Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Си тілі лек.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.47 Кб
Скачать

2.2.2 Тілдің қарапайым объектілері

Тілдің қарапайым объектілеріне сан, идентификатор, константа, айны­малы және функция, өрнек ұғымдары кіреді.

Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті мәлі­мет­тердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік) мән­­­дері болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін алгебра кур­сын­дағы белгілеу­лерге ұқсас шартты атаулар пайда­ланы­лады. Бұл атау­лар әр түрлі мәндер­ді (сандық мән, символдық мән, т.с.с.) қабыл­дауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.

Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге бөлінеді. Бүтін сандар: +4, -100, 15743, 0 т.с.с. Қазіргі дербес компьютерлер үшін қолданылатын бүтін сандар (ағылшынша ІNTEGER) -32768 бен +32767 аралығында ғана жазылады, бұдан үлкен сандар нақты сандарға айналдырылады.

Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы бөлген күйде жазылады. Мысалы: 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде р түрінде жазылады да, олардың диапазоны әлде қайда кең болады, мұндағы m-санның мантиссасы деп аталады, Е-онның дәрежесі дегенді білдіреді, ал р- дәреженің өз мәні. Мысалы:

Кәдімгі жазылуы

Си тілінде жазылуы

145

145

147,125

147.125

-6,045

-6.045

12*1014

12Е+14

-0,52*104

-0.52Е4

5,2*10-12

5.2Е-12

-45*106

- 45Е6

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тіл ережесі бойынша бірнеше констант типтері болады, мысалы, символдық, бүтін, нақты константтар, т.б.

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Әрбір айнымалы мен констант программа алдында сипат­талуы тиіс. Олардың компьютер жадында алатын орны типтеріне байланысты болады. Константтар мен айнымалылар идентификатормен белгіленеді.

Атау – идентификатор (іdentіfіcatіon – объектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және прог­рам­мадағы тұрақтыларды, типтер­ді, айнымалыларды, функциялар­ды, файл­дар­ды және тағы басқа­ларды белгілеп жазу үшін қажет. Иден­ти­фи­ка­тор­лар тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың түрлерін, функцияларды, программаларды, файлдарды, т.б. программа объектілерін белгілеу үшін қолданылады. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен сақтау біраз уақыт керек етеді.

Идентификатор – латын әрпінен басталып, әріптер мен цифрлардан тұратын тізбек. Мысалы, a, beta, b5, baga, т.с.с. Айнымалыны сипаттау мынадай нұсқада орындалады:

charf;

longz, t;

int a, beta, baga;

float b5, k, n;

int y = 10;

Қолданылатын негізгі типтерге мыналар жатады:

char shortint long float double

Алғашқы төрт тип бүтін сандарды, соңғы екеуі –нақты сандарды өрнек­тейді, charтипікомпьютерде бір символды (байт) бейнелейді.

Идентификаторлар латын алфавитінің бас және кіші әріптерінен және цифрлардан құралады. Әріп ретінде астын сызу символын (_) қолдануға рұқсат етілген. Бас әріп пен кіші әріп бірдей болғанымен әр түрлі идентификаторлар болып саналады, мысалы, abc, ABC, A128B, a128b төрт түрлі идентификатор болып есептеледі.

Идентификатор ұзындығына шек қойылмайды, бірақ оның алғашқы 31 символы ғана мағыналы болып саналады. Идентификатор сипаттау кезінде анықталады да, кейінгі операторларда қолданыла береді. Сипатта­латын идентификатор Си тілінің түйінді сөздерімен сәйкес келмеуі тиіс.

Константалардан, айнымалылардан, функциялардан және операциялар таңбаларынан өрнектер құралады. Әрбір өрнек арифметикалық опера­циялар таңбаларымен қажетті жақшалар көмегімен бірікті­рілген бірнеше операндтардан (сан, айнымалы, константа) тұрады. Математикадағы формулалар, алгебрадағы көпмүшеліктер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.

Егер өрнек мәні бүтін немесе нақты сан болатын болса, ол арифме­ти­калық өрнек болып саналады. Арифметикалық өрнектерде мынадай операциялар: + - * / % болады. Жалпы өрнектер бір жол бойына жазылады және олардағы операция реттілігі жақшалармен анықталады. Өрнектерді жазу мысалдары:

і = і+1; k = 5.35; x1= (-b+sqrt(b*b-4*a*c))/(2*a) ;

y = sqrt(sin(x)+1); c = 2*pі*r; R = 19.36;

Қатынас таңбасы арқылы біріктірілген екі арифметикалық өрнек мәні басқа тілдердегідей ақиқат (0-ге тең емес) немесе жалған (0-ге тең) деп айтылады. Бірақ Си тілінде логикалық тип түсінігі айтылмайды, ол Си++ тілінде бар.

Түйінді сөздер – мағынасы алдын ала анықталған идентификаторлар, олардың саны шектеулі. Тұтынушы айнымалы, констант, өз функциялары аттарында тілдің түйінді сөздерін пайдаланбауы тиіс, олар тек өз мағына­сында ғана қолданылады.

Бірсыпыра түйінді сөздер тізімін келтірейік.

auto double intstruct break else long switch

registertupedef char extern return void case float

unsigned default for signed union do if sizeof