- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
Тіл ғылымындағы өзіндік орны бар ғалым Э.Бенвенист тілдің семиотикалық жүйедегі рөліне тоқтала келіп, бейвербалды (тілдік емес) таңбалар мәнін тек тілдің таңбалық жүйесі арқылы ғана танып, түсінуге болады деген формула ұсынды, яғни барлық таңбалар (белгі, сурет, кинема, сызба т.б.) сыры, мән-мазмұны адамның өз тілі арқылы ашылып, өз тілі арқылы "жанданып", сөйлей алады деген ой айтты [127, 3346.].
Тілдің адамзат қарым-қатынасында маңызды орын иеленетіндігі және жалпы таңбалық мәні қазақ тіл білімінде де әр бағыттағы зерттеулер нысанына айналған. Таңба тілінің маңыздылығына назар аудару қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Қ.Жұбанов [36] еңбектерінен бастау алып, тілші-ғалымдар Қ.Аханов [128], Т.Қордабаев [129] зерттеуімен жалғасын тапты. Бүл еңбектердегі негізгі ой "Көмекші қатынас құралы ретінде ымдау, дене
қимылының маңызын атап көрсетумен" уәжделеді. Профессор Қ.Жұбановтың: "... тіл дегеніміз шартты таңба ғана болып табылады, олай болса, біз айтып отырған табиғи тіл ретінде тануымыз керек болмай ма?!" [36,976.] - деген теориялық тұжырымдары өзінің тереңдігімен құнды әрі осы күнге дейін шешімін таба қоймаған мәселелерді көтеруімен аса маңызды. М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде: «Адамның жан сыры дене арқылы, мимика арқылы сыртқа білінеді», «...дене де жанға бйлаулы, жан көріністері денеге қатты әсер береді. Адамның көзқарасы, дауысы, аяқ басуынан жанның қандай күйде екені көрініп-ақ тұрады» [44] деген пайымының психологиялық зерттеме ретіндегі мәні зор. Бүгінгі таңдағы тіл ғылымындағы жаңа бағыттар бүл маңызды мәселені өзге қырынан одан әрі зерделей түсуге жетелейді: паралингвистикалық құрал ретінде - Э.Оразалиева [130], вербалды интеракт тұрғысынан - Ш.Нұрғожина [131], бейвербалды амалдар қатарында -Б.Момынова [132], Ж.Нұрсұлтанқызы [133], А.Қобыланова [134] сияқты ғалым-зерттеушілер еңбегімен толыға түсті. Сондай-ақ, орыс тіл білімінде жан-жақты қарастырылып келеді [135;136;137;138]. Е.Крейдлин адамдар арасындағы қарым-қатынас алыс, жеке, көрермендік, әлеуметтік, интимдік түрлерге бөлінетінін көрсете келіп [1386 467], бейвербалды семиотиканың теориялық мәселелерін негіздейді. «Қарым-қатынас кезінде вербалды амалдар жеті пайыз, дыбыс, интонақия отыз сегіз, бейвербалды амалдар елу бес пайыз қолданылады», - дейді франқуз психолоғы А.Мейербиан. Әрине, бүл пікірдің ұлттық ерекшелікке қатысы ескерілгені жөн.
Олай болса, вербалды (тілдік) амалдармен қатар бейвербалды тілдік емес амалдар да мазмұнды ақпарат жеткізе алады.
