілдік тұлға ұлттық тілді тұтынушы ғана емес, ұлттық мәдениетті де тұтынушы; Тілдік тұлға - сөз мәдениетінің түпқазығы" [25, 16-176.] деген анықтамада тілдік тұлға табиғатын тануға тиісті сипат-белгілер тұжырымдалған деп санауға болады.

"Антропоцентризм бағытының өзегі - адам факторы" дегенді бір жақты түсінбеу керектігі белгілі. Ол - адамды зерттеудің орталық өзегіне алып, оның табиғатына қатысты бар мәселені шешу ғана емес, "тілдегі" адам мәселесі, яғни адамның тілге тигізер ықпалы және керісінше, тілдің адамға, оның ой әлеміне, рухани әлеміне ықпал-күші қандай дәрежеде екенін саралау болып табылады.

Т.Ізтілеуовтың тілдік тұлғасы (Ф.Қожахметова) [26], Махамбеттің тілдік тұлғасы (Ш.Ниятова) [27], Қ.Жұбановтың тілдік тұлғасы (Ф.Терекова) [28]; О.Сүлейменовтың тілдік тұлғасы (А.Жуминова) [29], Б.Соқпақбаевтың көркем шығармаларындағы кейіпкер тұлғасы (Ж.Сәткенова) [30], М.Дулатов шығармаларындағы ғаламның тілдік бейнесін (Г.Имашева) [31] зерттеу өзегіне алған толымды зерттеулер қатары мол, ұстаным бағыттары да сан алуан. Мысалы, Ш.Ниятова "тілдік тұлға" деп кез келген тіл тұтынушыны қабылдайды, әрі Ю.Караулов пікіріне сүйене отырып, "индивидтің тілдік қабілетін сипаттаудың кешенді тәсілін" тұлға сипатына қатыстыра ұсынады [26]. Біздіңше, екі анықтама бір қисынды ойға бағынбаған сияқты, әрбір тіл ұстанушыда күрделі тілдік қабілет бола бермеуі мүмкін. Автор тілдік тұлға құрылымын кешенді құбылыс ретінде қарастыруға баса мән бере отырып, өзінің субъективті танымына сәйкес тілдік тұлға қалыптасуының алғышарттарын да көрсетуді мақсат еткен.

Т.Имашева "тілдік тұлға құрылымы мен шынайы тұлғалық келбеті оның барлық қырын зерделеу арқылы аңғарылады" [31,6 б.], - деген орынды көзқарасты ұстанады.

Сонымен, зерттеушілер пікіріндегі ортақ ой-тілдік тұлға болып қалыптасу үшін ең алдымен, белгілі бір құндылықтармен қаруланған индивид, сапалы ой иесі болу керек. Яғни жеке тұлғалық қасиеттер тілдік тұлғаның болмысына ықпал етуі тиіс.

Бүгінгі тіл білімінің антропоцентристік бағыты тілдік тұлғаның сөйлеу (жазу) мен айтылған (жазылған) сөзді қабылдау кезінде тиісті мәдени семантиканы, мәнділікті қоса меңгеруіне [25,17 б.] немесе мәдени тілдік құзірет иесі болуына баса назар аударады.

Нақтылауды қажет етер мәселенің бірі: "тілдік тұлға " деген терминді немесе бағалауыш-айқындауыш белгіні сөз саптаған әрбір қалам иесіне қарата айтуға бола ма? Әлде ол көркем мәтінге иелік етуші кез-келген субъектіге (авторға) қатысты қолданылуы мүмкін бе?

"Тілдік тұлға" термині тіл дамуында, тіл тарихында өзіндік келбеті айқындалмаған, мәнді қолтаңба қалдырмаған, тек тіл жүйесінде бұрыннан түрақталған дәстүрлі тілдік құралдарды ғана қолданған, сондай-ақ мәтін қалыптастыруға шығармашылық тұрғыда келе алмаған авторды сипаттай алмайды деп есептейміз.

Абайдың тілдік тұлғасына арналған алғашқы зерттеу еңбек авторы түңғыш лингвист ғалым А.Байтұрсынұлының сараптамасының мәні зор: "Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дэмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады... Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бәрін білген" [1,301]. Абайдың тілдік тұлғасына берілген бұл баға тілдік тұлға құбылысына қойылар талаптарға толық жауап бере алады.

Қазақ тіл біліміндегі Тілдік тұлғаның классикалық үлгісін ұлы Абайдың қазақ әдеби тіліндегі орнын саралау арқылы айқын көруге болады. Көрнекті абайтанушы ғалым Р.Сыздықова өз ғылыми талдауында: "Ұлы Ақын өзіне дейінгі дамыған, халықтың этникалық-рухани сүранысын сан ғасыр бойы өтеп келген қазақ көркем сөзіне орасан көп өзгерістер мен жаңалықтар енгізді" -деп бағалай отырып, тілдік тұлға болмысын әрі қарай егжей-тегжейлі саралап береді.

Біздің пайымдауымызша, тыңдаушысын сөзімен үйыта алған, таным көкжиегі кең, рухани-мәдени өресі биік, өз дискурсын қалыптастыруда шеберлік үлгісін таныта алған "тіл тұтынушысын" ғана тілдік тұлға дәрежесінде қабылдауға болады. Көркем ойлау қабілеті жоғары, тілдің синхронды күй-қалпында өзіндік қолтаңбасы, әдеби тіл тарихында өзіндік орны бар тіл иесіне тілдік тұлға мәртебесін беру лайықты деп есептейміз.

