Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПС 1 кв каргалинский район.каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
359.3 Кб
Скачать

«Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

«Жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталық» ҚММ

You & Me Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы

«Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі даму бағыттары» тақырыбына жүргізілген әлеуметтік зерттеудің

АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ

(1 ТОҚСАН)

Бадамша, 2015 ж.

МАЗМҰН

Жұмыс гипотезасы 8

Жұмыс гипотезасы –бұл зерттеу нысаны, оның дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға тиісті кез-келген деректер, құбылыстар мен процестердің даму қасиеттері мен тенденциялары туралы түсіндіруге ұсынылған ғылыми негізделген болжам. 8

ПРОЦЕДУРАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ 9

Бас жиынтық 9

Таңдау жиынтығы 9

Зерттеу міндеттері негізінде техникалық ерекшелемеге сәйкес сауалнама дайындалды. 9

Қызмет көрсету кестесі 10

Қызмет көрсету кестесі негізгі 10 бөлімнен тұрады: 10

Теориялық-әдістемелік бөлім 5

Әлеуметтік зерттеудің мақсаты мен міндеттері............................................... 6

Зерттеу мақсаты..................................................................................................6

Зерттеу міндеттері..............................................................................................6

Зерттеу объектісі........................................................................................ 7

Зерттеу мәні ..7

Зерттеу гипотезасы……………………………………………………………….8

Процедуралық-әдістемелік бөлім………………………………………….8

Таңдау және жиынтық көлемі.... 8

Бас жиынтық .....................................................................................................8

Таңдау жиынтығы .9

Алғашқы әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері .........................................10

АЛЫНҒАН АҚПАРАТТЫ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ………………………………………………………………….........11.

1.АналитиКалық бөлім 11

САУАЛНАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АЛЫНҒАН АҚПАРАТ

Респонденттер туралы жалпы ақпарат …………………11

1.1 Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің қарым-қатынасына

жақсы баға берген жастар үлесі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда ).....14

1.2.Этносаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатқа жақсы баға берген жастар үлесі(аудан тұрғындарымен салыстырғанда )..................16

1.3 Конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатқа жақсы баға берген жастар үлесі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда )....18

1.4. 14-20 жас аралығындағы жастардың мемлекеттік жастар саясатының жұмысына қанағаттану деңгейі(аудан тұрғындарымен салыстырғанда ).......20

1.5.29 жасқа дейінгі жастардың жастар ұйымдарының қызметіне қатысу үлесі........................................................................................................................24

1.6 . Жастардың еліміздің негізгі даму басымдылықтары мен жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы ақпараттануының деңгейі(аудан тұрғындарымен

салыстырғанда )....................................................................................................25

1.7. Жастар арасындағы қазақстандық патриотизмдеңгейі.(аудан тұрғындарымен салыстырғанда )........................................................................29

1.8. Аудандағы саяси жағдайға жастардың берген бағасы.....(аудан тұрғындарымен салыстырғанда ).........................................................................33

1.9Жастар арасындағы нашақорлық пен құқықбұзушылық мәселесі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда ).........................................................................35

10. Жастар арасындағы наразылық деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда )....................................................................................................39

11.Жастар арасындағы діни экстримизмнің алдын алу жұмыстарының деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда )...............................................46

12. Жастар арасында ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді насихаттау деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда )..............................................51.

13.Жастар арасында сыбайластық құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын лу жұмыстарының деңгейі (аудан тұрғындарымен салыстырғанда ).............60

Қорытындылар 74

Қосымшалар ........................................... 76

1-9 қосымша Кесте және диаграммалар....................................................... 76

10 Қосымша Саулнама…………………………..…………………………… 85

Өзектілігі

2015 жылдың бірінші тоқсаны бойынша зерттеуді «Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ мен «Жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталық» ҚММ-ның тапсырысы бойынша You & Me Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізді.

Бұл зерттеу Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайын зерттеудің өзекті мәселелерінің біріне арналған.