Абайдың тілдік тұлғасы бейвербалды амалдар арқылы да бейнелілікті барынша шынайы әрі жанды етіп бере алған. Бейвербалды амалдарға накты міндет жүктеледі, өйткені олардық тілде белгілі бір стилъдік қызмет аткара алу әлеуеті жоғары. Әрине, негізгі, вербалды тілдік таңбалармен тығыз уәжділікте болса ғана стильдік мақсатқа жету мүмкіндігі зор. Бүдан шығар қорытынды: бейвербалды кинетикалық таңбалар 1) вербалды ақпараттың мағынасын толықтырып, талдау нысанының мазмұнын жан-жақты ашуға ықпал етеді және 2) тілдік тұлғаның мәтіндегі рөлін айқындайды. Осы айтылған мәселелер Абай дискурсында қалай көрініс тапқаны талдауға түспек. Ең алдымен, мына мәселелер анықталуы жөн деп санаймыз. Тілдік тұлға туралы мәліметте не ескерілу керек? Дәл осы ақпарат мазмұнын жеткізудегі мақсат не, сол жағдайды айтуға ықпал еткен факторлар қандай? - деген сүраққа жауап алынуы тиіс, сонымен қатар, тілдік тұлға мәртебесі (рөлі) айқындалуы керек. Мысалы, автор бір ғана Күлембай болыстың іс-әрекетін сынай отырып, жалпы қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтереді. Абай тұлғасына қатысты "Өмірлік кредосы ағартушылық болған ", "әдебиеттің қоғамдъщ рөлін түсінген ", "сөзді тәрбие құралы ретінде пайдаланған" деген анықтамалардың мәні жоғарыда сөз болғанын еске сала отырып, кинетикалық амалдарды стильдік тәсіл ретінде пайдалануға осы аталған факторлардың ықпалы тигеніне назар аудартамыз. Бейвербалды амалдар жеткізген ақпаратқа автор қатысымы осы тұрғыдан сөз етіледі.Зерттеуші Ж.Нұрсұлтанқызы бейвербалды амалдарды архаизм, кэсіби.
диалект бейвербалды амалдар деп [133,9] жіктейді. Біз мұндай амалдардың «әмбебап», жалпыға ортақ түрін қарастырамыз.
Тілдік тұлға өз шығармасы дискурсында нақты бір кезең шындығын жеткізе отырып, сол кезеңді таныта алатындай іс-әрекеттер мен бейнелерді сомдай алғанда ғана шынайы шығарма дүниеге келері белгілі. Сөздік тезаурус та, "стиль тезіне түсіру де" (Р.Сыздықова) - көркем шындықты берудің басты көрсеткішінің бірі. Шындық дүниесімен үйлескен, өміршең туындылар оқиғасының шынайылығымен, тілінің шүрайымен тіл тұтынушының рухани әлемін өзіне бағындырады. Реалды дүниемен үйлесетін Абай туындылары тарихи-көркем беллитристикалық болмаса да эстетикалық, когнитивтік мінездемесімен құнды. Мысалы, Абай дискурсындағы ақиқат реалды дүниенің тілдік бейнесі өмірдегі нақты жағдайларға (Абай өмір сүрген кезеңге) сәйкесе отырып, субъектілердің мінезі мен іс-әрекеттері нақты бір дәлдікпен табиғи ортаға (тіпті бүгін күн адамдарының мінезіне де) үйлесе кететіндігі - ақындық шеберлік екені даусыз.
Абай шығармашылық тұрғыда типтендіре келіп, қай шығармасының болсын өзегіне өзін толғандырған әлеуметтік мәселелерді алады. Оны бейвербалды құралдар арқылы да беру тәсілін қолданады.
Мысалы, "Болыс болдым мінеки" деп басталатын шығармасында Күлембай болыстың бейнесі қимыл-әрекеті арқылы танылады. Оның бейнесі: отаршыл саясат ұстанған патша империясына қызмет етуші құлдық пиғылдағы, жалтаңкөз билік иесінің кескін-кейпі дәл суреттелген. Елді рухани тәуелсіз, жоғары рухты кемел адам басқармай, сырттан таңылған саясат ұстанымына лайық Күлембайлар басқарады [103,996.]. Сөйтіп, парасат майданы саясат майданының тегеуірінімен жеңіліс тапқаны қоғам қайраткері Абайды толғантпай қоймайды, оның тілдегі бейнесі бейвербалды амалдар "көмегімен" айқындала түседі.
Бейвербалды ақпарат мазмұны шығармада қалай берілгенін Күлембай болыстың іс-әрекеті арқылы көре аламыз. Мысалы,
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап...
