Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.69 Mб
Скачать

3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік

ДЕҢГЕЙІ

3.1 "Толық адам" концептісі.

Абай "адамтанудың көркемсөздегі өрнегін салып, үлгісін қалыптастырды" деген дәлелдеуді қажет етпес тұжырымды пікірді Абайдың тілдік тұлғасы тезаурусын талдау арқылы бекітуге болады. Мысалы, Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, / Сонда толық боласың, елден бөлек (128);

Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (249) - деген өзекті ойлары арқылы биік адамгершілік иесін және оның кемел келісіммен келген кісілік келбетін сомдайды. Осы қасиетті иеленген адам ғана адам деген даңққа лайық болатындығына нұсқайды. Немесе "Қайрат пен ақыл жол табар, / Қашқанға да қуғанға, Әділет, шафғат кімде бар, / Сол жарасар туғанға (205) деген жолдардағы курсивпен берілген сөздер астарында да үлкен мән жатыр. Бұлар - толық адам жөніндегі ұғымдарды құрайтын басты сипаттар, яғни толық, кемел адамға тән қасиеттер. Тілдік тұлға дискурсындағы жағымды бағалауыштық мән иеленген осы тілдік бірліктер - негізгі идея қазығына, философиялық ой-толғамдар арқауына айналады. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, Абай Он жетінші Сөзінде өз тұсындағы және өзінен бұрынғы "үлкен моралист, педагог ойшылдардың, ұстаздардың көп айтқан пікіріне жанасатын ой-толғау жүргізеді. Ол - толық сапалы адам болудың шарты, ғармоническая личность жайындағы ойлар. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі бірдей болып, тең табыссын деген талап қояды" (227).

Барлық жақсылық пен жамандық туралы ұғымдар өз коннотақиялық мәнін де осы сөздерге байланысты айқындайды.

Толық адамның тұла бойын толтырар ізгі қасиеттер "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінде айқын көрсетілген. Абай жас өркеннің бағдар түзер айқындамасы ретінде талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахымды атайды.

Бүл жөнінде М.Әуезовтің "көп қорытып айтқан мағыналы және програмдық бір өлеңіне" жасаған сілтемесіне біз де сүйенеміз. Сөйтіп, адам (толық адам) концептісін ашу үшін оған қойылған басты талаптар (қайрат, ақыл, рақым, шафғат) мәніне концептуалдық талдау жасау мақсатымен бүл ұғымдарды саралау үшін негізінен Әбдірахманға арналған өлеңдерді қарастыруға болады.

Белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметов: ұлы ақын толық адам ұғымының қазақ ортасындағы нақтылы образын өзі үлкен үміт артқан баласы Әбдірахман бейнесі арқылы бергенін дэйектейді [100, 117-1186.].

Бүл мәселеге қатысты өзге зерттеулерге де сүйенеміз. Абай нағыз адам (кемел адам - Г.М.) идеясын қалыптастырып қана қойған жоқ, соған жетелейтін шынайы жолды көрсетіп берді. "Идеал мен шындықтың арақатынасын терең түсінеді. Өмірде идея мен шындық сәйкесе бермейтінін анықтады, бірақ сәйкесетін кезеңдерін де аңдай білді. Абайдың көзқарасына сайғанда, өмірдегі адам идеалы ("толық адам". Абай) өзінің ұлы Әбдірахман мен інісі Оспан сияқты жекелеген тұлғалар арқылы көрінеді. Олардың бойындағы (Абай

санамалап, атап көрсеткен) асыл қасиеттер өмірде болуға тиісті кемел адамды айқындайтын белгілер", - дейді ғалым Ж.Әбділдин [65,358].

Абай: "Жамандық көрсең нәфрәтлі, / Суытып көңіл тыйсаңыз, Жақсылық көрсең ғибрэтлі, / Оны ойға жисаңыз" дей отырып, көңіл тыяр жамандық пен ойға жияр жақсылықты парасаттай білу үшін, жас өркенді: "Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рахым, ойлап қой -Бес асыл іс көнсеңіз" деп адамдық әліппесінің рухани биігіне шақырады.

Бүл ізгі қасиеттердің бәрін баласы Әбдірахман бойынан тауып, "жасқа-жас, ойға-кәрі", "ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" иесін, Толық адам бейнесін ұсынады.