"Өлмейтұғын артына сөз қалдырған", сөз құдыретін түсінген тіл тұлынушысы ғана Тілдік тұлға феноменіне айнала алады. Сөйтіп, оған қойылар басты талаптар:

1) тыңдаушысына сөз қуаты арқылы ой қозғайтындай әсер ете алса;

2) ол сөзінің "іші алтын, сырты күміс" болатындай мәні терең, бояуы | қанық болса;

3) тұлғаның өз дүние танымы терең де кең болса;

4) ұлттық өре биігінен сөйлей алатын, әрі жалпы адамзаттық ауқымдағы ой қазығы айқын болса;

5) тұтастай алғанда тілдің дамуына үлес қоса алатын болса;

6) тек бүгіннің емес, ертеңнің де кэдесіне жарайтын классикалық үлгідегі сөз өнеріне иелік еткенде ғана Тілдік тұлға туралы сөз ету керек деп есептейміз.

Ұлы ақында өз қолтаңбасының шығармашылық мәнмәтіні айқын байқалған. Ол мынадай тілдік вербалды-семантикалық бірліктердің қызметінен көрінеді.

- Абай поэзиясының тіліне айқындық пен дәлдік тән болды.

- шындықтан алынған образдар арқылы ұлттық дүниетанымды беруге ұмтылды; образдары өмір шындығына сай келгендіктен өзінің дәл де айқын болуымен ерекшеленді; - қаламгерлік даралық көрсетіп, өз қолтаңбасын айқындады;

- тілдік тұлға қазақ көркем сөзінің лексикалық құрамына өзгеріс енгізді, яғни жаңа тақырыптар мен жаңа образдар іздеуі - поэзия тілінің лексикалық құрамы мен айтпақ идеясына тікелей байланысты болды.

- өлеңге қатыстырылатын сөздерді поэтизмге айналдырып, өлеңнің көркемдік талабын өтеу үшін қолданды;

- сөздердің метафоралық қызметін ұлғайтады, олардың тіркесу мүмкіншілігін кеңейтеді (саңырау қайғы, көңіл көзі, үрпейген жүрек);

- экспрессивтік бояуы күшті, модальдық реңкі бар сөздерді образ үшін шебер пайдаланады: ("эсемсіген, сэнсіген, кербездер", "лепілдеп", "дікілдеп", "өкімдеп" келген болыс т.б. - Р.Сыздықова);

- таңдап алынған сөздер (концептосфера) арқылы дүниенің тілдік бейнесін, тілдік тұлғаның образды ойлауын білдірудің жолын (Ф.Соссюр) қарастырды.

Тілдік тұлға құрылымын анықтаудың маңызы зор. Тілдік тұлға құрылымы орыс тіл білімінде бір-бірімен мәндес, бірақ әртүрлі өлшеммен ажыратылып жүр. Солардың бірқатарына қысқаша шолу жасап көрейік. Ю.Н.Караулов лингво-психологиялық зерттеудің нысаны болып табылатын тілдік тұлға мәселесін кешенді тұрғыдан қарастыру қажеттігіне нұсқай отырып, тілдік тұлға құрылымы компоненттерін екі түрге жіктейді: 1) уақыттан тыс өлшемге дүниенің тілдік бейнесінің негізін қалыптастыратын, коммуникативтік талаптардың жүзеге асуына ықпал ететін вербалды-семантикалық ассоциақиялы негізді алады;

2) Тілдік тұлға құрылымының уақытқа тәуелді компоненті - әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, этномәдени факторлар сипатымен айқындалады.

В.И.Карасик бойынша, тілдік тұлға құрылымы құндылықтар дәрежесімен анықталады, яғни дүниенің тілдік бейнесі мен ұлттық ерекшелік

негізін құрайтын рухани мәнділіктер алынады; зерттеліп отырған тілдің мәдени сипаты және әр адамның өзінің индивидуалды жекелік белгілері ескеріледі [32,5-10 6.].

Е.С.Шойсоронова тілдік тұлға құрылымын жан-жақты қарастыра келіп, бес түрлі өлшеммен межелейді: биологиялық (жасы мен жынысы); этникалық; әлеуметтік; психикалық; жеке даральщ сипатын айқындаушы белгілерге ажыратады. Біз жоғарыдағы ғылыми жіктемелерді басшылыққа ала отырып, тілдік тұлға мазмұнын мына өлшемдер (параметр) арқылы анықтауды жөн көрдік:

1. биологиялық-тектік белгісі;

2. әлеуметтік-этникалық белгісі;

3. жеке даралық белгісі.

"Қартайдық, қайғы ойландық" өлеңін жазғанда (1886 ж) Абай қырық бір жаста еді. М.Әуезов айтқандай, бүл сөздерді Абай басқаша бір мәнмен қолданады: "Өсиетші, сыншы ұстаз болуға бекініп кіріскен ақын халықтың аның ағасы боп, ақылшының тұрғысымен сөйлемек болады" [22,113 б.]. Қазақ халқының менталитетінде ер адамның, жасы үлкен ағаның сөзі заңдылық болып қалыптасқан. Осыған байланысты "Ақылы асса, аға түт" деген нақыл еске түседі. "Ата түрып үл сөйлегеннен без" дегенде жасы үлкеннің, ер азаматтың рөлі жоғары қойылған. М.Әуезов бүл гендерлік саясатты былай тұжырымдайды: "бұрынғы ақылшының көбі - кәріден, атадан, ақсақалдан шығады деп түсініп қалған көпшілікке... әдейі солай бастайды" [2,114 б.].