Сыяз бар десе жүрегім,
Орнъщпайды суылдап...
...Ақылы жандар қамалап,
Кептірді сонда ерінді,
Арызшылар көбейді,
Болыстың к... шөмейді...
Ашылып омырау, күн ыстық
Қойын кетті алқылдап.
Табаныңнан тозасың
Күр жүгіріп тарпылдап.
Сөгіс естіп, тозды ажар...
...Мынау елді ұстарлық
Кісі емеспін, кел күтқар!
Қолдан келмес қорлыққа
Неге болдым мұнша іңкәр? (106-110). Өлең мәтініндегі бейвербалды кинетикалық тәсілдер жеткізетін ақпарат мәні поэтикалық қызметтегі өзге синтагмалар арқылы өзінің прагмастилистикалық уәжін барынша толық "ақтап тұр" деуге болады. Мәнмәтіндік қоршаудағы мына тезаурустар соны айғақтайды: құр күлемін жымықдап; сасып қалдым, жүрек кетті дүпілдеп; қарбаңдадым өкімдеп; сөз айтып жүрмін күпілдеп; мақтанамын кісімсіп; қайраттысып, қамқорсып; әрлі-берлі далпылдап т.б.
Оның жағымпаздығы, қорқақтағы, көкірек керуі т.б. өрескел қылықтары (оның ішінде, болыстыққа қол жеткізу амалы) - бәрі бейвербалды ақпараттың мазмұны, "дене тілі" арқылы берілген. Негізгі стильдік тәсіл қатарында болмаса да, мәтіннің идеялық мазмұны онсыз (бейвербалды амалдарсыз) толық ашылмас еді. Вербалды-бейвербалды амалдар бір-бірін осылайша толықтыра алған. Мұндай жағдайда қосалқы бейвербалды амал негізгі вербалды амалдағы ойды бастаушы болып отырады. Социумның ұлттық мәдени тәжірибесі өзін қоршаған дүние туралы беретін мәліметінің кейбірін сөз көмегінсіз ым-ишара немесе қимыл-қозғалыс көріністерімен "ұқтырады"[139,22].
Бейвербалды қатысым құралы ретінде алынған бас изеу, қол сермеу, иығын қозғау және өзге де дене қимылдарының семиотикалық мән-мазмұны астарлы болуы тіпті белгілі бір ақпарат коды болуы ықтимал. Егер оларды семиотикалық белгі қатарында қарастырсақ, онда қарапайым бейвербалды тәсіл дегеннен гөрі, әлеуметтік мәні басым таңба (ой көрінісі) деп таныған жөн болмақ.
Бейвербалды қатысым құралы прагматикалық уәжіне қарай: а) мінез-қулықты айқындау; э) ой әсерлілігі мен эмотивті реңкті таныту; б) нысанды дәл, анық сипаттау; в) бағалауыштық сипат беру сияқты мақсат еленеді деп жіктейміз.
Абайдың тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейіндегі кинемалар қолданысының прагматикалық уәжі арқылы жеткізілетін ақпарат қоғамдық факторлармен өзектесіп келеді. Мысалы, "Болыс болдым, мінеки", "Бойы бұлғаң" өлеңдері арқылы қоғамдағы отарлау саясатына байланысты туған құлдық психологияның көрінісін немесе соның тілдік бейнесін көрсетуде Абай дискурсындағы кинемалардың (бас изеу, "түсінің түксігін салу", "пішінін кию") стильдік қызметі жоғарыдағы уәжбен бірлікте қаралады. Бұлар - дүниенің тілдік бейнесіндегі әлеуметтік қарым-қатынасты білдіретін
таңбалар.О.С.Ахманова сөздігі бойынша кинесика - дене қозғалысы мен мәнді ым-шараның біртұтас құрылымын зерттесе, кинема-кинесикалық амалдар бірлігі кинесикалық тілдің бірлігі [386].
