- •2.1. Си тілінің қарапайым элементтері
- •2.2.1 Пайдаланылатын символдар си тілінің символдарын бес топқа бөлуге болады.
- •2.2.2 Тілдің қарапайым объектілері
- •Volatile continue enum short while
- •Int t0, tn, step;
- •2.3. Ситіліндегімәліметтертиптері
- •2.4. Бүтін сан түріндегі мәліметтерді сипаттау
- •2.4.1. Int бүтін сандар типі
- •2.4.2. Char типі
- •2.4.3. Float және double жылжымалы нүктелі нақты сандар типтері
- •2.5 Символдық тіркестер (жолдар, қатарлар)
- •2.6. Printf және scanf функциялары
- •Бақылау сұрақтары
- •3. Си тілінде қолданылатын негізгі операторлар
- •3.1. Меншіктеу операторы
- •3.2. Типтерді түрлендіру
- •Int I; float fl;
- •3.3. Программа жұмысын басқару операторлары
3.2. Типтерді түрлендіру
Егер өрнекте әр түрлі типтегі сандар мен айнымалылар қолданылса, онда олар жалпы бір типке түрлендіріледі. Біз қарастырған барлық негізгі типтер ішінде төменнен жоғары қарай бағытталған түрлендірілу реттілігі бар. Егер оларды оңған солға қарай реттеп орналастырсақ, мынадай болып шығады:
char short int long float double
Оң жақтағылары сол жақтағылардан гөрі жоғары дәрежелі болып табылады.
Егер char мен short типтері араласса, нәтижесі – chort болады,
ал short пен int типтері араласса, нәтижесі – int болады,
ал int пен long типтері араласса, нәтижесі long,
ал long пен float типтері араласса, нәтижесі float,
ал float пен double типтері араласса, нәтижесі double болады.
Егер екі-үш тип араласып, ең үлкен дәрежелісі – float болса, әрқайсысы да және нәтиже де осыған келтіріледі.
Компилятор типтерді автоматты түрде түрлендіру үшін төмендегі негізгі ережелер жиынын пайдаланады:
Егер операция екі түрлі типтегі мәліметтер үшін орындалатын болса, онда олар осы мәліметтер типтерінің арасындағы “жоғарғы” типке келтіріледі.
“Жоғары” типтен бастап, “төмен” типке дейін реттелген типтер аттарының тізбегі келесідей түрде көрсетіледі:
d
ouble
float
long
int
short
char
Меншіктеу операторында оң жақта орналасқан өрнектің есептелген нәтижесі осы оператордың сол жағына жазылған айнымалының типіне келтіріледі. Осындай процесс типтің “жоғарысына” немесе “төменіне” келтірілуі мүмкін.
Мысалы:
#include <stdio.h>
#include <conio.h>
main ()
{
char ch;
Int I; float fl;
fl=i=ch='A';
printf("ch=%c i=%d fl=%6.2f\n",ch,i,fl);
// ch=A i=65 fl= 65.00
ch=ch+1; // ch=66
i=fl+2*ch; // i=65.00+2*66=197
fl=2.0*ch+1; // fl=2*66+1=133
printf("ch=%c i=%d fl=%6.2f\n",ch,i,fl);}
// ch=B i=197 fl=133.00
Келтіру операциясы. Жоғарыда көрсетілген типтердің түрлендірілуі автоматты түрде орындалады. Мәліметтердің көрсетілген қажетті типіне келтіру үшін Си тілінде арнайы бір тәсіл бар. Бұл тәсілде типтерді бірыңғайлау үшін, айнымалының алдында дөңгелек жақшада қажетті типтің аты жазылады. Жалпы түрге келтіру операциясы мынадай болып жазылады: (тип)өрнек. Мысалы:
int m;
float x,y;
y=pow(x,2)+sqrt((double)m);
3.3. Программа жұмысын басқару операторлары
Программа жұмысын басқару операторлары программаның басқарушы конструкциясы деп аталады. Олар:
құрама операторлар;
таңдау операторлары;
цикл операторлары;
көшу операторы.
Құрама операторларға жай құрама операторлар және блоктар жатады. Екеуі де жүйелі жақшаға алынып жазылады. Блокта жай құрама операторларға қарағанда, айнымалыларды сипаттау жолдары болады. Мысалы:
{ n++; жай құрама оператор
summa+=n;
}
{
int n=0;
n++; бұл блок
summa+=n;
}
Қатынас операциялары. Қатынас операциялары екі мәнді салыстыру үшін қолданылады. Си тіліндегі қатынас операциясының тізбегі мынадай: ==, !=, <, <=, >, >= .
Егер қарастырылатын қатынас нәтижесі ақиқат болса, шарттық өрнектің мәні 1-ге тең болып саналады. Егер ол жалған болса, шарттық өрнек мәні 0-ге тең болады. Қатынас операциясының приоритеті арифметикалық операцияларға қарағанда, төмен және меншіктеу операторымен салыстырғанда жоғары болады. Ал қатынас операцияларын приоритеттеріне сәйкес етіп екі топқа бөлуге болады. Мұнда соңғы 4 операцияның приоритеті 1-ші және 2-ші операциялар приоритетімен салыстырғанда жоғары болады.
Логикалық оператор. Екі немесе бірнеше шарттық өрнектерді біріктіру үшін логикалық оператор қолданылады. Си тілінде келесі логикалық операторлар бар:
және (&&) операциясы; f1 && f2
немесе (or) операциясы; f1 f2 ( | коды - 124 )
терістеу ! (not) операциясы. !f1
Терістеу (емес, қарсылық) операциясының приоритеті өте жоғары, одан тек жақша ішіндегі мәндердің проритеті жоғарылау болады. && операциясының приоритеті|| (or) операциясымен салыстырғанда жоғары, ал осы екеуінің приоритеттері қатынас операцияларымен салыстырғанда төмен, меншіктеу операциясынан жоғары болады.
