- •1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
- •1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
- •1.2 Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері.
- •1.3 Когнитивтік лингвистика: тіл мен таным сабақтастығы
- •1.4 Концепт ұғымы мен концептуалды талдау.
- •1.5 Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне.
- •1.6 Мәтін лингвистикасының зерттелуі.
- •1.7 Дискурс ұғымы.
- •2 Абай тілдік тұлғасының вербалды-семантикалық деңгейі
- •2.1 Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздерінің прагмастилистикалық сипаты
- •2.2 Абай шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің прагмастилистикалық сипаты.
- •2.3 Абай шығармаларындағы төл сөздер.
- •2.3.2 Жоқтаудың лингвомәдени мәні.
- •3 Абай тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік
- •3.1 "Толық адам" концептісі.
- •3.2 "Күлкі" концептісі
- •3.3 "Қайғы" концептісі
- •3.4 "Өтірік" концептісі
- •3.5 "Мақтан" концептісі
- •3.6 "Жағымсыздық" концептісі
- •3.7 Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні.
- •3.8 "Адам" концептісін оның іс-әрекеті арқылы таныту
- •4 Абай дүниетанымының ¥лттық - мәдени концептілеріарқылы көрінісі 4л "Жайлау" концептісі
- •4.2 "Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні.
- •4.3 Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды мәні.
- •4.4 Вестиалды лексиканың (киім атауларының)
- •4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні
- •5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі
- •5.1. Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды авторлық бейнесі (окказионал сөздер).
- •5.2 Индивидуалды авторлық метафоралардың когнитивтік сипаты.
- •5.3 Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі.
- •5.4 Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің прагматикалық сипаты
- •5.5 Абай Қарасөздері мен "Қабуснамадағы" дүниенің тілдік бейнесі.
- •5.6 Абай - Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы.
- •5.7 Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық мәні.
- •5.7.1 Қарасөздің зерттелуіне шолу.
- •5.7.2 Қарасөз жанрын нақтылау.
- •5.7.3. Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы.
- •5. 8 Абайдың шығармаларындағы афоризмдер сипаты
- •5.8.1. Абай афоризмдерінің сипаты.
- •5.8.2. Афоризмдердің айқындауыштық белгілері.
- •5.8.3. Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби жанр ретінде қалыптасуы.
- •5.8.4. Афоризмнің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы.
- •5.8.5. Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.6. Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы.
- •5.8.7. Афоризмдердің тілдік ерекшелігі.
- •5.8.8. Афоризмдердің поэтикалық қызметі.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 "Абайдың тілдік тұлғасын зерттеудің тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы 15
Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі 15
Абай тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері 21
Абайдың тілдік тұлғасы қалыптасуындағы тіл мен таным сабақтастығы 34
Концепт ұғымы мен концептуалды талдау 36
Дүниенің тілдік бейнесі және ұлттық тілдік бейне 43
Мәтін лингвистикасының зерттелуі 49
Дискурс ұғымы 58
2 Абай тілдік тұлғасының вербальды-семантикалық деңгейі 62
Абай шығармаларындағы араб-парсы сөздері 63
Абай шығармаларындағы орыс сөздері 70
2. 3 Абай шығармаларындағы төл сөздер 73
Мақал-мәтелдердің прагматикалық қызметі 73
Жоқтаудың лингвомәдени мәні 79
2.4 Абай шығармаларындағы диалектизмдердің лингвомәдени мәні 81
3 Абай тілдік тұлғасының лингво-когнитивтік деңгейі 86
'Толық адам" концептісі 86
"Күлкі" концептісінің когнитивтік моделі 94
"Қайғы" концептісі 99
3.4 "Өтірік" концептісі 102
3.5 "Мақтан" концептісі 117
"Жағымсыздық" концептісі 123
Абай шығармаларындағы кинемалардың әлеуметтік мәні 130
«Адам» концептісін оның іс-әрекет арқылы таныту 137
4 Абай дүниетанымының ұлттык мәдени концептілер арқылы көрінісі 145
4.1"Жайлау" концептісі..........................................................................145
"Қымыз" концептісінің әлеуметтік мәні 150
Саятшылыққа қатысты этномәдени лексиканың концептуалды
мәні 157
4.4. Вестиалды лексиканың этнолингвистикалық сипаты 166
4.5 Лингвомәдени бірліктер мәні 174
5 Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейі 182
5.1 Абай тілдік тұлғасындағы дүниенің индивидуалды
авторлық бейнесі (окказионал сөздер) 182
Индивидуалды авторлық метафорлардың когнитивтік сипаты 199
Абай дүниетанымының пассионарлық идеямен өзектесуі 212
Абай шығармаларындағы прецедентті есімдердің когнитивті
сипаты 218
5.5 Абай Қарасөздері мен «Қабуснамадағы» дүниенің
тілдік бейнесі 238
Абай-Монтень шығармаларындағы таным ортақтығы 243
Абай Қарасөздерінің жанрлық ерекшелігі, лингвотанымдық
мәні 248
Қарасөздің зерттелуіне шолу 250
Қарасөз жанрын нақтылау 254
Абай Қарасөздері және эссе жанры сабақтастығы 257
5.8 Абай шығармаларындағы афоризмдер сипаты 271
Абай афоризмдерінің сипаты 272
Афоризмдердің айқындауыштық белгілері 274
Афоризмдердің пайда болу уәжі. Афоризмнің әдеби
жанр ретінде қалыптасуы 277
Афоризмдердің тақырып өрісі тұрғысынан топтасуы 281
Афоризмдердің құрылымдық сипаты, композициялық-синтаксистік құрылысы 282
Афоризмдердің композициялық-синтаксистік құрылысы 283
Афоризмдердің тілдік ерекшелігі 284
Афоризмдердің поэтикалық қызметі 287
Қорытынды 290
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 293
кіріспе
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Ұлттың рухани көсемі А.Байтұрсынұлы: "Абайды қазақ баласы тегіс танып білуі керек. ...Абай сөздері дүнияда қалғаны - қазаққа зор бақ" [1,301,304] дегенде абайтануды белгілі бір уақытпен, бір ұрпақ ауысуымен шектемегені белгілі.
"Абай жалғыз ғана ақын болды деуге болмайды. Әдебиетімізге негіз салған да - Абай, адамшылық, тәрбие, ғылым, өнер, кәсіп деген сөздерді ойлап, тексерген де - Абай. Қазақтың тұрмысын, өнерін, мінезін айқын суреттеп, кемшілігін көрсеткен де Абай" (М.Әуезов) [2].
"Қазақ халқының жарқын болашағы үшін алысып өткен ұлы ақыны Абай - бір елдің белгілі бір ғасырдағы ой өмірінің өрісі мен биігін көрсететін ақындардың қатарына қосылады. Алысты болжаған терең ойдың, үлкен сарынның ақыны Абай алды-артын шолып, қазақ халқының жалғыз әдебиеті емес, бүкіл рухани мәдениетінің келешегіне жөн сілтеп кетті" [3,112 б.].
Даналық өлшеміне айналған ойшыл Абайдың ой дүниесі біздің негізгі идеялық, ұлттық қаруымызға айналып, қазіргі заманғы сын таразысынан өтіп, бүгінгінің биігінен түспей, ертең де еңселі болуы үшін әлі де зерттеп-зерделей, танып-таразылай береріміз заңдылық, айнымас ақиқат.
