Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ад жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242.65 Кб
Скачать
  1. Қазақ тілі пәні арқылы меңгерілетін құзіреттіліктер

Әлемдік тәжірибе  бойынша  XXI ғасыр жоғарғы оқу орындарының қызметін  және ондағы білім беру  мазмұнын  анықтауда  бірқатар  жаңа тұжырымдық тәсілдердің негізгі бағыттары  түзілгендігінкөрсетеді. Осытұрғыдан  алыпқарағанда  тілүйренушіге  алған білімнің  негізінде  өмірдің өзгермелі  жағдайларын еркін бағдарлауға, білімін толықтырып  дамытуға, сол арқылы   сөз мүмкіндіктерін  іске асыруға  және адамгершілік  тұрғыда  өз бетінше  дұрыс әрі жауапкершілікпен  шешім қабылдауға бағыт беретіндей  болуы тиіс. Білім берудің бұл  тұжырымдары  бүгінгі таңда жаңа «компетенттілік тәсіл» «компетенция» «компетенттілік»,яғни соңғы  уақыттары «құзіреттілік» ұғымдары  арқылы беріліп келеді.

            Қазіргі  кезде  бұл ұғымдардың   мән-мағынасын  талдауға  арналған  ірі  ғылыми-теориялық  және  ғылыми  әдістемелік  еңбектер  жарық көре  бастады.

           Мәселен,  әлемдік    зерттеулерге      талдау      жасайтын       болсақ,А.В.Хуторской, О.Е.Лебедев, С.Е.Шишов, А.А.Кальней, Г.Селевко, И.Д.Фурмин, А.Г.Каспаржан, Т.М.Ковалева, Д.А.Иванов, К.Г.Митрофанов, О.В.Соколова және т.б. білім берудегі   құзіреттілік  мәселелеріне, оның  ұғымдары  мен  әдіс-тәсілдеріне  және  оның білім  сапасын  қөтерудегі  маңызына  тоқталып,  ауқымды зерттеулер  жүргізуде. «Құзіреттілік» терминін  алғаш  рет  Фердинанд  Де Соссюр  өз еңбектерінде адамның тек  тілді үйрету мағынасында  ғылыми тұжырымдама жасаған болатын .

            Қазіргі     тіл  оқыту  стандартына  сай   құзіреттілік   адамның белгілі – бір  ортада әрекететуге    дайындығы  және  қабілеттілігі,  академиялық   білімнің   өкілі    ретінде   "белсенді",   "әлеуметтік  бейімделген" тұлғаға  айналдырады.  Ол өз кезегінде  тұлғаны ақпараталмасу  мақсатында  қарым-қатынасқа  түсіпқана қоймай, қоғамда  әлеуметтенуге, сол қоғамды  өзгерту мақсатында  оған  әсер ете  алатын  тұлғаға  айналуына көмектеседі.  Ғалымдар     бұл терминге әртүрлі  анықтамалар  береді. Мысалы: Шилов З.Е.  және  Агапов И.Т. анықтамасы бойынша  құзіреттілік  дегеніміз - тұлғаның білім алу  барысында  меңгерілетін  білімі  мен  тәжірибесіне  негізделген,  оқу-танымдық  және еңбек процесінде оның өз бетінше  әрекет  етуіне  бағытталған жалпы  іс-әрекетке  қабілеті  мендайындығы  десе,  осы  мәндесанықтама  Л.П.Борисовтың  еңбегінде  беріледі, оған сай  құзіреттілік  оқу барысында алған  біліммен  іскерліктің  күнделікті өмірде  әртүрлі практикалық  және теориялық  проблемаларды  шешуде  қолдана  алу қабілеті.             

Сондай-ақ  қазақстандық  ғалымдарда ұлттық  білім беру  жүйесін  әлемдік  білім

кеңістігіне  кіргізужәнеқоғамдық   сұраныстарға  жауап   беру мақсатына  сәйкес    білім  берудегі  құзіреттілік   моделіне  зерттеулер  жүргізіп, оны  мектеп, жоғары  оқу орны  тәжірибесіне енгізу  мүмкіндігін  қарастыра бастағаны  көңіл қуантарлық  жай. Соның ішінде «құзіреттілік» ұғымына өз еңбегінде Д.Н. Кулибаева  тереңірек  тоқталады.

           Қорыта келгенде  «құзіреттілік»  - бір  нәрседен  хабардар болу, белгілі -  бір  іс - әрекетте білімнің, тәжірбиенің  таныс болудың  біршама  дәрежесі, тұлғаның қасиеті.

          Сонымен, бір нәрсені оқып үйрену, жетік  білу  барысында қалыптасқан  білімнің, дағдының,  іскерліктің  жиынтығы  деген мағынада  қолданатын құзіреттілікті қалыптастыру  ісінің маңызы  уақыт  өткен сайын  арта  түсуде. Әлемдік тілдік оқыту әдістемесіне  қатысты  материалдарда   құзіреттіліктің  мынадай түрлері көрсетіледі.