Басқа зерттеушілер де Абай шығармаларында өзін қарт адамның орнына қойып, қария болып сөз арнайтындығына назар аударады [33,149 б.]. Мысалы, Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп,

Жүрмесін деп, аз ғана сөз шығардық.

Өлеңдердің прагматикалық-стильдік мақсаты сөзді санаға сіңіріп, парасатқа тәрбиелеу. Автор білгір, дана қарт сияқты толғап келіп, дидактикалық сарындағы түйінді ойларын білдіреді. Тілдік тұлға қолданысындағы синтаксистік жарыспалы мына құрылымдар көпті көрген

көненің, шежірелі шешеннің сөзіндей прагматикалық ықпал етеді: Ақыл бітпес дәулетке, /Дәулет бітпес келбетке.....Қайғы шығар ілімнен, /Ыза шығар білімнен;

Қайғылы, қартаң біздей шал, /Қарай берсең, қайда жоқ? [184] Өлең жолдарының өзегінен тілдік тұлғаның білгір қарияның дүниетанымын айқындайтын тілдік-поэтикалық бейнесін тани аламыз. Сөйтіп, тілдік тұлғаның мазмұнын анықтайтын өлшемнің бірі - оның биологиялық белгісіне (жасы мен жынысы) осындай сипаттама бердік.

Тілдік тұлғаның генетикалық белгісі оның тілдік біліктігіне, сөз құдіретін түсіну қабілетіне, сөзге бейімділігіне туа бітті қасиетіне байланысты ашылмақ.

Абайдың тілдік тұлғасының қалыптасуына ықпал еткен және шығу тегін (генетикалық) айқындаушы сипат-белгілерге (компонентке) сөз қадіріне жеткен ортада туып-өскендігін жатқызар едік. Абайдың өмірбаяндық жайын баяндайтын еңбектерден белгілі болғанындай. Арғы атасы Ырғызбай ел ағасы би болған. Кіші атасы Өскенбай да халық арасында әділ би атанған. Өз елі түгіл, алыстағы ел адамдары арасындағы зор дауларын Өскенбай бидің алдына келіп бітіседі екен. Өз әкесі Құнанбай жұрт аузына қараған, қарадан сұлтан болған ықпалды тұлға болса, анасы Ұлжан Бертіс бидің тұқымынан шыққан сөзге шешендігі бар адам болған.

Болашақ сөз зергері ана сүтімен бірге ана тілін де бойы мен ойына дарытып өседі. Абайдың өзінің тектілігі жайлы сөз қозғағанда тілдік тұлға мазмұнын ашатын мына өлең мәтіні ойға оралады. "Баласы өлген анаға Абай шығарып берген жоқтауда": Ата тегі мұндағы - орта жүздің ұлығы / Ана тегі ондағы - өзен судың тұнығы / Екі асылдан қосылған / Сом алтынның сынығы, - деген поэтикалық түзілім - тұлғаның шығу тегінен құнды ақпарат жеткізер когнитивтік бірліктер деп есептейміз.

Сөйтіп, тілдік тұлғаның сөз құдіретін бағалар қабілетінің негізгі бастау көзіне оның өсіп-өнген ортасының ъщпалы зор болған.

2. Тілдік тұлғаның әлеуметтік-этникалық сипат белгілеріне: ол өсіп-өнген, қызмет еткен орта, ұлттық дүниетаным ерекшелігі; ұжымдық және өзіндік сана көрінісі анықтауыш бола алады. Бүл этномәдени факторлар тілдік тұлғаның жалпыланған ұлттық түрін қалыптастыруға ықпал ете отырып, жеке (дара) тілдік тұлға болмысына да әсер етеді.

Сондықтан бір адамның тілдік тұлғасын зерттеу арқылы жалпы ұлттық ерекшелік, ұлттық мәдениет пен дәстүрді танытатын дүниенің тілдік бейнесі туралы пікір түюге мүмкіндік аламыз.

а) Сонымен, тілдік тұлға құрылымын қалыптастыратын әлеуметтік белгінің бірі "сөз культін" асқақтатушы орта сипатын анықтау арқылы ашылады екен. А.Байтұрсынов пікіріне осы тұста тағы да ден қойған жөн. "Ел ішіндегі сақталған, қазақтың бұрынғы өткен билерінің білігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды әзілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абайдың көп білетіндігі", - [1,300], сөз жоқ, тілдік тұлға қалыптасуына зор ықпал еткен.

Қазақ сөз өнерінің ішінде дүниетаным тереңдігіне негізделген шешендік өнерді терең меңгергендігі Абайдың тілдік тұлғасынан анық байқалады. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болғаны "Абай жолы" эпопеясында барынша ашыла түскен. Онда шынайы өмірдегі тарихи оқиға көркемдікпен көмкеріле шынайы суреттелген. Балқыбек сиязындағы Салиқа қыздың дауын - Керей мен Сыбан арасындағы күрделі мәселені - Абай сөз қуаты арқасында эділ шешіп береді. Тұлғаның ойлаудың жоғары мәдениетін жетік меңгергеніне оның сөз саптауы, өнерпаздық өрнектері нақты дәлел бола алды. Сонымен қатар, ол ақын қалыптасқан ортаның бейнесін ашуға да септігі тиеді.

