- •Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны
- •Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
- •Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
- •Қазақ тілі пәні арқылы меңгерілетін құзіреттіліктер
- •Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі
- •Білім беру технологиялары
- •Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, оқуәдістемелік кешені
- •Сөзжасамды оқыту әдістемесі
- •Морфологияны оқыту әдістемесі
- •Мәтінді оқыту әдістемесі
- •Тіл дамыту әдістемесі
- •Сөз мәдениетін оқыту әдістемесі
- •Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
- •3.3. Төменде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз:
Сөзжасамды оқыту әдістемесі
Сөзжасам проблемасының немесе жаңа сөз тудыру мәселесінің әр түрінің негізгі ерекшелігі, басты қасиеті неде деген сұрақ - бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерінің бірі. Ал, ең алдымен, соны айқындап алу қажеттігі туғанда, біз сөзжасамның негізгі лексикалық-грамматикалық қасиеті арқылы тілдік құрылымының қай деңгейінен орын алатынын анықтаймыз. Осы жағынан келгенде, лексика-семантикалық тәсіл (қосымшалар қосылу) негізінде де, аналитикалық тәсіл (сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру) негізінде де сөз тудырудың (сөзжасамның) ең басты мәні, ерекше сипаты жаңа мағыналы сөз (мейлі жалаң сөз, мейлі туынды сөз, мейлі күрделі сөз болсын) жасап, сол арқылы, біріншіден, жаңа ұғымның атауы пайда болып, екіншңден, қазақ тілінің сөздік құрамын байыта түседі. Демек, сөзжасам проблемасы, ең алдымен, тікелей лексикалық мағынамен, соны жасаумен байланысты да, сол арқылы одан кейін грамматикалық байланысты.
Сонымен, қандай тәсілмен жасалса да, сөзжасам проблемасының ең бірінші және ең басты мәні, негізгі ерекшелігі - бір, жаңа сөз тудыру, сөйтіп тілдің сөзжасам қатарын кеңейту, тілдің сөздік құрамын байыту. Осы қасиеттердің негізінде сөзжасам тәсілдері мен түрлерінің белгілі бір тілдік үлгі ретінде, біріншіден, өнімділік - өнімсіздік, екіншіден, құнарлылық – құнарсыздық, сондай-ақ, үшіншіден, қолданыстық (жанрлық-стильдік) сипаттары анықталды.
Қосымшалар арқылы сөз жасау, сөз мағыналарының өзгеруі, басқа тілден енген кірме сөздер, т.б. - тіл дамуындағы негізгі өнімді жолдар. Қазақ тілінің жалғамалық табиғатына сай косымшалар арқылы сөз жасаудың орны ерекше десек, сөздік мағыналық өзгеруі - жаңа сөздің семантикалық мазмұнына сай келгенде ғана мүмкін болады. Сондықтан да сөз мағынасының өзгеруі - тарихи-эволюциялық құбылыс.
Ана тілінің ішкі потенциалды мүмкіндіктерін пайдалану орынды. Бұл орайда сөзжасамның атқарар рөлі ерекше.
Тіліміздегі сөздік құрамның басым көпшілігі туынды сөздер екендігі белгілі. А.Ибатовтың «Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігінде» (1988, А.,) он төрт мыңдай сөз қамтылған.
Қазақ тіл білімінде сөз тудыру барлық грамматикаларда морфология құрамында берілген, ол жөнінде басқа пікір ұсынушылар, пікір таласы кездеспеді. Бірақ ғылымдағы соңғы,жаңа көзқараспен санаспауға болмайды
Бұған қоса, студенттер сұрақты дұрыс қоя білу; оқушы білімін дұрыста шынайы тұрғыдан бағалай білу; бір сабақта түрлі әдістерді үйлесімді де тиімді қолдана білу; оқушының дәптерлерін жүйелі тексеру; оқыту технологиясын сабақта бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап, сараптай білу т.б. іскерлік дағдыларды меңгерулері тиіс. Сөздің негізгі мағына білдіретін бөлшегін түбір дейміз. Мысалы: қолға, малшылар, өнерпаздар, шекарадан, қолма-қол, ауыл-аймағы, колхоздан дегендердің түбірі - қол, малшы, өнерпаз, шекара, қолма-қол, ауыл-аймақ, колхоз. Түбір сөздің құрамы, осы мысалдардағыдай, әр түрлі болады: қол - негізгі түбір, малшы, өнерпаз - туынды түбір, шекара - біріккен түбір, қолма-қол, ауыл-аймақ - қосарлы түбір, ал колхоз -екі сөзден тұжырымдалған қысқарған түбір.
Қазақ тіліндегі сөздердің түбір тұлғасы, осылайша, 5 түрге бөлінеді:
1.Негізгі түбір.
2.Туынды түбір.
3.Біріккен түбір.
4.Қосарлы түбір (қос сөз).
5.Қысқарған түбір (қысқарған сөз).
Сөздің басқа сөзге бөлшектеуге келмейтін ең негізгі тұлғасын негізгі түбір дейміз. Мысалы: ал, кел, жүр, ақы, кітап, адам, көше, жер, жапырақ.
Негізгі түбірге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа сөз тұлғасын туынды түбір дейміз. Мысалы: етік-ші, өнер-паз, қон-ақ.
Негізгі түбірге жалғанған жалғау және сөз түрлендіруші жұрнақтар туынды түбір жасамайды.
Бір түбірге түрлі жұрнақ жалғану арқылы бірнеше түбір жасауға болады.
Бір түбірден тараған туынды түбірлерді түбірлес сөздер дейміз.
Екі я одан да көп сөз бірігіп, жаңа лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын біріккен сөз дейміз. Мысалы: Болатбек, Тасболат, Ақтөбе, тасбақа, ашудас, әркім.
