- •Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: қазіргі қазақстан мен экономика
- •1. Қазақстанның отандық тауарына қатысты мәселелер және олардың туындау тарихы
- •2. Мәселелерді жан-жақты қарастыру
- •3. Отандық тауарға деген сұранысты арттыру ушін ұсынылған шешу жолын зерттеу
- •4. Мәселені басқа да шаралар арқылы шешу жолдары және swot кестесі
- •Қорытынды.
- •Дереккөздер
- •Http://baq.Kz/kk/news/kazakstan-ekonomikasi/kazakstanda-zhasalgan-onimderdi-koldaiik-senat-deputati-60786 - халықты «Қазақстанда жасалған» науқанын Сенат депутаттарының қолдауға шақыруы (Baq.Kz)
2. Мәселелерді жан-жақты қарастыру
Отандық тауардың мәселесіне көп мән беріледі өйткені оның елімізге деген ықпалы зор, сондықтан отандық тауарға қатысты мәселелерді шешу үшін және сұранысты арттырудың жолдарын қарастыру үшін, оны бірнеше жақтан қарастыру керек.
Экономикалық жағынан қарастырсақ, біз көптеген тауарларды шет елден сатып алғандықтан елдегі қаржы басқа елге кетіп жатыр және бұл, өз елімізді дамытып байытудың орнына, біз басқа елді байытып жатырмыз деген сөз. Тағы да айтып өтетіні- халық шет елдік тауарды тұтынғандықтан, біздің тауарымызды шығарудың мәні болмай қалады, ал бұның нәтижесінде еліміздің өндірісі мен өнеркәсібінің деңгейі төмендей береді. Бұл ІЖӨ-нің деңгейін төмендетеді. Ал отандық өнімнің аздығынан біздің өндірісіміз дамымай, тоқтап қалады.
Бұл мәселеге саяси жағынан қарасақ, біз шетелдік өнімді тұтына берсек, нәтижесінде олардан тәуелді болып қалуымыз мүмкін. Оған қоса, біз тауар сатып алатын мемлекеттердің біздің елде билігі жүретін болады. Ал отандық өнімнің аздығынан біздің өндірісіміз дамымай, еліміз солай дамып келе жатырған елдердің қатарында қала беруі мүмкін. Алайда, еліміз дамыған мемлекеттермен сауда қарым-қатынасын орнату арқылы, әлемдік сауданың бір бөлігі болды.
Ал психолоиялық тұрғыдан қарасақ, адамдар отандық тауарларды жете бағаламағандықтан, олардың санасында өздерінің елдеріне деген немқұрайлық қатынас қалыптасуы мүмкін. Бірақ, халқымыз шетелдік тауарларды қолданып білгендері, елдегі білім мен кадрлардың сапасын жақсартады әрі жаһанданудың қарқынды жүруіне себепкер болады.
Осындай отандық тауарға қатысты мәселелерді шешу жолдарын табу біздің парызымыз, өйткені біз жарық әрі сенімді болашақты қалаймыз. Сондықтан, осы мәселені шешу үшін мен отандық тауардың мәселелерін толықтай жіктеп және сараптан өткізіп, өнімнің мықты және әлсіз жақтарын анықтап, керекті деңгейде жарнамалайтын және оған деген сұранысты өз жұмысының нәтижесінде арттыратын ұйым ашуды ұсынамын.
3. Отандық тауарға деген сұранысты арттыру ушін ұсынылған шешу жолын зерттеу
Диаграмма 3
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, сұрастырған адамдардың азғана бөлігі (21%) Қазақстанның отандық тауары туралы толықтай ақпарат біледі, 69% азғана ақпарат білсе, 8% мүлдем ештеңе білмейді. Осылардың көп бөлігі отандық тауар туралы ақпараттарды білгендіктен, мен олардың арасында біздің отандық өнімді толықтай зерттеп, жарнамалайтын ұйым ашу туралы мәселені зерттеу үшін сауалнама жүргіздім. Сұрастырған адамдар жасына қарай, қоғамдағы орындарына қарай алуан түрлі болды. Олардың ішінде менің құрдастарым, мүғалімдерім және басқа да адамдар болды. Сауалнаманың басты мақсаты әртүрлі жастағы және деңгейдегі адамдардың отандық тауар туралы қаншалықты білетіндіктері және оған қатысты мәселелерді шешу туралы не ойлайтындығы болды. Және де менің ұсынған шешу жолының қаншалықты тиімді әрі жұмыс жасайтындығы болды.
Диаграмма 4
Жауап бергендердің ішіндегі 9 адам ұсынылған жобаның іске асатынына сенеді, өйткені олардың ойынша, біздің елдің оған деген қауқары бар. Мысалы, біз шетелден тәжірибесі бар мамандарды елге шақырып, өз кадрларымызды керекті деңгейге жеткізіп, бүкіл әлемдік тауар айналымын зерттеп, отандық тауардың жарнамасын жетілдіре аламыз. Жарнамаға деген қабілеті бар адамдарды оқытып, өз тауарымызды әлемдік нарыққа жақсы жарнамамен шығарып, оған деген сұранысты арта аламыз. Еліміз шетелден мұғалімдер шақыруға жыл сайын шамамен 2 миллион доллар қаражат жұмсайды, және біз оны пайдамен және ақылмен пайдалануымыз керек. Шынымен де, менің ойымша, оқытылған мамандар ішкі өнімге деген халық ішіндегі және әлемнің тұтынушыларының сұранысын арттырады әрі кәсіби жасалған жарнама назарларын аудартып, тауарды кең таратады.
