- •Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: қазіргі қазақстан мен экономика
- •1. Қазақстанның отандық тауарына қатысты мәселелер және олардың туындау тарихы
- •2. Мәселелерді жан-жақты қарастыру
- •3. Отандық тауарға деген сұранысты арттыру ушін ұсынылған шешу жолын зерттеу
- •4. Мәселені басқа да шаралар арқылы шешу жолдары және swot кестесі
- •Қорытынды.
- •Дереккөздер
- •Http://baq.Kz/kk/news/kazakstan-ekonomikasi/kazakstanda-zhasalgan-onimderdi-koldaiik-senat-deputati-60786 - халықты «Қазақстанда жасалған» науқанын Сенат депутаттарының қолдауға шақыруы (Baq.Kz)
Атырау қаласы
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан Курстық жұмыс Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: қазіргі қазақстан мен экономика
Тақырып: «Қазақстанның отандық өнімінің сапалы сұранысқа ие болуы үшін қандай шаралар қажет?»
Орындаған: Оразғалиева Әлия Сиғуатқызы
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Жұмабеков Әділет Нұрқанатұлы
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор
(аты-жөні, қолы)
Атырау, 2016
Кіріспе
Әр заманда әрбір мемлекет үшін, жан жақты даму маңызды болған, әрі қазір де бүкіл әлем соны қалағандықтан тоқтамай дамып және өзгеріп келе жатыр. Сол дамудың ең бастысы экономикалық даму болып саналады, өйткені, адамдар жақсы әрі қиыншылықсыз өмір сүргісі келеді. Әлемдік нарықта да экономикасы мықты елдер өз билігін жүргізе алады, күллі әлемге қатысты сұрақтарды реттеп, көптеген мәртебеге ие болады. Ал сонда экономикалық жағдайды қалай реттеуге болады? Менің ойымша, әр мемлекеттің халқы өз жауаптарын беретін еді, әрі бұл жауаптар сан түрлі болатын еді, өйткені олардың мемлекеттерінің өз даму жолдары бар. Алайда жалпы алғанда, экономиканы дамыту үшін, елдің экспортын көбейтіп, импортын азайту керек, сан алуан реформаларды өткізіп, өнеркәсіпті мықты қылу керек және шығындарды азайту керек. Экономикалық жағдайды реттеу үшін біздің елдің басқармасы көптеген стратегияларды ойластырып, ұстанып отыр. Мысалы, аймақтық даму стратегиялары, еліміздің әрбір аймағының экономикалық жағдайын нақтырақ қылып жатыр. Осының арқасында, аймақтық өнім саны жылдан жылға өсіп жатыр. Мысалы, егер де 2010 жылы Атырау қаласының өңірлік өнімінің көлемі 2843649,2 млн.тг. болса, онда 2012 жылы 3105359 млн.тг.-ге өскен. Алайда, Қақстанда осы шаралардың бәрі де жасалып жатса да, әлі де біздің еліміздің тауар айналымы дамымаған әрі ішкі өнімге деген сұраныс аз. Сондықтан бұл еліміздегі өзекті мәселердің бірі болып саналды. Бұның бірнеше себебі бар:
Біздің импорттайтын тауарымыздың саны аз болса да (39,6%), сол импорттайтын нәрселеріміз дайын тауар болып саналады. Ал бұл, өз кезегінде халықтың соларға тәуелді болуына жетелейді.
Елімізде экспорттың саны жыл сайын өсіп келе жатырса да (60,4%), біз тек қана шикізат пен өз пайдалы ресурстарымызды шетелге сатамыз, дайын тауар экспорттамаймыз, сондықтан, сатқан тауарымыз арзанға шығады.
Халқымыз өз елінің тауарын таңдамайды, өйткені сол тауарлардың жақсы жарнамасы жоқ әрі керекті тауарлардың көптеген түрлері елімізде өндірілмейді.
Сондықтан, мен осы курстық жұмыста, отандық, оның ішінде өңірлік тауарымызды мейілінше сапалы қылып, оны әлемдік нарықта орны толмас брендке айналдыруымыздың шараларын қарастырып, отандық тауарға қатысты мәселелердің мәнін ашып, оларды шешу жолдарын ұсынамын.
