Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КІДІРІССІЗ_МЕДИЦИНАЛЫҚ_ЖЕДЕЛ_ЖӘРДЕМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.24 Mб
Скачать

21. Психикалық жүйе бұзылысы кезіндегі шұғыл көмек. Жедел психоздар. Себептері. Эпилепсия. Диагностика. Шұғыл көмек. Госпитализациялауға көрсеткіш

Қозушылық - ауыр патологиялық жағдай;ол бөлек компоненттерден құрал-ған:сөздік,қозғалыс,психикалық(ассоциациялық ағымның жылдамдауы), апат, қорқыныш, сандырақ. Қозушылық арнайы емес жағдай және оның клинико-психопатологиясы көрнекті деңгейге дейін сақталады. Жедел жәрдем жағ-дайында жиі қозу жедел бас-ми жарақатында,жедел ми қан айналым бұзылы-сында,кома алдылық жағдайда, улануда (фосфорорганикалық инсектицид-термен), инфекциялық ауруда,инфаркт миокардында кездеседі. Психикалық бұзылыспен зардап шегуші адамда қозуды-басу оны госпитализациялай ма, жоқ па, оған тәуелсіз оның емінің бастамасы болып табылады. Психомоторлы қозудың көрнектілігін азайту ұзақ тасымалданатын науқастарға көрсеткіш болып табылады. Ол психиатриялық тәжірибиеде қолданылатын ұстап тұрушы шаралардан (фиксация,иммобилизация) тұрады, кейде мүлдем қолданылмайды. Бұл шараларды психиатрдың көзқарасы бойынша, егер науқас өзіне және басқа адамдарға қауіпті болғанда қолданылады.

Қозу фармокотерапиясы

Психотикалық бұзылу деңгейіне эффективті әсер ететін жедел психиатрлық көмек препараттары (нейролептиктер):

1.Аминазин, тизерцин, хлорпротиксен, пропазин-жалпы седативті әсер көрсетеді (тыныштандыру,қозуды басу).

2.Триседил, галоперидол, стелазин, аминазин, пропазин-галлюцинация және сандыраққа әсер етеді.

3.Мажептил, стелазин, галоперидол, френолин, аминазин, хлорпротиксен, тизерцин, пропазин жалпы антипсихотикалық әсер көрсетеді (рецидивирті,глобалды психоз).

4. Стелазин, мажептил, френалон, галоперидол, триседил-антипсихотикалық әсер көрсетеді.

Препараттар психотикалық жағдайдағы (транквилизаторлар) феназепам, седуксен(реланиум) эуноктин-невротикалық бұзылыс және невротикалы синдромда эффективті. Оларға жақыны натрия оксибутираты. Жедел жәрдем бригадасында қолданылатын седативті препараттар:психотропты аминазин, пропазин, тизерцин, галоперидол, пипольфен (дипразин) седуксен. Көрнекті седативтер-димедрол,магний сульфаты, хлоралгидрат; невротикалы ұйқысыздықта- пипольфен,седуксен,димедрол,магний сульфаты,хлоралгидрат, соңғысы-пропазин.

Қозу типтері

Делириозды қозу.

Әр түрлі этиологиялы делиирияда байқалады: алкоголды, интоксикациялы,инфекциялы, жарақатты және т.б. Толқын тәрізді ағым тән: иллюзия және галлюцинация (көру,тактилдік,есту) ол апат және қорқыныш аясында туындайды. Естің - ауысуы.

Басу: седуксен, феназепам, тизерцин, галоперидол, соңғысы-аминазин, дезинтоксикациялы терапия.

Галлюцинациялық-сандырақты қозу.

