- •Қысқартылған тізімдер
- •Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының (бөлімшесі) жұмысы
- •Жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру ережесі
- •Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының желілі бригада дәрігерінің міндеттері
- •Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіштері
- •Қарыншалар фибрилляциясы кезіндегі әрекет алгоритмі (Американдық кардиологиялық ассоциация тізбегі)
- •2 Кесте
- •6. Гипертониялық криздер. Себептері. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жіберуге көрсеткіштер. Жеткізу шарттары
- •I типті криз
- •II типті криз
- •3 Кесте Қолданылатын дәрімектер
- •Жедел мезентериалды қан айналысының бұзылыстары
- •Біріккен, көп және аралас жарақаттар
- •Көпжарақаттармен зардап шеккендердің ауырлық дәрежесін анықтау және тасымалдау
- •20. Электрожарақат, суға бату, күю, үсу кезіндегі шұғыл көмек. Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш. Тасымалдау
- •21. Психикалық жүйе бұзылысы кезіндегі шұғыл көмек. Жедел психоздар. Себептері. Эпилепсия. Диагностика. Шұғыл көмек. Госпитализациялауға көрсеткіш
- •Тесттік сұрақтар
- •100 Дана
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіші болып тіркеуде тұрған және есеппен сұраныстың негізгі сандар қорытындысынан шығады:
Барлық қаралғандар:
абсолютті саны
1000 тұрғынға шаққанда – олардың ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға
Медициналық көмек көрсету, сонымен қатар мыналармен байланысты:
жайсыз жағдайлармен;
кездейсоқ аурулармен;
шұғыл тасымалдаумен;
жүктілік патологиясы мен босанумен;
амбулаторлы талқыланған;
кешігумен орындалған шақыру саны;
олардың ішінде «шұғыл көмек бойынша»;
госпитализацияланған;
стационарлармен диагноздардың ұқсасуы;
медициналық персоналдардың қатесіне байланысты қайта шақырылу;
емханалық жұмыс уақытында шақырылуы.
2-3. Кенет өлім. Тұрақты жүрек қыспасы. Миокард инфарктісі. Диагностикасы. Шұғыл көмек. Жүргізу жолы. Жеткізу шарттары
Кенет коронарлы өлім (тыныстың біріншілік тоқтауы) – бұл белгілері болмайтын жиі қарыншалар фибрилляциясымен сипатталатын, 6 сағат аралығында немесе кенеттен болатын өлім. Кенет өлімге әкелетін жиі себеп болып миокард инфарктісі табылады. Кенет коронарлы өлімнің даму механизіміне жатады: қарыншалар фибрилляциясы, қарыншалар дірілі, жүрек асистолиясы, жүректің электромеханикалық диссоциациясы.
Кенет өлімнің негізгі диагностикалық критерийлері:
есінің болмауы;
тыныстың болмауы немесе тыныстың агональды типінің пайда болуы;
ұйқы артериясында пульстің болмауы;
қарашықтың кеңеюі (егер нейролептональгезия жүргізілмесе, наркотик қолданылмаса, наркоз берілмесе, гипогликемия жоқ);
бетінің бозғылт –сұр түсті болуы.
Клиникалық өлім кезінде болатын ЭКГ-гі өзгерісі:
Қарыншалар фибрилляциясы кезінде формасы, кеңдігі, биіктігі әртүрлі, тұрақсыз, хаотипті, деформацияланған қарыншалық толқындар тіркеледі.
Қарыншалар жыбыры кезінде дұрыс пішіндіге ұқсас қарыншалық толқындар болады, Т тісшесін, STсегіментін, QRS комплексін бөліп алу мүмкін емес, изоэлектрлік сызық болмайды.
Жүрек асистолиясы кезінде ЭКГ-да изосызық анықталады, толқындар немесе тісше болмайды.
Ырғақтың электромеханикалық диссоциациясы кезінде кейін асистолияға ауысатын идивентрикулярлыға өтетін сирек синусты, түйінді ырғақ тіркелуі мүмкін.
Кенеттен коранарлы өлім кезінде жедел көмек көрсету алгоритм 1, 2 кестелерде корсетілді.
Жүрек-өкпе реанимациясы 2 кезеңде жүргізіледі:
1 кезең - тыныс жолы өткізгіштігін қалпына келтіру, жасанды өкпе вентиляциясы, тікелей емес жүрек массажы (АВС ережелері).
2 кезең - электрлік фибрилляция жүргізу, дәрілік терапия.
Кенеттен коронарлы өлім кезінде жедел көмек бірден дефибрилляциядан басталу керек. Егер ЭКГ көмегімен жүрек тоқтауының түрін анықтау мүмкін болмаса да дефибрилляция жасау керек, яғни «соқыр» түрде жасайды. Дефибриллятор болмаған кезде реанимациялық шаралар жүргізіледі.
1. Науқастың бетін жоғары қаратып, басын шалқайтып, аяғын көтеріп тегіс жерге жатқызу керек.
2. Бірден жұдырықпен төстің төменгі бөлігіне бір- екі рет ұрып жіберу керек.
3. Тыныс жолдарына ауаның түсуін қамтамасыз ету.
4. «Ауыздан ауызға» жасанды өкпе вентилациясын (ЖӨВ) жасау.
5. Бір мезгілде жасанды өкпе вентилациясымен бірге қан циркуляциясын қамтамасыз ететін тікелей емес жүрек массажын жасау және көктамырға түсуді қамтамасыз ету керек.
6. Электрлік дефибрилляция жасау.
7. Дәрілік терапия жүргізу және 100% оттегіні қолдану.
1кесте
