Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПС 1 кв каргалинский район.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.3 Кб
Скачать

3. Конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатқа жақсы баға берген жастар үлесі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда)

4. 14-20 жас аралығындағы жастардың мемлекеттік жастар саясатының жұмысына қанағаттану деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда).

5. 29 жасқа дейінгі жастардың жастар ұйымдарының қызметіне қатысу үлесі

6. Жастардың еліміздің негізгі даму басымдылықтары мен жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы ақпараттануының деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда).

7. Жастар арасындағы қазақстандық патриотизм деңгейі. (аудан тұрғындарымен салыстырғанда )

8. Аудандағы саяси жағдайға жастардың берген бағасы(аудан тұрғындарымен салыстырғанда )

9. Жастар арасындағы нашақорлық пен құқықбұзушылық мәселесі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда )

10. Жастар арасындағы наразылық деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда)

11.Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарының деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда )

12. Жастар арасында ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді насихаттау деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда )

13. Жастар арасында сыбайластық құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын лу жұмыстарының деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда)

Зерттеу мәні:қоғамдық-саяси жағдай

Зерттеу нысаны ретінде Қарғалы ауданының тұрғындары алынды: үш ауылдық округ және Бадамша ауылынан 30-дан 60 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы ересек тұрғындар, 14 пен 29 жас аралығындағы жастар.

Әлеуметтік зерттеу таңдауы репрезентативті түрінде берілген. Таңдау көлемі 200 респондентті құрады. Респонденттер жынысына, жасына, білім деңгейіне, ұлтына және әлеуметтік жағдайына қарай бөлінді. Статистикалық ауытқушылық жалпы респонденттер бойынша 3%-дан жоғары емес.

Таңдау көлемі Қарғалы ауданының үш ауылдық округі мен Бадамша ауылының тұрғындарынан200 респондентті құрады.Зерттеуге қатысқан тұрғындар жынысына, жасына, білім деңгейіне, ұлтына және әлеуметтік жағдайына қарай бөлінді.

Таңдаудың сипаттамасы

Зерттеуге қатысқан тұрғындарды іріктеу стандарттық таңдау бойынша жүргізілді. Таңдауаудандағы демографиялық жағдайды көрсетеді және елді мекен типіне сәйкес ересек тұрғындарды жынысына, жасына, білім деңгейіне, ұлтына, мекен-жайына, қызмет саласына және әлеуметтік жағдайына қарай бөледі.

Жүргізілген экспериментте зерттеудің ықтимал әдісі таңдалды. Зерттеу барысында таңдаудың типтік (стратифицириялық) қағидасына басымдылық берілді, бұл қағида бойынша информанттар басты типтік жиынтық топтардан кездейсоқ алынды. Бұл әдіс информантарды іріктеуде субъективті тәсілді пайдалануға жол бермейді.

Алдына қойылған міндеттерге сәйкес зерттеу әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді, сондықтан барлық респонденттер төмендегідей топтарға бөлінді:

1. мекен-жайы (елді мекен);

2.жынысы;

3.жасы;

4. білімі;

5. ұлты;

6. қызмет саласы

Сондықтан бұқаралық сауалнама респонденттерінің портреті Қарғалы ауданындағы елді мекенде немесе аудан орталығында тұратын еркек немесе әйел деп қатаң талаптармен шектелген жоқ.

Сауалнамаға әртүрлі сала бойынша мемлекеттік, жекеменшік ұйымдарда жұмыс жасайтын адамдар қатысты: білім саласы, медицина, қызмет көрсету саласы, мәдениет, коммерциялық банк, ауыл шаруашылығы және тағы басқа. Сонымен қатар жұмыссыз, өз ісімен айналысатындар, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер мен зейнеткерлердің арасында сауалнама жүргізілді.

Жұмыс гипотезасы

Жұмыс гипотезасы –бұл зерттеу нысаны, оның дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға тиісті кез-келген деректер, құбылыстар мен процестердің даму қасиеттері мен тенденциялары туралы түсіндіруге ұсынылған ғылыми негізделген болжам.

Бұл зерттеу бойынша төмендегідей жұмыс гипотезалары алынды:

  1. Аудан тұрғындарының әлеуметтік көңіл-күй деңгейі жақсы.

  2. Қарғалы ауданы тұрғындарының әлеуметтік шиеленіс деңгейі орташа.

  3. Жүргізіліп отырған саясатты қолдау деңгейі жоғары.

  4. Қарғалы ауданындағы әлеуметтік көңіл-күй жағымды және наразылық потенциал жоғары емес.

  5. Қарғалы тұрғындарының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге көзқарасы.

  6. Қарғалы ауданындағы діни ахуал тұрақты.