Шизофрения, эпилепсия, бас-миының органикалық ауруларында, ин-волюционды, психозды, ішімдікті галлюцинозда байқалады. Қауіпті және императивті сипаттағы галлюцинациялар: сандырақ,аңду,әсер ету және улану. Апат және қорқыныш аффектісі көрнекті, жиі-депрессия. Қозу деңгейі-сандырақ және галлюцинация сипатымен анықталады. Жиі аутоагрессия және айналасына зардап келтіреді. Науқастар күштемелі,күдікті,қатерлі.Галлюцинаторлы-паранойдты қозу бар науқасқа Кандинский-Клерамбо синдромы тән, ол хаотикалық қозғалыс актісімен жалғасады. Аффект күштемелі, қатерлі. Басу: тизерцин, хлорпротиксен, триседил, мажептил, стелазин, галоперидол, аминазин.

Депрессивті-паранойдты қозу

Паранойдты және кезекті шизофренияда байқалады. Жалпы пара-нойдты қозу-ға-апатты ажитация, өзіндік кінәлау идеясы ,иллюзиялы галлюциноз, галлюци-нация, кінәлі идеясымен байланысты. Қозуға сәйкес анеройдты және катотониялы өтетін эпизодтар болуы мүмкін. Басу: тизерцин, хлорпротиксен, триседил, мажептил; аминазин-тек «психофармакологиялық байланысқа» арналған.

Меланхоликалық қозу- маниакалды депрессивті психозда,шизофренияда, эпилепсияда, бас-миының органикалық зақымдалуында, соматикалық психозда кездеседі. Депрессивті синдром аясында, қозғалыс қозуында ұстама, қолдың құрысуы, ес жоғалту болады. Басу: тизерцин, галоперидол, седуксен.

Психопатиялы және истериялы қозу

Психопатиясы бар науқастарда, неврозда, қарапайым шизофре-нияда,бас-миының органикалық зақымдалуы психопатияланған науқастарда байқалады. Психопатиялық қозуға эмоционалды реак-циясы күшті және сапалы тітіркен-діргіш, (жиі минималды)тән. Қоз-ғалыс қозуы, айқаймен, қатермен қарағанға және сөйлескенге қарсы. Сирек агрессия, аутоагрессия, қозғалыс бұзылысы анықталады. Қозу бастапқыда-емделудің бастамасы,кейін-глобалды болады.

Истериялы қозу - психогендіге негізделген, әрқашан демонстративті, театралды, истериялы күлу, ес жоғалту сияқөты болады. Басу: седуксен, аминазин, феназепам, магний сульфаты.

Қарттық мазасыздық қозу-көрнекті ми тамырларының атеросклерозында және бас миындағы атрофиялық үрдістерде,әсіресе орта және кәрі кісілерде байқалады. Қарттық ұйқысыздық аясында дамиды. «Стереотипті симптом» (науқастар жағымсыз әрекеттер жасайды) және қозғалыстың мазасыздануы(науқас төсекте және бөлмеде өзін ұстай алмайды) тән, олар жартылай киініп көшеге шыққылары келеді.Оларға осы әрекетіне қарсылық көрсетсе,ренжіп жылайды,агрессивті болады. «Қарттық жалған делириинде» науқас жағдайы өзінде түзілген жалған амнестиялық дезориентировкамен анықталады (жағдайдың өтпелілігі), «жалған тану» тән.

Басу: седуксен, феназепам, радедорм, магния сульфат, пропазин, пипольфен және тамыр кеңейтуші заттар,В тобының дәрумендері,оттегі сұйықтығымен ингаляция жасалынады, мазасыздық қозудың өзіндік вариантындағы қозу, ол психофармакотерапияның кері эффектісінен дамиды.

