- •Қысқартылған тізімдер
- •Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының (бөлімшесі) жұмысы
- •Жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру ережесі
- •Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының желілі бригада дәрігерінің міндеттері
- •Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының көрсеткіштері
- •Қарыншалар фибрилляциясы кезіндегі әрекет алгоритмі (Американдық кардиологиялық ассоциация тізбегі)
- •2 Кесте
- •6. Гипертониялық криздер. Себептері. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жіберуге көрсеткіштер. Жеткізу шарттары
- •I типті криз
- •II типті криз
- •3 Кесте Қолданылатын дәрімектер
- •Жедел мезентериалды қан айналысының бұзылыстары
- •Біріккен, көп және аралас жарақаттар
- •Көпжарақаттармен зардап шеккендердің ауырлық дәрежесін анықтау және тасымалдау
- •20. Электрожарақат, суға бату, күю, үсу кезіндегі шұғыл көмек. Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш. Тасымалдау
- •21. Психикалық жүйе бұзылысы кезіндегі шұғыл көмек. Жедел психоздар. Себептері. Эпилепсия. Диагностика. Шұғыл көмек. Госпитализациялауға көрсеткіш
- •Тесттік сұрақтар
- •100 Дана
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ММА ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕКЦИЯСЫ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Г.М. МУЛДАЕВА, А.К. АДАМБЕКОВА,
З.А. КЕНЖЕТАЕВА, М.В.ЛОМАН
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Оқу әдістемелік құрал
Қарағанды – 2008
ӘОЖ 616-083.98
КБЖ 51.1(2) 2 я 7
М 75
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Н.А. Малтабарова - Қазақ мемлекеттік медициналық университеттің анестезиология және реанимация кафедрасы және кідіріссіз медициналық жедел жәрдем курсы, м.ғ.к, доцент
Т.О. Абугалиева – Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының медико-әлеуметтік сараптама және қалпына келтіру курсымен жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы, м.ғ.к., м.о. доцент
Н.О. Мусин – меңгеруші, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының анестезиология және реанимация курсы, м.ғ.к., доцент
М 75 Кідіріссіз медициналық жедел жәрдем: Оқу әдістемелік құрал/
Г.М. Мулдаева, А.К. Адамбекова, З.А. Кенжетаева, М.В.Ломан – Қарағанды:-2008 – 194 б.
КБЖ 51.1(2) 2 я7
Оқу әдістемелік құралда жедел медициналы жәрдем кызметi жұмысының құрылымы, әр-түрлі шұғыл жағдайларда ауруханаға дейiнгi кезеңде диагноз қою, медициналык көмек, қарқынды ем көрсету шаралары келтiрiлген және дәрiгерлік этикалық жауапкершiлiгi сұрактары қамтылған. Жиi кездесетiн шұғыл жағдайларда ажыратпалы диагнозды жүргізу және емдеу әрекетiнің алгоритм жүзінде кұрастырылып берiлген. Оқу жинағы.
ҚММА-ң Әдістемелік кеңесі отырысында талқыланып, ұсынылған,
Хаттама № 08 09.04.2008 ж.
ҚММА-ң Ғылыми кеңесінде бекітіліп, шығарылуға ұсынылған.
Хаттама № 10 28.04.2008 ж.
© Г.М. Мулдаева т.б. 2008 ж.
Кіріспе
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасының негізгі жоғар-ғы медициналық білімінің, Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартына сәйкес жасалған, типтік оқу бағдарламасының жетекшілігімен, студенттер «Кідіріссіз медициналық жедел жәрдем» пәнінің жалпы және жеке сұрақтарын оқиды.
Жедел мелициналық жәрдем адам өмірі мен денсаулығына кауіп төн-генде сәтсіз оқиғалар мен кенеттен болған жедел ауруларда – көрсеті-летін медици-налық көмек жүйесі ретінде пайда болды. Жедел меди-циналық көмек көрсету үшін білікті мамандар дайындаудың маңызы зор.Бүгінгі күнде,заман талабына сай,жедел көмек қала мен аудан-дарда тұрғындарға жақын медициналық кызмет болып табылады. Елі-міз еғемендікке қол жеткізгеннен кейін,мелициналық білім беру шара лары қолға алынды. Соның бірі медициналық білім беру концепция сы мен жаңа білім стандарттарын құрастыру болды. Осы білім стан-дарттарының типтік жоспарлары бойынша жедел мединалық көмек пәні оқытылады. Жедел медициналық дәрігер жан-жақты маман бол-уы қажет. Оның шуғыл көмектен, хирургиядан, травматологиядан, ги-некологиядан, педиатриядан, токсикология негіздерінен білімі және үйде босанатын әйелді босандырып алу тәжірибелік дағдысы болуы керек. Қазіргі жағдайда оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін қазақ тілінде оқу құралдары қажет, әсіресе жедел медициналық жәрдем пәнінен. Сондықтан осы пәннің типтік бағдарламасына сәйкес оку кұралы құрастырылды. Кұралда жедел медициналық жәрдем беру кызметінің ұйымдастырылуы, желілік және арнайы бригадалардың, жедел жәр-дем көліктерінің жабдықталуы көрсетілген. Сонымен қатар ішкі ағза аурулары мен төтенше оқиғаларда болған зақымдануларды анықтау және медициналық жедел жәрдем көрсете білу шаралары қамтылған. Осы оқу - әдістемелік құрал студенттер, интерндер және тәжірибелік дәрігерлерге арналған.