Жалпы, Әбдірахманның атасы азан шақырып қойған есімінің өзі үлкен мән иеленген. Рахым араб тілінде мейірім, марқабат, аяу, жаны ашу, жәрдем, қайырым мағынасын білдіреді. Бүл есім - Әбдірахманның мазмұнға толы қысқа ғұмырының айқындауышы іспетті деуге болады.

Абайдың өзі "Әбдірахманға" деген өлеңінде былай деп жазады:

"Алланың рахматын / Жар түтып әр неге. / Әр рахман ол атын / Үйреткен жүмлеге". Сөйтіп, барша қауымға алланың ризалығын алатындай қайырымды, рахымды ісін арнаған баласына "зар хатын" жолдайды.

Сонымен қатар, тағы бір танымдық мәні бар мәлметті еске салған жөн: Алла Тағаланың тоқсан тоғыз құрметті есімі бар. Соның бірі - ар-Рахман (Мейірімді); ар-Рахим (Рақымды); Мүсылман күнтізбесі: 2001, Алматы: Жылнама, 2000. -368 б.

Әбдірахман (Әбіш) - 1865-1895 - Абайдың Ділдәдан туған екінші баласы. Әкесі он жасында Семей қаласындағы орыс мектебіне оқуға береді. Ол ТюменьдегІ реальное училищесін, Петербургтегі Михайловское артиллерийское училищесін бітіреді. Әскери артиллерия академиясына түсемін деп жүрген кезінде сырқатқа шалдығады. 1895 ж. Алматы қаласында қайтыс болады (6,434). Абай Әбдірахманға арнап оннан аса өлең жазады (208, 211,213, 215,226-240).

"Толық адам" концептісі (Әбдірахман бейнесі)

Есім денотаты - Әбдірахман. Тілдік тұлға дискурсында Әбдірахманға байланысты төмендегідей жеке аталым, перифразалар қолданылады. Олар: әділ, мырза, ер, айнымас жүрек, көздің нұры, өмірдің гүлі, боямасыз ақ көңіл, жасқа жас ойға кәрі, жаңа жылдық басшысы, ағайынға бауырмал, құйрықты жүлдыз, турашыл, орынсызды айтпаған, түзу жолдан қайтпаған, Аплатон, Сократ(тай) ақылды, ғылым іздеп жатпаған, қызыл гүл, асыл жар, Қанарман Ғали білекті, талайдың гүлі, қолдан үшқан ақ сүцқар, тиянаг(ым), тұрлау(ым), Әбіш сынды асыл ер, құдай қосқан жар, сәулем, қалқам, көцілімнің күні, сүйеніш, құдай қосқан қосақ.

Мәтін түзетін тілдік құралдар сол мәтіннің мазмұндық жағын ұйымдастырып қана қоймайды, тыңдаушыны оны қабылдай білуге де даярлайды. Абайдың тілдік тұлғасы мәтін түзетін мәнерлі бейнелегіш құралдар мен оны қолданудың көптеген әдіс-тәсілдерш дискурстың концептуалды мәнш ашу үшін пайдаланған.

Абайдың тілдік тұлғасы Әбдірахманның ішкі әлемін, яғни моральдық-этикалық сапасын тура сипаттамай-ақ, оның сөйлеуіндегі (в речи) және сөйлеуден тыс қылығы мен іс-әрекетін жанама сипаттау арқылы да танытады. Мысалы, Біреудің қылған қарызын / Айтқызбай артық төлепті... деген мәнмәтінде Әбдірахман мінезінің екі жақсы қасиеті оның іс-әрекеті арқылы астарлы түрде жеткізілген: біріншіден, ол - уэдеге берік, сенімді, тыңғылықты адам - алған қарызды да айтқызбай-ақ төлейді; екіншіден, ол жақсылыққа жақсылықпен жауап бере алатын, қайырымды адам немесе Дүниені кезіп көргенше, / Рахат іздеп жатпаған (230). Бүл жолдардан туатын субъектінің сипаты - білім құмар, ізденгіш, білмекке ынтық. Ол жан рахатын іздеп жатпайды, жан құмарын табуға ұмтылады. Бүл когнитивті семантика контекст өрісіндегі өзге бірліктер арқылы нақтылана түсінді, яғни "Ғылым оқып білгенше, Тыным-тыныштық таппаған" әрекетімен де білмекке құмарлықты бойына дарытқан, қасиет түтқан Әбдірахманның поэтикалық образы сомдалған. Қимыл-әрекеті арқылы кейіпкердің жан-дүниесінің қосымша реңкі берілген.