Эпилептикалы және эпилептіформалы қозу

Эпилепсия және бас-миының органикалық зақымдалуы бар науқас-тарда байқалады. Естің сөздік бұзылыс аясында өтеді және ин-тенсивтілігі бойынша басқа барлық қозу типтерімен сәйкес, психиа-триялық тәжірибиеде кездеседі. Сирек галлюцинацияанық сипатта, орташа көрініспен жүреді; науқас шуды, айғайды, қауіп-қатерді естиді және қозғалыс автоматизмі байқалады. Дистрофиялы қозу-қатерде және тітіркенуде, уайымдағанда байқалады, жиі агрессия және ауто-агрессия аффектінің разряды есте сақталған, жиі-анық емес. Басу: аминазин, галлоперидол, седуксен, магния сульфат,лазикс. Катато-ниялы қозу-шизофренияда, бас-ми ының органикалық зақымдалуын-да,созылмалы симптоматикалы психозда байқалады. Мылқау қозу хаотипті,агрессиялы,аутоагрессиялы (жиі)«Импульсивті қозу» өзіндік күтпеген, сырттай мылқау әрекеттер: науқастар бірден бір жаққа жү-гіріп, себепсіз айналасындағыларды мазалап, біраз уақытта басылып және қайта өршиді.«Экстативті» вариант:науқас театральды позада, өлең оқып,әндетеді. Сөзі анық емес,стеоротивті. «Гебефрендік» қозу: клоунада элементтерімен жағымсыз әрекеттер(әзілдер, позалар). Пуэрилді вариантта-сөздік қозу;балалық, қырсықтық әрекеттері.

Басу: аминазин, тизерцин, галлоперидол, хлорпротеинцин, мажентил.

Аментивті қозу-ауыр өтетін соматикалық,инфекциялы ауруда және интоксикацияда байқалады. Науқаста естің жоғалуынан және байла-ныссыз ойлануда және сөйлеуде ретсіз қозу дамиды. Хоренформды гиперкинездің пайда болуы ми ісінуінің бастамасы болып табылады.

Басу: седуксен, аз дозада пропазин,психотропты емес седативті препараттар, симптоматикалы терапия.

Реактивті-негізделген қозу

Психо-жарақатты ситуацияға реакция ретінде пайда болады.

Науқас сұрақтарға жауап бермейді,жауапсыз әрекеттер жасайды.Қозғалысы хаотипті, ол бір фразаны қайталай береді. Ол психожарақаттаушы ситуацияға тікелей қатысты. Қайғыруы,уайымы «мен»; «менің жағдайым не болады» дегенге келіп тіреледі.

Басу : седуксен, хлорпротиксел, аминазин, феназепам.

Көптеген зақымдалудалулар (жер сілкіну, транспорттық апат, өрт т.б.) өмірге қауіпті кезде туындайды. Бұл кезде науқаста зардап шегу,жан-жаққа жүгіру жиі қауіпті жаққа; аффектің қорқыныштығы байқалады, есі өзгереді, вегетативті бұзылыстар блады. Дәрігер көмегімен «лидер»анықталады(немесе лидер топтары).

Маниакалды қозу-маниакалды, депрессивті психозда байқалады. Шизофренивті психозда, бас миының органикалы зақымдануында гормондармен емдегенде, акрихинмен уланғанда кездеседі. Типті маниакалды қозу «көңілді» (эйфориялы түрде) болуы мүмкін,ретсіз белсенді қозғалыс байланыссыз сөйлеу және ойлану қауіп-қатерде, агрессияда, тітіркенуде, әрекет бұзылысында байқалады. Шизофрениясы бар науқастың маниакальды қозуында әрекеті хаотипті,түсініксіз әрекеті жеке,сөйлеуі байланыссыз,эмоциональды фоны айналасына «жұқпалы» емес(таза маниакалдыдағыдай).

Басу : галлоперидол,тизерцин,аминазин.