Бүгінгі ғылыми нысанда Абай тақырыбы әр қырынан зерттелу үстінде, шешімін табуды қажет ететін мәселелер әлі де жалғасуда. Мұхтар Әуезов: "Абай кешкен өмірді, Абай қалдырған мұраны тану керек, зерттеу керек дегенді бәріміз де түсіндік. ...Тегінде Абай шығармасының аздығынан кенде боп жүргеніміз жоқ" [2, 251 б.] - дей келе, Абай тақырыбын әрі қарай байыптай түсуге шақырады. ... "Ал Абай жәйін зерттеушілерге өзгеше бағалы, өзі соны және үлкен ғылымдық, тарихтық қасиеті зор бір алуан істер бар. Енді бір кезек көңіл бөлгенде соған бөлсек екен. Ол - Абайдың дәуірін танытар мағлұматтар. Бұған үлкен де, үсақ та нәрселер кіреді. Бірақ бәрі-бәрі де Абай өлеңдерінің ішіндегі көп-көп өзгеше жолдардың сырын, нәрін, мәні-жөнін танытады [2, 252-253 б.].
М.Әуезов нұсқаған бағдарды біз Абай шығармалары тілінің қоғамдық-әлеуметтік астарын зерттеу қажеттілігімен байланыстырамыз. Тіл - қоғамдық құбылыс, қоғамдағы ойды таныту құралы, әлеуметтік таңба. Абай тілдік тұлғасының когнитивтік деңгейін осы бағытта, яғни қоғамдық - әлеуметтік мазмұнына қатысты қарастыру - зерттеудің ең басты бағыты, өзектілігінің бір көрінісі.
Осы уақытқа дейін тілдің коммуникативті, эстетикалық қызметі доминанта болып, басымдық танытып келгенімен, танымдық, кумулятивтік қызметі тілі білімінде үзақ жылдар бойы ескерілмей келгені аян.
Тіл білімінде бүгінгі таңда белсенді сипат иеленіп отырған соны ғылыми бағдарлар мен жаңа бағыттағы зерттеу жұмыстары Абай поэзиясының терең тілдік табиғатын жете тану үшін де алынатын басты ұстаным болмақ.
Тіл феноменін тілдің өзінің ішкі заңдылықтары негізінде ғана танып білу жеткіліксіз. Өз-өзімен томаға түйық шектелген даму болмайтыны да белгілі. Тілдің бүгіні өз халқының өткенімен өзектес, оның тарихымен, мәдениетімен, қоғамдық-әлеуметтік бітімімен бірлікте алынғанда ғана өз сырын толық ашары сөзсіз.
Зерттеуіміздің мақсат-міндетіне қатысты М.Әуезов нұсқаған "Абай дәуірін танытар мағлұматтар", "заман машығын көрсететін көп жаңалықтар", "ұсақ белгілерден алынған талай бағалы дүниелер" басты зерттеу нысанамызға айналды. Сонымен қатар, қазақ көркем сөзін зерделеуде үнемі тың, соны бағытқа бағдар сілтейтін белгілі абайтанушы ғалым Р.Сыздықованың мына пікір-ұстанымы зерттеуіміздің негізгі мақсатына сай ескерілген ұстаным болды. Ғалым «Абайдың сөз өрнегі» еңбегінде: «Абайдың әрбір қолданысын, сөзін, сөз тіркесін, сөйлемін, өлең құрылымын, ұйқасын, ырғағын т.т. жеке-жеке талдасақ, көп нәрсені көрер едік, поэтикалық тілге қатысты бірқатар теориялық мәселелерге барар едік. Әрине, бұл бірер зерттеудің, бірер зерттеушінің жүгі емес. Және мұндай талдаулардың қыры да (ғылыми аспектісі) әр алуан болмаққа керек. Сондықтан ұлы Абай қалдырған тіл жүмсау, тіл өрнегін салу үлгісін (тәжірибесін) талдап-таныту - әрі қарай жүргізіле беретін, ғылымның арнайы бір тармағына айналатын жұмыс деп ойлаймыз" [4,500 б.]- деген еді. Ғалымның осы зерттеушілік пайымы мен болашаққа бағдары Абай танымының (танудың ғана емес) тереңдігіне нұсқаған интеллектуалды өлшем болса керек. Сондай-ақ, бұл абайтану ғылымы - толассыз жүргізіле беретін зерттеме, түңғиғына тарта беретін шеберлік иірімі, үлан асыр шалқар дүние екендігімен және байланысты. Жеткен жеріңнен жаңа бір биік басталатын білімнің асқар шыңы болуы - өміршеңдіктің бір дәлелі.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңдағы лингвистика ғылымының даму үрдісін айқындайтын маңызды принциптердің бірі - тілдің мәнін антропоцентристік бағытта танып білу.
Адамтанудағы антропоцентристік ұстаным адам табиғатының мәнін кешенді, жан-жақты зерделеуге міндеттейді. "Тілдегі - адам немесе адамдағы -тіл" туралы сөз ету дегеніміз - мәдениет, халық, социум, тіпті бүкіл әлем туралы пайымдау екені ақиқат.
Қазіргі лингвистикадағы лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, антрополингвистика, психолингвистика сияқты бағыттардың белсенді дамуы -тіл мен сөйлеу фактілерін халықтың ұлттық рухани құндылықтарымен, дүние танымы, ой әлемі және психикалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста алып қарауға кең жол ашады. Біздің зерттеуіміздің осы бағытта болуы да оның өзектілігін көрсетпек.
Осымен байланысты адамның тілдік болмысын түсінуге, зерделеуге жетелейтін лингвистикалық категория ретіндегі тілдік тұлға кұбылысы қазіргі білім парадигмасының мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы маңызды ғылыми ұғымға айналуда.
Тілдік тұлға мәселесі тілдік, сонымен қатар, экстралингвистикалық (тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра отырып, кешенді түрде талданады. Тілдік тұлға калыптасуындағы әлеуметтік-тарихи факторларды теориялық-лингвистикалық байыптау - өзекті мәселе болып табылады.
Абай тілі тезаурусын сипаттауды XXI ғасырдағы неофункционалды парадигма арнасында және қазіргі жаңа ғылым саласы шұғылданып жатқан тілдік тұлға теориясымен бірлікте алып қарастыру - күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Ол үшін Абай тілдік тұлғасының когнитивті және прагматикалық деңгейін талдау және белгіленген әр деңгейдің жүзеге асуын нақты көрсету арқылы бірқатар лингвистикалық мақсат-міндеттерді шешу көзделеді.
Тілдік тұлғаның шығармаларын когнитивті талдау барысында ақын, ойшыл, ағартушы, сыншыл Абай тұлғасы мен сөз зергері, қазақ әдеби тілін ілгері дамытушы тілдік тұлғаның ықпалдаса біртұтас әлемге айналғанын танытуды мақсат еттік. Бұл да - тақырып өзектілігі. Дискурстық әрекетте қоғамның әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік жағдаяттар ықпалы белгілі бір дәрежеде көрініс тауып, тілдік тұлғаның деңгейлік ұйымдасуын айқындайды, сөйтіп өзекті мәселелер қатарынан орын алады.
Абай шығармалары тіліндегі этномәдени лексиканың когнитивті сипатын анықтау, қолданылу уәжін саралау қазақ тіліндегі жаңа бағыттармен үндесе, үйлесім табуға тиісті зерттеу нысанының бірі. Соған орай, көркем шығарма тілі арқылы ұлт танымын айқындау - когнитивтік лингвистика ғылымының өзекті мәселесі.
Абайдың тілдік тұлғасын ашуға байланысты негізгі мәселелердің бірі қарасөздердің жанрлық мәртебесін нақтылау. Себебі, Абай Қарасөздерін этникалық сана мен оның тілдік бейнесі ретінде, тіпті қоғамдық ой мазмұны сипатында зерделегенде ғана оның сапалық қасиеті айқын көрінбек. Ол -Абайдың әлеуметтік-философиялық дүниетанымы арқылы халықтың қоғамдық сана-сезімін қалыптастыруға ықпалы зор болған еңбек. Осы мәселені саралау арқылы тілдік тұлғаның нақты прагматикалық деңгейі айқындалады. Демек, Абай Қарасөздері өз дәуірінің әлеуметтік, тарихи-мәдени және коммуникативті контексі (жағдайы) аясында қарастыру да жұмыстың өзектілігіне жатады.