Білмекке құмарлық - дана Абайдың әрбір жасқа қояр талабы, өмірлік кредосы. Ол - Абай өлеңдері идеясынан және жұмбақпен берілген мына шумақ мазмұнынан да аңғарылады: "Жұмбақ" деп айдар тағылған шығармасында: Сыналар, ей жігіттер, келді жерің,

Сәулең болса, бермен кел талапты ерің. Жан құмары дүниеде немене екен -

Соны білсең, әрнені білгендерің деген ой тастайды да, оның шешуі: білмекке құмарлық деп түйін түйеді.

Ал кейінгі талдауларда толық адам бейнесінің тура мінездемесі жасалып, нақты тілдік құралдар арқылы ашық білдіріліп, Абайдың тілдік тұлғасының сөз айқындығы, ой дәлдігі арқылы бейненің (кейіпкердің) семантикалық, семиотикалық мән-мазмұны ашылады.

Ол - "жылы жүрек" иесі, мейірімді.

"Туысы жаннан бөлек, елден ерек" қасиетке ие образдың болмысын Абайдың тілдік тұлғасы былайша екпін түсіре сипаттайды: Кешегі өткен ер Әбіш, / Елден бір асқан ерек-ті, Жүрегі - жылы, бойы құрыш, / Туысы жаннан бөлек-ті (228). Толық адамның мейірім мен шапағатқа толы рухани әлемін танытатын тезаурустар мәтінде мынадай парадигмамен түзіліп, мәндес, синоним сөздер және фразалық тіркестер арқылы берілген:

а) ағайынға бауырмал (230), жүрегі жылы (228), э) көмегін аямаған (Аямаған ғаріптен, қолдан келген көмегін (228);

бойын тартпаған (Жақсылық қылар орында, аянып бойын тартпаған;

б) кең қолтық (Мүңлы, шерлі, жоқ-жітік, аңсап алдын бермепті, (226). Ол - білімге ынтық. Терең ой мен еңбекті, білімге ынтызарлықты

өміріне серік етеді.

а) Аз өмірін үзайтқан, / Ғылымға бойы толған соң,

Көрген жерін молайтқан, / Оқып, біліп болған соң (231) э) Көргені мен білгені жүзге келген шалдан көп (?)

Абайдың "Әбдірахманға" деген өлеңі (234) парасаты биік, пенделіктен жоғары нағыз Адамның образын береді. Өлеңнің поэтикалық контексі тұтастай дерлік әділдік жақтаушысының бейнесін беруге қызмет етеді.

Өлеңнің тезаурусы "әд;л" деген прагматиконды анықтау үшін семалары біртектес мағыналық реңк иеленген сөздерден күрылған. Яғни бір тақырып аясында мәтін түзу үшін дербес сөздермен қатар, стильдік, контекстік синонимдер топтап берілген. Сөйтіп, эділ адам бейнесін таныту үшін экспрессияға толы тілдік бірліктерді "бір шоғырға үйіре отырып, мәтін түзеді" (Р.Сыздықова).

ІСын-бейнеге бейім есімшенің өткен шақ формасы предикаттық, адвербиалды қатынаста түрып, стильдік, поэтикалық құрал қызметін атқарады, Іал кейіпкер портреті оның іс-қимылы, ойлау процесі, амал-әрекеті арқылы танылады: түзу жолдан қайтпаған (турашыл, эділ); тіпті асқа да адал -кәпірдің арамынан татпаған; тура сөзді жақтаған (эділ); бала айтса да хақ сөзге тоцтаған (адал); өтіріксіз турашыл; сыйласатын кісіге де барын беретін, "түк қалмайтын сақтаған ".

Бір өлеңнің бойында келген осы тезаурусты қатардан стилемалардан өзге басқа өлеңдерінің микромәтінінде кездесетін фразеологиялық тіркестер де көріктеу амалының бірі ретінде стильдік қызмет атқарған: мысалы, біреуін ала көрмепті (ешкімді алаламаған) (226); түзу жолдан қайтпаған (турашыл) (234); жалғандыққа ермеген (өтірік айтпаған, адал) (233).