Эпилептикалық статус және басқа ұстамалы жағдай

Жалпы жайылған ұстамалы талма ауыздың көпіруімен,естің жоғал-уымен,аяқ-қол ұштарының тоника-клоникалы құрысуымен жүреді, жиі-тілді жұту, ретсіз зәр шығару,кейде дефекация болады, соңында айқын тынысты аритмия коматозды жағдаймен ауысады, кейін сопор және ұзақ ұйқыға жалғасады.Талу соңында қарашық максимальды ке-ңейеді,жарыққа реакция болмайды,тері цианозды,сирек ылғалды жә-не талудан кейінгі кома ұйқыға жалғаспайды,есі біртіндеп қалыпына келеді. Көбінде толық амнезия,естің бұзылысы дамып,шұғыл психиа-трлық көмекті қажет етеді. Талуда науқастар денесін жарақаттап, кей- де ауыр жарақат алады.Парциалды ұстамалы талмада -есі сақталады. Көп теген бұлшықеттердің тоника немесе клоникалы құрысуымен жү- реді. Парциалды ұстамасыз талма-әрекеттің эпизодты өзгерісі, науқас қоршаған ортамен байланысын үзеді. Талудың бастамасында аура бо луы мүмкін(иіс,дәм,көру,көрнекті микро және макроскопияны сезіне- ді).Талу уақытында қозғалыс белсенділігінің тежелуі, психомоторлы қозу байқалады.Талудың соңында амнезия бай-қалады. Эпилептика лық статус-қысқа интервал уақытында талу немесе эпилептикалы та лудың созылуымен негізделетін фиксирленген эпилептикалы жағдай. Эпилептикалы статус және жиі қайталанатын талу өмірге қауіп-ті Олар эпилепсиясы бар науқаста және әр түрлі ауруларда байқалады:

  • эпилепсияда қолданылатын талуға қарсы препараттарды қолдануды тоқтату ішімдікті қолдану;

  • жалпы инфекциялы ауру,жоғары температура аясында ұйқы шақыртатын дәрінің дозасының көп болуы.

  • гипертониялы аурумен зардап шегетіндерде ,ішімдікті абстиненцияда энцефалопатияға күдіктің болуы.

Эпилептикалы статусқа байланысты науқас комплексті тексеру жүргізу керек.

Статустың ұстамалы формасы-науқас есін жимайды,немесе естің өзгеруінсіз фокалды қозғалыс белсенділігі байқалады. Ұстамалы формада біріншілік-генерализді, екіншілік-генерализді және фокалды статусты ажыратады.

Біріншілік генерализденген статус- (бірден тоника-клоникалық, тони-калық, миоклоникалық ұстама пайда болады) әсіресе эпилепсияға тән. Емді тоқтат-қанда, интеркуренттік аурудан кейін немесе ішімдікті интоксикация,басқа жедел интоксикациядан кейін. Тыныс алуы аралас сипатта:тоникалық фазада бра-дипноэ немесе апноэ,ал кло-никалық фазада және талудан кейін-көрнекті гипер-пноэ немесе Чейна-Стокс тынысы байқалады. Мұндай патологиялық тыныс фор-маларының қайталануы-талуы қайта-қайта болып, эпилептикалы ста-тусты тереңдетеді. Тыныстың бұзылуы нәтижесі-трахеобронхиалды бұтаққа шырышты немесе көп сұйықтың жиналуы, ол рефлекторлы тыныстың тоқтауына және өлімге әкеледі. Өкпе ісінуі дамы-майды.Ұстама-артериалды гипертензияның бір себебі генерализденген талмада өте тез есі жоғалады, гипоксия,ми перфузиясының ионды өтімділігінің бұзылысынан «зақымды шеңбер» түзіледі. Нәтижесінде бас ми ішілік қысым жоғарылап ми ісінуіне әкеледі.

Екіншілік - генерализденген статус-ұстама белгілі бұлшықеттерден басталады. Симптоматикалық эпилепсияға ұқсас,бірақ мидың ошақты зақымдалуы,ол әр түрлі патология түрлерінен тұрады (ісік,тамыр аномалиялары және т.б.). Эпилептикалық синдром құрылымы- эпилептикалы ошақ локализациясына және эпилептикалы жүйе түзіліміне тәуелді. Фокалды (джексонды) эпилептикалық талма статусы.Тұрақты белгілі бір бұлшықеттердің құрысуы (бет,бір аяқ-қол ұшының құрысуы гемитипті). Мұндай талма формасы мидың ошақты зақымдалуының белгісі. Статустың құрысусыз формасы-ұзақ уақыт құрысусыз талма (аз эпилептикалы талма petit mal) ұзақ естің болмауы-эпилепсияда байқалады.Клиникалық симптоматикасы әр түрлі галлюционалды және қозғалыс белсенділігі баяулайды.