Жалпы  құзіреттілік  және  коммуникативтік  тілдік  құзіреттіліктер

Жалпы  құзіреттілікке  жататындар:

1.     оқуға қабілеттілік 

2.     экзистенцияға құзіреттілік (existential  competence)

3.     декларативтік  құзіреттілік (declarative  competence)

4.     іскерліктер мен   дағдылар (skill and know – how)

Коммуникативтік  тілдік  біліктіліктерге жататындар :

1.     лингвистикалық  компоненттер (linguistic  competence  - lexical , phonological – syntactical  knowledge  and skill ).

2.     әлеуметтік   лингвистикалық  компоненттер  (sociolinguistic component)

3.     прагматикалық  компоненттер (pragmatic component ­ knowledge жатады.

Құзіреттілік мәселесі Д.Хаймс, Р.Уайт, Д.Ж.Равен, И.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Г.Э.Белицкий, А.В.Хуторский   сияқты басқа да ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттелді. Осындай зерттеулерге сай ғылымда құзіреттілікке  негізделген білім беру мәселесі (competence ­ based education) Америкада  тіл теориясына қатысты Н.Хомскийдің зерттеулерінде шынайы айқындалды. Мысалы, ол «құзіреттілікті» тілді шынайы жағдайларда (perfomance) игеруден гөрі тек оның жүйесін білумен байланысты лингвистикаға тән термин ретінде қолданды, Д.Хаймс кез-келген тілді жетік үйрену грамматикалық және  лексикалық  іскерліктерді қалыптастырумен ғана емес, сонымен бірге оны әртүрлі жағдайларда қолдануға қажетті құзіреттілікті қалыптастырумен  тығыз байланысты екенін дәлелдеді, соған сәйкес ғылымға «коммуникативтік құзіреттілік» терминін енгізеді. Ал коммуникативтік құзіреттілік өз кезегінде шынайы қарым-қатынас жағдайында аса қажет болатын  бірнеше құрамдас бөліктерге бөлінеді.

           Тілдік құзіреттілік (тілдің графикалық,орфографикалық,лексикалық

және грамматикалық жақтары).

  • сөздік құзіреттілік (сөйлеу,жазу,тыңдау және оқу).

  • әлеуметтік - мәдени құзіреттілік (сол тілде  сөйлейтін халықтардың

  • әлеуметтік - мәдени портреті).

  • компенсаторлық құзіреттілік.

  • оқу танымдық  құзіреттілік (жалпы және арнайы іскерліктер),

  • лингвомәдени құзіретілік

  • кәсіби құзіреттілік

               Ал А.Н. Шукин коммуникативтік құзіреттілікті әдістемелік тұрғыдан       төмендегідей  негізгі компонеттерге бөлуді ұсынады.

1)     Лингвистикалық құзіреттілік

2)     Стратегиялық құзіреттілік

3)     Әлеуметтік құзіреттілік

4)     Әлеуметтік - мәдени құзіреттілік

5)     Дискурстық құзіреттілік.

Тілді меңгеру, сөйлесім білігі мен дағдыларын игеру, белгілі бір дәрежеде тілдік қатынасқа қол жеткізу қатысымдық құзыреттілікке ие болу дегенді білдіреді. Жеделдете оқытуда тілдік тұлғаның бойында қалыптасатын қатысымдық құзыреттілік жүйесі тіл үйренушінің тілдік бірліктерді сөйлесім әрекетінде қолдану мүмкіндігін көрсететін лингвистикалық құзыреттілік; қазіргі қоғамдағы қатынастар жүйесінде өз орнын таба алу, әлеуметтік жауапкершілік қабілеті ретінде көрініс табатын әлеуметтік-лингвистикалық құзыреттілік; әлеуметтік ахуалды бағдарлап, адамдармен тең дәрежелі қатынас тәсілдерін жүзеге асыра білу мүмкіндіктерін білдіретін әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік; кәсіби терминдерді меңгеріп, іс қағаздарымен жұмыс істей алу қабілеттерін көрсететін кәсіби құзіреттілік; сөйлеудің табиғилығын, қатысымдық қуатын сақтай отырып, эмоцияны жеткізе алу мүмкіндігін көрсететін эмоциялық құзыреттілік; қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына құрметпен қарауынан көрінетін зияткерлік құзыреттілік; тілдік тұлғаның әлемнің тілдік моделінің көрінісі болып табылатын мәдени құзыреттілік; ақпараттық білім алу ортасында табысты қызмет ету мүмкіндігін көрсететін ақпараттық құзыреттілік; айтылымның паралингвистикалық белгілеріне назар аударып, тілдік және тілдік емес факторларды ұштастыра қолдану мүмкіндігін білдіретін дискурстық құзыреттіліктердің синтезі ретінде қарастырылды.

Демек, тілді меңгертуде міндетті түрде тіл үйренушінің жан-жақты

қабілетін жетілдіруге бейімдейтін (тілдесу, оқу, сөйлесім, қатысым,) құзіреттіліктердің түрлі деңгейі болатыны анықталды.