ә) Тілдік тұлғаның әлеуметтік-этникалық келесі бір белгісіне ақынның сөздің қоғамдық мәнін жете пайдаланған әлеуметшілдігіне қатысты іс-әрекетін мысалға алуға болады.

3) Тілдік тұлға кұрылымының анықтайтын параметрдің келесі бірі жеке-даралықтың көрінісі. (Тілдік тұлға шығармасының тілін зерттей отырып, оның өзіндік, жеке авторлық қолтаңбасын айқындайтын идиолектілер талданды. Әрбір суреткердің дүниені қабылдауы өзінше болатынына байланысты оның өзіндік әлемінің тілдік бейнесі суреттелетіні белгілі).

Тілдік тұлға құрылымы мазмұны мына таблиқа көмегімен қысқаша тұжырымдалады.

1- Таблица

Тілдік тұлға құрылымы

V ортасы I

Ахмет Байтұрсынұлы және Абайтану мәселесі

Ахмет Байтұрсынұлы атқарған "мемлекетшіл" істердің арасында Абайдың ақындық қуатын танытуға арналған еңбегінің де рөлі зор. Әрине, Абай тұлғасы жайлы алаш қайраткерлері Ә.Бөкейхан, С.Садуақасов, М.Дулатовтың пікір-байламдары болса да, лингвистикалық зерттеу, филологиялық талдау еңбегі ретінде А.Байтұрсынұлының еңбегін алдымен атап өтуді жөн көрдік. Абайдың ақындық қуаты, суреткерлік тереңдігі, шығармасының тілі туралы алғашқы лингвистикалық талдау жасап, ғылыми баға берген Ахмет Байтұрсынұлының зерттеу еңбегін абайтану ғылымының бастау көзі деп есептейміз. Абайдың тілдік тұлғасын зерделеу - лингвист-ғалым А.Байтұрсынұлының "Қазақтың бас ақыны" (1913) мақаласы мен "Әдебиет танытқыш" (1926) атты әдеби-лингвистикалық зерттеуінен басталды деп айтуға негіз бар.

Зерттеушінің: "Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ" [1, 216], - деген пайымына келетін болсақ, ол - бүгінгі тілмен айтқанда, Абайдың тілдік тұлғасына лингвокогнитивті, лингвостилистикалық сараптау жүргізу нәтижесінде жасалған барынша шынайы да шыншыл, сыни баға болатын. "Өлең - сөздің патшасы, сөз - сарасының" мәртебесін биіктеткен Абай ақынның тілдік тұлғасын: "Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; ¥намды, орынды, дэмді болуына ойдың шеберлігі керек. Абайда осы үшеуі де болған" [1,213], - деген пікірі Абайдың тілдік тұлғасын аныңтау барысында, тілдік саралау үстінде жасалған қорытынды деп бағалаймыз.

"Өлең - сөздің патшасы, сөз - сарасы" болса, ал оның мәртебесін биіктетер өнерпаздық өрнектер нағыз шебер, шынайы суреткер тұлғаға ғана тән екендігін Ахмет Байтұрсынұлы Абай шығармашылығы арқылы дәлелдеп көрсеткенін еске саламыз.

Нақтылап айтқанда, "Қазақтың бас ақыны болу" сипатын танытар белгілер қайсы? Ахмет Байтұрсынұлы Абайдың шығармашылық шеберханасынан ақындық ұсталықтың қандай өрнектерін тапты? Ғылыми мақаласында және "Тіл танытқышта" Абай өлеңдері негізінде талдау жасалады. Біздің пайымдауымыз бойынша, А.Байтұрсынұлы шеберлік шыңына жеткізетін амалдарға, яғни "сөздің келісті болатын шарттарына": 1) Сөз дүрыстығы мен тіл тазалығы; 2) Сөз анықтығы мен дәлдігі; 3) Тіл көрнекілігі сияқты қағидаттарды алады.

"Ойын ойлаған қалпында, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып жеткізуге көп шеберлік керек. Сөз шығаратындар көп, бірақ келістіретіндер аз" [1, 141], - деп түйін түйген зерттеуші-ғалым одан әрі "сөз жақсысын таңдаған", "сылдыраған келісімнен" ("сылдырап өңкей келісім, тас бүлақтың суындай" -Абай) сөз түзетін шеберлер туралы сөз қозғайды. Абай өлеңдерін талдауға алады.

Сөзбен салынған суреттерді "сөз баққан, сөз күйттеген, сөз қадірін білген" қазақтың өнер деп бағалайтынын ("Өнер алды - қызыл тіл") айта отырып, Абайдың бірнеше өлеңін мысалға келтіреді [1,138-141]. Жалпы алғанда, "Тіл танытқышта" лингвистикалық зерттеуге Абайдың мына өлеңдері тартылады: "Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы", Күз ("Сүр бұлт түсі суық"); "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа", "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Қыс"; "Асау терек долданып", "Сегіз аяқ", "Бойы бұлғаң", "Білімдіден шыққан сөз", "Өлең - сөздің патшасы", "Көк түман - алдыңдағы келер заман".