Әрбір тілдік деректі адамның ойы мен санасы, мәдени және рухани өмірімен тығыз байланыста этномәдени жүйеде қарастыру заңды да. Мәдениеттің кейінгіге мирас болар табиғатына қатысты алғанда, Абай тіліндегі этнолексика көркем эстетикалық қызметте де, ең бастысы, халықтың тарихи-мәдени тұрмысынан хабардар етер ақпарат көзі ретінде де талдап-танылуы міндет. Өйткені лингвокультуремалар бүгінгі жаһандану жағдайында ұлттық өркениет дамуынан көз жазбауға, "мәдени" сауатты болуға міндеттейді. Ал зерттеуіміздің мақсатына қатысты алсақ, тілді "тіл жеткізуші мен тіл тұтынушының мәдениетімен" (Караулов) бірлікте зерделеу антропоцентристік зерттеу бағытының да межелеген биігі болатын.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті.
Зерттеудің мақсаты Абайдың тілдік тұлғасының көркемдік әлемін бейнелеуші мәтінді тіл біліміндегі соны бағыт - антрополингвистика, когнитивтік лингвистика теориясы тұрғысынан талдау. Зерттеу мақсатына мына міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады.
- Тілдік мәдени құзірет иесі мәртебесін когнитивті және прагматикалық деңгейде белгілеу; Тілдік тұлғаны қалыптастырған
Зерттеу барысында сүйенетін теориялық қағидалардың тақырыпқа қатысын негіздеу; Антрополингвистикалық тұжырымдарды Абайдың тілдік тұлғасы негізінде бекіту;
Абай тілдік тұлғасының деңгейлік ұйымдасуын зерттеу: вербалды-семантикалық, лингвокогнитивті және прагматикалық деңгейде айқындау;
- Абайдың тілдік тұлғасының лингвокогнитивті деңгейіне қатысты мына мәселелерді қарастыру:
а) Абай шығармалары мәтініндегі концептілердің танымдық ерекшелігін, семантикалық өрісін когнитивтік лингвистика шеңберінде зерттеу;
ә) Зерттелуші көркем мәтіндегі тіл арқылы танылатын концептілер, жалпы алғанда, тілді тұтынушы халықтың дүниетаным көрсеткіші болса, жеке алғанда, Абай әлемі рухани құндылығының мәні екендігін әлеуметтік, психологиялық, философиялық т.б. негіздермен өзектестіре таныту;
б) Лингвокогнитивтік деңгей дамуының нәтижесі ретінде "толық адам" категориясының лингвопоэтикалық жүйедегі қалыптасу жолдарын көрсету;
Мәтін дискурсындағы әлемнің индивидуалды көркем тілдік бейнесі (оның ішінде, окказионал сөздер) Абай тілдік тұлғасының ерекшелігі ретінде бағаланып, автордың менталдық болмысының мазмұнын құрайтындығын нақты дәйектеу;
Абай дискурсындағы метафораның көріктеу құралы әрі тілдік тұлғаның индивидуалды әлемінің бейнесін айқындаушы таным құралы ретіндегі қызметін көрсету;
- Тілдік тұлға дискурсында қолданылу жиілігі жоғары бірліктерді концептуалды деңгейде жүйелеп, когнитивтік мәнін анықтау; Абайдың тілдік тұлғасының поэтикалық жүйесінде, бірнеше мәтіндердің семантикалық құрылымында орын алған тілдік бірліктердің әлеуметтік маңыз иеленген код мәнін ашу (қымыз, мақтан, күлкі т.б.);
Тілдік тұлғаның рухани болмысын, когнициялық өресін саралау;
Абайдың тілдік тұлғасы арқылы ұлттық танымды, тіл мен мәдениет сабақтастығын, «тіл мен ұлт біртұтас» қағидасын негіздеу;
Этномәдени лексика мазмұнын антропоцентристік ұстанымдағы басты бағыт - адамтану мәселесімен сабақтастыра қарау, тіл біліміндегі жаңа зерттеу бағытында қолданылу уәжі мен сипатын айқындау;
Лингвомәдени қауымдастық мүшелерін айқындайтын мимикалық және кинемалық белгілердің прагматикалық қызметін көрсету, әлеуметтік-этикалық мәнін ашу;
Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейіне қатысты мына мәселелер шешімін табуы керек:
а) Абай Қарасөздерінің лингвистикалық мәні мен категориялды сипатын анықтау; Қарасөз жанрын нақтылау, өзіндік ерекшелігін айқындау;
- ә) Абай афоризмдерінің лексика-семантикалық, синтаксистік- құрылымдық сипатын анықтау, пайда болу уәжін саралау;
- б) Тілдік тұлғаның аялық білімі өрісіндегі, оның таным аймағындағы (когнитивті базасындағы) прецедентті атаулардың берілуіне концептуалды талдау жасау;
Зерттеудің нысаны мен пәні. Абайдың көркемдік әлемі және танымдық әрекетінің нәтижесі ретіндегі тілдік тұлғасы, оның лингвокогнитивтік, прагматикалық деңгейі.
Зерттеудің дереккөзі. Абайдың өлеңдері мен аудармалары, Қарасөздері. Талдауға түскен тілдік материалдар ақын шығармаларының екі томдық толық жинағынан (Алматы: "Ғылым" баспасы, 1977) алынды.
Зерттеу жұмысының теориялык-әдіснамалық негізі ретінде ең алдымен, Абайтану саласында еңбек еткен белгілі ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Қ.Өмірәлиев, З.Ахметов, М.Мырзахметов, Т.Жұртбай т.б. ғалымдардың негізгі пікір-тұжырымдары бізге жөн сілтеп бағыт-бағдар нұсқады. Сондай-ақ, ҚР ¥ҒА академигі, белгілі абайтанушы ғалым Р.Сыздықованың ғылыми зерттеу еңбектері басты ұстаным болды. Ғалымның ұлы Абайдың қазақ әдеби тілінің даму барысындағы еңбегін, рөлін, орнын танытуды, "ой мен сезімге бірдей әсер етерлік" поэтикасын сипаттауды және сөз өнерін зерделеуді негіз етіп алған ғылыми-теориялық зерттеулерін басшылыққа алдық. Қазақ тіл білімінде белгілі ғалымдар Ә.Қайдар, М.Серғалиев, Қ.Хүсайынов, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, т.б. Орыс тіл білімінде Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Вежбицкая, Ю.А.Степанов, С.Р.Воркачев, В.А.Маслова т.б. сияқты лингвист-ғалымдардың еңбектері зерттеудің теориялық негізіне алынды.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Жұмыстың әдіснамалық негіздері үшін стилистика, әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану, көркем әдебиет тілін сараптауға қатысты әлемдік және отандық тіл біліміндегі жалпы теориялық қағидаттар басшылыққа алынды. Зерттеу жұмысында талдау, саралау, сипаттау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар, концептілік талдау, ішінара тезаурустық талдау, компоненттік-семантикалық, лексика-семантикалық, құрылымдық-грамматикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы мен практикалық мәні. Абай тілін талдау жалпы тілдік тұлғаны зерттеудің теориясы мен практикасына белгілі бір дәрежеде үлес қосады; сол бағыттағы зерттеулердің кейбір аспектілерін толықтырады; қазақ көркем сөзі, әдеби тілі тарихындағы жекелеген тілдік тұлға рөлінің маңыздылығын объективті бағалаудың өлшемін көрсетеді, Абай тілі тезаурусы тек көркемдік немесе тілдесім құралы (Қарасөзінде де) ғана емес, танымдық, идеялық функқия атқаратындығымен құнды, соған байланысты тілдің кумулятив қызметіне ерекше көңіл бөлінді. Қазақ ұлтының дүниетанымын, парасат-пайымын, ой әлемін тіл арқылы жеткізудегі Абай тілдік тұлғасының өзіндік ерекшелігі көрсетілді.