Демократизация Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде біртіндеп өтуде. Біздің елімізде демократизацияның принциптері мақұлданды. Бұл ҚР-ның Конституциясы мен Заңдарында бекітілген. ҚР-ның Азаматтық кодексі, өз кезегінде, ҚР-ның Коституциясында көрсетілген азаматтық құқық пен еркіндікті нығайтады және дамытады. Дегенмен, заңдылық құжаттарды жүзеге асыру және оларды практикада дұрыс қолдануды бақылау да маңызды болып есептеледі.

Осының бәрі Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингін жүргізуді қажет етеді.

Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрақтылық Қарғалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына негізделеді, бұл тұрғындардың жұмыспен қамтылу деңгейіне және олардың кірістеріне жағымды әсер етеді.

Сонымен бірге, аудан тұрғындары, саяси партиялар, этномәдени, мемлекеттік емес ұйымдар, діни бірлестіктер, кәсіподақтар өкілдері арасындағы төзімділік пен келісімнің жоғары деңгейіне негізделеді.

Жергілікті атқарушы билік әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси саладағы проблемаларға дер кезінде назар аударды.

Жастар – нақты тарих және мәдениет өнімі, сонымен қатар, өзгерістердің қозғалыс күші мен факторы, әлеуметтік құндылық.

Заманауи өмір жас ерекшелігіне қарай қоғамдық сана-сезімнің ғылыми-техникалық революция әсерімен болған экономика мен өндірістегі фантастикалық өзгерістерге - қоғамдық өмірдің барлық саласындағы стиль мен оның түрінің өзгерістеріне байланысты түбегейлі өзгеруін талап етеді.

Өскелең ұрпақ - жас, рухани және әлеуметтік дамудың құнды сатысы деген жаңа ұғым қажеттілігі туындайды.

Жастық – ғасырлары бойы саналып келгендей, жас ерекшелігіне қарай қызметтік-дайындық фазасы емес, бүгінгі өзгерістердің негізгі бастауы. Жастар ұғымының мәнін дұрыс түсіну, сауатты жастар саясаты – бұл қоғамның болашаққа, әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына кіру қадамының алғы шарты.

Қоғамның жастарға көзқарасы, жастардың қоғамдағы орны мен жағдайы оның заманы мен тез күшейіп, дамуына әсер ететін лакмус қағазындай болып табылады.

«Жастар» ұғымның негізгі бастауы ретінде ересек жастағы адамдармен тең санап, тек жас ерекшеліктерін ғана ескермей және «нормадан тыс» («әлі жас», «санасыз» және т.б.) деп есептемей, керісінше, өзінің өмірдегі, қоғамдағы орнын белгілейтін, өзін-өзі танытуға және өзін жүзеге асыруға ұмтылатын адамның қоғам үшін ең құнды кезеңі деген көзқараспен қарай отырып, қоғам жастарды жаңаша ашу керек.

Өзін-өзі тану, өзінің өмірдегі, қоғамдағы орнын белгілеу, өзін-өзі басқаға таныту және өзін жүзеге асыру, өз бетінше әрекет ету – жастар саясатын жүзеге асырудағы жастарды әлеуметтендірудің заманауи концепциясының негізгі ұғымдары.

«Жастар» ұғымының өзі – бәріне белгілі, бірақ әлеуметтік өмірдегі түсініксіз категориялардың бірі болып саналады.

Анықтамалық әдебиетте – «жастар - қоғамдық құрылыспен, мәдениетпен, заңдылықтарды әлеуметтендірумен, осы қоғамды тәрбиелеумен анықталатын жас ерекшелігі бойынша мінездемелер жиынтығының, әлеуметтік жағдай ерекшеліктерінің және түрлі әлеуметтік-психологиялық қасиеттердің негізінде белгіленетін әлеуметтік-демографиялық топ.

Қазақстанның әлемдегі алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену стратегиясының жоғары білімді, шығармашыл, бәсекеге қабілетті жастарсыз жүзеге асуы мүмкін емес.