- •2.1. Си тілінің қарапайым элементтері
- •2.2.1 Пайдаланылатын символдар си тілінің символдарын бес топқа бөлуге болады.
- •2.2.2 Тілдің қарапайым объектілері
- •Volatile continue enum short while
- •Int t0, tn, step;
- •2.3. Ситіліндегімәліметтертиптері
- •2.4. Бүтін сан түріндегі мәліметтерді сипаттау
- •2.4.1. Int бүтін сандар типі
- •2.4.2. Char типі
- •2.4.3. Float және double жылжымалы нүктелі нақты сандар типтері
- •2.5 Символдық тіркестер (жолдар, қатарлар)
- •2.6. Printf және scanf функциялары
- •Бақылау сұрақтары
- •3. Си тілінде қолданылатын негізгі операторлар
- •3.1. Меншіктеу операторы
- •3.2. Типтерді түрлендіру
- •Int I; float fl;
- •3.3. Программа жұмысын басқару операторлары
Volatile continue enum short while
Бұған қоса операторлар мен стандартты функциялар аттары да түйінді сөздер тізімі секілді басқа мағынада қолданылмайды.
Стандартты функциялар. Си тілінде алдын ала программалары жасалып стандартты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілердің бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады. Стандартты функцияны жазу үшін міндетті түрде функцияның аты және жақшаның ішінде аргументі көрсетілуі қажет. Стандартты функциялар: fabs(x), sіn(x), cos(x), asin(x), acos(x), tan(x), exp(x), log(x), sqrt(x), atan(x), т.с.с. Функцияны есептеу барысында аргумент пен функция типтерінің әр уақытта сәйкес келе бермейтінін есте сақтаған жөн. Си тіліндегі стандартты функцияларды пайдалану үшін <math.h> тақырыптық файлы (прототипі) қолданылады.
Комментарий – түсініктеме ретінде қолдануға болатын символдар тізбегі. Олар ұлттық алфавиттерді де пайдалана береді. Комментарий басы мен аяғы /* ...*/ осындай таңбалармен шектелуі тиіс. Олар бір немесе бірнеше жолдардан да тұра алады. Си++ тілінде жол соңында тұратын комментарийлер // сиволдарынан кейін орналасады. Си және Си++ тілдерінде құрастырылған есептерді бір компилятор арқылы шығаруға болатындықтан, көбінесе түсініктемелердің жоғарыдағы екі түрін де пайдалана беруге болады.
/* программа ішіндегі комментарийлер осылай орналасады */
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі оператор болып табылады. Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің атаулары мен типтерін, олардың алғашқы мәндерін алдын ала тағайындау программаның сипатталуы болып саналады.
Енді Фаренгейт градустарын Цельсий градустарына ауыстыратын программа мәтінін келтірейік.
/* Градустарды Фаренгейт бірлігінен Цельсий
бірлігіне алмастыру, f = 0, 20, ...,300 */
#include <stdio.h>
#include <conio.h>
main()
{
Int t0, tn, step;
floatf,c;
t0 = 0; /* төменгі температура */
tn =300; /* жоғарғы температура */
step = 20; /* өзгеру қадамы */
clrscr();
f = t0;
printf("ГрадФГрадЦ\n");
while (f <= tn)
{
c = (5.0/9.0) * (f -32.0);
printf("%4.0f %6.1f\n", f, c);
f = f + step;
}
printf("\nАяқтау үшін ENTER басыңыз");
getch();
}
}
2.3. Ситіліндегімәліметтертиптері
Мұндамәліметтердіңбірнешенегізгітиптеріқолданылады. Олар:
char (8 бит) – символдық, яғнитаңбалық тип,
short– қысқабүтін сан,
int – бүтін сан типі,
long – екіеселенгенбүтін сан,
unsigned – таңбасызбүтін сан,
float – нақты сан типі, яғнижылжымалынүктелісандар,
double – екіеселенгеннақты сан типі,
longdouble– ұзартылған, әріекіеселенгеннақты сан типі.
Алғашқытөрттип бүтінсандардысипаттауүшінқолданылады. Төмендегікестедеәртүрлітиптердіңұзындықтарыкөрсетілген.
Си тілінің ішкі құрамындағы мәліметтер типтері мен олардың
ені (ұзындығы) 2.5 кесте
Мәлімет типі |
Ұзындығы (бит – байт) |
Сандар диапазоны |
char |
8 бит – 1 байт |
-128 ... +127 |
unsigned char |
8 бит – 1 байт |
0 ... 255 |
short int |
16 бит – 2 байт |
-32768 ... 32767 |
unsigned short |
16 бит – 2 байт |
0 ... 65 535 |
int |
16 бит – 4 байт |
-32768 ... 32767 |
unsigned [int] |
32 бит – 4 байт |
0 ... 4294967295 |
long |
32 бит – 4 байт |
-2 147 483 648 ... 2 147 483 647 |
unsigned long |
32 бит – 4 байт |
0 ... 4 294 967 295 |
float |
32 бит – 4 байт |
3.410-38 ... 3.41038 |
double |
64 бит – 8 байт |
1.710-308 ... 1.710308 |
long double |
80 бит – 10 байт |
3.410-4932 ... 3.4104932 |