Тілді мәдениеттің барынша дәл, шынайы формасы дейтін болсақ, оның мазмұны арқылы сол мәдениеттен мол мағұлмат аламыз. Мәтін құрылымындағы ұлттық дүние бейнесі, халықтың тұрмыс-тіршілігі жайлы мағұлмат беретін тілдік белгілердің Абай шығармашылығындағы прагмалингвистік қызметі шығарма идеясын жан-жақты ашу мүмкіндігін ұсынады. Мысалы, субъект "Болыс болдым мінеки" деп алады да, әрі қарай қалай болыс болып жүргенін өз қимыл-әрекетін суреттей отырып, "автопортретін ұсына" отырып жеткізеді.
Өлеңде соған сәйкес кинемалардың бірқатар тезаурустық жүйесі түзілген. Аксиологиялық сипат иеленген тезаурустар мазмұнынан автордың индивидуалды танымындағы дүние бейнесін аңғарамыз. Дүние бейнесінің сөзбен салынған суретінен қимыл-әрекеттерді көзге елестете, "дыбысын ести" алсақ, мығымдап ұстау, тығындап тастау әрекетін ішкі түйсікпен сезіне аламыз. Ал бас нзеу, шыбындау, қырындау, жымықдап құр күлу, дікілдеу, қорбаңдау, күпілдеу, ымдау, әрлі-берлі далпылдау, құр тарпылдау сияқты қимыл-амалдарды көзбен көруге, бейнесіне тікелей қанығуға болады. Бұндай прагматикондардың дискурс мазмұнын ашудағы рөлі аса маңызды. Олар Абай тілдік тұлғасының негізгі когнитивті деңгейін құрайтын концептуалды бірліктер қатарына саналады. Өзінше әрекет ету қабілетінен айырылған екі жаққа тәуелді болыс, "Күштілері сөз айтса, бас изейді шыбындап", әбден еті үйренген соң, тіпті еті өлген соң, бодандық қамытын еш ауырсынбай-ақ құлдық психологиямен өмір сүруге әбден бейімделіп алады. Болыстың болмысын ғана емес, елдің еңсесін де езген отаршыл саясат өз билігіне өзгелерді "билетіп" қойғанын кейіпкерлердің қимыл-қозғалысы, "дене тілінің" өзі-ақ танытып түр.
Бейеербалды таңбалардың семантикалық құрылымы.
Абай шығармаларында ым-ишараның семантикалық негізгі екі типін кездестіруге болады. Олар: коммуникативті және симптомды белгілерге бөлінеді. Бүның алғашқысына қимыл иесінің адресатқа арнайы жеткізетін ақпаратын алуға болады. Бұндай әрекетті тіпті диалогтық табиғат иеленген деуге болады. Мысалы, қимыл иесі, немесе субъект екінші бір адамға иегін қагу, жүдырығын түю т.б. арқылы белгілі бір мәлімет беріп (келісу, сес көрсету), ым тілімен сөйлесу арқылы диалогқа түсіп тұрғанын байқауға болады. (Абай тілінде - "арқаға қағу" (ұлықтың); "бас изеу" (шыбындап) әрекеттері арқылы бір субъектінің екіншісін қолдап, қолпаштап тұрғаны немесе мойын ұсынып, келісім бергені, сөйтіп қимыл-қозғалыс арқылы өзара "тілдескенін" ұғамыз. Мысалы, "Мәз болады болысық, арқаға ұлық қаққанға" деген (113) шығармасында "Ұлықтық арқаға қагуы" болысқа деген ризашылығын танытса, болыстың мәз болуы - өзіне ұлық тарапынан көрсетілген құрметке ол да риза болып, қуанғанын жасыра алмай, "күлмең қаққанын білдіреді". Екеуінің арасындағы "түсіністік диалоғы" осылай жалғасқан. "Арқаға қағу" -прагматикалық мән иеленген бейвербалды таңба.
