Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ад жауаптар.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆
  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тиянақты білім беруде мұғалімдердің ескеретін жұмыстары көп-ақ. Сондықтан қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық принциптер мен методикалық заңдылықтарға сүйенеді. Дидактикалық принциптер:

- ғылыми принцип

- жүйелі принцип

- көрнекілік принципі

- саналылық пен белсенділік принципі

- теорияны практикамен байланыстыру принципі

- жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі.

Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір-біріне ұштастырып отырады. Осы дидактикалық принциптерді іске асыру тұсында, негізінен екі түрлі принциптің орындалатындығы байқалады. Біріншісі- оқушылардың қазақ тілі материалдарын жете меңгеру процесі. Мұны оқушылардың оқу материалдарын саналы түсінуі, оған оқушының белсенді қатысуы арқылы анықтауға болады. Екіншісі-оқу материалдың сабаққа қатысы оншалық көп байқалмайды, көбінесе мұғалімнің белсенділігі аңғарылады. Сабақты көрнекі, жүйелі түсінуге оңай етіп құру ең қасиетті міндет болып табылады.

Ғылыми принцип. Қазақ тілінен білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын принциптің бірі- ғылыми принцип. Оқушыларға берілетін білімнің барлығы лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегінен өткізіліп, оқушылар ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Тілдік фактілердің тіл білімінде әбден қорытылған, шешілген мәселелері ғана мектеп оқушыларына жеткізіледі. Сондықтан да оқушыларға берілетін білім мазмұны, көлемі және оны оқытудың жүйесі сараланып мектепте өтілетін қазақ тілі жүйелі курсы бойынша ғылыми мәліметтер беріледі. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тілдік мәлімет беруде жалаң теориялық материалдарды ғана ескермей, практикалық жағдайларды да ескерген мақұл.

Жүйелі принцип. Жүйелі принцип – жаңа материалды түсіндіруде, білім мен дағдыларды бекітуде біріккен сабақ құрылымында білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда үй тапсырмаларын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Қазақ тілі материалдарын меңгерту көрнекі түрде, біріккен сабақ құрылымында, білім мен дағдыларды тексеруде, пысықтау мен қайталауда, үй тапсырмасын беруде және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Содан кейін өтілетін тақырып дауыстап оқылып, материалдың өзіндік белгілері салыстырылып, анализ-синтез жасалынады.

Көрнекілік принципі. Оқушыларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принциптің бірі – көрнекілік принципі. Бұл принцип оқушылардың дыбыс жүйесіндегі білімі мен дағдыларын әрі қарай нығайту үшін қолданылады. Оқушылардың дұрыс сөйлеуін қамтамасыз ете отырып, дәл сөйлеуге, нақты баяндауға баулиды. Сөйтіп көрнекілік: а) дауысты және дауыссыз дыбыстардан берілетін білімнің дәл, анық болуын қамтамасыз етеді; ә) орфографиялық объектілердің жете меңгерілуіне, буын,екпін және үндестік заңын оқушылар ойында тұрақты қалдыру үшін пайдасын тигізеді; б) орфографиялық тақырыптарды терең меңгерту үшін жағдай жасайды; в) жергілікті тіл ерекшеліктерін болдырмаудың мүмкіндіктерін жүзеге асырады; г) морфологиялық тақырыпты танытуда септігін тигізеді; ғ) оқушылардың тілге деген құмарлығын асырады; д) олардың бақылағыштық және сенімділік қабілетін арттырады.

Саналылық пен белсенділік принципі. Қазақ тілі объектілерін саналы түрде меңгерту үшін мынадай жұмыстарды іске асырған жөн: 1) тілден берілетін мағлұматтарды жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отырған мақұл; 2) түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылар тапсырманы еркін орындау керек; 3) күнделікті, тоқсандық және жылдық қайталаулар тұсында өткен материалдарға байланысты толық жауап болуы тиіс; 4) орфография мен орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білгені білгені дұрыс; 5) күнделікті өмір қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгергені жөн.

Теорияны практикамен байланыстыру принципі. Мектепте қазақ тілінен алған теориялық білімді күнделікті өмір қажетіне қолдана білу теорияны практикамен байланыстыру принципі болып табылады. Осы алған білімдерін кеңейте отырып, оны күнделікті өмір қажетіне жаратады. Оқушылар ауызша мазмұндаудың бірнеше түрлерін де меңгереді. Қазақ тілінен берілетін теориялық білім мынадай практикалық мақсаттарды жүзеге асырады: 1) тілден алған теориялық білімін ауызша және жазбаша мақсатта қолдана білу; 2) түрлі талдаулар жасай білу; 3) орфография мен орфоэпиядан алған білімді ауызша түрде сауатты іске асыру.

Түсінуге жеңіл қолайлылық принципі. Мектеп оқушыларына тілдік факторлерге байланысты білім мен дағдыларды жетік әрі берік меңгертуде түсінуге жеңіл қолайлылық принципін қолданған жөн. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімнің анықтамалары мен ережелері, терминдер жаңа қазақ тілінен берілетін теориялық білімнің анықтамалары мен ережелері, терминдері мен өзіндік белгілері, жасалу жолдары мектеп оқушыларының қабылдау, ойлау сияқты психикалық қасиеттеріне лайықты түсіндіріледі. Түсінуге жеңіл қолайлылық принціпін іске асыруда мұғалім мынадай методикалық жүйені пайдаланады: Алдымен қазақтілінен тақырыптарды дәл таңдап алып, оны жеңіл мысалдармен түсіндіріледі; тілдік тақырыптардың өзіндік ерекшеліктерін оқушыларға айтқызып, ауызша мысалдар келтіреді; бұл мысалдарын тақтаға жаздырып, талдау жасатады; талдау үстінде тақырыптың өзіндік белгілерін саралап айтқызып, қорытынды пікір шығаруға төселдіреді.

Оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принципі. Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар беруде олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындық дәрежесі ескеріледі. Күнделікті сабақ үстінде оқушылардың осындай ерекшеліктеріне орай жұмыс істеу тәртібі белгіленеді. Оқушыларға өткен материалмен жаңа материалдың байланысын таптырып, тақырып өзіндік белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін мұғалім бақылап отырады. Нашар және орта меңгерген оқушылармен сабақ үстінде түрлі жұмыстар жүргізіледі. Алдымен үйге берілген тапсырмаларды бақылап, тексеріп шығады. Сонан соң жаттығудың шартын дұрыс және бұрыс орындағандарына назар аударады.