Абайдың тілдік тұлғасын тіл біліміндегі жаңа бағыт арнасында лингвистикалық талдауға түсірудің теориялық, практикалық маңызына қоса, оның аксиологиялық мәнін танытуға да көмектеседі.
Осы тектес зерттеудің теориялық қағидалары Абайдың рухани және тілдік әлемін жаңа бағыттағы зерттеулер үрдісінде жаңаша зерделеп, абайтану іліміне өзіндік үлес қоса алады.
Зерттеу тұжырымдары мен нәтижелерін мәтін лингвистикасы, көркем мәтін стилистикасы, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану пәндері бойынша өткізілетін арнайы курстар мен арнайы семинарларда пайдалануға, сондай-ақ, көркем мәтінді интерпретақиялау, авторлық даралықты талдау бағытындағы практикалық сабақтар үстінде пайдалануға болатын теориялық-әдістанымдық ұстаным және тілдік дәйек ретінде мәні ерекше. Сондай-ақ, орта мектеп бағдарламасы бойынша Абай шығармашылығын оқыту барысында әдеби-тілдік талдау нысанасы ретінде пайдалануға болады.
Ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысының басты ғылыми жаңалығы тақырып өзектілігін сипаттайды:
Абайдың тілдік тұлғасын негіздеуде тіл біліміндегі жаңа зерттеу бағыттары басшылыққа алынды, тілдік тұлға мәселесі когнитивтік аспектіде қарастырылады;
Ақынның тілдік тұлғасы лингво-когнитивтік және прагматикалық деңгейлерден түратын біртұтас құрылымдық жүйесі қазіргі қазақ тіл ғылымындағы жаңа зерттеу бағыттарының ғылыми тұжырымдарына негізделді; Абайдың тілдік тұлғасының қалыптасуына әлеуметтік-тарихи, социолингвистикалық факторлардың ықпалы болғаны анықталды.
Абай шығармалары тілі когнитивті лингвистика аясында, мәдениет пен тіл сабақтастығында алғаш рет зерттеліп отыр, осыған байланысты Абайдың тілдік тұлғасындағы дүниенің тілдік бейнесі когнитивтік (танымдық) тұрғыда талданады;
Тілдік тұлғаның поэтикалық ойлау жүйесінің ерекшелігі индивидуалды дүние бейнесін айшықтайтын авторлық метафоралардың белсенді қызметі арқылы да танылады;
- Концептілік жүйеде талданған шығарма мәтіні әлеуметтік- философиялық негіздермен сабақтаса қаралды. Көркем мәтін мен тілдік тұлға сабақтастығы тек лингвостилистикалық тұрғыда ғана емес, танымдық аспектіде талданады;
Әр халықтың мәдениетінің этнотаңбалық белгісін тілі арқылы репрезентақиялау бойынша ұлт - мәдениет - тіл сабақтастығының объективті заңдылығы Абай шығармалары дискурсы арқылы тағы бір уәжделді. Абай шығармалары тілінің тезаурусы оған доминанталық басымдық берілді;
Лингвомәдениеттану тұрғысынан алынған лексемалар өз бойына қоғамдық-әлеуметтік, тарихи құнды ақпарат жиған мәдени код ретінде түсіндірілді. Сонымен қатар, Абайдың тілдік тұлғасының қалыптасуына өз ұлттық мәдениеті мен өзге мәдени аядағы білімдер тоғысының ықпалы зор. Прецеденттік мәтіндер мәні осы тұрғыдан қаралған;
Ғылыми жаңалық ретінде қарастырылып отырған Абайдың Қарасөздеріндегі эссе жанрын айқындау, оның когнитивтік мәнін ашу зерттеу мақсатына сәйкес антропоцентристік бағдарда алғаш рет сараланды.
Абай афоризмдерінің семантикалық-стилистикалық ерекшелігі, иллокутивті қызметі, коммуникативті әрекетінің прагматикалық мәні императивтер арқылы уәжделгені көрсетілді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Тілдік тұлға категориясы, экспрессивті-коммуникативтік қызмет аясында ғана емес, прагматикалық, лингвомәдени, когнитивтік аспектілерді ұштастыра анықталуы тиіс;
Ақынның когнитивтік санасында орын тепкен бірліктер оның көркемдік әлемін концептуалды дүние бейнесімен бірлікте қарауға негіз береді;
Белгілі бір концептілік жүйелердің функционалды тезаурусы негізінде Абай шығармалары поэтикасының концептуалды деңгейі анықталады; концептілер ("өтірік", "мақтан", "қайғы", "жағымсыздық" т.б.) - көп құрамды, мағыналық өрісі кең құрылым; олар әлеуметтік-психологиялық, лингво-философиялық категория дәрежесіне көтеріле алады; ұлттың когнитивтік санасында өзіндік орны бар кейбір концептілер ("жайлау", "бесік", "күлкі") терең мазмұнды лингвофилософиялық құрылымға айналады.
- Тілдік тұлғаның концептілер жүйесі философиялық, психологиялық, қоғамдық-әлеуметтік мән-мазмұнмен толығып барып, дүниенің бейнесін объективтендіреді;
- Абай дискурсындағы ұлттық танымдағы негізгі концептілердің контекстік семантикасы өрістеп, мазмұны тереңдейді. Атап айтқанда, "Адам" концептісі тілдің семантикалык бірлігі мен тілдік құрылымының барлық жүйесінде объективтенеді;
Мәтіндегі этномәдени, идиоэтникалық сипат иеленген тілдік таңбалар ұлттық мәдени код дәрежесінде бағаланады, олар рухани мәдениеттің тілдік көріністері ретінде сипатталады;
Абайдың тілдік тұлғасына сәйкес қызмет еткен, халықтың рухани қазынасын бойына жиған, ұлттық рухпен суарылған этнолексика арқылы тілдің кумулятивтік қызметін өзектендіре түседі;
Тілдік тұлғаның ұлттық болмысы сақталған лингвоэкологиялық орта -үрпақ қабылдап алатын құнды танымның қайнар көзі;
Абай - тілдің қоғамдық қызметін жете пайдаланған, сөздің қоғамдық рөлін терең сезінген ақын: Абай поэзиясы жаңа әлеуметтік-философиялық мазмұнға лайық жаңа эстетикалық түр-сипат туғызады: дәстүрлі қазақ мәдениетін танытар бірліктер мәнін әлеуметтік таңба дәрежесіне жеткізеді. Бұлар этнотанымдық функқия атқаратын таңба ретінде қарастырылып, қоғамның әлеуметтік-мәдени болмысынан ақпарат жеткізеді;
- Мәтіндегі кинесикалық негізі бар бейвербалды бірліктер - этникалық ұжымның немесе әлеуметтік топтың коммуникативтік, экспрессивті-эмоқиялы қарым-қатысына коннотақиялық мән үстеп, оны саяси-мәдени мазмұнмен толықтырады; Абай дискурсындағы "дене қимылы" арқылы берілетін кинетикалық құбылыстарды, семиотикалық таңбаларды әлеуметтік мән иеленген "дене тілі" деуге негіз бар.
Тілдік тұлға дискурсындағы метафора - жаңа концептуалды мазмұн иеленген когниция құбылысы; ойлау және таным құралы, сондықтан іргелі мәдени құндылықтарды бейнелейді.
Әрбір тілдік тұлға - қоғамдық ортаның да тұлғасы. Оның әлеуметтік мәртебесі тілдік табиғаты арқылы ашылады.