Осы еңбегінде А.Байтұрсынұлы: "...Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөз - сол адамның тілі болады", - деп жеке дара (индивидуалды) стиль мәселесін қозғайды. Сөйтіп, бүгінде кеңінен қолданылып жүрген сөйлеу мәдениеті ("Тіл танытқышта" - сөз дүрыстығы, тіл тазалығы), поэтикальщ тіл ("Тіл танытқышта - тіл көрнекілігі, дарынды сөз") мәселелерінің шеберлік шыңдаудағы маңызын жазба әдебиеттің қалыптаса бастағанынан-ақ қолға ала бастайды. Қазақтың Бас ақыны - Абайды өз биігіне көтеріп, өз тұғырына қоя білген көрегендігі - А.Байтұрсынұлының әлем әдебиетіне қойылар талапты терең сезінгендігін және соған жауап бере алатын әдебиет қазақ топырағында да бар екендігін танытқаны болса керек.

Әдебиетші-ғалым Д.Қамзабекұлы былай дейді: "бас ақын - біздің ұғымымыздағы классик". "Онан асқан ... ақын болған жоқ" деуі - бір жағынан

оның жазба әдебиетті бастағанын айғақтайды. Ахмет Абай шығармашылығын сараптай отырып, саф әдебиет пен көрнекті ақын-жазушы қандай болады деген сұраққа өзінше жауап іздеген" [34, 230-231 бб.]. Пікірді қолдай отырып, өз тарапымыздан қосарымыз: "Әдебиет - тілмен әдебиет", ендеше, "Жаңа әдебиетті" бастаған сөз зергерінің (Абайдың) тілдік өрнегі өзгеше, шеберлігі шыңдалған, тіл қуаты мықты болғанына зерттеуші ғалым баса көңіл аударған. Тегеуірінді сөз кұдіретін Адам мен Қоғамды танытуға жұмсаған тілдік тұлғаның өзіндік орнына берілген баға - "Қазақтың Бас ақыны, классигі". Сонымен қатар, "алаш қозғалысы кең етек жайғанда зиялылар Абайға жан-жақты "ағарған", ендігі жерде ұлтты жаңаша ұйыстыра алатын рухани тұлға ретінде қарады" [34,222 б.]. Олай болса, "Абайдың Бас ақын болуы" -тарихтың, қоғамның қалауы. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы өз еңбектерінде 1) Абайдың қазақ рухани өміріндегі орнын айқындайды; 2) Сөз өнеріндегі үлесін таразылайды; 3) Тілдік қуатын өлшеу үшін Тілін талдайды: тілдік тұлғаның сөйлеу мәдениеті, тіл көркемдігі, сөз түзуі (ұйқас, ырғақ мәселесі) - бәрі жалпы шеберлік шарттарына қаншалықты үйлесімді екендігі филолог-ғалым, лингвист-зерттеуші тұрғысынан зерттеу нысанына алынады. Ғылыми таным өзегіне айналдырады [34,138,141 б.].

Абайдың қазақ рухани өміріндегі орны мен "дабысын дүниеге жайған" алғашқы еңбек авторы - алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхан болатын. Бұл -Абайды тану және танытуға қатысты алғаш құнды еңбектердің бірінен саналады. Ол Абайдай қазақ ұлының өмірбаяндық мәліметтерін және мол мұрасын таным нысанына алып, Абай қазасының бір жылдығына орай, 1905 жылы "Семипалатинский листок" ғазетінде орыс тілінде еске алу, мүнәһиб-некролог мақаласын жазады (Букейханов А. Абай (Ибрагим) Кунанбаев. /Семипалатинский листок, 1905. 25-26-27 ноябрь).

Ә.Бөкейхан абайтану ғылымына қатысты бірқатар мәселелерге назар аударған: Абайдың өзінің алдындағы әдебиеттен нәр алғаны, ғылым-білімді меңгеруі, ал, ең бастысы, Абайдың қазақ руханиятындағы құбылыс екендігін таныған таным-зердесі - Әлихан Бөйкеханұлының еңбегіне құндылық дарытқаны сөзсіз. Мақала авторы Абайдың ақындығын, білім-білігін саралайды. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Өлең - сөздің патшасы" және аудармалары туралы пікір білдіреді [29, 308-3096.]. "Оның өлеңі - қазақ мақтанышы", - деп бағалай келіп, Алашта рухани шығармашылықты мұншама асқақтатқан Абайға дейін ақын болған емес"- деген бағасын қоса білдіреді [35, 307-309 б.]. Осы және өзге де эстетикалық-әлеуметтік пайымдар мен тұжырымдар әдебиетке, сөз өнеріне, Абайдың әдебиеттегі орнына Ұлттың жоғын жоқтаушы тұрғысынан жасалды.