Халықтың қарапайым түсінігінде "эділдік" қалай ұғынылатыны халықтың өмір тәжірибесіне суарылған паремиологиясынан көрінеді, себебі кез келген халықтың тілі мен мәдениет қорынан өмірден түйген түйіндер мен бояуы қанық сипаттамалар табылады. Әділдік - өмірдің қай саласында болсын орын алар құндылық. Қазақ халқының тілдік санасында да оның өзіндік салмағы бар.

Әділ сөзінің этимологиясы (арабша "ғадел") "турашыл, шыншыл, дүрысын айтатын" деген мағынаны танытып, адал (хәлал) сөзінің "ақ ниет,

Ітурашыл, эділ" деген ауыспалы мағынасымен бір семантикалық топ күрайды. Осы екі мағынасы да Тұлғаның өзіндік қырларын ашу үшін экспрессия құралы қызметінде жүмсалады. Абайдың тілдік тұлғасында Толық адамның толысу жолдарын, оған қажетті белгілерді айқындайтын тезаурустық қатарлар өлең идеясына сай түзілген. Тілдік тұлғаның шығармашылық дискурсына алынған.

Ол - түрақты мінез, байлаулы пікір иесі: Айнымас жүрек (230); Орынсызды айтпаған; Есерленіп шатпаған (234). Бүл мәнмәтінде пайымды адам портреті айнымас, орынсыз сын есімімен және есерлену, шату сияқты етістіктерге логикалық екпін түсіре айту арқылы ашылады.

Жүз мың теңге келсе де, Махаббатын сатпаған (234) кейіпкердің бейнесі Абайдың тілдік тұлғасы арқылы келесі мәтінде одан әрі тұлғалана түседі: Тиянағым, тұрлауым, енді кімге асылдым (238); Ол куатым еді рас (232); Жалтыр күздан құладым, / Қолымнан кетіп сүйеніш (242).

Абай идиостиліне тән поэтикалық тәсілдің бірі - мәнмәтіндік синонимдерді қатар қолдана отырып, айтпақ идеясына бағындыру. Бүл стилемалар дискурстың логикалық уәжіне байланысты мағыналық бірлікке үйысқан. Микромәтіндегі сөздер тура мағынасында тү_рып мәндес семантикалық компонент бола алса, қуат сөзі ауыспалы мағынасында келіп, кейіпкердің ішкі портретін "көрсету" үшін алдыңғылармен бірлесе, стильдік бояуын ажарландырып түр.

Тұрлау сөзі - баян, түрақ-тиянақ семантикасын, тиянақ - тірек, тіреуіш, сүйеніш семантикасын білдіреді, ал қуат - ауыспалы мәндегі медеу, тірек, сүйеніш мағынасында келіп, Абай дискурсындағы кейіпкердің өзгеге тірек бола білген, сонымен бірге өзгелер арқа сүйер, күш-қуат та болғандығын жеткізу үшін алынған күрделі, синтезді образ.

Көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек; Пайдасыз тақыл -байлаусыз ақыл (118); Тез жалығып айнимын тұрлауым кем; Жас баладай жеңсік қой, Байлаулы емес ақыл-ой (115); Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың, / Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың (51); Көрсе қызар келеді байлауы жоқ, / Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың (50). Бүл мәтіндегі портреттік бейне иелері - Әбішке қарама-қарсы контраст жасап тұрған субъектілер: Құр күлкіге мас болған, байлауы жоқ әсіреқызылдар мен "тиянағым, тұрлауым жоқ, енді кімге асылдым" дегізетін, Абайдың өзегін өртеп, өкіндіріп кеткен Әбішке антитезалық қатыста суреттеледі. Осы курсивпен берілген сын есімдердің (тиянақсыз, байлаусыз) жағымсыз коннотақиядағы адам портретін сомдайтын тілдік таңбалар ретінде мәнмәтіндегі қызметі арнайы талдауды қажет етеді. Абайдың тілдік тұлғасы аса көңіл аударған "тұрлаусыздық" концептісі қоғамдық, әлеуметтік мән иеленген құбылысқа айналды.

