Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саусақ ойын жаттығулары атты кітапша.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.49 Mб
Скачать

1. Ұсақ моториканы дамытудың бала денсаулығына әсері.

Ұсақ моторика дегеніміз не?

Физиологиялық тұрғыдан айтқанда ол қол саусақтарының қозғалысы. Сонымен қатар «қол мен көздің» тепе – теңдігін де ұмытпауымыз керек, себебі қолдың ұсақ қозғалысы көздің бақылауымен жүзеге асады. Бала қозғалысы қоршаған ортадағы заттарды танып білу барысында қалыптасады. Ересек адам нақты бір әрекет жасағанда біздің білегіміз әртүрлі бағытта қозғалу арқылы, қол қимылын жеңілдетеді. Ал балаға білегін айналдыру әлі де қиынға соғады. Сондықтан қозғалыс жасау кезінде оның қолының иықтан төмен барлық жері қозғалады. Яғни қарапайым қозғалыстың өзі баланың көп энергиясын кетіреді.

Неліктен баланың ұсақ моторикасын дамытуымыз керек?

Адам миының сөйлеуге және қолдың ұсақ қозғалысына жауап беретін аумағы өте жақын орналасқан. Яғни ұсақ моторикаға стимул жасау арқылы біз сөйлеу әрекетінің белсенділігін арттырамыз. Ұсақ моторика баланың өсе келе киініп шешуіне, сурет салуына, жазуына көмектеседі.

Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухомлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлау, сөйлеуі жақсы дамиды.

Саусақтарға арналған ойындар – бұл саусақтардың көмегі арқылы қандай да бір ұйымдастырылған ертегілерді, тақпақтарды сахналау. Балалар көлеңкеленген ойындарды ойнағанды жақсы көреді. Саусақтармен ойнау барысында балалар ересектердің қозғалысын қайталай отырып, қолдарының моторикасын белсендіреді. Соның нәтижесінде өз қозғалыстарын басқара білу іскерлігін дағдыландырып, іс - әрекеттің бір түріне зейінін шоғырландырады.

Әртүрлі заттарды пайдалану арқылы қолдың білезіктері мен саусақтарына арналған жаттығулар:

  • Пирамида, мозаика құрастыру.

  • Арнайы шеңберге, бәтеңкеге бауларды байлау.

  • Қағазға түйме, жіп, сырма әртүрлі ұзындықта жапсыру.

  • Жармадан әртүрлі бейнелерді шығару.

  • Сіріңкемен, таяқшалармен жұмыс.

  • Қағазбен жұмыс.

  • Жапсыру (балшықтан, қамырдан)

  • Моншақты жіпке өткізу.

  • Жуан жіппен түйіншек жасау.

  • Құммен, сумен ойнау.

  • Қыстырғыштармен жұмыс.

  • Өзінің саусағына жұқа сымды орау (жүзік немесе орам жасалады)

  • Бұрандалы шегені, гайканы бұрау.

  • Құрастырғыштармен ойнау.

  • Ауада сурет салу.

  • Әртүрлі материалдармен сурет салу (қарындаш, қалам, бор, көмір т.б.)

  • Қөлөнері.

Осындай ойынның нәтижесінде бала әртүрлі сенсорлық әсерлер алады, сондай – ақ онда шоғырлану қабілеті мен зейінділік дамиды.

2. Саусақтар арқылы тақпақтарды сахналайық.

Үйшік

Салайық үйдің мұржасы мен шатырын,

Қылтимаға шығып келе жатырмын.

Алақандарды қарама – қарсы бағыттау,

саусақтардың бастарын бір – біріне түйістіріп

бұрыштау, оң қолдың ортаңғы саусағын

жоғары көтеру, шынашақтарды бүгіп,

түйістіру.

Көзілдірік

Көзілдірігін киген әже,

Көз қиығын салды немереге.

Оң мен сол қолдың саусақтарынан

сақина кейіпін жасап, көзге жақындап апару.

Жалау

Қолыма жалау ұстадым,

Балаларға қарап бұлғадым.

