Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай тилдик тулга.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.69 Mб
Скачать

2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.

Бірқатар зерттеулер дәлелдегеніндей, қазақ пен орыс халқы арасындағы байланыс, сөз ауысу үрдісі сонау ерте замандардан басталғаны анық. Белгілі ғалым Ө.Айтбаев орыс тілінің көптеген сөзі, тікелей қарым-қатынас нәтижесінде ауызекі сөйлеу тілі арқылы да, мерзімді баспасөздің жандануымен де белсенді қолданысқа түскенін нұсқайды, сонымен бірге тілдік процеске мықтап әсер еткен жағдайдың бірі - қазақ елінің Россия қоластында болуы деп көрсетеді.

..."Тілдегі бүл процесті қазақ халқынан шыққан оқыған азаматтардың көбі-ақ айқын сезінгені байқалады", - [91,536.] деген объективті пікірін ұсынады. Соның бір дәлелі Абай шығармалары тілінен анық көрінеді.

Ө.Айтбаев "Абай туындыларында, ақынның сөз қолданысында өз жарасымын тапқан сөздер" қатарына интернат, единиқа, такт, счет, шар, элемент, ояз, бүбірнай (выборный), съезд, пөштебай т.б. сөздерін көрсетіп [91,30-596.], бүл термин тектес сөздердің сол кезеңдегі қазақ баспасөзі мен әдебиетінде белсенді сипат иеленгеніне ғылыми сараптама жүргізген, Абай тіліне қатысты нақты талдаулар жасаған. Соның бір дәлелі партия сөзінің концептуалды мәні мен тілдік санадағы көрінісіне ақын шығармалары арқылы дәйекті деректер беруінен көрінеді. Ғалымның көрсетуінше, бұл кірме сөздің мағынасы "Айқап" журналы беттерінде және Абай шығармаларында айтыс-тартыс, жік, жауласқан топ мағынасында жұмсалған. Автор ойының айқындығына мына мысалдарды алады: "ел билеген билеріміз, болыстарымыз... бірлік, ынтымакты кетіретін партия жолдарынан сақтану керек"... т.б. Айқап. 1913.№11.242 б. [55,56]. Немесе партия лексемасы "елді жікке бөлу" мағынасында қолданылған бірнеше дискурсқа Абай шығармалары арқылы сипататма береді: Болды да партия,/ Ел іші жарылды. / Әуремін мен тыя, / Дауың мен шарыңды; Партия жиып пара алған, / Бейілі кедей байсыңдар. Зерттеуші ғалым өлеңдер мен қарасөздерді салыстыра отырып, жан-жақты талдау жүргізеді: "...Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауылды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп... басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Әрберден соң сыртымызға шъщтық, жауластық, дауластық, партияластық,\.. Зерттеуші ғалым лингвистикалық талдауын түйінді пікірмен тұжырымдап берген: "Абай шығармаларында бүл сөзге қазақ тілінің қосымшалары жалғанып, туынды жаңа тұлғада қолданған, партия сөзі жік, жікшілдік байлар арасындағы тартыс мағынасында, ал екінші сөйлемде ұйымдасқан топ халық мүддесін мақсат еткен адамдардың тобы" деген ғалым пікірінің бір құндылығы сөз (партия) семантикасының кеңеюін көрсетумен байланысты дейміз. Бүл лингвомәдени бірліктің жағымды мәні -"Халық мүддесін мақсат еткен адамдар тобы" мағынасы, жаңа, әдеби тілге "Айқап" енгізе бастаған мағынасы деуге болады", - деп көрсетеді автор [91,56-596.]. Сөйтіп, партия сөзі Абайда да, "Айқапта" да жағымсыз мәнімен қатар, "белгілі көзқарастағы, халық мүддесін көздеген адамдар" коннотоқиясымен толыққан, жаңа мағыналық реңк иеленген.

XX ғасырдың 80-ші жылдарында әкімшілік орталықтарында әр түрлі дәрежедегі орыс-қазақ мектептері (саяси мақсатта), олардың жанынан интернаттар ашылғаны қазақ даласындағы үлкен құбылыс болғаны белгілі.