Абайдың тұлғасын танытуда алаш зиялысы Ә.Бөкейханның еңбегі ересен, ол Абайды тану мен танытудың ұлт үшін маңыздылығын жете түсінгендердің бірі еді. 1) Абайдың баласы Кәкітаймен бірлесе ақынның өмірбаяны мен шығармаларын Петерборда, 1909 жылы басып шығарады. 2) Абайтану әлеміне қатысты сүбелі ойлар айтып, өлшеусіз үлес қосады, "ақынның" таным көкжиегін бағалап, ауыз әдебиетінің мэйегінен нәр салғандығын көрсетеді. 3) Абай әлемін зерттеуші Ә.Бөкейхан ақын дүниетанымына әсер еткен объективті оң ықпалдарды да көре білді. Ол - әлеуметтік-ағартушылық идея болатын. 4) "Ол Абайдың құбылыс екенін түсінді" - дейді әдебиетші ғалым Д.Қамзабекұлы [34, 2226.]. Шынында, "Абай - Отанында мезгілсіз туған саф асыл" - деген Ә.Бөкейхан бағасы ұлы ақын феномендігіне берілген дәл баға еді. 5) Ә.Бөкейхан Абайдың әдеби-эстетикалық дүниетанымын зерделейді. ¥лы Пушкин мен Лермонтов әлемін қалай меңгергенін, өлең миссиясын, жалпы Абайдың ақындығын терең талдауға түсіреді. "Абай шығармаларында поэтикалық тегеуірін бар. Оның өлеңі - қазақ мақтанышы. Алашта рухани шығармашылықты мүншама асқақтатқан Абайға дейін ақын болған емес" [35, 3376.] - деген пайымы Абай танылмай жатқан уақытта-ақ айтылып үлгерген озық ой болатын.

Қазақтың санасын селт еткізер "Оян, қазақ" дабылының авторы М.Дулатов түбі бір түркі әлеміне, озық ойлы ел азаматтарына және "ғафыл болып ұйқыда жатқан өз жұртына" Абайдың ақындығын, ұлтына қалдырған мұрасы мен өмірбаянын таныстыру үшін 1908 жылы "Уақыт" ғазетіне, 1914 жылы "Қазақ" ғазетіне мәні зор мақала жазады. Ұлт мүддесін, ел арманын көздеген Абай сөзі мен Абай орнын биік бағалайды.

"Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары ардақты орын Абайдікі" .... "Зәредей шүбэ етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз" - деп өркениетке ұмтылған сайын қадірі арта түсетін Тұлға мен оның "тірі" сөзіне ден қояды.

"Абай қазақ халқы әлі меңгеріп жетпеген мәдениеттерге бой ұрғанда, жаңа көркемдік суреттеу құралдарымен ғана молыққан жоқ, рухани дүниесін жаңа идеялармен де байытты. Өзінің идеялық және творчестволық байлығының асылына келгенде, Пушкин сияқты, Абай да қалың жұртқа ортақ, сонымен бірге анық ұлттық, халықтық ақын" [2,372]. Ұлы Мұхтар Әуезовтің бүл пікірінде Абайдың суреткерлік тұлғасы түйіндей тұжырымдалған. Бұнда Абайдың тілдік тұлғасының мазмұны мен сипаты жайлы да байыпты байлам жасалғанын аңғару қиын емес.

А.Байтұрсынұлы Абай тілін зерттеп қана қойған жоқ, Абайдың ақындық мектебінен "сабақ алған", оның сөз қолдану дәстүрін жалғастырушы шәкірті деуге болады. Ол абайтану ғылымы мен ақындық дәстүр мәселесін ұштастыра қарастырды. Тілдік құралдарды стильдік мақсатта қолдану және шындық болмысты философиялық мәнде байыптау да Абай үлгісін тұтынғандығы анық байқалады.

Әдебиеттің даму тарихы әдеби процестің жалғастығына тікелей тәуелді. Әдебиетші ғалымдардың анықтағанындай, үздіксіз өсу, бірден-бірге үласу арқылы жаңалық дәстүрге айналып, ал дәстүр қайтадан жаңалыққа негіз қалап отырады. Жақсы дәстүр мен мен жаңашылдық өмірдің өзіндей жасампаз болып, арнасын кеңейте бермек.

Абайдың философиялық астары терең шығармасы "Сегіз аяқ" пен "Бай сейілді" өлеңі және Ахметтің "Жиған-терген" шығармасы - ішкі ой куаты, сыртқы сөз өрімі өте ұқсас, рухтас, идеялас туындылар. Бұлар мазмұн идеясымен толық үйлесш жатса, кей шығармасының жекелеген тұстарында Абай танымы, Абай әсер-ықпалы айқын сезіліп тұрады. А.Байтұрсыновтың "Достыма хат" өлеңіндегі ой қазығы Абай салған ақындық мектепке мегзейді. Мысалы:

А.Байтұрсынұлында: Жанасқан шын көңілмен жақындық аз,

Көбінің іші салқын, сырты-ақ жылы (25) Абайда: Онда оны алдайды, мұнда мұны

Жанын берсе, табылмас сөздің шыны (203).

А.Байтұрсынұлында: Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма,

Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы.

Абайда: Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа

Аларында шара жоқ алдамасқа (249) Абай "малға дос" деп анықтама берген кейіпкерді А.Байтұрсынов "жаны мал, жақыны мал, малдың құлы" деп жіктеп, даралап көрсетеді.

Ұлы Абайдың келесі бір философиялық туындысы "Базарға қарап түрсам әркім барар" мен А.Байтұрсынұлының "Жазушының қанағаты" өлеңінің идеялық бағытын салыстырып көргенде аңғарғанымыз алдыңғы төрт жолдың мән-мазмұны екі ақында ортақтаса, тең түсіп жатады, ал кейінгі жолдарда тең түспесе де ой сабақтастығы қайталанып отырады. Тек өлеңдердегі жол санының бірдей болмағандығынан барып, араға "сөз сыналағандай" болып қабылданады.

