Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сурет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.49 Кб
Скачать

а 6

  1. 209

    сурет

Aya мен жарықтың зиянды әсерлерінен сақтау үшін германий кристалы бітеу металл корпустың ішіне орнатылады (167, а-сурет). Диодтың сызбанұсқасы 167, 5-суретте көрсетілген.

Жартылай өткізгішті түзеткіштер өте сенімді және қызмет ету мерзімі ұзақ болады. Бірақолар шектеулі температуралық шағын ғана аралықта (-70°С-тан -125°С-қа дейінгі) жұмыс істей алады.

р — л-ауысудың касиеті айнымалы токты түзетуде қолданылады. д-типті жартылай өткізгіштің потенциалы оң болатын жарты период аралығында р — л-ауысу арқылы ток еркін өтеді. Келесі. жарігы периодта ток нөлге тең деуге болады.

§ 75. Транзисторлар

Транзистор1 — шебер құрылған аспап. Транзистордың жұмыс принципін түсіну оңай емес, бірақ оны түсіну ойлап тапқаннан қиын емес қой. Сендер оның қалай жұмыс істейтінін, оның қысқаша түсініктемесі бойынша болса да оқып меңгереді деп сенеміз.

Береген және алаған қоспалар енгізілген германийден немесе кремнийден жасалған транзисторлардың бір түрін қарастырайык. Қоспаның орналасуы сондай, екі -типті жартылай өткізгіш арасында өте жұқа (бірнеше микрометр шамасында) и-тіпті қабатша түзіледі (168-сурет). Осы жұқа кабатшаны негіз немесе база деп атайды.

Кристалдарда тура бағыттары қарама-қарсы екі р — и-ауысу пайда болады. Өткізгіштіктері әр түрлі үш аймақтың ұштары, 1

  1. сурет

транзисторларды 168-суретте көрсетілгендей сызбанұсқа бойынша қосуға мүмкіндік береді. Осылайша косқанда с<$л жақтағы р — л-ауысу тура болады және базаны өткізгіштігі р-типті эмиттер деп аталатын аймақтан бөліп тұрады. Егер де оң жақтағы р — л-ауысу болмаса, “эмиттер — база” тізбегінде, кернеудің көзінде (Б1 батареяның және айнымалы кернеу көзінің) және “эмиттер — база” тура ауысудың аз кедергісін қоса есептегендегі тізбектің кедергісіне тәуелді ток болған еді.

Б2 батареясы сызбанұсқадағы (169-сурет) оң жақтағы р — и-ауысу кері болатындай етіп қосылады. Ол базаны өткізгіштігі /?-типті коллектор деп аталатын оң жақтағы аймақтан бөліп тұрады. Егер де сол жақтағы р — п-ауысу болмаса коллектор тізбегіндегі ток күші нөлге жуық болар еді, себебі кері ауысудың кёдергісі өте үлкен. Сол жактағы Р — л-ауысуда ток болған жағдайда коллектор тізбегінде де ток пайда болады және де коллектордағы ток күші эмиттердегі ток күшінен тек азғантай ғана кіші болады1.

Мәселе төмендегідей. Эмиттер мен база арасында кернеу ту- ғызғанда р-типті жартылай өткізгіштің негізгі тасушыла-

ры — кемтіктер базаға өтіп кетеді, ол жерде олар негізгі тасушылар болмайды. Базаның калындығы өте аз және ондағы негізгі тасушылардың (электрондар) саны онша үлкен болмағандықтан, онда пайда болған кемтіктер базаның электрондарымен рекомбинация- ланбайды деуге болады да, диффузия есебінен коллекторға енеді. Оң р — w-ауысу базаның негізгі тасушылары — электрондар үшін жабык, бірақ кемтіктер үшін ашық. Коллектордағы кемтіктер электр өрісіне ілеседі де, тізбекті түйықтайды. Базадан эмиттер тізбегіне тарамдалатын ток күші өте аз, себебі горизонталь жазыктықтағы базаның көлденең кимасы (168-сурет бойынша) вертикаль

жазықтықтағы қимасынан көп кіші.

  1. су рет

Коллектордағы ток күші іс жүзінде эмиттердегі ток күшіне тең болса, ол эмиттердегі токпен бірге өзгереді. Резистордын, R кедергісінің коллектордағы токқа әсері аз, сондықтан ол кедергіні жеткілікті үлкен етіп жасауға болады. Эмиттер тізбегіне қосылған айнымалы кернеу көзінің көмегімен эмиттердегі токты реттей отырып, біз R резистордағы кернеудің синхронды өзгерісін аламыз.

Резистордың кедергісі үлкен болғанда ондағы кернеудің өзгерісі эмиттер тізбегіндегі сигналдың кернеуінің өзгерісінен ондаған мың есе артады. Бұл кернеу күшейді деген мағынаны береді. Сондықтан R тұтынушыдан (жүктемеден) қуаты эмиттерге келетін сигналдың қуатынан көптеген есе басым электрлік сигнал алуға болады.

Транзисторлардың қолданылуы. Транзисторлар (169-сурет) қазіргі кезде техникада барынша кеңінен қолданылады. Олар көптеген ғылыми, өндірістік және тұрмыстық құралдардың электрлік тізбектерінде электрлік шамдарды алмастырады. Осындай аспаптар пайдаланылатын ықшам радиоқабьілдағыштар түрмыста транзис­торлар деп аталады. Электронды шам-диодтармен салыстырғанда транзисторлардың артықшылығы, жартылай өткізгішті диодтар сияқты, ең алдымен, үлкен қуат тұтынатын және қызуға керекті уақыт талап ететін қыздырылатын катоды жоқ. Сонымен қатар, бұл құралдардың көлемі және массасы электрондық шамдармен салыстырғанда ондаған, жүздеген есе кіші. Олар төменгі кернеулерде жүмыс жасайды.

Транзисторлардың кемшіліктері де жартылай өткізгішті диодтардікіндей. Олар температураның жоғарылауына, электрлік артық жүкке және өткір сәулелерге өте сезімтал.

• Жартылай өткізгіштердегі р — я-ауысудың қасиеті электрлік тербелістерді генерациялау және күшейту үшін қолданылады.

? I. Транзистордын базасы неліктен жіңішке болуы керек?