Абайдың тілдік тұлғасындағы орыс сөздері, біріншіден, Абайға дейінгі жалпы халықтық сөйлеу тілінде қалыптасып, орныққан және кейбір ақын-жыраулар тілінде белсендірек қолданғандар болып айқындалады. Екіншіден, Абай тұсында, яғни XIX ғасырдың II жартысынан бастап енгендер болып тағы бір топталады. Сол кездегі экімшілік, ел билеу, тұрмыс-салт, сауда-саттыққа қатысты ояз, закон, солдат, партия, сот, самауырын т.б. сөздер халық тұрмысына да, оның тіліне дендеп енеді. Әлеуметтік, халықтық мәселелерді өз шығармаларында жиі көтерген Абай шен, болыс, законгиік т.б. лексикалық бірліктерді белсенді қолданып, тіпті солар арқылы жаңа лексемалар да жасайды. Орыс сөзін қолданудың бірнеше жағдайы кездеседі: 1) қазақ тілінде баламасы болмаған сөздерді сол орысша айтылуы бойынша қолдану (адвокат, штык...). 2) қазақша баламасы болса да оның тілде бұрыннан бар ұғымдардан ажырату үшін қолданылады. Р.Сыздықованың көрсетуінше, Абай қолданысында орыс мектебіндегі және азаматтық мазмұндағы оқуды айыру үшін образование сөзі аударылмай алынады. Түркі танырлық, құлшылық қыларлық оқу мәніндегі образование мағынасы оку-білім деген түрінде берілген [4,101], немесе зақ сөзін тәртіп, дәстүр, әдет мағынасында жүмсаса ("Ыстан қорыққан қазақтың заңы құрсын" - "Күз" өлеңінде), закон лексемасын патша өкіметінің тәртібі, заң термині ретінде қолданады ("Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасьГ, Қисық болса закон бар, Судьяға беруге).

Абай шығармаларындағы төмендегі кірме сөздер мағынасына қысқаша сипаттама берумен шектелеміз, өйткені классикалық үлгідегі Абай шығармалары мәтіні өз оқырманымен тыңдаушысына әбден түсінікті болып кеткен дейміз.

Ояз: Империялық пиғылдағы оязға, рухыңды бұғаулаған отаршыл, өктем оязға қызмет қылма! деген сақтандырудың себебі бар. Заңсыздықты заңдастырып, жазықсыз жапа шектіретін - ояз! Оған бас исең, "жанбай жатып сөнуге белді буғаның" деген түйінге келеді, сондықтан негізгі кейіпкерге айналған субъектіге ой қазығын бағыштап, заңға емес, ояз ойына бағыныштылықты айту үшін сол номинативті атауды ерекше қолданысқа түсірген. "Қызмет қылма оязға жанбай жатып сөнуге".

Закон: "Балам закон білді деп, Қуанар ата-анасъГ дегенде орыс империясының қоғамдық тәртіпті бекіту мағынасындағы заңнамалық құжатты (закон жиынтығын) меңгерген және сол законның мазмұнын білгеніне де ризашылық еткен ата-ананың тоқ көңілін жеткізеді. Басыңқы ой закон лингвомәдени бірлігіне бағытталған.

Прошение: "Прошение жазуға Тырысар келсе шамасъГ дегенде үміт күткен ел баласының келелі, елдік мәселені шешуге дайындалмай, прошение (арыз, өтініш) жаза алатындай деңгеймен түйықталғанына өкініш білдіреді. Олардың мақсатының үлкені де прошение жазуға жету болғандықтан, сол сөзге логикалық екпін түсіре айтады.

Виноват: "Бұл іске виноват? Я Семейдің қаласы, Я қазақтық аласы?" дегенде ел арасы бүлінгеніне, қазаққа панасы тимегеніне; ку мен сүм болғанына - жалпы алғанда ел ішіндегі алауыздыққа кім кінәлі (виноват) деген сүрақ қойып, жауабын түспалдап жеткізеді: Заң мен заңсыздық өрбитін Семей қаласы (империя саясатының қазақтағы бір орталығы) ма? Әлде қазақты қазаққа жау етуден туған, іштен іріген "алтыбақан алауыздық" па? Оның жауабы (виноват еткен жақтан) табылар дегенге сілтейді. Бүл сөзге логикалық екпін сол себепті қойылған. "Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват" ( Қарасөз).