Алақанның сырт жағын өзіңе

қарай апарып, төрт саусақты

(сұқ, ортаңғы, атыжоқ, шынашақ)

бүкпей бірге тік ұстап,

бас бармақты төмен қарату.

Қайық

Қайық суда жүзеді,

Сақинасын тізеді.

Алақанды уыстап ұстау,

саусақтардың бастарын бір – біріне түйістіру, бас бармақты

басқа саусақтармен біріктіру, ожауға ұқсату.

Кеме

Өзенмен кеме келеді,

Түтіні көкте желеді.

Алақанды уыстап ұстау,

саусақтардың бастарын бір –

біріне түйістіру, бармақтарды

жоғары көтеру.

Орындық

Аяғы мен арқалығы орнықты,

Орындығымыз сынбайды, ол мықты.

Сол жақ алақанды тігінен ұстап, оң

жақ алақанды жұдырықтап, екеуін

біріктіру.

Үстел

Қалпағы бар киілген,

Төрт аяқты,

Үстелмін мен,

Қарсылайтын қонақты.

Сол жақ алақанды жұдырықтап,

үстіне оң жақ алақанды қою.

Шырша

Шырша құрып көрейік,

Саусағымыз біріксе.

Көтерейік шынтақты,

Шашыратып саусақты.

Алақандарды көлденең ұстап,

саусақтардың араларын ашып, бір – біріне кигізіп, шынтақты сәл ғана көтеріп, саусақтарды алға қарай шығару.

Себет

Орманға себет алып барамын,

Саңырауқұлақтарды теріп саламын.

Алақандарды өзіңе қаратып,

саусақтардың араларын ашып, бір – біріне кигізіп, ішке қарай бүгіп, бармақтарды жоғары көтеріп, түйістіріп қою.

Қоңырау.

Қоңырауды соғайық,

Сыңғыр үнін тыңдайық.

Қолдардың сырт жағына

саусақтарды бір – біріне

қиылыстырып, оң жақ қолдың

ортаңғы саусағын ішке қарай

бүгіп, қозғау.

Күшік

Күшігім менің саққұлақ,

Келеді әне шапқылап.

Сақтығыңды көрейін,

Қойшы атайға берейін.

Менің итім

Ақтөс деген итім бар,

Мені аңдып жүреді.

Бергенімді қағып – ап,

Рахмет айтып үреді.

Оң жақ алақанды өзіңе қаратып,

бас бармақты жоғары көтеріп, сұқ (сұқ саусақты бүгуге де болады), ортаңғы, атыжоқ саусақтарды бірге біріктіріп, шынашақ саусақты қозғату.

Мысық

Пеш түбінде мысық отыр,

Екі көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.

Ортаңғы және атыжоқ саусақтарды

қосып, бас бармаққа апару, сұқ пен

шынашақ саусақтарын жоғары көтеру.

Тышқан

Тышқан, тышқан тышқандар,

Ойбай оны ұстаңдар,

Қоймай бәрін өлтіріп,

Далаға алыс тастаңдар.

Қап, қалтаны теседі,

Ұн, күрішті шашады.

Жойылмаса уағында,

Тиеді оның кеселі.

Ортаңғы және аты жоқ саусақтарды қосып, бармаққа апару, сұқ пен шынашақ саусақтарды бүгіп ұстау.

Қоян

Қоянда ұзын құлақ,

Өзі бірақ қорқақ.

Секіріп, тығылып жүреді,

Көжектерімен ойнап.

Саусақтарды жұдырықтап, сұқ пен

ортаңғы саусақтарды жоғары көтеріп,

жан – жаққа қозғалту.

Қоян інінде

Төбедегі шыршаның,

Түбіндегі ініне,

Жасырынды ақ қоян.

Екі қолды қарама – қарсы көлденең қойып, оң жақ қолдың ортаңғы мен аты жоқ саусақтарын жоғары көтеру, сол жақ қолдың ортаңғы мен аты жоқ саусақтарын бүгіп, басбармақ, сұқ пен шынашақ саусақтарды тік ұстау.