Әр Жеке тұлға (өз ортасы үшін Толық адам) - жан-жақты толысқан парасатты адам ғана емес, өзгеге рухани демеу бола алатын қуатты күш. Ол -құйрықты жүлдыз секілді туды да, көп тұрмады (231); Көцілімнің күні өшкен соң, I Қайғылы қара болар түн (242) дейтіндей, тұла бойы түнған ұят-ар (221), жасқа-жас, ойға-кәрі (242), көңілге сәуле толтырған тұлға образы, "толық адам" концептісіне талдау жасау барысында жан-жақты айқындалады.

Сөздік қордағы бірліктер стильдік бояуы "көзге үрып тұрмаса да" тақырып ауқымына сай нақты бір этикалық, философиялық мән иеленеді. Субстантивтенген сөздер - негізгі ойдың субъектісі мен объектісіне айналған. Бүл сөздердің этикалық мәні - адам мінезінің тұрлаусыздығын, мінездің кемшілігін танытса, философиялық сыры - өмір мәнін түрақтылық шепіеді, ал байқамасаң, байлаусыздық жолыңды кеседі. Абай 14-Қарасөзінде осы негізгі идеяны одан әрі тереңдетіп, бір-бірімен салаласа келген сөйлемдермен ойын түйіп тастайды: "көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулы жоқтығынан азады".

Осы байлауы жоқ тұрақсыздықтың қазақ бойына кесел болып жабысуының тағы бір себебін ғалым М.Мырзахметов былайша түсіндіреді: 1868 жылғы "Жаңа низам" деп аталған ел билеу реформасынан кейінгі қазақ атқамінерлер тобының психологиясы мен мінез-құлқындағы өзгерістің, мінез-кұлық жағынан бүзылудың себебін нақтылы бейне арқылы реалистік дәлдікпен суреттеген [100,1346.].

«Қоғамдық ортадағы "бейілі шикі, ақылы күйкілерге" "ем таба алмай" күйінген Абайдың қолданысындағы сөз - қару - келеңсіздікпен күресудің бір құралы. Мысалы, "Тоцтаулылық, талапты, шыдамдылық, / Бүл қайраттан шығады, білсең керек" (128). Бағалауыштық мәндегі субстантивтенген есімдер (тоқтамды, талапты, шыдамды адамның қасиеті) жағымды, субъективті пікірдің модальдық реңкін танытып тұр.

Абай өз замандастарының өмірге көзқарасымен келісе бермейтіні тіпті олардың рухани құндылықтарды бағалауына сыни тұрғыда қарағаны белгілі. ¥лы ойшылдың көптеген іргелі түсініктерді, этикалық мәселелерді жаңа пайыммен сараптағаны жайлы айттық. Соның бірі: адами құндылықтарға релятивті тұрғыда келіп, жақсы мен жаманды айыра алмаған замандастарын өткір сынауымен байланысты. Адам мәселесін зерттеу барысында Абай сананың іргелі бейнесін, яғни сананың екі ұдай күй кешуі және өзін-өзі жатсынуы мен масылдыққа салыну құбылыстарының қазақ топырағындағы көріністерін ашты. Белгілі философ-ғалым Ж.Әбділдин: "Абай қазақ қоғамындағы екі үдай сана феноменін ашып берді әрі оны талдап таразылады" [101,3596.], - деп дәл көрсеткен болатын. Еуропаның философиялық ой жүйесінен де орын алған екі үдай сана құбылысы алғаш рет франқуз философы Д.Дидроның «Племянник Рамо» еңбегінде терең бейнеленеді. Д.Дидро жақсылық пен жамандықтың ара салмағын мүлде релятивті (кереғар) түсінетін, құлқы бүзылған жастардың мінездерін көркемдік тұрғыда суреттеп береді. Мұнда әңгіме «табанының бүрі» жоқ, мінезі сынаптай сырғыған, ұстамсыз (Абай қолданысында "байлаусыз") адам туралы болады. Ол адамдар үшін дүниенің бәрі құндылықтан ада және ол қандай жағдайда да ойына келгенін іске асыра береді. Гегельдің "Феноменология духа" еңбегінде екі үдай сана бейнесі жан-жақты ашылған [102,3596.]. Ал әдебиетші-ғалым А.Шәріп бүл құбылыстың қазақ поэзиясында Абайға дейін өрістемегенін дүрыс көрсете отырып, "Адамның "іші" мен "сыртының" екіге жарылуын кісінің өзін-өзі жатсынуын пернелеу" [33,1426.] Абайдан басталғанын пайымдайды. Зерттеу еңбектерінің нысанына алынған сол құбылыстардың біз қарастырып отырған тақырыппен ұштасатын тұстары бар. Абай шындықты көркем-эстетикалық игеру барысында екі үдай сана, оның қазақ қоғамындағы бейнесін ашып берді. Сананың екіге жарылуын, оның қазақ қоғамындағы алғашқы көрінісін "зар заман" сипатын танытқан Жанақ ақыннан да кездестіреміз.

