Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саусақ ойын жаттығулары атты кітапша.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
13.49 Mб
Скачать

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі,

жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

облыстық оқу әдістемелік кабинеті

«Саусақ ойын жаттығулары»

(Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың

ұсақ моторикасын дамытуға арналған көмекші құрал)

Орал, 2015

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға

Құрастырушы: Ж.И.Чукина., Жаңақала ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің екінші санатты тәрбиешісі.

Сараптама комиссия мүшелері:

Маселова Р.Е.(Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру орталығының меңгерушісі)

Бауетдинова Ш.Қ.(Арнаулы инклюзивті білім бөлімінің әдіскері ОББМДЖОТ және КББҰООӘК)

Рецензент:

Умаргалиева Д. Ж., БҚО, Теректі ауданының психологиялық – педагогикалық түзеу кабинетінің бірінші санатты тәрбиешісі.

Кудайбергенова Ж.М.,БҚО, Жаңақала ауданының №3 «Бөбек» балабақшасының бірінші санатты тәрбиешісі. Бекмашева Р.Ө., БҚО, Жаңақала ауданы Е.Ш.Орақбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің жоғарғы санатты педагог психологі.

Бұл жинақта даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған саусақ ойын жаттығулары көрсетілген.

Көрсетілген жаттығулар балалардың ептілігін, икемділігін, қабілетін, зейінін шоғырландыруға, ойлау, есте сақтау процестерін дамытуға, саусақ қимылын жақсартуға пайдалы.

Бұл жинақта даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын саусақ жаттығулары арқылы ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды тағы да басқа көптеген бейнелерді бейнелей алуына көмек беретіні көрсетілген.

Мазмұны:

Кіріспе…………………………………………………………………................4

1. Ұсақ моториканы дамытудың бала денсаулығына әсері..........................5-6

2. Саусақтар арқылы тақпақтарды сахналайық............................................7-16

3. Таяқшалардан пішіндерді құрастырайық................................................17-25

4. Мозаиканың түймелерін қадау арқылы әртүрлі бейнелерді шығарайық......................................................................................................26-28

5. Бауларды байлап үйренейік......................................................................29-30

6. Түймелерді жапсыру арқылы әртүрлі бейнелерді шығарайық..............31-32

7. Қыстырғыштармен ойнайық.....................................................................33-34

8. Жармалардан әртүрлі бейнелерді шығарайық........................................35-36

Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………….37

Қорытынды……………………………………………………………………..38

Кіріспе

Құрметті әріптестер, өздеріңізге ұсынылып отырған «Саусақ ойын жаттығулары» атты көмекші құрал жиынтығында даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулары көрсетілген.

Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын  ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы  заттар мен құбылыстарды, жан – жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын  қайталап айта отырып есінде сақтайтын болады.

Бұл көмекші құралда саусақ жаттығулардың бірнеше түрлеріне тоқталған.

Атап кететін болсақ, олар: саусақтар арқылы тақпақтарды сахналау, таяқша мен шырпыдан пішіндер құрастыру, мозаиканың түймелерін қадау арқылы әртүрлі бейнелер шығару, бауларды байлап үйрену, түймелерді жапсыру, қыстырғыштармен ойнау, жармалардан бейнелер шығару жұмыстары берілген.

    Саусақ ойынын балабақшада, түзеу кабинетінде және үй жағдайында әсерлі көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Ұсақ моториканы  дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттері жетіледі. Олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын  болады және кейін жазу шеберлігін меңгеруге дайындайды.

Ұсақ моториканы  дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс.Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақ жолдарымен саусақтарын қозғалту арқылы ұсақ моториканы дамытуға бұл жаттығулардың көмегі зор.

Бұл көмекші құралды балабақша тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, ата-аналарға, түзеу кабинет мамандарына пайдалануға ұсынамын.