Бұларға қарағанда, сауалнамаға қатысқандардың 6-сы еліміздің ондай үлкен жобаны бастауға қауқары әлі жеткіліксіз деп ойлайды. Олардың айтуынша, біздің елге көп уақыт әрі көп жұмыс керек жобаны іске асыру үшін көптеген қаражат керек. Ал қазір елімізде әр-түрлі шаралар өтіп жатқандықтан, біздің оған уақытымыз жоқ және бұл жобаның келешекте еш пайда тигізбей қалуы да мүмкін деп ойлайды. Бұның себебі нарықта тауарларға деген сұраныс мезгіл сайын жаңаға өзгере береді және де бұл ұйым адамдардың сұранысын белгілі бір тауарға арттырып жүргенде, оның екінші түрі шығып, өзіне назар аударғанда, ұйымның жұмысы жоққа кетеді. Сондықтан, жауап бергендер бұл жоба отандық тауарға деген сұранысты арттыруда көмегін тигізе алмайды деп ойлайды. Және олардың ойларының дұрыс жақтары бар, өйткені қазіргі уақытта елде дағдарыс жүріп жатыр әрі алдымызда «EXPO-2017» секілді шаралар бар. Сондықтан, жаңа жобаларды қарастырып, талдап отыратын уақытымыз жоқ.
Ал біз осы жобаны толықтай зерттеп алмағанша, оны іске асыра алмаймыз деп санайтын адамдардардың саны 3-у болды. Олар осы жобаның әрбір аспектісін зерттемегенше және оның ішкі өнімге деген сұранысқа және отандық логистикаға қалай әсер ететінін біліп алмағанша, оны қабылдай алмаймыз деп санайды. Бұлардың ойларында да шындық бар, өйткені бұл жоба толық қаралмағандықтан, келешекте біз күтпеген нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Жалпы сауаланамадан өткен адамдар саны 21 болғандықтан, қалған үш адам осы тараптардың біреуіне де жатпады. Олардың ойынша, елімізде қазіргі уақытта қабылданып жатырған реформалар және алуан түрлі жобалар отандық тауардың мәселелерін шешіп, оған деген сұранысты арттырып жатыр. Мысалы, еліміздегі үлкен компаниялар отандық тауар өндіретін зауыттармен бірге жұмыс жасауды бастап жатыр. Олар өндірістік орындардың кадрлерін оқытып, оларға келгендерінше қолдау көрсетіп жатыр. Ал ауыл шаруашылығына мамандалған өңірлердің ауыл шаруашылығының министрлігі жасап жатырған картасы, ауыл шаруашылығының өнімдерінің кең таралуына және тек қана белгілі бір тауар түрін жақсы өндіруге себепкер бола алады.
Жалпы сауалнамаға қатысқандардың берген жауаптарынан бірнеше қорытынды жасауға болады.
Біріншіден, отандық тауардың мәселесі туралы білетін адамдардың саны жеткілікті болды әрі олар сол мәселелер туралы өз ойларын еркін айта білді.
Екіншіден, ұсынылған отандық тауарға деген сұранысты оның сапалылығы мен сенімділігін көрсету арқылы арттыратын ұйым құру жобасы бірнеше жағынан қаралды. Біреулер осы жоба тауарға деген сұранысты шынымен де арттыра алады деп ойласа, екіншілері бұл ойға күмән келтірді, өйткені біздің ел жеткілікті деңгейге келген жоқ деп ойлайды. Ал кейбіреулері бұл жобаны дұрыстап зерттеу керек екендігін айтса, екіншілері өз болжамдарын айтты.
Алайда, ұсынылған жоба іске асатыны туралы айтқан адамдардың саны көп болғандықтан, менің ойымша да бұл жобаны біз болашақта қолдана аламыз және отандық тауардың мәселелерін шешіп, оларға деген сұранысты арттырамыз.
Мысалы, осы жобаның артықшылықтарына оның Қазақстанның тауарының бүкіл мәселелерін шеше алуы және оның қайдан келгенін айқындап, келешекте сондайға ұқсас мәселелердің болмауын қарастыруы жатады. Оған қоса, отандық тауарды шет елдердікіне ұқсатып, керекті деңгейде жарнамалайды. Ал бұл халыққа өте жақсы, өйткені отандық тауар бізде өндірілген соң, шетелден келгендердікіне қарағанда сапасы жақсы және балғын болады. Көптеген жәрменкелерді өткізіп, халықтың назарын өзіміздің тауарымызға жоғары деңгейде аударта аламыз. Оның шынайылығының дәлелі, біздің елде жәрменкелерді халық өзі өткізеді, алайда оларды ұсынылған ұйым секілділер ұйымдастырса, ол жәрменке туралы жарнама да көп болады, демек келетін адамдардың саны да көп болады, ал бұл дегеніміз отандық тауарға деген сұранысты арттыру.
Әрбір нәрсенің теріс жағы болғандықтан, бұл жобаның да өз кемшіліктері бар. Мысалы, оны іске асыру үшін елімізге көп уақыт керек, өйткені біртұтас ұйым құру оңай нәрселердің бірі емес. Бұның қасында жобаға құйылатын қаржы мөлшері де аз емес, өйткені оны іске асыру үшін арнайы білім алған мамандар, өздерінің кеңсесі және де жалақы төленуі керек. Мамандарды шет елге жіберуге де қаржы керек. Сондықтан, адамдардан жиналатын салық мөлшері де ұлғаюуы мүмкін, ал бұл өз кезегінде мемлекеттегі тыныштықты бұзуы мүмкін. Және ең бастысы бұл жобаның болашақта бізге пайда әкелуі екіталай, өйткені заман өзгерген сайын, тауарға деген сұраныс та өзгереді әрі осындай ырғаққа үйрену өте қиын.
Ұсынылған жобаның бірнеше жағын, болашаққа деген әсері мен әкелетін қауіп-қатерін және де жалпы бағасын SWOT талдауында көрсетемін.