- Қаламгер тұлғасы мен шығарманың жазылу стилі сол дәуір тудырған талаптан туындайтығына Абай Қарасөздерінің болмыс-бітімі жауап береді; Қарасөздің әдеби жанр ретіндегі табиғатын Эссе жанрымен салыстыра, салғастыра талдау жасау Абайдың тілдік тұлғасын аша түседі.
- Афоризмдер Абай тілдік тұлғасының прагматикалық деңгейін
айқындап, күрделі когнитивті әрекет көрсеткіші бола алады. Афоризм пайда болуына қозғау салатын мақсат-міндеттерін анықтау үшін афоризмдердің құрылымын айқындаудың маңызы зор; - Абай дискурсындағы прецедентті есімдер көркем образ жасау үшін және шығарма идеясын нақтылаудағы лингвостилистикалық тәсіл ретінде алынған. Прецедентті мәтін іатау) - мәдени таным коды, сондықтан мәдени ақпарат коды қатарында қабылданып отырған прецедентті атауларды мәдениетаралың қарым-қатынас (коммуникақия) үрдісінде қараған жөн.
- Абай өзінен бұрын ғұмыр кешкен даналардың мұрасынан ғибрат ала отырып, шығыс пен батыс ойшылдығын қазақ даласының даналығымен тұжырымдайды. Абай - Сократ, Абай - Монтень, Абай - Шығыс ойшылы (Қайқаус) дүниетанымының арақатысына сараптама жасау арқылы тілдік тұлғаның аялық білім қоры, біліктілігі айқындалады.
- Ізгілік пен биік мақсатты серік ететін пассионарлық идея ойшыл, ағартушы Абай болмысына жат емес, үйлесімділік табады; Пассионарлардың
өмір мәні осы асқақ идеалды жүзеге асыруымен, негіздеумен құнды, оған Абай шығармашылығы жауап бере алады.
Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Диссертақияның негізгі мазмұны мен нәтижелері "Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференқияда (Алматы, 2004); Б.Кенжебаевтың 100 жыл толуына арналған "Қазақ әдебиетінің тарихы: методология және теория" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференқияда (Астана, 2005); Л.Н.Гумилев атындағы Е¥У-ң 10 жылдық мерейтойына арналған "Отан тарихы: ізденістер, мәселелер, болашағы" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференқияда (Астана,2006); "Отандық түркология: мәселелер, ізденістер, нәтиже" атты халықаралық ғылыми-теор.конференқияда (Алматы, 2007); "Л.Гумилевтің ілімі және Еуразияның қазіргі халықтары" атты ҮІ халықаралық Еуразиялық ғылыми форумда (Астана, 29 қазан, 2007 ж); Т.Жанүзақовтың 70 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теор.конференқияда (Алматы, 2007); "Әлемдік философия дамуының өзекті мәселелері" атты ҚР ¥ҒА академигі Ж.М.Әбділдиннің 75 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференқияда (Астана, 15-16 ақпан 2008 ж); "Ахмет Байтұрсынұлы оқулары. Алаш құндылықтары: отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі" атты халықаралық II ғылыми-теориялық конференқияда (Астана, 2007.); "Шоқан тағылымы - 13" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференқияда (Көкшетау, 24-28 сәуір, 2008 ж); "Шоқан тағылымы - 13" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференқияда (Көкшетау, 24-28 сәуір, 2008 ж.); ҚР ¥ҒА академигі М.С.Серғалиевтің 70 жасқа толуына арналған "Қазақ тілінің стилистикасы және тіл мәдениеті" атты республикалық ғылыми-теориялық конференқияда (Астана, 2008 ж., 17 наурыз); "Р.Бердібай және XX ғасырдың екінші жартысындағы фольклортану, филология, түркология мәселелері" атты республикалық ғылыми-теориялық конференқияда (Түркістан, 2008 ж); "І.Жансүгіров оқулары" атты республикалық ғылыми-теориялық конференқияда (Талдықорған, мамыр, 2008 ж.); Академик Қ.Жұмалиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған "Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының мәселелері" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференқияда (Алматы, 2008 ж.); "Жаһандану және қазіргі замандағы университеттер" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференқияда. (Қарағанды, қыркүйек, 2008 ж.); "Қазақстанның түрақты дамуындағы білім беру: мәселелер, ізденістер, перспективалар" атты республикалық ғылыми-теориялық конференқияда (Астана. Еуразия гуманитарлық институты, 4-5 желтоқсан, 2008 ж.); "Еуразияшылдық идеясы контексіндегі Қазақстан түркологиясы: мәселелері мен болашағы" атты түркологиялық конференқияда (Астана. Л.Н.Гумилев атындағы Е¥У, 9-10 желтоқсан, 2008); Международная научно-практическая конференқия. "Перспективные вопросы мировой науки", 2008. (Днепропетровск, декабрь, 2008 г.). ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы "Лингвистикалық жүма" атты ғылыми-әдістемелік семинарда баяндама жасалды (қазан, 2008), ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінде талқыланды.
Сонымен бірге зерттеудің ғылыми нәтижелері ҚР ЖАҚ-ы шешімімен бекітілген республикалық 12 басылымда және 3 шетелдік ғылыми жинақта барлығы 30-дан астам ғылыми мақала түрінде жарық көрді.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кіріспе бөлімнен, бес тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Абай тілдік тұлғасын зерттеудщ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығы
1.1 Қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
XX ғасырдың соңы парадигмалардың ауысып, алмасуымен ерекшеленеді. Адамның жеке өзіндік қасиеттері, сонымен қатар, тіл жүйесін өзінше пайдалануы да жаңа зерттеудің орталығына айналды. Сол себептен де лингвистикадағы когнитивті процестерді зерттеу, тіл қолданысының (сөздің) прагматикалық, психологиялық, әлеуметтік аспектілерін талдау белсенді сипат ала бастады. Аталған аспектілерді кешенді зерттеу және олардың интегративті мәнінің табиғатын айқындау сияқты мәселелер тілдік тұлға теориясымен кіріге, біте қайнасып кетті.
Қазіргі тіл білімінің теориялық зерттеу парадигмасының антропоцентристік басты ұстанымы - тілдің диалектілік бірліктегі маңызды екі қызметі: когнитивтік және коммуникативтік қызметтерін нақтылап, мән-мазмұнын айқындай отырып, тіл білімін заман талабына сай жаңа сапалы деңгейге көтеру [5,1316.].
Антропоцентристік бағдар бойынша, тілдің қызмет ететін ортасы, яғни функционалды қолданыстағы орны мен әлеуметтік ортасы, тарих пен мәдениет, жалпы ұлттық дүниетаным қағидаларының барлығы - тіл иесі Адаммен тікелей байланыста қаралады. Адам өзін қоршаған шындық болмысты жете тану үшін ұлттық таным көкжиегіне нақты бір кеңістік пен уақыт өресінен көз салғанда ғана дүние суреті толыққанды ұғынылады.
Антропоцентристік парадигма бағдарынан қарағанда зерттеу нысаны таным объектісінен субъектіге ауысады, яғни тілде көрініс беретін адам тұлғасы мен адамның сөз саптауындағы тіл мәселесі талдауға түседі.
Тіл - адамның күрделі таным әрекетінің нәтижесі, оған сәйкес халық пен оның өкілі болып табылатын шығармашылық тұлға әрекетінің көрсеткіші, мәдени код қалыптасуының факторы деген тұжырымды аңғарамыз, өйткені антропоцентристік бағытқа сәйкес тұлға әрекетінің әлеуметтік, ұлттық жағы үнемі назарда болады.