Жуан қамшы той бастар көсем болды / Елірмелі екі есті шешен болды

Мәнмәтіндегі екі есті, екі жүзділігімен эккіленіп алған, шешенсіген болыс елді де байлаусыздыққа тәрбиеледі. Отаршыл, жікшіл билікке тәуелді етеді. Ол Абай өлеңі мәтінінде:

Ел де - жаман, Ер де - жаман /Аңдығаны өзі елі... Кетті бірлік, -деп қоғамдық ахуалды танытатын образ бейнесіне үласады.

"Отаршыл жікшілдікке күрылған билік құрылымы нәтижесін берді. Іштен ірітті, жаны мен арын өлтіріп, жанығуды қалдырды" [103,1036.] - дейді қоғамдағы осы нәубет туралы абайтанушы ғалым Т.Жұртбай.

Абай ойшылдың "Ішім өлген, сыртым сау" деген наласы салыстырмалы түрде жағымды мән иеленген. Оны екі үдай күйге түсіріп тұрған - екі үдай күй кешкен қоғамы, екіге жарылған мінез-құлықтың иелері. "Бүгінгі дос - ертең жау болғанында" ет жүрегі, сана-сезімі қорланудан семіп қалған лирикалық кейіпкер сол әлемге іштей қарсылық білдіріп "іші өлген, сыртым сау" күй кешіп, сырттай көндіккендей болады, өйткені өз елінен өзгені таба алмасы анық еді. Осы ойын тоғызыншы Қарасөзінде нақтылай түседі: Мен өзім тірі болсам да, анъщ тірі емеспін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын, Күлсем қуана алмаймын. Сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі.

Мәнмәтіндегі оппозициялық қатынастағы қарама-қарсы ұғымдар арқылы монолог түріндегі авторлық баяндаудан кейіпкердің индивидуалды әлемінің тілдік бейнесіне қанығамыз. Психологиялық терең тебіреніс сыртқы әлеуметтік фактордың ықпалынан болғандығы әрі қарай мәтін мазмұны арқылы ашыла түседі.

Біздің негізгі мақсатымыз - қоғамдық ортадағы жалпы социумның қалыпты мінезіне айналып бара жатқан әлеуметтік "дерттіц" Абай дискурсындағы бейнесін лингеомәдени сараптау.

"Бірі қан, бірі май боп енді екі ұрты / Жақсы менен жаманды айырмаған елі үшін" эділдік таразысы болуды мақсат түтқан поэзия міндетін, өлең қуатын Абайдың тілдік тұлғасы арқылы таныту. Отаршыл билеп-төстеу барысында болыстың қолында ешқандай билік жоқ болатын. Өз еркі өзіне тимеген болыс бэтуалы байлам айта алмай, біресе сайлаушыларына, біресе жоғарыдағы орыс ұлығына жалтақтаумен екіүдай күй кешті. Әккі саясат оларды әдейі осындай күйге түсірді [33; 1036.]. Абайды ашындырған "екі ұрт" психологиясы осылай қалыптасқаны тарихтан белгілі. Бүның тарихи бастауы әріде болатын. Әрине, Абай алдындағы мектепте де қоғам мен адам, адамгершілік пен надандық мәселелері көтерілген. ¥лы Абай екіжүзділік психологияны тұрмыстық деңгейде (адам мінезінің бір көрінісі ғана деп) қалдырмай, қоғамдық категория деңгейіне көтереді. Жанақ ақын үшін ол (екіүдайылық) адам мінезінің жағымсыз қыры. Жанақ ақынның Рүстем төремен арадағы сөз шарпысуында "төре мінезінен тіксіну" реңкі ғана аңғарылып, кәдімгі адам баласында бола беретін аумалы-төкпелі көңіл-күй әуені ыңғайында сипатталғандай. Мысалы,

...Алғанымды жүрермін қайта құсып,

Төренің қытығына алсам тиіп...