Қоян және дауылпаз

Дауылпазда сұр қоян

Келеді ойнап трам – трам – трам.

Саусақтарды жұдырықтап, сұқ пен

ортаңғы саусақтарды жоғары көтеріп,

тік ұстау, аты жоқ пен шынашақ

саусақтарын кезек – кезек бас бармаққа

апарып соғу.

Құлыншақ

Құлыншағым, құндызым,

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Жылқы

Төрт түліктің бірі,

Бәрінен де ірі.

Еті дәмді, сүті бал,

Қамбар ата – пірі.

Оң жақ алақанды өзіңе қаратып,

сол жақ алақанды үстіне қойып, бас бармақтарды жоғары көтеріп, қозғау.

Қоян мен айна

Қоян, қоян тұршы,

Беті қолыңды жушы.

Шашыңды тарашы,

Айнаға қарашы.

* * *

Қарайды айнаға ақ қоян,

Өз - өзін көріп таң қалып.

Қозғалтып үлкен құлағын,

Күледі ол мәз болып.

Екі қолды көлденең қойып, сұқ, шынашақ, басбармақ саусақтарын тік ұстау, ортаңғы, атыжоқ саусақтарды бүгу, оң жақ қолдың саусақтары бүгілген қалыпта қозғалтпай айналдыру, екі алақанның саусақтарын бір – біріне қосу, астыңғы және үстіңгі ортаңғы мен аты жоқ саусақтарын қозғалту.

Ешкі

Күнде тәртіп бұзыпты,

Балаларды сүзіпті.

Жемістерді үзіпті,

Мүйізіне тізіпті.

Міне, осындай алыпты,

Атам көріп қалапты.

Мазаны ала бердің деп, -

Мүйізін қағып алыпты.

Қолдың алақан жағын төмен қаратып, сұқ пен шынашақ саусақтарды тік ұстап, ортаңғы, аты жоқ саусақтарды бас бармақпен бірге алақан жағына қарай бүгу, бас бармақты саусақтардың үстіне түсіру.

Қазым

Қазым, қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп салқында.

Жем шашайын жейсің бе?

Кәмпит берші дейсің бе?

Жоқ, жоқ, жоқ

Кәмпит тәтті болмайды ас,

Арпаменен бидай шаш.

Алақанды тік ұстап, сұқ, ортаңғы, аты жоқ, шынашақ саусақтарды бірге бүгіп, бас бармаққа тіреу.

Әтеш

Әдемі әтеш,

Таң атпай тұрыпты,

Ойқастап жүріпті.

Жан – жаққа қарапты,

Айдарын тарапты.

Алақанды тік ұстап, сұқ пен бас бармақты қосып, дөңгелету, қалған саусақтардың арасын ашып, сәл бүгіп, бір – біріне жанасу.

Ақ тауық

Ақ тауық-ау, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық.

Ертеменен қыт – қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

Шеп-шеп десем келмейді,

Берген жемді жемейді.

Ауруы қандай қауіпті,

Деп аяймын тауықты.

Деп жүрсем тауығым,

Ақ жұмыртқа тауыпты.

Қолдың басын сәл бүгіп, бас бармақ пен сұқ саусақты қосып, дөңгелету, қалған саусақтарды кезек – кезек бүгіп, бір – біріне жақындату.

Бал аралар

Гүлден ара нәр жинап,

Сыйлар елге бал жинап.

Көбейтеміз қырда гүл,

Бал сыйласын жылда бұл.

«Береген қол - алаған»

Бал күтеміз арадан.

Барлық саусақтарды қатты қысып бүгіп, ортаңғы саусақты алға қарай шығару.

Қоңыз

Мұртын қозғап,

Ұшады қоңыз ж-ж-ж-ж- деп.

Саусақтарды жұдырықтап, сұқ пен шынашақ саусақтарды алға қарай созып, қозғау.

Құс ұясын бұзбайық.

Құс ұясын бұзбайық!

Жұмыртқасын алмайық!

Обалына қалмайық!