Абайда: Ахметте:

..Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар. Құлағын біреу салмас, біреу салар. Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма, <-> Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,

Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. «-> Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Екі өлеңдегі әрбір параллель жолдың мазмұны дөп түсіп, бір-біріне мәндес синтаксистік қатарында түр. Екі мәнмәтінде қатар қолданылған: біреу -белгісіздік есімдігі, кім болса да әйтеуір бір жан қажетіне жаратар дегенге нұсқайды; пайым қылмау - құлағын салмау фразалары мәндес, сөзді ұғар -көпке ұнау (ұққанда барып, ұнауы мүмкін), жалпақ жұртқа бірдей жагу мүмкін емес - кейіне жарау, кейіне жарамау - деген тілдік бірліктер өлеңнің семантикалық құрылымын ұйымдастыру қызметін атқаруда. Ал мәтіннің келесі бөлігінде де осы сабақтастық сақталған. Мысалы, Абай:

Жазған соң жерде қалмас, тесік моншақ Біреуден біреу алып, елге тарар. Бір кісі емес, жазғаным, жалпақ жұрт қой, Шамданбай-ақ, шырақтар, үцсаң жарар. «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар, Сәулесі бар жігіттер бір оііланар Ахмет:

Қайсысы ықыласын салып тыңдап, Жаратпай қайсыбірі теріс қарар.

Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар

Солардан аз да болса, белгі қалар.

Бұл мәнмәтіндегі курсивпен берілген жолдардың семантикалық астарында мағына, ой үндестігі бар, алайда бұны ой қайталау емес, дәстүр жалғастығын сақтау деп қабылдауымыз керек. Бұлар бірдей идеяға бағынып, ортақ қызмет атқарып тұр.

Сөздің елге тарары қай кезде? Әрине, ықылас салып тыңдағанда. Ал оны кім, қалай таратады? Біреуден біреу алып, елге таратады (Абай); қайсысы болса да тыңдаса, елге жеткізеді, елге таратады (Ахмет).

Абай: "шамданбай-ақ ұғуға" шақырса, Ахмет: "Жаратпай, теріс қарауың мүмкін" дейді. Сөйтіп шамдану мен жаратпау етістіктерінің стильдік белгісі мен көріктегіш қызметі бір идеяға бағынып тұр.

Абай: сәулесі бар жігіттерге ой салғысы келеді, Ахмет: Аз да болса белгі қалдырмақ болады. (ой салу <-» белгі қалдыру, бұл мәнмәтінде контекстік синоним қызметін атқарып, екі ақынның ой ортақтығын білдіріп тұр).

А.Байтұрсынұлының келесі бір туындысы "Ақын ініме" өлеңінің стилі, мазмұны бірден аңғарыла қоймайды. Бірақ Абайдың ой жүйесінен, яғни бірнеше түйіннен құрылған, синтезді ойларының тоғысынан туғандығы байқалады. Бұдан Абай ой дүниесінің құндылығы жоғары бағаланады деп білеміз. Абайдың 1) "Аузымен орақ орған өңкей қыртың", 2) "Осы қымыз қазаққа / мақтаның ба, асың ба? Қымызды басар артынан / Ет даяр ма қасыңда? деген ащы сынында айтылған ойларды А.Байтұрсынұлы өз шығармасында Аплатондай ақылы барлар, еті мен қымызы болмаған соң, "ақылы кедей, байларға" теңесе алмайтындығына байланысты айтқан. Абайдың ел билеу үстінде би болғансып, бас болғансып көлгірсудің "маңыздылығын" білдірген өлеңдеріндегі жеке-жеке ойларды бір өлеңнің бойына сыйыстырып берген, сөйтіп шеберлік пен ой тереңдігін байқатқан. (Бұл шығарма кейінгі тарауда да тағы да талдауға түседі). Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы тақырып таңдауда (яғни идея танытуда) және тілдік амалдарды пайдалануда Абай әдісіне жүгінеді, дәстүрін жалғастырады.

А.Байтұрсынұлы дәстүр жалғастығын осылайша ұтымды ұластыра алған. Абайдың ойын қайталады дей алмаймыз. Осы екі қоғам қайраткері өмір сүрген кезең, сол уақыт талабы екі ақынға да бірдей ой айтқызып тұр. Қоғамдық сананың саяси әлеуметтік жағдайларға қатысты ой қорытуы да мәндес, мазмұндас болып келгенін аңғарамыз.