Абайдың "Болыс болдым мінеки" шығармасындағы "Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап" деген жолдарда диалогтік табиғат иеленген бейвербалды таңба - бас изеу (шыбындап). Кейіпкер бас шүлгу арқылы "күштінің" пікірімен келісетінін, оны түсінгенін жеткізіп түр. Мәтін прагматикасы - "ықпал ету", әрі "мойындату" семантикасымен астасып түр. Коммуникақияға түсіп отырған екі субъектінің көңіл-күйін дәл білдіру үшін бейвербалды амалдар өте бір оңтайлы болып табылады. Бұлар - қарым-қатынас үстіндегі ақпарат жеткізетін ерекше қатысым құралы.
Екінші топтағы симптомды тип субъектінің эмоционалды күй-қалпына байланысты жүзеге асады. Мысалы, адамның ұялағанда көзін төмен салуы, таңырқағанда көз шарасы үлкею немесе қатты сасқанда саусақтарын (қолын) уқалау сияқты қимыл-әрекеттерді осы белгіге жатқызуға болады. (Абай
өлеңдерінде - саусағы суыну, пішіні құбылу, иығы тиісу). Дем алыс ысынып,/ Саусағы суынып, Белгісіз қысылып, / Пішіні құбылып I Иығы тиісіп, Төмендеп көздері... (170).
1) Бейвербалды таңбалардық синтаксистік құрылымы. 1) Абай шығармалары тілінде кинемалар негізгі денотат мағынасында еркін тіркес формасында келіп, іс-әрекеттің нақты бейнесін танытады.
Мысалы, Бет-аузын сөз сөйлерде жүз құбылтып,
Қас кермек, мойын бүрмақ, қоразданбақ (55). 2) Кинемалар түрақты сөз тіркесі құрылымының соматикалық компоненттері құрамында қызмет атқарады.
Мысалы, Мэз болады болысың / Арқаға ұлық қаққанға;
Еш нәрсе емес жүбанар / Ақыл көзбен баққанға (113); Мал үшін тілін безеп / Жанын жалдап (90).
Ғалым Г.Смағұлова «кинетикалық» фразеологизмдердің тік түру, қошемет көрсету, қол қусыру, шапан жабу, өкшесін жерге тигізбеу үлгілерін көрсетеді [162, 62-636.].
3) Кейбір бейвербалды элементтер сөз немесе сөйлем орнына жүмсалады. Олардың прагматикалық қызметі терец ой, идея таныту мақсатын көздейді.
Дене мүшелерінің қимыл-қозғалысы арқылы қоғамдық мәселеге багдар сілтеуге болады. Абай "Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре түра тексермедім" деген ащы өкінішін білдіріп, "қолымды мезгілінен кеш сермедім", "қолымды дөп сермесем,\ "өстер ме едім?" - деп уақыттан үтылған әрекетіне күйініш танытады. Ол үшін "қол сермеу" деген полисемантикалы сөз тіркесінің негізгі мәнін, оның архисемасын басшылыққа алады. Фразеологиялық бірлік қатарында тілде түрақты орын алған "қол сермеу" ишаратының "бір нәрсені қажег етпеу"; "әлденеге риза болмау"; "біреудің сөзіне ден қоймау, құлақ аспау" сияқты бірнеше мағынасы бар. Осы полисемантикалы фразалық тіркестің соңғы мағынасы Абайдың тілдік тұлғасында семалық өзгеріске түскен. Фраземаның "бір нәрсені қажет етпеу" деген болымсыздық мәні мен модальдық реңкі өзгеріп, керісінше, "қажетсіну керек еді" деген жағымды жағына қолдау көрсетеді: Абай мәтінінде қолды сермеп, сырт айналу емес, керісінше, қол созып, "ұмтылу", "ниет ету" семасы актуальданған. Егер вербалды тәсіл арқылы, яғни сөз немесе сөйлем түрінде келгенде сол мәселе жайлы баяндаумен немесе адресатқа хабарлаумен шектелген болар еді, ал бейвербалды амал арқылы (соматикалық мүшелер қозғалысы) экспрессивті-эмоционалды бағалауыш мәні қоса беріліп, баяндаудан гөрі сын-сапаны суреттеу мақсаты басымдық танытады.
