- •Қысқартылған тізімдер
- •Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының (бөлімшесі) жұмысы
- •Жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру ережесі
- •Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының желілі бригада дәрігерінің міндеттері
- •Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіштері
- •Қарыншалар фибрилляциясы кезіндегі әрекет алгоритмі (Американдық кардиологиялық ассоциация тізбегі)
- •2 Кесте
- •6. Гипертониялық криздер. Себептері. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жіберуге көрсеткіштер. Жеткізу шарттары
- •I типті криз
- •II типті криз
- •3 Кесте Қолданылатын дәрімектер
- •Жедел мезентериалды қан айналысының бұзылыстары
- •Біріккен, көп және аралас жарақаттар
- •Көпжарақаттармен зардап шеккендердің ауырлық дәрежесін анықтау және тасымалдау
- •20. Электрожарақат, суға бату, күю, үсу кезіндегі шұғыл көмек. Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш. Тасымалдау
- •21. Психикалық жүйе бұзылысы кезіндегі шұғыл көмек. Жедел психоздар. Себептері. Эпилепсия. Диагностика. Шұғыл көмек. Госпитализациялауға көрсеткіш
- •Тесттік сұрақтар
- •100 Дана
Жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру ережесі
Жедел және шұғыл көмек көрсету бригадалары «03» телефоны немесе «01», «02», «051» шақыртылуы мүмкін..
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының бригадалары шұғыл көмек көрсетуғе жолданады:
жайсыз жағдайларда;
өмірге қауіп төндіретің кенеттен болған ауруларда.
Көмекті арнайы медициналық көлікпен көрсетеді және тасымалдайды:
босану кезінде, жүктілік ағымының асқынуында;
бір жасқа дейінгі балалар;
денсаулығының кенет нашарлауымен жүретін жедел және созылмалы аурулардың өршуінде, егер жолда медициналық көмекті кажет ететін болса;
дәрігерлер емдеген науқастардың жағдайына байланысты санитарлық көлікпен тасымалдайтындарға.
Емдеуші дәрігер науқасты тасымалдауға машина шақырғанда өзіңін аты-жөнің, жұмыс орнын айтып және бригаданы күтуі қажет.
Жедел және шұғыл көмек көрсету келесі жағдайларда бармайды және шақыртуды қабылдамайды:
емхана және жанұялық-дәрігерлік амбулаторияның жұмыс уақыты кезінде науқастардың үйіне шұғыл медициналық көмек керек жоқ болса бармайды;
өлімді куәландырылу жүргізілмейді;
мед ициналық мекемелерге консультациялық көмек беру үшін;
ауруханадан науқастарды үйіне тасымалдау үшін.
Жедел және шұғыл медициналық көмек керек па, керек жоқ па,оны кезекшілік кезінде қалған кезекті аға дәрігер шешеді, шақырудан бас тартқандар өзінің аты-жөнін айту керек және кеңес беріп,қайда жолығу керек екенін айту керек.
Жәбірленген немесе науқасты госпитализациялауға мәліметті станцияның тәуліктік анықтамасы жауап береді. Жедел жәрдем көмегін алдап шақырған адамдар ҚР-ның заңдарымен айыпқа тартылады.
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының желілі бригада дәрігерінің міндеттері
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының жүргізу бригада дәрігері диагностикалық және емдік шұғыл жағдайдан шығару, өмірге қауіпті ауруларда дер кезінде реанимациялық әдістерді білу қажет.
«Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станция міндеттерімен» танысу, қазіргі жағдайымен, бұйрықтармен, денсаулық сақтау және заңдылықтардың құрамымен жұмыс атқару керек.
науқасқа және зардап шегушіге медициналық көмек көрсету және де кезінде тасымалдау;
науқастардың жағдайына қарай емдеу және ауруханаға жеткізу сұрактарын шешу;
ересектермен балаларды шұғыл жағдайдан шығаруын, емдеуін, диагностикалық әдісін аппараттар көмегімен жүргізе білу;
шақырту тусе саласымен, оны орындауға шығу;
жол апатқа немесе науқастардың шақыруына бара жатқан кезде санитарлы автокөліктін бұзылуы болса, диспетчерлік анықтама арқылы аға дәрігерге хабарлау;
науқас немесе зардап шеғушіге оқиға болған кезде медициналық көмек көрсету және милициямен қоғамдық жұмыскерлердің көмегімен шешу (көшеде, қоғамдық ортада немесе пәтерде);
шақырулар кезінде болған жайсыздықтарды станциялық әкімшілікке мәлімдеу;
науқастың госпитализациядан бас тартуы болса аға дәрігерге хабарлау;
әрбір госпитализацияланатын науқас болса, оған қоса жүретін парақтың кестесін толтыру қажет;
госпитализацияға көрсеткіш болмай қалдырылған науқастарды, жәбірленушілерді оқиға болған жерде немесе үйінде қалдырылса медицицналық көмек көрсетіп,нұсқау беру керек;
жедел жәрдем шақыру машинасының нөмерін,науқасқа,туыстарына немесе таныс адамдарына аты-жөнін айту керек (дәрігердің арнайы киімінде аты-жөні жазылған бейдж болуы қажет);
медициналық қораптың толықтығын уақытында тексеру керек;
медициналық отырыстар мен конференция жұмыстарына міндетті түрде қатысу керек;
уақытында профессионалды білімін және істік квалификациясын көрсету керек;
шақыруда түсініксіз жағдайлар болған кезде маманданған консультация ұйымдастыру немесе арнайы жедел жәрдем көмек бригадасын шақыру керек.