Жаңа парадигма тілді зерттеудің жаңа ұғым-түсініктері мен әдіснамасын талап ететіні белгілі. Антропоцентристік парадигманың қалыптасуы лингвистикалық мәселелердің ауанын адамға, оның мәдени-таным кеңістігіндегі алатын орнына қарай бүрды, себебі тілдік тұлға "бір сырлы, сегіз қырлы" сипатымен келіп, өзінің лайықты орнын иеленеді. Антропоцентристік парадигма адамды басты орынға қоя отырып, тілді оның құрамдас маңызды бір бөлшегі деп қарайды.
Білімнің ғылыми парадигмасының ауысу процесінде көрініс берген тілдік фактілер жаңаша көзқарас тұрғысынан саралану керектігі белгілі.
Сондықтан да, көркем мәтінді жаңа ғылыми парадигма бағытында қарастыру мен талдау қазақ тілі стилистикасының көкейкесті мәселесіне айналып келеді. Соның бірі - тіл фактісін зерттеудегі маңызды антропоцентристік бағытпен, тілдегі адам мәселесімен, оның тіл арқылы таңбалануымен тікелей байланысты, яғни XX ғасырдың II жартысындағы тіл білімінің бір жетістігі - мәтін түзуші адамды антропоцентристік бағыт өзегіне айналдырумен байланысты [6, 6 б.] қарастырылу керек деп есептейміз.
Шетелдік тілші ғалымдар зерттеуінің басым көпшілігі жекелеген тіл жеткізушінің сөйлеу әрекетінде және оның тіл тарихында алар орнына арналуда. Сондай-ақ, тілді зерттеудегі өз алдына жаңа ғылыми бағыт -неофунқционализм - функционалды бағыт тарихындағы жаңа иін бола отырып, тіл өкілінің сөз (речь) әрекетін зерттеуді де жаңаша қарастырады. Сонымен байланысты лингвистикалық зерттеудің негізгі нысаны - сөйлеуші тұлғасы, ал негізгі мәселесі ретінде - тілдегі субъект мәселесін қарастыратын лингвистикалық прагматикада берік тұғыр иеленуде.
Соңғы онжылдықтар ішінде антропологиялық лингвистика аясында "Тілдік тұлға" ілімі қалыптаса бастады. Сөйтіп, "Лингвистикалық персонология" деп те аталатын жаңа ғылыми пән антропология бағытындағы негізгі, орталық орынды иеленді.
Тілдік тұлға категориясы алғаш рет неміс ғалымы И.Вейсберг [7] зерттеуінен бастау алып, И.А.Бодуэн де Куртэне [8], Л.П.Якубинский [9], А.А.Потебня [10], М.М.Бахтин [11], В.В.Виноградов [12] зерттеулері арқылы ғылыми өрісін айқындай түсті. В.В.Виноградов Тілдік тұлғаны автор бейнесі мен кейіпкер бейнесі арқылы тануға болатын екі бағытты нұсқағаны белгілі. Бірақ "XX ғасырда В.В.Виноградов еңбегінде негізделген" "автор бейнесі" мәселесі В.фон Гумбольдт көтерген адамның тілдік қылығы мәселесін жан-жақты шеше алмады, дегенмен көркем әдебиет тілін зерттеуді барынша тереңдетуге үлкен ықпал етті.
Осы күндері бұл мәселе - тіл біліміндегі басқа екінші бір мәселені -тілде берілген және тіл арқылы берілген тілдік тұлға мәселесін зерттеумен байланысты ерекше көкейкесті болып отыр және көркем әдебиеттегі "автор бейнесі" мен кейіпкерді сомдауға байланысты жаңа қырынан ашыла түсуде.
"Тілдік тұлға - сөз әрекетіндегі қабілет дәрежесіне қарай бағаланатын тілді жеткізуші, тіл иесі; тілдік тұлға, ең алдымен индивидтің психофизикалық қасиеттерінің жиынтығынан тұрады; ол - сөз мәтінін тудыруға және қабылдауға ықпал ететін сөздің тілдік тұлғасы; ол - тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланушы адамның вербальды әрекеті ерекшелігінің жиынтығын білдіретін коммуникативтік тұлға" [13] деп бағаланады.
«Форма мен мазмұн бірлігінен поэтикалық образ сомдалып, шығармашылық құпия сыр ашылады» деген А.Потебняның бүл пікірі тілдік тұлға ілімін негіздейді. Сөз (речь) құзіретін иеленуші адам туралы "тілдік тұлға" ілімі орыс антропологиялық филологиясының озық дәстүрінің шығармашылық даму нәтижесі деп айтуға болады. Оның қайнар көзі: А.А.Потебняның: Тіл - адамның танымдық және шығармашылық қызметінің ерекше формасы" - деген тұжырымдамасынан, А.Ф.Лосьевтің филология мен философия синтезін ғылыми танымның негізі ретінде басшылыққа алған лингвоцентристік философиясынан және М.М.Бахтиннің тілдік-философиялық идеясынан бастау алған [11,14 б.].
80-90 жылдары орыс тіл білімінде қалыптаса бастаған Тілдік тұлға
теориясы антропоцентристік тіл білімі аясындағы басты бағыттың бірі болып саналады. "Бұл бағыттың қалыптасуына түрткі болған жағдайдың бірі, - деп көрсетеді А.А.Ворожбитова - тілдегі тұлғалық бастаудың (личностная начало) маңызды басымдылығын түсінумен және оған жете мән берумен тікелей байланысты" [14,14 б.].
Кейінгі зерттеулерге шолу жасағанда бүл теорияның сан алуан қыры мен түрлі аспектілері орыс ғалымдары Г.И.Богиннің, Ю.Н.Карауловтың, И.Я.Чернухинаның т.б. еңбектерінде [15,16,17], сондай-ақ "Язык и личность" атты ұжымдық монографияда ғылыми зерттеу нысанына айналғаны байқалады. Лингвистика ғылымының қазіргі даму барысын айқындайтын негізгі қағидаттарының бастысы - антропоцентристік бағыт: "Тіл - бірегей (оригинальный), адамға, тек адамға ғана тән қабілет, әлемді бейнелеу құралы" дегенге ой екпінін түсіре отырып, зерттеу тәсілі жаңа арнаға бүрылуда, сондықтан, адам болмысын тану үшін, "тілдің өзі сөйлеу керек", тілге баса мән берілуі керек (М.Хайдеггер).
Қоғамдық құбылыс - тіл мәселесінің тіл-тілге ортақ, тіпті онымен үйлесетін тұстары да болатыны белгілі. Тілдегі және мәтін шеңберіндегі Тұлға мәселесін және тілдік тұлғаның тілді меңгеру заңдылығын айқындау бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдар зерттеуіндегі басымдық иеленген міндеттер қатарына жатады.
Ғылымды гуманизақиялау (ғылымды ізгілендіру) тілшілер қауымының алдына тілдік қатысымдағы адам факторының табиғаты мен рөлін анықтау міндетін қойды. Тілдің антропоцентристік бағыттағы танымдық қырлары зерттеу нысанына барынша белсенді айналып келеді әрі жаңа, сапалы зерттеу еңбектерімен толығу үстінде.
Тіл табиғатын түсіну - адам болмысы мен оның әлеміне тұтас бойлағанда ғана мүмкін болатындығына ғылыми талдаулар арқылы барған сайын көз жеткізіп келеміз. Антропологиялық лингвистика ілімі бойынша, болмыстың мәнін анықтаудың, шынайы дүние бейнесін тіл арқылы кескіндеудің негізгі қайнар көзі әуелі адамның өзіндік танымынан тамыр тартады [18;141-145 б.]. Адамның ішкі әлеміне тереңдей көз тастағанда ғана тіл табиғатын жете түсінуге мүмкіндік туады деген ой барған сайын беки түсуде. Бүгінгі таңда "Иманенттік лингвистикадан (өзіне тән, өз ішіндегі мәселелермен ғана шектелетін - Г.М.) антропологиялық лингвистикаға ауысудың көкжиегі кеңеюде" [19,48 6.].