Қысқартылған тізімдер
АҚ – артериялық қысым
АШ- анафилактикалық шок
АДГ – алкогольдегидрогенеза
АІТ – асқазан-ішек трактісі
БМЖ – бас-ми жарақаты
ЖБЖ – жедел бүйрек жеткіліксіздігі
ЖІӨ - жедел ішек өтімсіздігі
ЖЖЖ - жүрек жиырлануынық жиілігі
ЖЖТЖ – жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі
ЖИА - жүректің ишемиялық ауруы
ЖМК – жүректің минутты көлемі
ЖӨВ - жасанды өкпе вентилациясын
ЖӨР - жүрек өкпелі реанимациясы
ЖТАЖ- жедел тыныс алу жеткіліксіздігі
ЖТЖ – жүрек-тамыр жеткіліксіздігі
ИТШ - инфекциялық токсикалық шок
ҚАК - қан айналымының көлемі
ҚСЖ – қышқыл-сілтілі жағдайы
КТ- компьютерлік томография
МИ - микард инфарктісі
ОТҚ – орталық тамырлық қысым
ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі
ӨАТЭ - өкпе артериясының тромбоэмболиясы
ӨЖВ - өкпенің жасанды вентиляциясы
ӨМИ - өткен миокард инфарктісі
ПТК – перифериялық тамыр кернеуі
САҚ-систолалық артериялық қысымы
СҚ- сірке қышқылы
СК – соққылық көлем
СЭ – сірке эссенциясы
ТАК – тыныс алу көлемі
ТАМК – тыныс алуның минутты көлемі
ХАЖ - 10- халықаралық аурулардың жіктелуі
ШИ - шоктық индексі
ЭКГ – электрокардиограмма
ЭИС – эндогенді интоксикация синдромы
ЭЭГ – эхоэнцефалограмма
ЭС – этил спирті
ЭТЖ- эритроциттердің тұнығу жылдамдығы
Жедел және шұғыл медициналық көмек жұмысын ұйымдастыру.
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының (бөлімшесі) жұмысы
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету орталығы халық өмірлерінінің қауіпті жағдайларында төнгенде, жайсыз жағдайларда, ауыр өтетін жедел ауруларда, оқиға болған жерлерде, тексеру жерлерінде жедел және шұғыл медициналық көмекті ақысыз тәулік бойы көрсетеді.
Негізгі принциптері:
халыққа толық қол жеткізу;
халыққа дер кезінде көмек көрсетуі;
жоғары мамандандырылғын толық көлемді көмек көрсету;
қажетті медициналық мекемелерге науқастарды дер кезінде госпитализациялауды қамтамасыз ету.
«Жедел» деген ұғым медициналық көмек ішінде сыртқы және ішкі факторлармен шақырылатын патологиялық жағдайларға шұғыл медициналық көмек көрсету, яғни ауырлық дәрежесіне қарамай тез арада диагностикалық және емдік көмек көрсету.
«Шұғыл жағдай» деген ұғым адам организмдегі патологиялық жағдайдың салдарынан денсаулығының тез нашарлауы және өміріне қауіп төну деген мағынаны білдіреді.
Бригаданың жүру кезіндегі регламенттер:
жедел жәрдем көмегі бойынша 4 минутқа дейін;
шұғыл тасымалдау бойынша 30 минутқа дейін;
жоспарлы тасымалдау бойынша 90 минут ішінде.
Жедел көмек көрсеткіштері бар патологиялық жағдайлардың түрлері:
жедел медициналық жәрдемсіз өлімге әкелетін өмірге катер төну жағдайлары;
өмірге қауіп жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты, түрлі қатер төнуі мүмкін;
өмірге қауіп жоқ, бірақ науқастың жағдайын жеңілдету;
наукас өміріне қауіп жоқ, бірақ айнала қоршаған адамдарды және науқастың өзін сақтандыру үшін көмек қажет.
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы қалаларда, аудан орталықтарында 30 мыңнан жоғары адамға негізделген және өзіңдік емдік-профилактикалық ұйымдары бар. Әрбір қалада жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы біреу ғана болуы мүмкін. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету ұйымдарын подстанция шешеді. Подстанциялар транспортпен жету уақыты 15 минутты қамтиды. Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциялары (бөлімшелер) тізбекті бригадалармен жүреді. 70 мыңнан астам тұрғыны бар қалалармен аудан орталықтарында арнайы балаларға медициналық көмек көрсету бригадасы бөліну керек,ал 100 мыңнан астам халық тұрса-жедел психикалық бұзылыстары бар науқастарға шұғыл көмек көрсететін бригада бөліну керек. Босанушыларды тасымалдауға керегінше арнайы медициналық жабдықтармен жабдықталған машина бөлінеді.
Зардап шегуші немесе науқастанушы жедел және шұғыл көмегімен стационардың қабылдау бөлімшесіне қаралу керек, міндетті түрде ауруханада орын бар ма жоқпа қарамастан госпитализациялану қажет. Жедел және шұғыл көмек көрсету бригадасының емхананың қабылдау бөлімшесіне келген уақыты 10 минуттан аспау керек (науқасты немесе жәбірленушіні кезекші дәрігерге тапсырғанша).
Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының транспорттары арнайы танушы белгімен жүру керек (арнайы дыбыстық сигналдар болу керек). Санитарлы көлік жұқпалы аурулар тасығаннан кейін міндетті түрде залалсыздандырылуы керек. Жедел және шұғыл көмек көрсету станциясына (бөлімшесіне) әрбір 10000 адамға бір санитарлы көлік бөлінеді.
Жедел және шұғыл көмек көрсету станциясының (бөлімшесінің) жұмысы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау нормативтері мен құқықтық актілерімен орындалады. Жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын,соттық-медициналық қорытындысын, алькогольды мастану экспертизасын, науқастарға және олардың туыстарына анықтама бермейді.