Бейвербалды амалдар арқылы ой жеткізу сонша әсерлі, дәл әрі шынайы болып шығады. Мәтін дискурсында кейбір қимыл-әрекеттер көрінісі жиі кайталанып берілген тұстар кездеседі, бүл кейіпкер бойындағы әдетке айналған мінез-кұлықтан хабар береді. Жылуы жоқ бойының I Жылмиғаны неткені?; Мүцды, жылмақ пішінін кезек киіп; дегенде жылмию лексемасының мәніне субъекті жиі қайталайтын іс-әрекетіне назар аудартады.
Стильдік тәсіл ретінде қолданылатын психологизмдер Абайдың тілдік тұлғасында мына жағдайларда белсенді қызмет етеді: 1) Қарасөздері мен
өлеңдер мәтінінде авторлық ой-толғам, философиялық тұжырым жасау барысында; 2) адам <-> қоғам мінезін байыптау барысында.
Адам бет-бейнесінің, жүзінің өзгерісі сияқты қимыл-құбылулар бейвербалды қатысым кұралы қызметінде жиі пайдаланылады. Бейвербалды амалдар семиотикасы тек жағымсыз коннотақия беру үшін ғана ашылмайды, адамның таза сезімін жеткізудің бір тәсілі ретінде алынады. Соның бірі - адам портретін суреттеу.
Сыртқы көріністерді бейнелеу - ішкі дүниені игерудің әдебиетте қалыптасқан ежелгі дәстүрі. Сыртқы детальдың ең әсерлі түрі де - осы портрет, ал әдебиеттегі кез келген портреттік бейнелеу психологиялық күймен астасады. Абайдық тілдік тұлғасында психологизм адамтанудың маңызды құралы қатарында алынған. Басқаша айтқанда, адам концептісін ашудық көркемдік бір тәсілі ретінде белсенді қолданылады.
Абай шығармалары тілін талдау барысында көз жеткізген бір жағдай -сыртқы портреттік бейнелеу мен ішкі психологиялық күй бір-біріне үласып жатқан күрделі құбылыс. Атап айтқанда, кейіпкерлердің ішкі ойы мен сезімі (психологиясы) авторлық баяндау арқылы танылады да, өз кезегінде ол сыртқы портреттік бейнелеу формасында көрініс табады. Нәтижесінде, авторлық психологиялық баяндау арқылы портреттік мінездеме сомдалады, яғни ішкі психологизм —> сыртқы портрет —* ішкі психологизм сабақтастығы түзіледі.
Абайдың тілдік тұлғасындағы портреттер кейіпкер кейпінің, бет-әлпетінің өзгерісі арқылы оның психологиялық күйінен хабардар етеді. Оған "Қызарып, сұрланып" өлеңі бір дәлел бола алады. "Дене тілі" - жан-жақты мәлімет беретін ерекше коммуникақия құралы десек, "Қызарып, сұрланып" өлеңінде қыз бен жігіттің кездесу сэтіндегі коммуникақия құралы қызметін атқарып тұрған тіл - "дене тілі". Коммуникақиялық қатынасты сөйлеу арқылы емес, "тілсіз тіл" арқылы, көзбен көрсетіп, "ішпен білдірген" Абай кейіпкерлері "оп-оңай-ақ" ұғынысқанын сезінеміз: лүпілдеп жүрегі; саусағы суынып; пішіні құбылып; иығы тиісіп; төмендеп көздері; жүрегі елжіреп; буындар босанып; көзіне жас алып - осы кинемалық таңбалар - екі жастың психологиялық күйін барынша дәл жеткізуге, "жүрекпен алысып сыбдырын, тықырын, көңілмен танысып", "сөз жөндеп айта алмай" тұрған "екі асықтың" "жүйрік тіл, терең ойын" таныту үшін алынған көркемдік тәсілдің бірі (тырнақша ішіндегі Абай қолданыстары екені белгілі).