Адвокат: "Я тілмаш, я адвокат болсам деген бәрінде ой" - интернатта оқып жүрген жасөспірімнің бар мақсаты осынау заңсыздыққа қорғаушы болу, ендеше бұнда кекесін сияқты модальдық реңк бар.

Здраеомыслящий: "Айтықызшы, болсақыз Здраеомыслящий, / Ақыл айтпай ма ағасъГ - бұнда әр істі ақылмен ойлап шешетін здравомыслящий -сергек ой иесі халықтан табылмай ма, сақтандырмай ма? деген астарлы мән бар.

Военный: "Военный қызмет іздеме, оқалы киім киюге / Бос мақтанға салынып, Бекер көкірек көруге" дегенде ар ойламай, пайда ойлап яғни әскери

қызметте сары ала киім кишш, шен тағып, ұлыққа тағзым етш жүргенше, елге қызмет ету керектігін міндеттейді. Елді бодан етудің бір жолы военный қызметтегілерден келеді.

Коренной: "Алыс та болса, іздеп тап Кореннойға кіруге. Адал жүріп, адал түр счетық тура келуге Я өз бетіңмен тәуекел, занимайся прямотой".

Күлембай - биліктің ғана құлы емес, олар - рухани құлдар. Абайдың қаупі бүкіл елдің рухани тәуелділікке түсуі, сондықтан қорқыныштысы Күлембай сияқты бірер болыс емес, елдегі күлембайлықтың өршуі "бүкіл ұлттың күлембайланып кетуінде" [57,99], Елді Күлембайлар билемей, рухани тәуелсіз, дербестігі өзінде сақталған тұлға - "единица" (бір, бірегей) басқарса ғана, елдің елдігі сақталады.

Единица нөлсіз-ақ, Өз басындъщ болары сол, Единица кеткенде, Не болады өцшец нөл? Көп шуылдақ не табар, Билемесе бір Кемел...

Мәтіндегі имплицитті мән Единиқаға, көп шуылдаққа қарсы тұлға -Кемел тұлғаға байланысты. Абайдың: "ақылға бірлік, малға бірлік емес" дегенде, немесе "бірлік сатылса антұрғандықтың басы" (Алтыншы Қарасөз) деген Сөздігіндегі бірліктен единиқа сөзінің дискурстық мағынасы мүлде бөлек: бірінде - "ынтымақ" мағынасы, екіншісінде "жетекші, басшы" мағынасы домината болып түр. Осы екі семантиканы ажырату үшін единиқа семасы орыс тіліндегі семиотикалық мәнінде алынған.

Абайдың "Интернатта оқып жүр" шығармасында оннан аса орыс сөздері кездеседі. "Сөз арасы бөтен сөзбен былғанса" " ақынның білімсіз, бейшаралығына" санайтын Абайдың бір өлеңінде осыншама мол кездескен сөздердің прагматикалық уәжі, стильдік "заңдылығы" бар. Оның себебі интернатта орысша оқып жүрген балаларға "өз тілдерінде", түсінікті сөйлеп, ой бағыштау ғана емес, сол сөздерге ерекше логикалық екпін түсіре, белгілі бір мақсат көздей айтылған стильдік тәсіл деп есептейміз.

"Еннатайына кәлкэусар" "Пошал дереу күнэкар" - деген мәнмәтінде араб сөзімен орыс сөзін қатар қолдана отырып, "Намаз білмес пақыр, Абайдың замандасы Абралының "қира этін" оқи алмай шатылғаны", оят сөзін бүзып айтып ("еннатайына кәлкәусар") сауап емес, обал тапқан әрекеті сыналады. "Осы оқумен намаздың қай жерінде сауап бар?" - деген сүрақ қоя отырып, оның білімсіздігін сынайды.

"Көғалды қуып, гөлайттап, қызықпен жүріп жазды алған" шегірткенің "іс-әрекетіне" көңілі толмаған автор өз "кейіпкерінің" бос жүріс, мәнсіз тірлігіне назар аударту үшін (қыдырымпаз шегірткенің кемшілігін бетіне басу үшін) гуляйттап деген окказионал (контекстік бір қолданар) сөздің қызметіне жүгінеді, сөйтіп жаңа образ жасайды.