Шұғыл терапияда көрсетілетін шаралар:

  • тыныс алуды және қан айналымды қалыпқа келтіру;

  • құрысу синдромын басу;

  • эпилепсия статусынан пайда болған ағза функциясының бұзылысын коррекциялау.

Эпилептикалық статустың себебін және патогенді терапияны диагно-стикалау,талманы басу, шұғыл шараларды жүргізуді іске асыру керек. Мұндай ретті емес ем және диагностика өмірге өте қауіпті.Бастың, дененің жарақаттануының алдын алу,тыныс жолдарының өтімділігін қалыпқа келтіру өте маңызды шаралар болып табылады. Эпилепти-калық статусты басқанда 2-4 мл 0,5% (10-20 мг) диазепам ерітіндісі (реланиум, седуксен, сибазон) 10мл 0,9% натрия хлорид ерітіндісімен тамыр ішіне енгізеді. Қажетіне қарай диазепамды (седуксен) 5-10 мин кейін 2 мл дозада (10 мг) тамыр ішіне енгізеді.

Эффект болмаса 20% натрий оксибутират ерітіндісін (70мг\кг дене салмағына) тамыр ішіне енгізеді. Бір ампула көлемінде 10 мл 2000 мг натрий оксибутират бар. 5 немесе 10% глюкоза ерітіндісінде. Міндетті ісінуге қарсы терапия фуросемид (лазикс) 20-40 мг жүгізіледі. Егер айтылған препараттармен 20 мин эпилептикалы статус басылмаса азот оттегі тотығымен (2\1) қатынаста ингаляциялық түрде қолданылады. Гексенал және тиопентал натрий әсері жедел тыныс алуды тежеп және артериалды гипотензияға әкеледі,мұндай жағдай ОЖЖ және кардио-тониялық заттарды (барбитурат адреналинмен) қажет етеді. Эпилеп-тикалы статустың барлық кезеңін емдеуде құрысу шақыратын пре-параттарды тағайындау қарсы көрсеткіш болып табылады: камфо-ра, коразол, кардиамин, бимегрид, стрихнин, амидопирин, прозерин.

Истериялық құрысу талмасы. Эмоционалды күштеме, уайымнан, кон-фликті жағдайдан кейін дамиды. Науқастың беті қызарған, терлеген, қозған болады. Көзі жұмулы. Қабақты көтергенде,көз алмасын жоғары көтергенде қарсыласу болады.Қарашықтың жарыққа реакциясы оң. Науқас өз киімін жыртып,ернін тістеп,бетін жаралайды.Тілін тістеп алғанын байқамайды.Шұғыл кө-мек көрсеткенде бөгде адамдарды кіргізуге болмайды. Науқасқа наша-тыр спиртін мұрын арқылы иіскетеді,алдын ала аузын сүлгімен жаба-ды.Кей жағдайда бұлшықетке диазепамды седативті зат ретінде енгізеді.

Тетаниядағы ұстамалы синдром

Жиі балаларда және жастарда,тағаммен кальцидің сіңірілуінің ауыр бұзылысында байқалады. Онын типті белгісі-симметриялы карбопедальды тоникалық құрысу болып табылады:қолы және саусақтары акушер қолы сияқты, табаны эквиноварусты позицияда, саусағы иілген қалыпта болады. Бір уақытта бет бұлшықеттерінің құрысуы болады. Еріннің дөңгелек бұлшықеті тоникалы құрысып алға тартылады,яғни карп аузын, сонымен бірге Хвастока симптомы бет бұлшықетінің есту жолынан бастап жиырылуы байқалады.

Талманы басу да 10-20мл10% кальций глюконат ерітіндісі немесе 10 мл 10% кальций хлорид (ересектер үшін) тамыр ішіне енгізеді. Қосымша кальций препараттар ішке тағайындалады.

Қосымша