Зерттеу мақсатына байланысты әлеуметтік мән иеленген кинемаларға баса назар аудардық, өйткені Абай шығармасы - әлеуметтік ортаның шындығы, ал кинетикалық таңбалар - дүниенің тілдік бейнесі. Кинетикалық таңбалар Абай туындыларының ішінде "Күлембайға", "Мәз болады болысың", "Көжекбайға", "Бойы бұлғаң", "Сегіз аяқ", "Дүтбайға" сияқты өлеңдерінде белсенді қолданылған. Сонымен қатар, "Қызарып, сұрланып" шығармасындағы рөлі терең психологизмді ашуымен құнды. Қазақ халқының ұлттық мәдени ерекшелігін танытатын бейвербалды амалдар қатарына адамның киім-кешегі, киім киісі де жатады, яғни адамның киіну мәдениетіне қарап, әлеуметтік жағдайын, этникалық ортасын, жас мөлшерін анықтауға болады. Оның әлеуметтік мәні жайлы кейінгі тарауда сөз етпекпіз.
Бейвербалды таңбалар белгілейтін мән-мағына (идея) лингвистикалық сипат иеленгеніне көз жеткіземіз. Бүл семиотикалық таңбалар - сол кездегі әкімшілік жүйеге байланысты "елді мығымдап ұстау үшін " пайдаланған ддіс-тосілдердің "атауы ", немесе ел билеу саясаты жолындағы қоғамдық сананың бір көрінісін, ягни тілдік бейнесін білдіретін (таңбалар) сөздер. Сонымен қатар, ел билеушінің длеуметтік мдртебеге қол жеткізудегі (болыс болудағы) іс-дрекетінің (болыстығының) бейнесін көрсеткен лингвомддени код болып табылады.
Лингвистикалық талдау өзегін құрап отырған тезаурустық қатар шығарма кейіпкерінің (болыстың) өз аузымен айтылады. Санамалап берілген тезаурустарды кейіпкер мына мақсатта қолданған: а) ақпарат мәнін ("ел үшін қалай еңбектеніп жүргенін") бейнелі әрі дәл жеткізу; э) барынша сендіру, нанымды ету үшін және б) "елі үшін қиналған күйін" (эмоқиясын) білдіру мақсатына қызмет етеді.
Түйіндей келгенде, қолданылу уәжіне қарай жағымды не жағымсыз мән беретін бейвербалды амалдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын, субъектінің түрліше көңіл-күйін, мінез-құлқын білдіру функқиясын атқарады. Кинемалар - коммуникақияның маңызды элементі. Қарым-қатынастың (коммуникақияның) бейвербалды құралдарымен уәжделген тілдік бірліктер әлеуметтік лингвистикалық ақпарат бере алады, өйткені таңбалар белгілейтін мдн-мағына лингвистикалық сипат иеленген.
Вербалды белгілер тіліне аударылған ым-ишара, кинемалар субъектінің нақты бір ортаға байланысты нақты бір күй-қалпын немесе әрекетінің символдық белгісін білдіреді. Ым-ишараның қайсысы болса да, символдық мән иеленген, ал вербалданған жағдайда оның семантикасы мен құрылымы бір бүтін фразеологиялық тұтастыққа айналғандай күй кешеді. Белгілі бір кезеңдегі дүниенің тілдік бейнесін дәл суреттеу мақсатында алынған мимикалық және кинемалық белгілердің тілдік тұлға танымындағы орны ерекше. Дыбыстық тіл таңбалары, вербалдық таңбалар арқылы берілуге тиісті ақпаратты тілдік емес, көмекші бейвербалдық таңбалар көмегімен ұғындыруға әбден болады. Сол таңба мен ол білдіретін мағына арасындағы бірлестік коммуникативтік қатынасқа әрі эмоционалды әсер ету қызметіне құрылған. Әрине, қуану мен мүңдану, қайғыру мен шаттану, сүю мен сүйсіну тәрізді көңіл-күй амалдарын сөз құдыреті, оның экспрессивті эмоқиялы реңкі арқылы тікелей жеткізе алу сөз өнерінен асқан шеберлікті талап етері сөзсіз.