Біріккен сөздердің құрлысы екі түрлі болады:
1. Кіріге біріккен. Мұндайға жеке сөздердің бұрынғы түрі сақталмай, өзгеріске ұшырап барып жымдасқан сөздер жатады. Мысалы: бүгін ( бұл күн ), сексен ( сегіз он ), апар ( алып бар ), ашудас ( ашу тас ), белбеу ( бел бау ), Дәметкен ( дәме еткен ).
2. Тұтаса біріккен. Мұндайға бастапқы түр-тұрпаты сақталып жаңа мағынада қосылып айтылатын, бірігіп жазылатын сөздер жатады. Мысалы: Тасбақа, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Бесарық, Олжабай, Сырдария.
Екі сөз қосарланып ( я бір сөз қайталана қосарланып ), бір лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын қос сөз дейміз. Мысалы: ыдыс-аяқ, киім-кешек, төбе-төбе, әке-шеше, сауыт-сайман, туған-туысқан.
Қос сөздер тұлғасына қарай 3 түрге бөлінеді:
Қосымшасыз қос сөзі. Мысалы: ата-ана, тарс-тұрс, тау-тау, ине-жіп.
Қосымщалы қос сөз. Мысалы: үйді-үйіне, қолма-қол, бет-бетіне.
Күшейтпелі буынды қос сөз. Мысалы: қып-қызыл, ап-ашық, жап-жақсы.
Грамматиканы (морфология, синтаксис) оқыту әдістемесі
Оқушыларда грамматика бойынша білім, дағды, іскерлік дұрыс қалыптасуы оқыту әдістері мен тәсілдеріне тығыз байланысты. Оқыту әдістеріне мұғалімнің сөзі, өз бетімен жұмыс, бақылау т.б. жатады. Ал тәсілге грамматикалық талдау, салыстыру, топтау, жүйелеу т.б. жатады.
“Грамматикалық талдау білімді бекіту, материалдаы қайталау мақсатында жүргізіледі. Мектеп тәжірибесінде талдау мазмұнына қарай: морфологиялық, синтаксистік; көлеміне қарай толық, жартылай; тәсіліне қарай ауызша, жазбаша; орнына қарай: сыныптық және үйде болып бөлінеді”.
Әрбір сөз табының заңдылықтарын, олардың грамматикалық белгілерін меңгертуді фонетика, лексика, орфографиялардан өтілген білімді еске түсіріп, солармен ұштастыра іске асыру керек. ...Сөз табының лексика-грамматикалық белгілерін дұрыс аңғарту үшін, мұғалім тілдің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгісін бірдей қарастырады. Осы үш түрлі принципті бірдей қамтып, оларды түгелдей ескеріп отырған жағдайда ғана әр сөз табындағы мағына мен форма нақты ашылып, сөз табының бөліну принципі дұрыс аңғартылады. Қазақ тіл білімінің морфология саласынан терең білімі бар мұғалім сабақты қалай түрлендіріп өтсе де өз еркі. Тек онда белгілі бір жүйелілік болғаны жөн. Қазіргі таңда сабақ процесінде жаңа технологияның элементтерін де ұтымды қолдану үлкен нәтижеге жетуге көмектеседі.
Сөз таптарының сыр-сипатын ашпастан бұрын, ең алдымен қазақ тілі лексикологиясындағы сөздердің мағыналық, морфологиялық белгілеріне қарай үш топқа бөлінетінінен мәлімет беріледі.
Осы көрсетілген принциптердің негізінде атаушы сөздерді мынадай сөз таптарына бөліп қарауға болады: зат атауын білдіретін зат есім, заттың әр түрлі сынын, қатыстық белгісін білдіретін- сын есім, заттың сандық мөлшерін білдіретін- сан есім, есім сөздер орнына жүретін орынбасар сөздер-есімдік,қимыл, іс- әрекетті білдіретін етістік, қимыл, әрекеттің әр түрлі сипатын (амалын, мекенін, мезгілін, мақсатын т.б) білдіретін үстеу, әр түрлі дыбыстарға еліктеп аталатын еліктеу сөздер болып бөлінеді. Осы атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модель сөздер де жеке-жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты (көңіл-күйін білдіру я модальдық) мәндер қосады.
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда кейінірек барып зерттеле бастаған сөз тіркесі синтаксисінің кейбір қырлары осы күнге дейін пікірталасын тудырып жүр. Бұл аталған саланың өзіне ұқсас басқа тілдік тұлғаларының бірізге түспеуінен де болар. Себебі, сөз тіркесіне ұқсас күрделі сөздер, сөздердің салалас қатарлары, атаулық тіркестер жайындағы мәселелер әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Тілдің дамуы барысында толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздердің тіркесі тек сөз тіркесінің бір сыңарының ғана қызметін атқара алатыны айқын көріне бастады. Осы тәрізді тіл дамуы барысында атаулық тіркестер мен сөз тіркестерінің аражігі анық көрінері сөзсіз. Сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларды мектеп грамматикасында терең, жан-жақты оқытуды бүгінгі өмір заңдылығы талап етіп отыр. Себебі соңғы жылдары жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкерлерді тест жүйесі арқылы қабылдау қанат жайды. Ал бұл еңбектерде берілген тапсырмаларда сөз тіркесіне ұқсас тұлғалар көптеп қамтылған.
Сөз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз - оқушылардың жас ерекшелігі негізінде сөз тіркестерінің ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру заңдылықтары (сөз тіркесінің тіркесу заңдылықтары, мағыналық заңдылықтары, бір-біріне бағына байланысу заңдылықтары) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал тәсілдердің жиынтығы.
