Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПС 1 кв каргалинский район.каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.3 Кб
Скачать

11. Жастар арасындағы наразылықтың деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда)

20 Диаграмма. Қарғалы ауданы жастарының соңғы жылдағы көңіл-күйі

Қарғалы ауданы тұрғындарының соңғы жылдағы көңіл-күйі төмендегідей сипаттаманы көрсетеді: тамаша – жастар 31,8%, ересек тұрғындар 9,9%, бірқалыпты, ешқандай өзгеріссіз – жастар 50,4% және ересек тұрғындар 69,0%, ашулы және шиеленісті сезім – жастар 10,9% және ересек тұрғындар 18,3%, қорқыныш – жастар 3,9%, ересек тұрғындар 1,4%, уайым - жастар 0,8%.

23 Кесте. Қарғалы ауданы жастарының соңғы жылдағы көңіл-күйі

 

тамаша

бірқалыпты

ашуланамын, шиеленісті сеземін

қорқыныш сезім

уайымдаймын

жауап беруге қиналамын

1.14-тен 29 жасқа дейінгі жастар

31,8%

50,4%

10,9%

3,9%

,8%

2,3%

2. 30 және одан жоғары жастағы тұрғындар

9,9%

69,0%

18,3%

1,4%

0,0%

1,4%

Қарғалы ауданы жастары мен ересек тұрғындардың басым көпшілігінің көңіл-күйі жақсы, бұл адамдардың әлеуметтік-психологиялық көңіл-күйінің жақсы екендігін көрсетеді. Респонденттердің арасындағы жұмыссыз жастар мен ересек тұрғындардың шамалы ғана бөлігінің көңіл-күйінде ашу мен шиеленіс бар.

Сауалнама жүргізу барысында барысында анықталғанындай, қарғалылық жастардың әлеуметтік көңіл-күйі ең алдымен әлеуметтік-кәсіби мәртебе мен материалдық жағдайдың деңгейіне байланысты.

Студенттер мен оқушы жастардың өмірлік ұстанымының ең жоғарғы көрсеткіші жастардың «бала да емес, бірақ әлі ересек те емес» деген маргиналды мәртебесіне сәйкес.

21 Диаграмма Тұрғындардың формальді емес жастар ұйымдары туралы хабары

Жоғарыда берілген диаграмма төмендегіні көрсетеді: жастардың 80,6%-ы формальді емес жастар ұйымдары туралы білмейді, ал 3,1% -ы «стоп хам» және «толкиенистерді» көрсетсе, 0,8%-ы «эмоны», 2,3%-ы «байкерлерді» атады. Жауап беруге қиналған респонденттер 3,1%-ды құрады.

24 Таблица. Тұрғындардың формальді емес жастар ұйымдары туралы хабары

жоқ

Жауап беруге қиналамын

Стоп Хам

Эмо

Байкерлер

Толкиенистер

1.14-тен 29 жасқа дейінгі жастар

80,6%

10,1%

3,1%

,8%

2,3%

3,1%

2. 30 және одан жоғары жастағы тұрғындар

59,2%

35,2%

1,4%

1,4%

-

2,8%

Қарғалы ауданының жастары және ересек тұрғындары төмендегідей формальді емес жастар ұйымдарын көрсетті: стоп хам, толкиенистер, эмо, байкерлер.

22 Диаграмма. Респонденттер тұратын елді мекендегі наразылық акцияларының пайда болу себептері

*Сома 100%-ға тең емес, себебі респонденттер бірнеше жауапты көрсетуі мүмкін

Қарғалы ауданындағы жастар арасындағы наразылық акцияларының пайда болуының негізгі себептері: еңбекақының, зейнетақының, шәкіртақының, жәрдемақының уақытылы төленбеуі 41,1%, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық проблемалары 28,7%, этникалық құқықтың бұзылуы 26,4%, әділетсіз шешімдер 23,3%, жемқорлық, азаматтар құқығының мемлекеттік органдар тарапынан бұзылуы 20,9% респонденттер.

Қалған тұрғындар келесі себептерді көрсетті: зейнетақының, шәкіртақының, жәрдемақының уақытылы төленбеуі 26,8%, жұмыс беруші тарапынан құқыққа шек қойылуы 23,9%, дін тұту еркіндігіне шек қойылу және әділетсіздік, жергілікті үкімет органдарының әрекетсіздігі 21,1% респонденттер.