"Антропология - жалпы мәселесі Адам болып табылатын жекелеген пэндердің кешенді жүйесі" деген пікірдің нақты әрі дәлдігіне ден қоямыз. Адам туралы зерттеуді тікелей өз объектісіне алған ғылым саласы - антропология болса, бүгінгі әдебиеттану мен тіл білімінің көркемдік антропология мәселелерін қарастыруға бет бүруын ғылымдағы көкейкесті бағдарды дер кезінде аңдағаны деп есептеуге болады. Көркемдік антропологияның назар аударары - Адам болмысы, тіпті сол адамды сомдаған тілдік тұлға бейнесі де ғылыми назардан сырт қалмайды. Көркемдік антропология саласына мына ұстанымдармён келгенде оның зерттеу мәні ашыла түспек: 1) Авторлық көркем әлем және нақты бір көркем мәтіннің поэтиконындағы адамды қайта тұлету және суреткерлік қиял жетегінің ықпалынан туатын кейіпкерлер болмысын жан-жақты талдап, нақтылау, саралау, ой елегінен өткізу; 2) Өзі тудырған көркем мәтіндегі автордың рөлін айқындау [20,8 б.]. Осы мәселелерге байланысты мынадай тұжырым жасаймыз: Көркем антропологияның нысаны -бір адам арқылы өнерде сомдалған екінші адамның әлемі. Бұны - Адамды адам асқақтатады деп ұғыну керек. Өнерде сомдалған Адам арқылы адамды жырлау. Біздің түйіндемеміз зерттеу нысанының пэні мен мақсатына орайласа жасалғаны белгілі. Антропоцентристік бағыт адам әрекетінің тұлғалық және әлеуметтік қырларын зерттеуге қызығушылығын арттыра түскен, өйткені адам адамды "түсінуге", бағалауға міндетті, өйткені адам жанына адам ғана үңіле алады, оның тереңіне адам ғана бойлай алады.
В. фон Гумбольдт, Г.Штейнталь, К.Фосслер, А.А.Потебня еңбектерінде биік белеске көтерілген тіл, қоғам, мәдениет, тұлға сияқты ауқымды лингвистикалық мәселелер XX ғасырдың бірінші жартысында "тілді өзі үшін және өз ішінде ғана зерттеумен шектеліп келген" структурализм ықпалымен екінші қатарға ысырылып қалса да, ғасыр соңында жаңаша өріс алып отырғанына лингвистикалық тың зерттеулер дәлел болса керек [14, 16]. Оған уәж болатын тағы бір жағдай, жоғарыда атап көрсетілгеніндей, гуманитарлық білімнің ғылыми парадигмасы мен ұстанған бағыт-бағдарының өзгеруі екендігі даусыз.
Бұл тұрғыда С.Г.Воркачевтың ой талқысына айналған, ғылыми негізі терең пікіріне біз де назар аударамыз: "Осыған дейін үстемдік күрып келген жүйелі-құрылымдық және статикалық парадигманың орнына антропоцентристік, функционалды, когнитивті және динамикалық парадигма, "адам - барлық дүниенің өлшемі" деген мәртебесін қайтарып беруші және адамды дүние кіндігіне, әлем орталығына қайта қоюшы парадигма келді" [21,64 б.].
Ғылымның бұл жағдайын Е.С.Кубрякова көппарадигмалық (полипарадигматичность) деп санайды, ал көппарадигмалылықты білімнің толысқандығына балайды [22,3-5 б.].
Б.А.Серебренниковтің іргелі зерттеулері - Адам мәселесін тіл білімінде тікелей қарастырған еңбектердің бірі [23,23 б.].
Жаңа арнадағы түрлі ғылыми-лингвистикалық бағыттардың қалыптаса бастауына байланысты тілдік тұлға категориясы да түрлі сипат иеленуде: психолингвистикада - адамның психофизиологиялық күйі сөз (речь) тұрғысынан және сөзді тудыру мен қабылдау механизмі тұрғысынан: прагмалингвистикада - адамның коммуникативтік қызметі аясында қарастыру тұрғысынан философияның ежелгі мәселесінің бірі адам және оның рухани дүниесі болды.
Г.И.Богин ұсынған тілдік тұлға моделі тілді меңгерудің бес деңгейін қарастырады. "Лингводидактикалық модель" деп аталған бүл деңгейлер былайша жіктеледі:
1) жеткілікті лексикалық қоры бар, тілдің негізгі құрылымдық заңдылығын білу және нақты бір тілдің ережесіне сәйкес пікір білдіре алу мен (айтылымды) мәтінді меңгере алу деңгейі анықталатын - түзулік (дұрыстық) деңгей;
2) сөйлеу әрекетшщ ішкі жоспарына (ойша жасалған) сәйкес сөзді (айтылымды) жүзеге асыра алатындай және қабылдай алатындай білік-дағдыны анықтайтын - интериоризақия деңгейі (қоршаған орта әсері).
3) фонетика, грамматика, лексика саласындағы тілдің көркемдегіш кұралдарының барлық байлығы, әртүрлілігі сөзде (тіл қолданысында) көрініс беруіне қарай жіктелетін - қанықтық деңгейі (уровень насыщенности).
4) сөзде (айтылымда, пікір білдіруде) қолданылатын тілдік құралдардың қарым-қатынас саласына, коммуникативтік жағдайға және коммуниканттардың рөліне сәйкес келуіне қарай бағаланатын адекватты (сәйкес) таңдау деңгейі.
5) тілдік тұлға туғызған мәтіннің мазмұнына және коммуникативті міндеттің барлық кешеніне сәйкестігі ескерілген сәйкес синтездеу деңгейі [15, 316.]. А.А.Ворожбитова тілдік тұлға ұғымын былайша сараптайды: "Тілдік тұлға ұғымының лингводидактикалық аспектісі өз бастауын тым тереңнен алады, тіптен Ф.И.Буслаев еңбегінде ана тілін меңгерту (тілді білу Г.М.) оқушы үйренуші тұлғасымен тығыз бірлікте алынған" [14, 23 б.].
Орыс тіл білімінде осы салада зерттеу жүргізіп келе жатқан ғалым В.Маслова: тілдік тұлға мазмұны мынадай компоненттерден тұратындығына нұсқайды: 1) құндылықтар жүйесі немесе өмір мәні; 2) мәдени-танымдық құрам, яғни мәдениетті меңгеру деңгейі; 3) жеке өзіндік, өзінің жан түкпірінің тереңінде жатқан тылсым дүниесі [13,119 б.]).
Бүгінгі күні тілдік тұлғаның лингвистикадағы мәртебесін анықтайтын түрлі бағыттағы зерттеулер белең алуда: жалпы (полилектная) және жеке (идиолектная) тұлға, (В.П.Нерознак); этносемантикалық тұлға (С.Г.Воркачев); элитарлы тілдік тұлға (О.Б.Сиротина, Т.В.Кочеткова), семиологиялық тұлға (А.Г.Баранов); орыс тілдік тұлғасы (Ю.Н.Караулов); тілдік және сөйлеу тілі тұлғасы (Ю.Е.Прохоров, Л.П.Клобукова); шығыс және батыс мәдениеті тілдік тұлғасы (Т.Н.Снитко); сөздік түзілімінің тілдік тұлғасы (В.И.Карасик); эмоқия танытушы тілдік тұлға (В.И.Шаховский) және т.б. [14,3676.].
Тілдік тұлға категориясын И.Я.Чернухина айқындаған тілдік тұлға концепқиясы бойынша қарастырсақ, тілдік тұлға кұрылымы үлкен дәрежелі және кіші дәрежелі көпқырлы өлшеммен ажыратылады.
