Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПС 1 кв каргалинский район.каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.3 Кб
Скачать

19 Кесте. Қарғалы ауданы тұрғындарының ішімдікке көзқарасы

ішемін және онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын

мереке күндері ғана ішемін

мүлдем ішпеймін

жауап беруге қиналамын

1.14-тен 29 жасқа дейінгі жастар

2,3%

9,3%

86,0%

2,3%

2. 30 және одан жоғары жастағы тұрғындар

2,8%

39,4%

53,5%

4,2%

Осылайша, 9,3%-ы спиртті ішімдіктерді «мереке күндері ғана пайдаланады», респонденттердің 2,3%-ы «ішімдікті пайдаланады және онда тұрған ештеңе жоқ» деп санайды. Респонденттердің 86%-ы «ішімдікті мүлдем пайдаланбайды». Қарғалы ауданы жастарының басым көпшілігі «ішімдікті мүлдем пайдаланбайды» деген қорытындыға келдік.

30 жастан жоғары ересек тұрғындардың жартысына жуығы - 53,5%- «ішімдікті мүлдем пайдаланбайды». Аудандағы ересек тұрғындардың 39,4% -ы ішімдікті «мереке күндері ғана пайдаланады» десе, 2,8%-ы «ішімдікті пайдаланады және онда тұрған ештеңе жоқ» деп санайды

Аудандағы жастар арасындағы нашақорлықтың пайда болуы мен дамуын жан-жақты және терең зерттеу аталған құбылыстың негізгі заңдылықтарын анықтауға, есірткіні пайдалану саласындағы қылмысқа қарсы күреске бағытталған басты кешенді ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер.

Есірткінің   ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да қашып кетуді ойлап, есірткінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.

Нашаны бұдан әрі қарай да қолдану адамның жеке биологиялық ерекшеліктеріне зиян келтіріп қана қоймай, болашақ наркоман болып шығуға бірден бір себепші болады.

16 Диаграмма. Қарғалы ауданы тұрғындарының есірткіні қолдануға көзқарасы

Қарғалы ауданы тұрғындарының есірткіні қолдануға көзқарасы төмендегіні көрсетті: «мүлдем қолданбаймын» - жастар - 95,3%, ересек тұрғындар - 93,0%; «жеңіл есірткілерді қолданамын» - жастар - 0,8%; «қолданамын және онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын» - жастар - 0,8%, ересек тұрғындар - 1,4%. «Жауап беруге қиналамын» - деп жауап бергендер – жастар - 3,1%, ересек тұрғындар - 5,6% .