Бір ұрты май болғанда, бір ұрты қан,

Екі мінез адам ғой түрі суық (182) деп берілген Жанақ ақында. Абай дискурсында "бір ұрты май, бір ұрты қан" мен қоғамдық кесел, типтік деңгейдегі образ дәрежесіне жетеді.

Абайдың әдеби танымға енгізген жаңалығының бірі - жаңа сана бейнесін, адамның өзін-өзі жатсыну құбылысын негіздеуімен байланысты. Ақын өмір сүрген кезеңдегі әлеуметтік орта мен рухани үдерісті байыптауда зор маңызы бар өзін-өзі жатсыну ұғымының мәнін көркем мәтінді лингвокогнитивті талдау барысында терең бойлауға мүмкіндік аламыз. Адам іс-әрекетінің қорытындысы белгілі бір жағдайға сәйкес оның еркінен тыс, адамның өзіне байланысты емес реңк иеленуі мүмкін: құбылыстар нағыз мәнінен өзге мәнге айналады, олардың шынайы мағынасы адам санасында өңі айналдырылып беріледі. "Абайдың ақыл-ойының тереңдігі мына жағдайдан да көрінеді. Ол қазақ даласы шындығын танытуда алғашқылардың бірі болып өзін-өзі жатсыну құбылысына назар аударады" [101,2896.].

Абай өзі қастерлеген және әр адамның, "кейінгі толқын інілердің де", бойында болуға тиісті қасиеттерге өз дискурсында қайта-қайта ой екпінін түсіріп отырады: өмірге "ой көзімен" қарайтын, "ойы сәулелі", "көкірегі көзді", "санасына сәуле қонған", "ақыл көзбен баққан" адам ғана толық адамның қатарында болу керектігі - ұлы ойшылдың барлық шығармаларында ой қазығына айналды. Соның біріне мына өлеңі дәлел:

"Әуелде бір суық мұз - ақыл, зерек, Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек Тоцтаулылық, талапты шыдамдылық, Бүл қайраттан шығады, білсең керек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі "жақсы" демек...(128) ...Абай өлеңдерінің негізгі тақырыбы - адам, оның психологиялық күйі, қимыл-харекеті, ішкі, сыртқы портреті екендігі белгілі. Бұл тақырыптарды Абай бұрынғы ақын-жырауларша жалпы констатақия немесе сол адамға қарата айтылған дидактикалық үгіт-насихат түрінде қозғамайды, ол адамның сын-сипат, іс-әрекеттерін нақты суреттейді, әдіс-қимыл, мінез-құлықты жеке-жеке дәл атау түрінде жырлайды (4,68).

Абайдың концептуалдық жүйесінің предикаты - Адам.

Тереңге бойласақ, "Адам" концептісі қай халықтың болсын мәдениетінде маңызды орын иеленгеніне көз жеткізе аламыз.'

Адам сөзінің мәні: ойлау, сөйлеу қабілеті бар, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білетін, саналы қоғам мүшесі (ҚТТТ, 15-6.)

Көркем шығармаларда, оның ішінде Абай шығармаларында адам сөзінің

»мәні оған сөздіктерде берілген сипаттамалардан анағұрлым кең. Адамның пенделігі мен жасампаздығы, асқақтығы мен аласалығы, тереңдігі мен таяздығы - бәрі (қайғысы мен қуанышына дейін) сөз құдыреті арқылы лингвокогнитивті бірліктер түрінде көрініс береді.

Көркем ойлау кеңістігінде, Абай дискурсында «адам» концептісі автор қабылдауындағы пенде, толық адам категориясымен тығыз бірлікте алынған. Зерттеуіміздің мақсатына орай, біз "адам" концептісін "тұлға" концептісімен бірлікте қарастырамыз. Адамның қоғамдағы орны ("Сен де - бір кірпіш дүниеге"); өмірдегі мәні ("атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын"); толысу, өсу жолдары ("талап, еңбек, терең ой"); адамгершілік қасиеттері ("ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек") - бәрі, Абай дискурсында өз жауабын тапқан. Осы мәселелерді пайымдай алсақ, мақсат биігіне шыққанымыз.