Үлкен дәрежелі көпқырлы өлшемге: интеллект (ойлау типі, менталитеті), ішкі түйсіну, пресуппозиция т.б. жатады. Тілдік тұлғаның кіші дәрежелі көпқырлы өлшемін кұрайтындар: адамның бастан кешетін сезімдік және интеллектуалды эмоқиясы; экспрессияның берілу түрінде байқалатын сөйлеу темпераменті. Бұл өлшемдердің барлығы ашық немесе жасырын түрде жазбаша немесе ауызша айтылымдарда көрініс бере алады. Талданған осы бағыттардың тілдік тұлға категориясын дамытуға қосар өзіндік үлесі зор. Ой қалыптастырып, пікір түюге жетелейтіні және шындық. Ал келесі бір маңызды ғылыми бағыт қазақстандық ғалымдар тарапынан да қолдау тауып отыр.
Антропоцентристік тіл білімінің дамуына өзіндік үлес қосқан Ю.Н.Карауловтың тілдік тұлға категориясына шолу жасағанда мынадай негізгі ұстанымдарына көңіл бөлдік: "Тілді жасаушы және оны тұтынушының тарихи, әлеуметтік, ұлттық және басқа да ерекшеліктерінің көптүрлілігіне назар аудармай тұрып, тілдің функционалды жағын түбегейлі тану мүмкін емес" [16, 5-96.]. Ю.Н.Карауловтың: "Тілдің шекарасынан аспай, ауқымнан алыстамай тұрып, тілді жасаушы мен тұтынушыва, яғни нақты тілдік тұлға - адамға назар аудармай тұрып, тіл кұдіретін түсіну мүмкін емес... адамның әуелі тілін түсініп алмай немесе адамды тілінен танымай тұрып, өзін жете тани алмайсың " деген пікірімен келіспеуге болмайды.
Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде тілдік тұлға құрылымы Ю.Н.Караулов ұсынған деңгейлік өлшеммен талданып жүр: 1) нөлдік, яғни вербалды-семантикалық деңгейге - тілді қарапайым, қалыпты дәрежеде меңгеру сәйкес келеді; 2) алғашқы немесе лингвотанымдық деңгейге - тұлғаның интеллектуалды деңгейі үйлеседі, (бұл деңгей "түсінік", "концепт", "идея" сияқты бірліктер арқылы танылады); ол когнитивті социумға тән таным кеңістігін қалыптастырады немесе тұлғаның тілдік тезаурасы мен мәдениетін белгілейді; 3) прагматикалық уәжділік деңгейі немесе коммуникативті-әрекет деңгейі мақсат, уәж, қызығушылық дәрежесін білдіреді.
Ю.Н.Караулов "тілдік тұлға категориясын ғылым айдынына белсенді шығара отырып, мәтін қалыптастыра алатын және мәтін қабылдай алатын қабілеті бар тілдік тұлға туралы ой қозғайды. Ол мәтіндер: а) тілдік-құрылымдық күрделілігі дәрежесімен; б) шындықты дәл де терең бейнелеуімен, в) нақты бір мақсатқа бағытталуымен ажыратылады [16, 12 6.].
Көптеген зерттеуші-ғалымдар өз ғылыми ойларын Ю.Н.Караулов ұсынған тілдік тұлғаның деңгейлік моделі үлгісімен сабақтайды. Ақпаратты қабылдауға да осы үш деңгейдің өзара сабақтастығы ықпал етеді. Ал өз кезегінде Тілдік тұлғаның үш деңгейлі кұрылым концепқиясы коммуникативтік қажеттіліктің: 1) байланыс орнатушы; 2) ақпараттық; 3) ықпал етуші сияқты үш түрлі қызметін өтеуге септігін тигізеді, және сонымен қатар, қатысым процесінің үш жағымен - қатысымдық, интерактивті және перцептивті деңгейімен өлшенеді.
Тілдік тұлға - әлеуметтік құбылыс, бірақ ол өзінің жеке мән-мазмұнымен бірлікте өмір сүреді. Тілдік тұлға бойындағы жекелік болмыс оның тілге деген өзіндік көзқарасы арқылы қалыптасады, сөйте тұра жеке тұлға тілдік дәстүрдің қалыптасуына да ықпал ете алады. Әрбір тілдік тұлға өзінің алдындағы тұлғалар қалдырып кеткен барлық тілдік байлықты меңгеруімен, соны иелене алуымен қалыптасады. Әр тілдік тұлғаның тілі көп дәрежеде жалпыға ортақ тілден, біршама деңгейде өзіндік жеке тілдік ерекшеліктен тұрады.
Тілдік тұлғаның болмысын зерделеу үшін кешенді талдау қажет, яғни мәтін мен поэтикалық дискурс негізінде тарихи-мәдени қайнар көздерді, мәтіннің этноұлттық ерекшеліктері мен әлеуметтік сипатын, халықтың философиялық-дүниетанымы мен психологиялық мінездемесін айқындау қажеттілігі туады.
Тілдік тұлға мәселесі тілдік, сонымен қатар, экстралингвистикалық (тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра отырып, кешенді түрде талданады.
Абай тілі тезаурусын сипаттау XXI ғасырдағы неофункционалды парадигма арнасында және қазіргі жаңа ғылым саласы шұғылданып жатқан тілдік тұлға теориясымен бірлікте алып қарастыру - күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі. Ол үшін Абай тілдік тұлғасының когнитивті және прагматикалық деңгейін талдау және белгіленген әр деңгейдің жүзеге асуын нақты көрсету үшін бірқатар лингвистикалық мақсат-міндеттерді шешу көзделеді.
Қазіргі ғылымның қай саласында болсын Адам мәселесі зерттеу өзегіне айналуда. Зерттеу әр бағытта: философия, психология, теология, мәдени, әлеуметтік пәндер ауқымында жүргізілуде. Мәселен, Абай шығармалары тіліндегі Адам мәнін (концептісі) әр тараптан алып қарауға әбден болады. Шартты тұрғыдан алғанда, Адам мәселесін барлық қырынан зерттеген Абайды антрополог ғалым ба дерсіз. Ол бірде философия категорияларын қарастырған философ-ойшыл болса, енді бірде адам жанын зерттеген, кемел адамды рэміздеген әлеуметтанушы, немесе адамның көңіл-күйін дөп басқан психолог, тәрбие тініне терең бойлаған педагог, әдемілікті әспеттеген эстет, имандылыққа үйытып, хақ жолына нұсқаған теолог тәрізді ғылымның әр саласынан сыр тартады.
Индивидті тілдік тұлға дәрежесіне көтеретін жағдай өзінің әлеуметтік мәнін үш аспектіге сүйене иеленді: 1) тілдік тұлға адамның нақты бір әлеуметтік қатынасқа ену процесі нәтижесінде, 2) белгілі бір этнотілдік мәдениеттің эталоны мен нормасына сәйкес келетін белсенді сөйлеу әрекеті нәтижесінде, 3) халықтың әлеуметтік психологиясы заңын меңгеру процесі нәтижесінде бүкіл қоғамның мәдени тарихи білімін танытушы бола алады. Біз Абай тілдік тұлғасын осы дәрежеде қабылдаймыз. Тілдік тұлға қалыптасу үшін бүл аспектілердің маңызы зор, өйткені ұлттық мәдениетті меңгеру мен әлеуметтік психологияның қалыптасуы тіл көмегі арқылы ғана мүмкін болады.
Абайдың тілдік тұлғасының негізгі сипат белгілері мен ерекшелігі. Қазақ тіл біліміндегі ұстанымдар.
Тілдік тұлғаның шығармаларын когнитивті талдау барысында ойшыл, ағартушы, сыншыл Абай тұлғасы мен ақын, сөз зергері, қазақ әдеби тілінің ілгері дамытушы тілдік тұлғаның ықпалдаса біртұтас әлемге айналғанын танытуды мақсат еттік.