Тақия тұзақ салмайық!

Қарғысына қалмайық!

Әдейі көздеп атпайық!

Көп күнәға батпайық!

Балалар, мұны ұғыңдар,

Уәдеден шығыңдар.

Оң жақ алақанды жаю, барлық саусақтарды жоғары көтеру, сол қолымен қысып ұстау, біріктірілген саусақтарды қозғалту.

Шаян

Аяқтарын қайшылап,

Келеді шаян жорғалап.

Екі қолдың алақан жағын төмен

қаратып, саусақтардың араларын

ашып, бір – біріне қиылыстырып, бас бармақты өзіңе қаратып, саусақтарды оң немесе сол жаққа кезек – кезек қозғалту.

Құлып

Орманда бір үй тұр,

Есігінде құлып тұр.

Айтыңдаршы балалар,

Құлыпты кім ашады?

Алақандарды бір – біріне қарама –

қарсы қойып, саусақтарды қапсырмалау.

Піл

Хайуанаттар паркінде

Көрген шығар әркім де.

Онда үйдей піл де бар

Піл көруге кім құмар?

Алақанды тік ұстау, ортаңғы

саусақты алға созу, бас бармақ,

сұқ, аты жоқ, шынашақ саусақтарды қатты қысып бүгу, бас бармақты ортаңғы саусақтың астына орналастыру, ортаңғы саусақты қозғалту.

Ағаш

Тербеледі ағаштар, Алдымнан самал еседі. Кіп-кішкене ағаштар, Үп – үлкен боп өседі.

Екі қолды тік ұстап, қиылыстыру, қолдың сыртқы жағын бір – біріне жақындату, саусақтарды бірге қозғалту.

Құс

Бау – бақшаның дұшпанын,

Бастырмайды құстарым.

Кербез құстар әнімен,

Келді міне сәнімен.

Екі қолдың алақан жағын

өзімізге қаратып, қиылыстыру,

бас бармақтың бастарын бір –

біріне ілу, қалған саусақтарды

(құстың қанаты) бірге қозғалту.

Үкі

Бұтадағы үкі,

Айқайлайды бұ-бұ-бұ .

* * *

Үкі едім түнде ұшып қалықтаған, Құртудан зиянкесті жалықпаған. Үкімді үлпілдеген киелі деп, Бұрыннан – ақ адамдар тағып алған.

Екі қолдың алақан жағын өзіңе

қаратып жұдырықтау, бір – біріне

жақындату, сұқ саусақтарды созу

(үкінің мұрыны), бас бармақтарды

жоғары көтеріп, бүгу (құлағы).

Түлкі

Түлкі, түлкі қутыңдайсың, Айналаңнан тың тыңдайсың, Қанша қулығыңды асырсаң да, Қасқырдан сен құтылмайсың.

Алақанды уыстап ұстау,

саусақтардың бастарын бір –

біріне түйістіру, сұқ пен

шынашақты ішке қарай бүгу,

бармақтарды жоғары көтеріп,

сәл иілдіру.

Қасқыр

Қасқыр орманда жортады,

Аяздан ол қорқады,

Аспанға қарап ұлиды,

Малды ауылды ториды.

Алақанды уыстап ұстау,

саусақтардың бастарын бір –

біріне түйістіру, сұқ

саусақты ішке қарай бүгу,

бармақтарды жоғары

көтеріп, сәл иілдіру.

Қолтырауын

Өзенде қолтырауын жүзеді,

Көрінеді бақырайған көздері.

Түгелдей жап – жасыл болып,

Ұқсайды балдырға өздері.

Қолды көлденең ұстап, бас бармақты

алақанның астына қойып, сұқ пен

шынашақты бүгіп, ортаңғы мен

аты жоқ саусақтарды тік ұстау.

Менің жанұям

Бас бармағым – атам,

Балан үйрек - әжем,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек – мен,

Міне, менің барлық отбасым.

Сол қолды тік ұстап, кезек –

кезек саусақтарды бүгіп,

жұдырықты түю, оң қолмен

үстінен жабу.