Абай тілдік тұлғасы Қ.Жұбанов танымында. Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры, ұлттың рухани өміріндегі жарқын тұлға Қ.Жұбановтың "Абай - қазақ әдебиетінің классигі" деген еңбегі - абайтану ғылымының бастау көзінде тұрған құнды зерттеме - пайымдау. Бұл еңбек Абай мұрасы төңірегінде тартыс (тарөрісті ойлар қаулап) шарықтап тұрған кезеңде туып, сәулелі ойға жетеледі. Ғалымның өз сөзімен айтқанда, "Абайдың орнын босағаға қарай ысымалаушылар, оған місе түтпай, табалдырықтан шығарып тастаушылар орын алып түрған шақта" жазылады [36,5816.]. Абай мұрасын тану мен бағалауға (саралай білуге) бағдар сілтеп, осы жолдағы алда атқарылуға тиісті істерді, маңызды міндеттерді объективті түрде негіздеп береді. Мән-мазмұны терең, талай құнды ойларды ашьж та, (кейде әдейі бүркемелей) батыл айта алған рухы биік туынды болып табылады. Қ.Жұбановтың 30-жылдар басында-ақ айтқан Абай поэзиясының көркемдік қуаты жөніндегі өзіндік ой-танымы -бүгінгі күнге дейін құндылығы кемімей келе жатқан бағалы дүние. Ғалым Абай поэзиясының өзіне дейінгі қазақ поэзиясында байқалмаған биік сапаға көтерілуін; Абай поэзиясының күн шуақты биігіне нұсқап, ұлттық сөз өнерінің - ұлы ақыннның қалыптасуына өлшеусіз үлес, өнегелі бағдар болғанын көрсетеді, яғни қазіргі тілмен айтсақ, Абай тілдік тұлғасының қалыптасуын, оның дүниенің тілдік бейнесін көркемдеудегі суреткерлігін, ұлт өкілі ретіндегі когнитивтік деңгейін өзінің ішкі түйсігі, ғалымдық байқағыштығы арқылы зерделей білген. Осы зерттеулер, сондай-ақ, Қ.Жұбановтың өз тұлғасының да биіктігін танытатын еңбек, өйткені оның жазылу уақытының өзі де аса жауапты кезең еді. Нақты айтқанда, ол "Абай бізге қажет пе, жоқ па?" деген сындарлы шақта жазылады. Сөйтіп Абай әлемін ашу, жас үрпақты Абай биігіне жетелеу сияқты ұлы міндетін атқаруға ат салысады. Біз жұмысымызда, осы аталған еңбекті басшылыққа алып отырдық, яғни ол - бүгінгі күннің зерттеу талабына да жауап бере алады деген сөз [36, 5816.].

Қ.Жұмалиев және абайтану мәселесі

Ғасырдан астам уақыт бұрын А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов еңбектерінен бастау алып, М.Әуезов негізін қалаған Абайтану ғылымы арнасын кеңейтіп, сан-салалы әрі сапалы зерттеулермен толыға берді. Абайтануға жол ашқан, тілдік тұлғасын зерттеген еңбектердің ішінде, әрине, абайтанушы ғалым Қ.Жұмалиев зерттеулерінің орны бөлек.

Ғалымның өз сөзімен айтқанда: "Абай поэзиясының тілі 1944-1946 жылдары айырықша зерттеліп, соның негізінде 1948 жылы "Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі" деген атпен жеке кітап болып басылып шықты. Абайдың терең танығысы келгендер үшін... Абай поэзиясының тілі жайлы терең зерттеудің қажеттігі сөзсіз. Сонымен қатар, бүл еңбекте Абай поэзиясының тілі оған шейінгі әдебиет нұсқаларының тілімен салыстырыла зерттелініп, ұлы ақынымыз әдебиетімізге идеялық мазмұн, тіл көркемдіктері жағынан қандай жаңалықтар енгізгендігі айқындалады, сол арқылы қазақтың әдеби тілін дамытудағы оның тарихи рөлі мен әдебиеттегі орны белгіленеді. Бүл тілшілерімізге де, әдебиетшілерімізге де бірдей керекті ортақ мәселе" [37,826.].

Абай шығармаларының танымдық, көркемдік қырларына, ақынның қоғамдық, эстетикалық көзқарастарына қатысты пайымдау мен зерттеулер ғалым еңбегінде осылайша өзінің заңды жалғасын табады. Ғалым Қ.Жұмалиев Абай поэзиясының айшығы мен ажарын 1) көркемдік бояу; 2) стильдік сипаты; 3) өлең құрылысы арқылы саралап бере білді. Абайдың тілдік тұлғасын зерделеген түңғыш лингвист-ғалым А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі тұжырымдар одан әрі дамытылып, жетіле түсті.

Зерттеуші ғалым Қ.Жұмалиев өз еңбегінде Абай шығармалары тіліндегі ұлттық мәдениеттің бейнеленуіне де назар аударады. Бүгінгі ғылыми терминдермен айшықталмаса да, ғалым көтерген теориялық мәселелер этнолингвистика, этномәдени семантикаға қатысты екенін аңғару қиын емес. Этнографиялық танымын көріктеу құралдарының қызметін саралау барысында байқатады. Мысалы, "Адам баласы мәдениет сатысына көтеріліп, ой-сана ілгерілеген сайын терең түсініп, бір нәрсенің қасиетін, ерекшелігін әр түрлі жақтарынан тани бастайтыны мәлім десек, бүл жалпы көркем тілдің тәсілдерін, әсіресе, эпитеттерді талдағанда айрықша көзге түседі" [37,2016.]. Осы пікірлеріне орай, "Шоқпардай кекілі бар", "Қансонарда"... өлеңдерін талдауға алады. Сонымен қатар, Саятшылық жайынан хабар беретін "Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап" өлеңіндегі символ (бейнелеу) мен аллегория (пернелеу) ретінде алынып отырған қыран, күйкентайлар арқылы өз кезеңінің әралуан адамдарының іс-амалдарын астарлап айтады. "Қайран елдің босқа далақтаған", "басқа сая, жанға олжа жоқ" қылығына күйінеді. Абай "Өмірдің барлық саласынан, жұрттың бүгінгісіне де, келешектегісіне де сабақ беруді адамдық борышы деп ұққандығын нұсқайды ғалым Қ.Жұмалиев.