Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстанның отандық өнімінің сапалы сұранысқа ие болуы үшін қандай шаралар қажет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
272.73 Кб
Скачать

Қорытынды.

Қазіргі уақытта біздің елімізде экономикалық дамуға көп мән беріліп жатыр, өйткені ол біздің болашағымыздың нышаны әрі кепілі. Ал мемлекеттің экономикасын дамытатын басты бөліктерінің бірі отандық тауардың дамуы және оған деген сұраныстың артуы. Ал Қазақстанның экономикасы шикізатқа бағытталған соң, отандық тауар жетілдірілмеген және оған деген сұраныс аз, өйткені елімізге дайын тауарлар Қытай, АҚШ, Корея секілді елдерден импортталады. Ал экспортымыз 2014 жылы 18,9%-ға (20,3 млрд. АҚШ долл.) артса да, біз көбінесе шет елдерге шикізатты сатамыз. Осы арқылы, отандық тауарға қатысты бірнеше мәселені айқындауға болатындығын осы курстық жұмысты жазу барысында білдім. Оларға: отандық тауардың алуантүрлігінің жоқтығы, керекті деңгейде жарнамаланбағаны және халықтың ол туралы азғана мәлімет білетіндігі жатады. Курстық жұмысты жазудың барысында мен отандық тауарлардың көптеген түрлерімен таныстым. Мысалы, елімізде рельстер шығарылғанын, оған қоса отандық автокөліктер де жасалып жатырылғаны туралы ақпараттарды алдым. Ішкі өнімге сұранысты арттыру үшін өз жобамды ұсынып, оны талдадым. Жобамның әкелетін мүмкіндіктерін әрі қауіп-қатерлерін айқындадым. Ұсынылған жобаның артықшылықтары мен кемшіліктері болды. Ең басты артықшылығы, бұл ұйым, тек қана отандық тауарға қатысты мәселелерге зейін қойып, оған деген сұранысты арттыра алады, ал ең басты кемшілігі бұл ұйым тар бағытта ғана жұмыс жасап, белгілі бір тауарды дамытумен айналыса алады және бүкіл тауар түрін қамти алмайды.

Түсінгенім, отандық тауар экономикамыздың маңызды бөліктерінің бірі, өйткені олар арқылы біз өз экспортымыз бен импортымызды бақылай аламыз. Отандық тауар дамыса, ел ішіндегі өндіріс те дамиды деген сөз. Ал өндіріс дамыса, Қазақстанның инфраструктурасы да дамып, толиды. Ішкі өнімнің сапасы мен мөлшері арта бастаса, оған деген сұраныс та артады. Және сондықтан еліміз көптеген реформалардың арқасында оған деген сұранысты арттырып жатыр. Мысалы, айтып өткен «Қазақстанда жасалған» деген науқан. Осындай шаралардың арқасында халық арасында өзіміздің тауарымызға деген қызығушылық жыл сайын артып жатыр. Ал кейбіреулері болса, орны толмас брендке айналып бара жатыр. Мысалы, «Фуд Мастер» сүт өндіретін зауыты сенім артарлық өндіріске айналды. Мен ұсынған жоба секілді жаңа проекттер ойластырылып жатыр. Және жалпы айтсақ, өзіміздің тауарымызға деген сұраныс артып келе жатыр, өйткені адамдар елде өндіріліп жатырған тауардың пайдалы әрі жақсы қасиеттерін жолда жоғалтпай, өздеріне тиімді бағамен сатылып жатырғанын түсіне бастады. Мысалы, көптеген өндірістік кәсіпорындарда жұмыс тұрақты және керек технологиялардың бәрі бар. Осындайларға Павлодар қаласындағы тігін шеберханасы жатады. Оның басты тұтынушысы емханалар болып саналады, өйткені олар барлық стандартқа сай, ыңғайлы әрі сапалы дәрігерлердің халаттары мен төсеніштерді шығарады. Және оларға деген сұраныс көп. Бұның қатарына Ақтөбедегі «Мастер» зауытын да жатқызуға болады, өйткені бұнда күніне 6000 литр сусын шығарылады. Осыған қарағанда олардың да тұтынушылары аз емес. Және бұның бәрі елімізде өтіп жатырған реформалар, сан алуан шаралар мен кәсіпорындарға көрсетіліп жатырған қолдаудың арқасында болып жатыр. Алайда менің ойымша, отандық тауарға одан да көп сұранысты біз жаңа жобалар немесе осы салада көптеген жетістіктерге жеткен елдердің үлгісі мен жаңа даму жолына түсіретін шаралар арқылы тудыра аламыз.